Оқыту дегенiмiз - оқушы мен оқытушының бiлiмдi меңгеру мақсатындағы өзара қарым-қатынасқа түсу процесi болып табылады. Оның өзiнде оқыту арқылы балаға тәрбие беру көзделедi. Оқыту процесi кезiнде негiзгi үш қызмет: бiлiм берушiлiк, тәрбие берушiлiк және дамытушылық қызметтер бiрмезгiлде жүзеге асырылып отырылады.
Педагогиканың негiзгi ұғымдары өзара тығыз байланыста. Өйткенi, оқыта отырып, тәрбиелеймiз, тәрбиелей отырып бiлiм беремiз.
Тәрбие ұғымына әр кезеңге және әр түрлi көзқарастар тұрғысында берiлген анықтамалар бар. Соның iшiнде Абай атындағы Алматы ұлттық педагогикалық университетiнiң педагогика кафедрасы ұжымының және басқа да педагикалық еңбектерде "Тәрбие дегенiмiз - бұл, жеке адамның қоғамдық тәжiрибенi (бiлiмдi, ептiлiктер мен дағдыларды шығармашылық iс-әрекет тәсiлдерiн, әлеуметтiк және рухани қатынастарды) игеру үшiн бағытталған белсендi iс-әрекетiн қолдап, қуаттаушы әрi ұйымдаструшы мақсат бағдарлы әрi сапалы орындалатын педагогикалық процесс"- деп анықтама берiледi.
Ғалымдар Қоянбаевтар балаларды бүгiнгi қоғамның нарықтық талабына сай тәрбиелеуде халқымыздың ұлттық дәстүрлерiмен қоса, нарық талаптарына сай қасиеттердi де қалыптастыруды көздей отырып, тәрбие ұғымына былайша анықтама бередi: "Тәрбие дегенiмiз - жастарды қоғамда өмiр сүруге және еңбек етуге бейiмдеу".
3. Педагогикалық ғылымдар жүйесі
Педагогика ғылымы адамзат қоғамының барлық салаларында қызмет көрсетедi. Соған байланысты олар да мынадай салаларға бөлiнедi:
Мектеп жасына дейiнгi балалар педагогикасы;
Мектеп педагогикасы;
Жоғары мектеп педагогикасы;
Әскери педагогика;
Кәсiби педагогика;
Дефектология;
Педагогика тарихы;
Этнопедагогика;
Әлеуметтiк педагогика;
Салыстырмалы педагогика.
Дефектологияның өзi төрт салаға бөлiнедi.
-сурдопедагогика (саңырау, мылқау, керең балалар тәрбиесiн қарастырады
- тифлопедагогика (соқыр балалар тәрбиесiн қарастырады)
-олигофренопедагогика (ақыл-ойы кемiс балалар)
-логопедия (тiлiнiң кемiстiгi бар балалар тәрбисiмен айналысады).
Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. жатады. Кейінгі кезде педагогикалық білімнің дербес салалары ретінде әлеуметтік педагогика және т.б. дербес бөліне бастады.
Жалпы педагогика педагогикалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогика (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анатомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді. Кейінгі он жылда бірқатар ғалымдар мектепке дейінгі педагогикадан бала бақша жасындағы педагогикасын бөліп көрсетеді. Мұндай бөлу әділетті , себебі сәби жасындағы балалардың санасы дамуының өзіндік ерекшеліктері бар, міне осыдан келіп бұл пәннің психологиямен, педагогикамен және медицинамен тығыз байланыстылығы ерекше. Зейнеткерлердің тұрғындар құрамындағы үлес салмағының өсуіне байланысты үшінші жас педагогикасы пайда болды, ол қалыптасу деңгейінде.
Кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы—пәндері (дисциплины), олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылады. Бұл пәндерге жұмысшыларда екінші, үшінші және т.б. мамандықтарды игеруге дейін бағытындағы оқытудың заңдылықтарын зерттейтін өндірістік педагогика да жатады.
Педагогиканың салалық тарауларына арнаулы педагогикалық ғылымдар (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофролопедагогика, логопедия), дене дамуында кейбір ауытқушылықтар (есту, көру, .ойлау қабілеттеріндегі өзгерістер, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын зерттеулермен айналысады.
Әскери педагогика әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.
Еңбекпен түзету (исправительная) педагогикасы түрмеде отырған азаматтарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын қарастырады (пенитенциарлық мекемелер). Мұнда жас ерекшелігі ескеріледі, оларда өсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмысына қатысты кездесетін заң бұзу зерттеледі.
Сауықтыру педагогикасы психология мен педагогиканың өзара белсенді әрекеттері барысында салыстырмалы түрде кейінгі кезде ғана дами бастады. Бұл ғылымның пәні кәдімгі жалпы мектептегі оку — тәрбие процеснен қол үзген ұзақ уақытқа емделетін ауру балаларға білім беру болады.
Педагогика тарихы - адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Сондықтан оның азаматтық тарихпен, этнографиямен, этнологиямен, археологиямен байланыстары табиғи нәрсе, өйткені педагогикалық ой қоғамның материалдың және рухани мәдениетті саласының бірлігі бағытында дамиды.
Салыстырмалы педагогика әрбір елдердегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра, дамуын зерттейді. Ал бұл ұлттық педагогикалық мәдениетті дүние жүзінде калыптасып келе жатқан жетістіктермен байытуға мүмкіндік береді.
Жеткілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика құрайды,онда жалпы -бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшелік (особенное) берілетін сабақ пәнінің мазмұны.
Педагогика ғылымы өзiнiң дамуында көптеген басқа ғылымдармен өзара байланыста дамиды. Олар: философия, психология, культурология, социология, физиология және т.б.
Жоғарыда аталғандай, философия педагогикалық теорияларды бағыттауда әдiснамалық тараптан жәрдемдеседi, яғни ғылымдарға педагогикалық құбылыстардың сырын ашуда бастау жолды көрсетедi.
Ал, психология деректерi педагогика үшiн адамның жеке тұлғалық ерекшелiктерiмен оның iшкi жан-дүниелiк заңдылықтарын балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесiнде дұрыс пайдалануға бағдарлайды. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика - тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту, психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін бағалауға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық салыстыру және тағы басқалар) пайдаланады.
Педагогика ол организмнің материалды- энергиялық түрлілігін ашып көрсететін физиологияға, соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарына (И.П. Павлов, П.К. Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс - әрекет және тұлғаның әлеуметтену процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Физиологиядағы iс-әрекеттiң шартты рефлекстiгi жөнiнде идеялар адамда сыртқы әсерлердiң ықпалымен болып жататын өзгерiстердiң және тәрбиеленушiде ептiлiк, дағды мен әдет қалыптасудың ғылыми негiздерiн ашуда өз себiн тигiзедi.
Сондай-ақ, адам жөнiндегi басқа ғылымдардың идеялары педагогикаға тәрбие заңдылықтарын терең және жан-жақты зерттеуге мүмкiндiк ашады. Өз дәуiрiнде К.Д.Ушинский "Педагогикалық антропология" деген еңбегiнде "Егер педагогика адамды әр тараптан тәрбиелегiсi келсе, онда ол ең алдымен сол адамды жан-жақты танып бiлуi тиiс"-деген болатын.
Педагогика ғылымы зерттеу обьектiсiнiң негiзi адам болып табылатын барлық ғылымдармен байланысады. Өйткенi, адам тәрбиесiн бөлiп-жарып қарастыруға болмайды, оны тұтастықта қарастырған кезде ғана ол тиiмдiлiк бередi.
Педагогиканың социологиямен жан-жақты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен түратын (әлеуметтік жай, топ және т.б.) ғылым болып табылады. Міне осыдан, педагогиканың социологияның білім социологиясы, студенттер социологиясы және т.б. тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек қана социологиялық зерттеулер арқасында педагогтар, ұстаздар қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біле алады.
Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықгың бірқатар кұбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақгық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін болады. Сонымен бірге созылмалы ауру балалар үшін арнаулы оқыту және тәрбиелеу жүйесі қажет. Әрине, бұлпроблеманы бірлескен комплексті зерттеулернәтижесінде ғанашешугеболады. Ғылымдар байланысының жаңа деңгейін бастапқы педагогиканың философия ғылымы саласында дамуы бүгінгі күні шешімін табуда. Педагогика жеке пән (дисциплина) ретінде философия және оның салалары - білім беру фиолософиясы, ғылымдар философиясының, мәдениет философиясының және т.б. жетістіктеріне сай терең үғыну нәтижесінде дамиды.
Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблемаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға - тарихқа, этнологияға, этнографияға, юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологаяға және т.б. таралады.
Адамзат бағытындағы және ғылыми аралық пәндердің (синергетика, жүйелер теориясының негізі, кибернетика, информатика, басқару теориясының негіздері) жетістіктері педагогика бойынша зерттеулердің байи түсуіне әсерін тигізеді. Р.Г. Гурова педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы қандай бағытта іске асатындығын көрсетіп берді: басқа ғылымдардың негізгі идеяларын, теориялық анықтамалары мен жалпы қорытындыларын, педагогиканың қолдануы, гуманитарлық ғылымдарда колданылып жүрген зерттеу әдістерінің творчестволық қосымшасы; көрсетілген ғылымдарда алынған нактылы зерттеу пәтижелерін педагогикада қолдану; педагогтардың адам проблемалары бойынша комплекстік зерттеулерге катысуы.
Достарыңызбен бөлісу: |