№
|
Анықталатын ион
|
Реагент
|
Реакция өнімі
|
Аналитикалық сигнал
|
1.
2.
3.
|
Ag+
Fe3+
NH4+
|
Cl-
SCN-
OH-
|
AgCl
[Fe(SCN)3]
NH3↑+H2O
|
ақ тұнба
қызыл түсті ерітінді
газ бөлінеді
| Бір реагент бірнеше иондармен әрекеттесетін реакцияларды ортақ реакция деп атайды. Мысалы, НCl ерітіндісі Ag+, Hg2+2, Pb2+ катиондармен әрекеттесіп хлоридтер түзеді. Ортақ реакциялар зерттелетін ерітіндіде бір топ катиондардың болуын болжауға мүмкіндік береді. - Бір реагент бірнеше иондармен әрекеттесетін реакцияларды ортақ реакция деп атайды. Мысалы, НCl ерітіндісі Ag+, Hg2+2, Pb2+ катиондармен әрекеттесіп хлоридтер түзеді. Ортақ реакциялар зерттелетін ерітіндіде бір топ катиондардың болуын болжауға мүмкіндік береді.
Реагенттердің ионның бір түрімен ерекше қосылыстар түзу реакцияларын жеке реакциялар деп атайды. Ортаның нақты жағдайында (рН т.б.) орындалатын ортақ реакцияларды топтық реакциялар, ал қолданылатын реагентті топтық реагент деп атайды. - Химиялық реактивтер деп заттарды талдау мен синтездеу үшін және химиялық реакциялар жүргізуде қолданылатын заттарды айтады. Олар бірқатар талаптарға сай болуы қажет. Олардың негізгілері – тазалығы, сезгіштігі болып табылады.
- Химиялық реакцияны жүргізу үшін химиялық реагент қажет. Тазалығына байланысты химиялық реактивтерді төмендегідей топтарға бөледі.
- 1. Техникалық (қысқаша “т”)
- 2. Таза (“ч” немесе “т” құрамында 2% қоспа болады)
- 3. Анализдік таза (“чда” немесе “а.т”, 1 % қоспа болады)
- 4. Химиялық таза (“х.ч” немесе “х.т” 1 % төмен қоспа)
- 5. Жоғары эталондық таза (“в.э.ч.” немесе “ж.э.т.”)
- 6. Аса таза (“ос.ч” немесе “а.т”).
Достарыңызбен бөлісу: |