Лекция 1 сімдіктер экологиясыны ылым ретінде алыптасу тарихы
ЛЕКЦИЯ 3. ЖЫЛУ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР РЕТІНДЕ. Жылудың күннен жерге таралуы. Өсімдіктердің температурасы
қоршаған орта температурасына тəуелді. Өсімдіктердің жеке қызметтеріне
жылудың
əсері.
Жылулық
режимімен
өсімдіктердің
байланысы.
Өсімдіктердің
төменгі
жəне
жоғарғы
температурасына
əсері.
Температуралардың таралуына жер бедері мен экспозицияның əсері.
Вегетациялық
периодтың
ұзақтығымен
вегетациялық
ритмиканың
температурамен байланысы. Жылулық факторын ботанико-географиялық
тұрғыдан қарау. Өсімдіктердің температураны қажет етуінің жалпы
климаттық жағдаймен байланысы.
Экологиялық фактор жылудың сипаты. Температура дегеніміз белгілі
бір жүйедегі молекула мен атомдардың кинетикалық жылдамдығын білдіреді
(анықтайды). Физика заңдылығы бойынша жылу кинетикалық энергия (қуат)
түрі, демек бұл энергияның басқа түрлеріне айналады да, шартты түрде
қызған денеден біршама суық денеге беріледі.
Мұндай айналудың 3 тəсілі бар: радияциялық жылу алмасу, конвекция
(лат. convection – жеткізу, температура мен тығыздық айырманың əсерінен
ұсақ бөлшектердің тік бағытта орын алмастыруы).
Радияция – күн сəулесінің əртүрлі ұзындықтағы толқындарының немесе
күннің жылуының шағылысуы (инсоляция). Күн сəулесінің біршама бөлігі
атмосфераның жоғарғы деңгейінде сіңіріледі де, ал қалған бөлігі жер бетін
қыздырады (жылытады). Топырақ қабаты өзінің қызу деңгейінің біршама
атмосфераға кері ағыспен қайырады. Бұл жерде атмосфера қабаты қорғаушы
қалқан (экран – азон өабаты), яғни екі жақты қызмет атқарады.
Атмосфераның төменгі қабаты қызғанда, ол өз тығыздығын азайтады
да, жоғары көтеріледі (жеңілденеді), ал орнына суық ауа келеді. Осылай
жылу ауаның суық ауамен жазық бағытта алмасуын конвекция деп атайды
(мыс. қаланың жылы ауасы кешкісін таудың суық ауасымен алмасады).
Өсімдік ағзасындағы зат алмасуға қатысты барлық физиологиялық,
биохимиялық процестер белгілі температура деңгейінде іске асады (немесе
жүреді). Бұл деңгейдің max-ды жəне min-ді деңгейінің аралығы əртүрлі, ал
кейде мүлдем тар шамада болады.
Жылу факторы өсімдіктер түрінің туыстығының тұқымдастығының,
қатар, бөлім өкілдерінің географиялық таралуында аса үлкен маңыз
атқарады. Сыртқы ортаның жылулығынан немесе суықтығынан сол тірі
жүйенің, болмаса жекелеген ағзадағы жүретін биохимиялық реакциялардың,
яғни зат алмасудың жылдамдығы артады немесе кемиді, болмаса бірқалыпты
жүреді. Сондықтан тіршіліктің шекарасы болып оны құраушы белоктардың
құрылымы мен қызметі бірқалыпты жүретін деңгейі болуы тиіс. Мыс.: ол
орташа 0-ден +50
0
C аралығында болады.
Əйтседе қайсыбір балдырлардың (ыстық қайнарларда) арнайы
маманданған ферменттік жүйесі олардың t 70
0
-80
0
С-та тіршілік етуін
қамтамасыз етеді. Өте салқын (немесе суық) аймаққа бейімделген ағзалар
тобын криофильдер (грек. криос-суық, филео-сүйемін; психрофильді
ағзалар) деп атайды. Бұл топтағы ағзалар өз тіршілігін -8 – 10
0
С деңгейінде
тоқтатпайды.