Лекция мақсаты:Эпикалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін айқындап, оқыту жолдарының тиімділігін саралап алуды меңгерту.
Лекция мәтіні (қысқаша):
Қазақ әдебиеті дамуының желісінде әдеби тек жанрларының жаппай дамуы ХХ ғасырда өрістеді. Көркем әдебиеттің лирикалық, эпикалық поэзия жанрларының ауызша да жазбаша да үлгілер қалыптасуының, дамуының көп ғасырлық тарихи бар қазақ сөз өнері кәсіби сахна өнеріне арналған драмалық туындылар жазу үрдісін де де игере бастаған еді. Шығарманың өзегіне сюжеттік сипаттың шағынынан бастап мол көлемділерін қамтитын эпостық туындылар (күлдіргі сөз (анекдот), әңгіме, очерк, новелла, повесть, поэма, оқиғалы өлең, роман, роман-эпопея) бәрі де қазақ сөз өнерінің әлем әдебиеті үдерісіндегі классикалық деңгейдегі көтерілген биіктігін дәлелдеді. ХХ ғасырдағы қазақ прозасының романдары эпикалық сипатпен жазылатын көркем шындық поэтикасының көрнекті көрсеткіштері қатарын құрады. Ертедегі халық сүйген жанрдың бірі - эпикалық жырлар. "Эпос-идеялық, көркем мәні және композициялық құрлысы жағынан музыкалық- поэтикалық фольклордың ең күрделі, ең ірі жанры. Өйткені оның негізінде халық тарихындағы қиялы-қилы кезеңдер, халық тағдырына байланысты ірі проблемалық мәселелер алынған. Эпостарда қанатты философиялық сөздер жиі ұшырасады. Батырлар жырында кездесетін афоризмдер елге үлгі боларлықтай ерлік істі, каһармандықты бейнелесе, ғашықтық жырларындағы қанатты сөздер, жырдың ішкі мазмұнына сай әр алуан лирикалық сезімдерге құрылған. Бұған Асан, Қазтурған, Бұхар жыраулардан бастап, Махамбет, Базар жырау, Кашаған, Нұрым, Майлықожа, Нұралы, Жамбыл, Мұрын, Тұрмағамбет секілді сөз жүйріктерінің туындыларынан мол мысал келтіруге болады.
Қанипа Бітібаева Мұхтар Әуезов шығармаларын мектепте оқыту мәселесіне байланысты үш кітап жазған автор. Ұстаздың «Абай жолы» сияқты әлем таныған көркем эпопеяны оқыту жөніндегі әдістемесінің құндылығы өте жоғары. Әдіскер «Абай жолы» эпопеясын тереңдете оқыту идеясын ұсынады. Әр кітапқа қысқаша аннотация жазып қою, образдарды талдауға көмек-нұсқаулар ұсыну, мәтінге негіздей отырып талдау жүйесін алға тартады. Ол төрт томдық туындыны топтай, жинақтай оқытудың тиімділігін дәлелдеп көрсетеді. Ұстаз айтқан образдарды топтап оқыту ұстанымының өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Мысалы, Бітібаева «Құнанбайлар әлемі» деген ойды тарата отырып, тек Құнанбай емес, бүкіл үстем күш бейнесін оның айналасына жинақтайды. Әдіскер ғалым сол арқылы көркем әдебиеттегі жинақтау әдісінің табиғатын ашады. Еңбекте Құнанбай әлемі төмендегідей топтастырылып, әрқайсысы жеке-жеке танымдық ой қозғайды.
Әрбір халықтың әдеби, рухани байлығы оның әдеби мұрасының байлығымен өлшенеді. Халықтың ұлылығын, даналығын, тарихын танытатын көне мұралардың бірі- ауыз әдебиеті. Халық ауыз әдебиетіне жататын жанрдың бірі тарихи жырлар.
Классикалық эпос пен батырлық ертегісіне тән, типологиялық сипатта болып келетін «қаһарманның дүниеге келуінен бастап, оның өмірін толық қамтуды, яғни оның қайтыс болғанына дейінгі жәйтті баяндауды қажет ететін ғұмырнамалық (биографиялық) тұтастану перзентсіз ата-ана, болашақ батырдың ерекше тууы, оның тез өсіп жетілуі, алғашқы ерлігі, үйленуі, қаһармандық істері, қартаюы сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. Жырларда көбінесе, батырдың ғажайып жағдайда тууы мен ерлік көрсеткен тұстары кең түрде, көтермеленіп суреттеледі. Батырлық жырларда Қобыланды, Алпамыс, Қамбар сияқты батырлардың ерлік қызметінде жалпы ұлттық мүдде бұлыңғыр да, ал оның есесіне рулық, тайпалық мүдде анық, ашық көрініп жатады. «Қобыланды батыр» жырын оқыту. Жыр мәтінін оқыту тәжірибесіне, ұйымдастыру шеберлігіне, ізденімпаздығына, жаңашылдығына, шәкіртінің даярлығына байланысты. Жыр мазмұнын таныстырғанды мұғалім жырдың өн бойында Қобыланды батырдың жаңашылдығына, шәкіртінің даярлығына байланысты. Жыр мазмұнын таныстырғанды мұғалім жырдың өн бойында Қобыланды батырдың басынан өткен бір-біріне жалғаса дамыған төрт түрлі сюжеттік оқиғаны аңғартады.
Сабақта мұғалім жырдың оқырманды қызықтырып, еліктіріп отыру себебін анықтау үшін композициялық құрылысындағы компонентерге назар аудартады.Жырдағы көлемді монологтар : Естемістің Қобыландыға, Құртқаның Естеміске, Қобыландының Қараманға, Қарманның Қобыландыға, Қарлығаның Қараманға айтқандары жатады. Қалғандары шағын монологтар. Тайбурылдың шабысын суреттеуде ұлы даламыздың аң-құстарынан құлан, құлжа, көкқұтан, дуадақ, ақсұңқар атаулары да туған жеріміздің табиғатын еске салады. Аллаға, пірге, әулиеге сиынудың мәнінде жырда елеулі маңыз беріледі.Жыр мәтініндегі бейнелі сөздерден де ұлттық сананы қалыптасатыруға болады. Жырдағы теңеу, эпитет, ауыстыру (метафора) сияқты көркемдіктер төрт түлік малға қатысты болып, ұлттық табиғат аясының жан-жануарына, аң-құстарына теңеліп көркем бейне жасайды. «Тобылғы торы меңді ат, қылшық жүнді қара, қозы жауырын қу жебе, ақмоншақ ат, бөрі құлақ ен жылқы» сияқты эпитеттер, батырды «сұңқарға, жолбарысқа, арыстанға, көкжалға» балаған ауыстырулар,бейнелі теңеу сөздер ерлікті жан-жақты сипаттау, үдете суреттеу үшін қолданылады.
Эпизодтарме жұмыста мына мәселелерге ерекше көңіл бөлінуге тиіс:
1. Қай буында болмасын оқушылар өздері оқыған шығармалардың мазмұнына, оқиғасына ерекше көңіл бөлугеді. Ал оқиғалар бір-бірінен туындап жатады, жалғасып жатады, оқиғаның басталуы, дамуы шарттары,шешімдер бар.
Көркем туындыдағы жазушы ойы, идеясына көз жүгірту тарихи, әлеуметтік жағыдайлар, болған оқиғалардың қоғамдық, саяси сипаттары туралы түсінік беру (көркем туындыда сөз етілген. Әдеби талдау үшін, ең алдымен, сол көркем туындыда жазылған, баяндалған оқиғалардың тарихи негізіне ерекше назар аудару керке. Сондай-ақ суреткер осы шығармасын не себепті, қандай жағыдайларға байланысты жазған, оны жазуға не итермелегне, сол туралы балаға мол мағлұмат беруді мақсат ету керек. Мысалы, Абайдың көп өлеңдерін,соның ішіндегі «Қалың елім, қазағым» өлеңін жазуға әсер еткен, мәжбүр еткен ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ қауымының, қоғамның әлеуметтік жайы болған. Немесе Бұқар жырау толғауларының бәрі өз заманының тарихи айнасындай. Оның толғауларын сол өз заманындағы тарихи - әлеуметтік оқиғалар туғызған. Ел бірлігі, достық, Отан қорғау тақырыбы Бұқарға аспаннан түспеген. Шығарманың жазылу тарихы, оның негізінде жатқан тарихи-қоғамдық мәселелерді түсіндіру сол шығарма, туынды астарында жатқан суреткер ойын, мақсатын ашуға бастар бірден-бір жол болды. Тағы бір тәсіл – сол туынды туралы ғылыми еңбектер, мақалалардан үзінділер оқып, түсінік беру болып табылады. Мысалы, Махамбет Өтемісұлы шығармаларын, не оның Исатай туралы өлеңдерін талдау алдында сол кездегі тарихи жағдайлар, көтерілістің шығу себебі, оның ұлт –азаттық сипаты, Исатай туралы тарихи деректерден тұжырымды түрде түсінік беріп, Махамбеттің осы өлеңдері туралы әдебиетшілер пікірін айта кетудің маңызы зор. Бұл-тиімді тәсілдің бірі. Кейінгі кезде интеграциялық сабақтар тәжірибеде көп қолданылуда. Мысалы, мәселелерді тарих пәні мұғалімімен сабақ-дуэт өткізуге болады.
2. Көркем туынды композициясын талдау тәсіліне бас кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру; негізгі оқиғаларды сұрыптау; портрет, суреттеулердің көркем туындыдағы орнына тоқталу жатады. Мысалы, «Қорғансыздың күні» (М.Әуезов )
3. Жазушы стиліне талдау жасаудың маңызы сол, ол туынды негізінде жатқан авторлық көзқарас, идеяны ашуға көмек жасайды. Жазушы стилі дегенде, ең алдымен, оның көркем тілі, поэтикалық бейнелер жасауы («кәрі құда»,немесе «сұр бұлт»,т.б ), жалпы халық тілін меңгеруі, сол арқылы әдеби тіл жасауын айтуға болады. Мысалы, Абай «Аттың сынында» халықтың күнделікті сөйлеу тілінде бар «шоқпар» сөзімен «шоқпардай» деген теңеу жасаған, әрі бұл теңеу жүйрік ат сынын суреттеуде өзіндік орын алып тұр. Немесе қысты «кәрі құда» деп алып, тамаша метафора жасаған. Ашулы қысты «кәрі құдаға» балап сипаттау өлеңдегі ақын ойын айшықтап көрсетіп тұр. «Болыс болдым,мінеки» өлеңінде Абай «бұрқырап», «тарқылдап», «аңқылдап», «шапқылап»,деген көсемшелерді ерекше көп пайдаланады. Бұлар арқылы болыстың жексұрын бейнесін суреттейді.
4. Көркем туындыны оның негізінде жатқан тарихи шындықтармаен салыстыра қарастыру, кейіпкерлер прототипі туралы мәліметтерден хабардар ету автор ойы, шығарма идеясын ашудың негізгі жолдары, тәсілдері болып табылады.
М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы өмір шындығынан алынған.Ондағы бас кейіпкерлердің барлығы да өмірде болған, тағдырлары да, трагедияда берілгендей, солай аяқталған. Дегенмен, Нысан, Абыз, Жапал бейнелері жазушының өз қиялы, мақсатынан туған. Абыз арқылы жазушы халық даналығын, махаббат, достық қорғаушысын, даланың Кеңгірбай сияқты жауыздарына қарсы мейірбандық жаршысын бейнеленген.
5. Талданған шығарманың әр түрлі нұсқасы туралы сөз қозғау да сол туынды негізінде жатқан проблема-идеяны ашудағы бір тәсіл болып келеді. Мұнда жазушы қолжазбаларының барлығын емес,ең басты-басты деген мәселелерге орай салыстыру жұмыстарын жүргізген жөн.
6. Суреткердің бір шығармасын басқа шығармаларымен салыстыру да тиімді тәсілдердің бірі. Мысалы, Абайдың табиғат лирикаларын алайық. «Жаз» өлеңінде ақын көшпелі елге жадыраған жаз айының соншама қуаныш, қызық әкелетінін, адамдарды былай қойып, тіршілік әлемінің барлығы да жайнап кеткенін суреттейді. Ал «Күзді» алайықшы. Айналаның барлығы «дымқыл тұман басқан», «сұп-сұр түске енген». Адаммен бірге табиғат та жүдеп тұр ( «дымқыл тұман» т.с.с. ). Оның себебі не? Көшпелі елге, кедей ауылға, әсіресе, кедейлерге күз сон-шама қолайсыз, соншама көңілсіз. Абай табиғат арқылы әлеуметтік теңсіздікті көрсетеді.Ол осы жерде пушкин жырлаған «алтын күзді» де мысалға алып, салыстыруға болады.
7.Бірнеше ақын-жазушы шығармаларын салыстыру да әдеби талдаудың тиімді тәсілі. Мысалы, «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, ондағы әйелдер теңсіздігінің көрінуі» деген проблемалық сұрақ айналасында М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С. Көбеевтің «Қалыңмал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», С.Дөнентаевтің «Жәмилә», «Еріксіз Айша» шығармаларын салыстыруға болды. Тақырып біреу болғанмен, әр суреткер оны өзіндік стиль, мәнермен көрсетеді, шешімдері де авторлық көзқарасы, идеяларына байланысты әр түрлі болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |