Оқушылардың танымдық әрекетінің белсенділігі. Танымдық әрекеттің белсенділігін оқытудағы құралдары мен әрекеттерін табу мәселесі ғасырлар бойына жалғасады.
Жастарды тәрбиелеуде ежелгі грек философы Сократ эвристикалық әңгімені пайдаланған. ХVІІ-ХІХ ғасырдың педагогтары Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссо, А. Дистерверг, К.Д. Ушинский және т.б. оқытушының негізгі жұмысы - оқушыларды өзінше ойлау, зерттеу іздеістеріне бейімдеу деп санаған. Олар дамып келе жатқан оқытудың дидактикасын жасаған. А. Дистерверг былай деп жазған "нашар мұғалім шындықты хабарлап қояды, ал жақсы мұғалім оны табуға үйретеді".
Қазақтың ағартушылары Абай Құнанбаев, Ы. Алтынсарин қоғамдық қайраткер және педагогтар А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов өздерінің еңбектері мен тәжірибелік әрекеттерінде оқушыларды шығармашылықты дамытуға, ойларын жүйелеуге шақырған. Кеңес әдіскерлері мен психологтары Л.С. Выготский, Б.Г. Есипов, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Р.Г. Лемберг, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин дамып келе жатқан оқытудың тәжірибесі мен теориясына және оқушылардың танымдық әрекетінің белсенділігіне үлкен, зор үлестерін қосты.
Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру. Солардың ішінде ең маңыздысына тоқталайық.
1)Әрекеттік жақыңдасу оқушыларды танымдық әрекетке тәрбиелеу. Әрекеттік жуықтаудың негізінде әрекет теориясы жатады. Оның негізі: жеке тұлға әрекетте қалыптасады (бұл туралы Қытай даналығында былай делінген: "Маған айт - мен ұмытып қаламын; маған көрсет - мен есімде сақтаймын: маған өзіме жасауға бер - мен үйренемін"). Оқыту процесін ұйымдастыратын мұғалімдерге әркеттің құрылымын білу өте маңызды. Оның негізгі түрлері: мотиві, мақсаты, мәселелер, мазмұны, құралдары, әдіс-тәсілдері және қорытынды. Бұлай дегеніміз, мұғалім көптеген құралдар арқылы оқушының ойлау қабілеті, тәжірибелік шамасына әсер ету керек. Осы компоненттердің барлығын мұғаліммен бірге оқушы да меңгеруі керек.
Педагогтарға сонымен бірге оқушылар әрекеттерінің негізгі түрлерін білу керек: оқыту-танымдық, әлеуметтіқ, еңбек, ойын, талғамдық, денешынықтыру-сауықтыру. Әрекеттің барлық осы түрлері оқытушы мен оқушының өзара қатынасынан тұрады.
Әрекеттің бұл түрлерін өзара байланыстыру өте маңызды.
2)Гуманистік психология және педагогика ілімдеріндегі жеке-бағытталған жуықтау төменгі саладай қалыптасады (К. Роджерс):
-Индивид үнемі ауысып отыратын әлемнің ортасында өмір сүреді. Оған қоршаған әрекетгі қабылдаудың жеке әлемі өте маңызды; бұл жекелік әлем-әлі сырттан ешкім танып білмеген.
-Қоршаған әлемге адам жеке қабылдау және түсіну арқылы қатынас жасайды.
-Адам өзінше түсінуге және өзінше пайдалануға ұмтылады; өзіндік жетілдіруге ішкі қажеттілік қасиеті болады. Жеке тұлғаның дамуы үшін қажет өзара түсіністік, тек қарым-қатынас жасау қорытындысында ғана толық жетеді.
-Өзіндік жетілу, даму-ол қоршаған ортамен, басқа адамдар байланыста болады. Адамға тура және жасырын байланыстар нәтижесінде пайда болатын, оның өзіндік түсінігін шығаратын сырт көздің берген бағасы өте маңызды, оқушының өзіндік толымдық әрекетінде мұғалім жеке бағытта оқыту жағдайында ең зор ұйымдастырушы-нұсқалық жоспарлар, дифференциалды әдістер, шығармашылық үй тапсырмалары, сабақтан тыс оқушы әрекетін ұйымдастыру арқылы жоғарғы сапаға жетеді. Жоспарлау мен бірге педагогика әдістері кіреді.
