Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары


Лекция № 8 Тақырыбы: Өсімдіктегі су режимі (алмасуы) физиологиясы



бет18/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Лекция № 8
Тақырыбы: Өсімдіктегі су режимі (алмасуы) физиологиясы.
(1 сағат)
Жоспары:
1.Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы.
2.Судың молекулалық құрылысы мен қасиеттері.
3.Судың өсімдік клеткасында алмасуы.
4.Су тапшылығы солу.
Қолданылған әдебиеттер
а) негізгі
1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г
2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.
3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж
4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.
5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.
6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.
7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.
8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.
9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.
10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г
11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.
б). қосымша:
12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.
13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.
2000 г.
14.практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.
15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.
Лекция мақсаты: Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы және судың молекулалық құрылысы мен қасиеттері мен таныстыру.
Лекция мәтіні: Өсімдіктер денесінің басым көпшілігі (70-85%) судан тұрады. Өзінің өте ғажайып қасиеттеріне байланысты су барлық тіршілік әрекеттерінде негізгі орын алады.
Тұтас организмдегі судың маңызы орасан зор және алуан турлі деуге болады. Тіршіліктің ең алғашқы түрлері сулы ортада пайда болған, кейін осы орта организмдер клеткаларында тұйықталған күйге айналады. Жер бетіндегі белгілі тірі организдердің барлық түрлері сусыз тіршілік ете алмайтындығы кімге болса да түсінікті.
Сулы ортада организмдердың клеткадағы малекулалардан бастап үлпа және мүшелерге дейінгі бөліктерін біртұтас жүйеге біріктіреді. Өсімдіктер денесіндегі су топырақтан енетін ылғалдан бастап жапырақтың ауамен шектесетін бетіне дейінгі аралықты тұтастыратын орта болып есептеледі. Су ең жақсы, күшті еріткіш және тіршілік әрекеттеріне байланысты биохимиялық реакциялар жүзеге асатын негізгі орта болып есептеледі.
Су клеткадағы құрылымдық бөліктерді қалыптастыруға қатысады. Белок молекулаларындағы су олардың құрлысын анықтайды. Су көптеген заттардың ыдырау және синтезделу процестеріне қажет. Су ұлпалар температурасының күрт өзгеруінен сақтайды.

  • 2 –

Табиғаттағы су – газ, сұйық және қатты күйде болуы мумкін.Судың осы күйлердегі құрылысы біркелкі болмайды. Ішіндегі заттардың құрамына байланысты суда жаңа қасиеттер пайда болады. Судың қатты күйінің өзі кем дегенде екі түрлі болады. Оларды кристалды мұз және кристалсыз шыны тәріздес аморфты деп бөледі. Мысалы, суды сұйық азоттың көмегімен тез мұздатқанда молекулалары кристалдық тор түзуге үлгермей, қатты шыны тәріздес куйге айналады. Судың бұл қасиеті организмдерді – бір клеткалы балдырларды, мүк жапырақшаларын тез мұздатуға мүмкіндік береді.Судың физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы, қайнау және қату нүктелері, балқу жылылығы, жылу сиымдылығы, беттік кернеуі және жұғу қабілеті жатады.
Барлық заттар қыздырғанда көлемін ұлғайтып, тығыздығын кемітеді. Судың ең жоғарғы тығыздығы 4 градустық температурада байқалады. Осы температурадағы 1см3 судың салмағы 1г-ға тең болады. Мұздағанда судың көлемі ұлғайып, ерігенде күрт азаяды. Температура 1000С –ға дейін көтерілгенде судың тығыздығы 4%-ке кемиді.

  • 3 –

Өсімдік ұлпаларындағы судың мөлшері өте өзгергіш және құбылмалы болып келеді.Ол өсімдік түрлеріне, органдарына, маусымдық және тәуліктік жағдайларға байланысты ұдайы өзгеріп тұрады.
Клеткалармен ұлпалардағы су бос және байланысқан деп екі түрге бөледі.Байланысқан су осмостық (еріген заттарды- иондарды, молекулаларды гидраттайды), коллойдтық және қылтүтікті байланысқан деген түрлерге бөлінеді.Өсімдім ұлпаларындағы бос суоңай жылжып, таралғыш келеді. Бидайдың жас тамырындағы судың ¾ вакуольде, ¼ клетка қабықтарында және 1/20 бөлігі ғана цитоплазмада болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет