Майлардың қоры. Липойдтар және фосфаридтер. Органикалық қышқылдар
Май барлық тұқымдардығы ұрықтың протоплазмасының құрамына енеді. Бұдан басқа тұқымдардың құрамында біраз мөлшерде майлар қор заты ретінде жиналып, тұқымның өнуіне пайдаланылады. Майлар глицерин мен май қышқылдарының күрделі эфирлері, олар қаныққан және қанықпаған болып, мынадай жалпы формулаға ие:
СпН2пО2, СпН2п-2О2 және СпН2п-4О2
Қаныққан қышқылдарға мысалы: стеарин, пальмитин қатты май құрап; қанықпаған қышқыл – олейн сияқты қышқылдар сұйық май құрайды. Өсімдік тұқымдарындағы майлар негізінен түрлі май қышқылдарынан тұрады, бірақ ыстық жақта өсетін өсімдік тұқымдарында негізінен еру температурасы жоғары майлар /какао, кокос майлары қатты майлар/, ал қоңыр салқын жерлердегі өсімдік тұқымдарындағы майлар болады. Мысалы: күнбағар, сора, зығыр т.б. майлар. Қанықпаған сұйық майлар радикалдарының қос байланысты, ауадағы оттегін қосып алып, тотығып, май беттерінде тығыз қабық түзіледі. Міне, осыған байланысты бұл майларды тез кебетін майлар деп атап, олардың майлы бояулары даярлауда қолданылады.
Сілтілердің және қышқылдардың әсерінен төменгі температураның өзінде майлар гидролизденіп, 3 су молекуласын қосып алып, май қышқылына және глицеринге ыдырайды.
Мысалы, пальмитиннің гидролизденуі былай өтеді:
С 3Н5/С16Н31О2 + 3Н2О С3Н5/ОН/3 + 3С16Н33О2
Пальмитин глицерин пальмитин қышқылы
Бұл процесс сабындау депте аталып, өндірісте сабын және глицерин алу үшін қолданылады. Қор заты ретінде жиналатын майлар заттардың көмірсуларға қарағанда біраз артықшылық қасиеттері бар, өйткені бұлардың арасында гигроскопиялық су болмайды. Майлар заттар құрамында “О2” өте аз болуынан тотығу нәтижесінде олар көп уақыт береді.
Мысалы: 1 гр майлы заттар 9,3 кал; 1 гр. Белок – 5,7 кал; 1 гр. Крахмал - 4,1 кал. қуат береді. Сондықтанда майлы заттар қор ретінде дүние жүзіндегі өсімдіктердің 90% де жинақталады. Көмірсулардың аса пайдалы қасиеті, олар көп химиялық өзгеріссіз, оңай жұмсалатын глюкозаға тез айналады. Ал майлы заттар, ондай оңай жұмсалатын глюкозаға айналу үшін көптеген химиялық өзгерістерге ұшырауы керек. Майларға жақын заттар тобы – липойдтар немесе май тәрізді заттар. Бұл топтың негізгі бір түрі – лецитин. Бұл зат глицерин, екі май қышқылы және фосфор қышқылының күрделі эфирі.
Лецитин әр түрлі тірі клеткалардың барлығында, мелі ол жануарлар немесе өсімдік клеткаларында болсын құрамында кездесіп, қор заттар қатарына жатпай протоплазманың негізгі элементі болып табылады. Лецитин протоплазмасының осмостық қасиетін көрсетуші плазмалемма қабатын құрайды. Липойд заттары белок молекулаларымен оңай қосылады да – клетка зат алмасуда белсенді қызыметатқарады деген көзқарастар бар. Бірақ әлі күнге дейін липоид заттарының қызыметі толық шешілмеген. Майға өсімдік тер денесінде кездесетін балауыз тәрізді заттар ұқсас келеді. Бұл заттың майға ұқсастығы эфирлерде майлар сияқты ериді, құрамы майлы заттардын құралған. Бұл заттың денесіндегі атқаратын қызыметі оны денесінен судың шығуына кедергі жасауы. Бұл затты жапырақ алақандарында, сабақтың қабықтарында, кейбір жеміс сырттарында да кездестіруге болады.
Өсімдіктің клетка шырынын да бос және тұз түрінде екі негізінде органи калық қышқылдарды көп кездестіруге болады. Бұған мысалы: қымыздық, алма, шарап, лимон және т.б. қышқылдарды жат қызуға болады. Органикалық қышқылдар, әсіресе суккуленттердің етті жапырақтарында және қымыздық сияқты, тағы басқа да өсімдіктерде көп болады. Органикалық қышқылдар жеміс құрамында, әсіресе олар жетілмеген кезде көп кездеседі. Органикалық қышқылдардың өсімдік тің клетка шырынында пайда болуы, оның тыныс алуымен байланысты. Тыныс алу кезінде бұ лардың түзілу себебі қант заттары толық тотықпай оттегі жетіспеу себепті, аралық зат ретінде түзіліп өсімдік клеткаларында көп мөлшерде жинақталады. Қазіргі кезде, екі негізгі органикалық қышқылдар тыныс алу кезінде тоты ғу және тотықсыздану реакцияларына қатынасып азотты органикалық заттардың синтезделуіне қатынасатындығы анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |