Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары



бет36/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Лекция мақсаты: Өсімдік организміндегі су жүру жолы.
Лекция мәтіні: Өсімдік өз тіршілігінде суды өте көп мөлшерде пайдаланатындықтан, оның үздіксіз енуін де қажет етеді. Өсімдіктің бұл қажетін қамтамасыз ететін негізгі мүшесі тамыр жұйесі болып есептеледі. Астық тұқымдастардың тамыр жұйесі 1,5-2м тереңдеп және жан жағына тарамдалып өседі. Мысылы, күздік қара бидайдың бір түбінде қолайлы жағдайда бірінші реттегі 143 , екінші реттегі – 35 мың, үшінші реттегі – 2 млн 300 мың және төртінші реттегі – 11,5 млн, барлығы 14 млн тамыр пайда болады. Олардың жалпы ұзындығы 600км, ауданы – 225м2 болады. Осы тамырлардағы 15 млрд тамыр түкшелерінің жалпы ұзындығы 10мың км, ауданы 400м2 –ге жетеді екен. Осы өсімдіктің жер үсті мөлшері 80өркен, 480 жапырақтан түрады екен де, жалпы ауданы 4,5м2 –ақ болады. Тамыр жүйесінің өсу жылдамдығын мынандай көрсеткіштермен сипаттауға болады: тамырлардың жылпы ұзындығын күніне 5км-ге, тамыр түкшелерінің ұзындығы 80км-ге артады. Сонымен жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамыр жүйесінің жалпы көлемі жер үсті мүшелеріне қарағанда ондаған есе артық болады екен,
Өсімдіктердің суды пайдалануы сыртқы орта жағдайларына байланысты өзгергіш келеді, көленкеге төзімді өсімдіктердің тамыр жүйесі, жарық сүйгіш өсімдіктерге қарағанда нашарлау дамиды.
Ағаш тектес өсімдіктердің бірнеше ондаған метр биіктіктегі бөрікбасы бөліктерін (бұтақ, жапырақ) сумен қамтамасыз етуі біраз қиындықпен жүзеге асады. Жалпы ағаш тектес өсімдіктердің ылғалы молдау, булану процесі нашарлау болатын аймақтарда көбірек таралуының себебі осыған байланысты болуы керек.
Төмен сатыдағы өсімдіктер суды бүкіл денесімен сіңіреді. Мысалы, жасыл мүктерге жататын сәндік шөп құрғақ топырақта тек ауадығы ылғалды пайдаланып өсе алады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің суды сіңіретін ерекше мүшелері – тамырдың өте жіңішке ұштары болады. Олардың қабықтары өте жұқа және тұкшелері көп. Сондықтан, өсімдікті бір жағынан суды көп мөлшерде буландыратын, екінші жағынан оны тамыр жүйесінің көмегімен қарқынды сіңіретін, өз-өзінен реттелетін курделі механизм деп қарауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет