«Шағын топтар» әдісі – оқу материалының жалпы сұрақтары жекелеген өзіндік сұрақтарға ажыратылатын және білім алушылар топтары арасына бөлініп берілетін, студенттер өздігінен немесе оқытушының көмегімен хабарлама әзірлейтін оқыту тәсілі.
Аталған әдісті қолдану топтың ішінде жұмыс істей алу іскерліктерін дамытады, студенттердің шығармашылық қасиеттерімен қоса бастамашылықтарын, өздігінен жұмыс істей алу қабілеттерін де жетілдіре түседі.
«Шағын топтар» әдісі өзінің «артық» не «кем» жақтарын көрсетеді:
«Артықшылығы»
|
«Кемшілігі»
|
-топта жұмыс істеу іскерліктер дамиды;
-белсенділік, бастамашылық, дербестік секілді қасиеттер жетілдіріледі;
-шығармашылық қабілеттер дамиды
|
-дайындық үшін қосымша уақытты талап етеді;
-студенттердің барлығы бірдей топта жұмыс істеу әдісін біле бермейді
|
«Тірек конспектілер» әдісі – оқу материалын меңгеру мен бекіту ақпарат көздеріне (оқулықтар, сөздіктер, анықтамалықтар, дәріс конспектілері және т.б.) қарай бірнеше рет қайталау нәтижесінде жүзеге асатын оқыту тәсілі.
Бұл әдісті семинар және практикалық сабақтарда қолдануға болады. Төменде аталған әдісті қолданып өткізілетін сабақ үзіндісі берілген:
Оқу тобы семинар сабақтың сұрақтарына байланысты 3-4 шағын топтарға бөлінеді.
Әр топ мынандай тапсырмаларды алады: нақтылы бір сұрақ бойынша тірек конспектісін жасайды, оған оқулықты, конспект дәрісті және т.б. қолдануға болады. Тапсырманы орындауға 20 минут уақыт бөлінеді.
«Үздік тірек сызбасы» атты сайыс ұйымдастырылады. Сайысқа қойылатын талап – тірек сызба бойынша сұраққа қысқа да түсінікті жауап беру іскерлігін таныту. Эксперт ретінде оқытушы өзі шығады.
«Тірек сызба бойынша жауап берген үздік студент» байқауы өткізіледі. Топ мүшелері басқа топ мүшелерінің сызбасы бойынша сөйлейді. Эксперт ретінде студенттер өздері шығады.
Әдістің «артықшылығы» және қолдануда шарттары бар, енді оларға назар аударайық:
«Артықшылық» жақтары
|
Орындалуға тиіс міндетті шарттар
|
-оқу материалын бірнеше рет қайталау;
-студенттерді бірлескен жұмысқа тарту;
-танымдық белсенділігін арттыру
|
-студенттер мұндай жұмыстың әдістемесімен таныс болуы шарт;
-әдісті студенттердің сабаққа нашар даярланып келген уақытында ғана қолданған дұрыс
|
Оқытудың жекеленген жүйе» әдісі – білім алушылар өздігінен, жекелей оқу материалын оқу әдебиеттері, бейнефильмдер, юниталар, слайд-дәрістер, курстық кейстер арқылы меңгеретін оқыту тәсілі.
Бұл әдіс дәріс өткізу барысында, сонымен қоса сырттай оқу түрі студенттерімен жұмыс істегенде, қашықтықтан оқыту формасында жақсы қолданыс тапты. Бұл әдістің ерекшелігі оқу курсының мазмұнын модульдерге бөлу болып табылады. Әрбір модульге әдістемелік тапсырмалар мен нұсқаулықтар әзірленеді, студенттер өздігінен даярланады, әдебиетті өңдейді, электронды оқу қорларын (слайд-дәрістер, юниталар, электронды оқулықтар және т.б.) қарап шығады. Материалды игерулеріне байланысты студенттер бақылау жұмысын (реферат, тест және т.б.) орындайды. Егер ол оқу модульге байланысты тапсырмаларды сәтті орындап шықса, келесі модульге көшеді.
Әдіс «мықты» және «әлсіз» тұстарға ие, оларды қарастырайық:
«Мықты» тұстары
|
«Әлсіз» тұстары
|
-оқу үдерісін жекелеу, даралау;
-білім алушылардың өзін-өзі басқаруларын дамыту;
-студенттердің мүмкіндіктерін есепке алу
|
-студентердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар мен ұсыныстарды әзірлеу үшін қосымша уақыт керек
|
Достарыңызбен бөлісу: |