3)Оқыту процесіне деген зерттеушілік өткендегі іс-әрекетпен байланысты. Атап айтқанда өзіндік танымдық оқушының әрекетін қамтамасыз етеді, ойлау қабілетін дамытады, өзіндік білім алуға дайындайды. Оқушыларды зерттеу үшін әртүрлі іздену әдістері қолданылады (эврика-іздену): ізденіс әңгімелер, өзіндік шешім (мұғалімнің басқаруымен) ережелер, формулалар, түсініктер, стандарт емес есептердің шығарылуы, лабораториялық және тәжірибелік жұмыстар, бақылаулар. Мектеп тәжірибесінде жеке және ұжымды түрде оқыту жұмысының топтық ізденіс түрлері, әдісі.
Мәселелеп оқыту (проблема қою) - ізденіс танымдық әрекеттің негізгі құралы. Мәселелеп оқытудың қайнар көзін Сократтың ізденіс әңгімелерінен көруге болады, бұл жерде ол сұрақ қою және әңгімені қисынды құрастыру арқылы өзінің оқушыларын қарама-қайшылыққа, әрі қарай тиісті қорытынды жасауға жетектейді
Қазіргі кездегі ізденіс ойлау құралдары бойынша педагог пен психологтардың зерттеулері (Ю.Н. Кулюткин). мәселелеп оқытуда (И.Я. Лернер, М.И. Махмутов. В.Н. Максимова, В. Оконь т.б.) оқушылардын ізденіс зерттеу есептерін шешуде танымдық әрекеттері басқаша екенін көрсетеді. Ізденіс әрекеті бірқалылты жүріп отырады, кей жерде айқын көрінеді (О.К. Тихомиров). Бүкіл мәселелеп оқытудың мәні ерекше жағдай оқу процесінде пайда болады, оқушы белгілі шешімге келе алмай, не болмаса қатыса алмайды. Мәселелі жағдайда оқушының білімі мен алдына қойған міндеті арасында қарама-қайшылық туындайды. Мәселелеп оқыту алгоритм мәселені қою және сезіну, жеке шығару, одан әрі қарай мәселені шешудің дүрыстығын тексеруден түрады. Бұл кезде ізденіс әңгімелері, дискуссия (пікір-талас), мәселелі мазмұндамалар т.б. пайдалынылады.
4)Оқыту алгоритмі белгілі бір түрдегі есепті шығаруда қатаң ережелердің қажеттілігін бекітеді. Оқыту процесі ауыр да сенімсіз болды, егерде типтік есептерді шығаруда оқушы жаңа жолдар іздеп, оқушы математикалық есептерді толық сандармен, бөлшектермен шығаруда белгілі бір ережеге сүйенетін, сол сияқты тілді меңгеруде. Алгоритмсіз адам қарапайым автоматтар мен техникалық құралдарды да пайдалана алмайды (компас, телефон т.б.). Алгоритмдеу программалап оқытумен тығыз байланысты, оның мәні нақгы хабарламаның таңдауынан тұрады, ал оқушыға аз мөлшерде беріліп отырылады. Қадам қозғалысы шегінде кері байланыс орныққанын бірден көруге, түсінікті ме түсініксіз бе, меңгерілді ме, меңгерілмеді ме, есеп шығарылды ма, шығарылмады ма. Программалап оқытудың талассыз ерекшеліктеріне қарамастан бұл жуықтауды жалғыз және көп салалы деп қабылдауға болмайды. Егерде оқушы сабақтан сабаққа программаланған оқулықтың мәтіні соңында үздіксіз жүріп отырса, егерде ол оқыту машинасымен жұмыс істесе, онда программалап оқыту жағдайында оқушының бастамасы кеңейді.
5)Оқытуды компьютерлеу. Компьютер дегеніміз -маманның еңбегінің нәтижесін сапалы өзгертіп отыратын құрал. Адамның танымдылығының құралы ретінде ЭВМ- ның қолданылуы,
білімнің пайдалану мүмкіндіктерін көбейтеді, ойлау әрекетінің жаңа формаларын дамытуға жағдай жасайды, оқыту сапасын арттырады.
Бірінші сатыда компьютер оқу әркетінің пәні болып табылады, оның меңгере отырып, оқушылар осы машинаның жұмысы туралы білім алады, дағды-білігіне үйренеді, оператор жұмысының дағдыларын меңгереді. Екінші сатыда компьютер оқу есептерін шығарудың құралына айналады. Компьютер оқытуда пайдаланатын қосымша техникалық құрылым ғана емес, сонымен бірге ол тиісті жоспарлауды қамтамасыз етеді. Бұл жерде мәселенің бір жағын - құрастыру және ЭВМ-ді қосуды коптеген қиыншылықтарды жеңе отырып - инженер орындайды, ал екіншісін - педагог; себебі ол есептеу машинасының жұмысына қонымды негізделеген дидактикаға сәйкес пен оқытудың адам әрекетін реттейді. Оқытуды жалпы компьютерлеу үшін алгоритмді ойлау қасиеттерін меңгеру керек.
Компьютердің келесі бір қиындығы оның құрамы дидактикалық жүйеден басқалармен қатар тұрғандығында (мақсаттары, мазмұны, әдістері, оқушы мен мұғалімнің әрекет тәсілдері). Бұлар өзара тығыз байланыста, біреуіндегі артынан екіншісі жетектейді. Сол себепті мектеп сыныптары мен жоғары оқу орындарындағы есептеу машиналарының орнығуы компьютерлеудің соңын емес, басталуын көрсетеді, яғни оқыту технологиясының жүйелігін. Гигиеналық нормаларды сақтамаудың компьютермен жұмыс істеу барысында оқушының денсаулығына үлкен зардабын тигізетінін де естен шығармау керек. Сонымен бірге компьютермен жұмыс оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасының орнын толықтыра алмайды.
6)Қазіргі мектепте дифференциалдап оқыту кең көлемде қолданылады (И.Э. Унт, Е.А. Рабуньский т.б). Бұл жерде маңызды жуықтау аясы оқушылардың әртүрлі білімінің дамуының көкейкесті деңгейіне сүйену, сонымеи бірге жақындап дамудың шекарасы біртіндеп әрқайсысын білімді меңгерудің жаңа әдістеріне көшіріп отыру. Бұл жуықтаудың қиыншылығы - білім бағдарламасын, дағды мен білікті, пәндік жүйеде әрқайсысы меңгеру керек. Бұл меңгерудің деңгейі әртүрлі дәрежедегі оқушылар үшін жоғары болу керек. Ешқандай есту, көру, сөйлеу және қабылдау кемістігі жоқ әрбір оқушыға бұл жуықтаудың көмегі, ол яғни барлық нақты танымдық әрекеттің жоғары деңгейдегі мүмкіндіктеріне иегер бола алады деген сөз. Қазіргі мектептерде, оқушылардың әртүрлі дәрежесіне бағытталған оқыту тапсырмаларын дифференциалдап, оқыту жағдайында не мұғалім бере алады, не болмаса оқушылардың өздері таңдауларына болады. Егерде оқушы өзі таңцап алған болса тапсырманы, онда мұғалімге оны алдағы қателіктерден сақтандыру, сонымен бірге оның мүмкіндігіне қарай есеп шығаруды тапсыра алады және де оқушының осыған деген құштарлығының деңгейін анықгай алады. Бірақ та дифференциалдап оқыту жуықтау бола алмайды, себебі оку процесі оқытудың басқа да маңызды, оқушылардың дамуына бағалы да мәнді екені белгілі. Сонымен барлық дәрежедегі сыныптағы оқушылардың жеке мүмкіндіктерінің қаншалықты екенін көрсете алатын маңызды құрал. Бұл жерде окушыға басқалардың еңбегінің нәтижесін көрсететін және жеке қабілеті мен білімнің деңгейін танытатын кері байланыс та іс жүзіне асырылады.
7)Оқушылардың белсенділіктерінің бір бағыты болып ұжымдық танымдық әрекет болып саналады (М.Д. Виноградов, Н.С. Дежников, И.Б. Первин, Х.И. Лийметс, Г. Кусайнов, Н.Н. Хан т.б.) педагогикалық әдебиеттерінде қарым-қатынас мәселесі, оқу процесіне қатысушылардың өзара қатынасы айқын баяндалған. Оқушылардың ұжымдық танымдық әрекеті дегеніміз-бұл оқушылардың біріккен әрекеті, оқушылар ортақ тапсырма орындауда өз істерін үйлестіріп, жұмысты өзара бөліп, әркімнің міндетін мұғалім ұйымдастырып беретін, яғни іскерлік тәуелділік жағдай пайда болады, білімді меңгеруде өзара қарым-қатынас ұйымдастырылады, аса бағалы тәжірибе алмасу жүреді (Н.Н. Хан) ұжымның танымдық әрекеті сабақта да сабақтан тыс уақытта да педагогикалық процессте жүріп отырады. Ұжымдық танымдық әрекетті ұйымдастыру мұғалімнен тек теориялық және әдістемелік дайындықты қажет етпейді, сонымен бірге сынып белсенділерімен маңызды жұмыс жүргізуді талап етеді (ассистенттер, консультанттар, кітапханашылар т.б.). Сонымен, қазіргі дидактика, ізденіс және әртүрлі жуықтауларды шешудегі оқыту процесінің сан қырлы мүмкіндіктерін ашады
Достарыңызбен бөлісу: |