4
Химиялық анализ нәтижелерi зерттелетiн зат құрамын ақиқат бейнелеуi үшiн эксперимент
бiрнеше
рет қайталанады, мүмкiн болатын ауытқулар есепке алынады. Сондықтан,
химиялық анализдiң нәтижесі дұрыстығы және қайталағыштығымен сипатталады.
Абсолютті қателік – талдау нәтижесінің өлшенетін
шаманың ақиқат мәнінен
ауытқуы:
∆ Х
і
═ Х
і
- μ
Мұндағы:
Х
і
– анықтау нәтижесі,
μ – талданатын компоненттің ақиқат мөлшері.
Салыстырмалы қателік - өлшеудің абсолютті қателігінің ақиқат мәнге қатынасы :
∆ Х
і
/ μ ═ (Х
і
- μ) / μ немесе ∆ Х
і
/ μ ═ 100 % (Х
і
- μ) / μ
Салыстырмалы қателік көбінесе процент арқылы өрнектеледі. өлшеу қателігі
көптеген факторларға байланысты, олар: реагенттердің, аналитикалық ыдыстың тазалығы;
орындаушының
өзіндік қабілеттілігі; өлшеу методикасы;
химиялық және физикалық
операциялар саны, пайдаланылатын ыдыс пен жабдықтардың (аппаратураның) дәлдік
класы және т.б.
Жүйелi қателік - өлшеудiң әрдайым тұрақты болып қалатын немесе қайталанатын
анализдерде заңдылық бойынша өзгерiп отыратын қателiктердi сипаттайды.
Таңбасы
тұрақты, яғни ол анализ нәтижесiн тек арттырып немесе кемiтiп отырады.
Жүйелi қателiктер түзетулер енгiзу, эталонмен салыстыру арқылы азайтуға болады
(аппаратураның дәлдiгi, өлшеу ыдыстар).
Кездейсоқ қателік – қайталанған өлшеулерде кездейсоқ сипатта өзгеретін қателік.
Оның таңбасы тұрақты емес, кездейсоқ түрде өзгеріп отырады.
Өрескел қателіктер – тәжрибені қайталаған сайын елеулі түрде өзгеріп отырады.
Олар аналитиктің оперативтік қателіктері нәтижесінен және пайдаланылатын жабдықтың
(аппаратураның) кездейсоқ қателіктері салдарынан пайда болады. Тәжрибелік
нәтижелерді өңдеу кезінде олар байқалуы және шығарып тасталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: