Хлорофиллаза-хлорофиллаза. Эстаразалар тобындағы ферменттер. a және b хлорофилдерінің хлорофиллидтерге, яғни хлорофилдегі фитол сутегіне немесе басқа бір спирт қалдығына алмастырылған қосындыларға айналу реакциясын катализдейді. Хлорофиллаза аз мөлшерде барлық жасыл өсімдіктерде кездеседі.
Хромотоплазма-хромотоплазма. Көк –жасыл балдырлардың клеткасындағы протопластың, ішінде пигменттер орналасқан, щнткі бөлігі. Көп уақыт бойы хромотоплазмада пигменттер шашыраңқы орналасқан.
Хромопластар-хромопласты. Түрлі түсті бояулармен (каротинодтармен) сары, қызғылт-сары, қызыл, кейде қызыл-қоңыр түске боялған өсімдіктер клеткасындағы пластидтердің бір түрі. Хромопластар сыртқы пішіні жағынан дөңгелек түйіртпекшелер немесе (пигменттердің кристалдануы салдарынан) инелер, орақтар, түрлі пішінді табақшалар сияқты болып кездеседі.
Хромосомалар-хромосомы. Организмде тұқым қуалайтын ақпарат (информация) жазылған, құрамы ДНҚ мен белоктардан (гистондар т.б.) тұратын, ядроның құрамды бөлігі. Әр хромосома бір-біріне ұқсас екі хроматидтен тұрады. Мейоз нәтижесінде түзілген жыныс клеткаларында екі хромосоманың тек біреуі ғана болады.
Хлорофилдің физикалық , химиялық қасиеттері.
Қатты күйдегі хлорофилл көгілдір –қара түсті аморфты зат. Хлорофилдер негізінен органикалық еріткіштерде-этил эфирінде, бензолда, хлороформда, ацетонда, этил спиртінде жақсы еріп, петролейн эфирінде нашар, ал суда ерімейді.
Хлорофилдер қызғылт –сары және сары сәулелерді нашар сіңіреді де, жасыл және инфрақызыл сәулелерді тіпті сіңірмейді.
Каротиноидтар- Барлық жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктерде хлорофиллмен қатар каротиноидтар деп аталатын сары пигменттер тобы болады. Олар барлық ұлпаларда кездеседі, бірақ олардың ең көп мөлшері хлоропластарда шоғырланған. Олардың ішінде каротиннің үш түрі неқғұрлым жиі кездеседі, бұларды грек алфавитінің әріптерімен α-каротин, β-каротин, γ-каротин деп белгілейді. Сондай-ақ ксантофилдер де жиі кездеседі. Каротиндердің жалпы формуласы С40Н56, олар бір-бірінен молекулаларының құрылымы бойынша ерекшеленеді. Химиялық тұрғыдан алып қарағанда олар изопереннің сегіз молекуласының полимерлену өнімдері долып табылады. Изопереннің формуласы:
СН2 = C - CH=CH2
CH3
Каротиндердің құрамындағы қос байланыстар бір байланыстармен кезектесе келе, коңюгациялық байланыстар жүйесін құрайды. β-каротин молекулаларында коңюгацияланған 11 қос, α-каротиннің құрамында конъюгацияланған 10 қос байланыс бар. β-каротин неғұрлым кең тараған. Гидролиз кезінде β-каротиннің молекуласы А витаминінің 2 молекуласын түзе отырып, екі жартыға ыдырайды. β-каротин оптикалық активті. Ең соңғы γ-каротин аз таралған, ол жапырақтардың пластидтерінде болмайды, өте аздаған мөлшерде сәбіздің тамырында кездеседі.
CH3 CH3
CH3 CH3
CH=CH- C=CH- CH= CH-C=CH-CH=CH-CH=
Достарыңызбен бөлісу: |