Лекция 10. Мәліметтерді беру және өңдеу


Өнімді сынақтан өткізуші ұйымдар



бет2/2
Дата19.03.2024
өлшемі37 Kb.
#496033
түріЛекция
1   2
Лекция 10 сынау 2

Өнімді сынақтан өткізуші ұйымдар

Ұйым (сынақ орталығы, сынақ зертханасы) өзі үшін бекітілген өнімдер үшін сынақтың нақты мақсаттарына сәйкес сынақ жүргізеді. Бұл жерде өнімнің стандарттардың және басқа нормативтік құжаттардың талаптарынасәйкестігі анықталады.


Бұндағы мақсаты:

  • өнімнің іс жүзіндегі сапалық көрсеткіштерін анықтау;

  • техникалық жағынан жеткілікті жетілдірілмеген, конструкциясы және технологиясының кемшіліктері бар бұйымдардың өндіріске қойылуына жол бермеу;

  • өнім сапасының оны сериялап шығару және пайдалану кезінде тұрақты болуын бақылап отыру;

  • өнімнің сертификаттаулуы үшін жағдайлар тудыру болып табылады.

Сынақ орталығы, зертханасы өзі үшін бекітілген өнімдерді ғана сынақтан өткізе алады. Жүргізілген сынақтар нәтижесі бойынша қорытындының болуы тиісті коммиссиялармен жаңа өнімді өндіріске қою, сериялап шығару жұмыстарын игеруді аяқтау, өнімді экспорттау үшін шығару мүмкіндігі туралы шешім шығарылуы үшін міндетті болып табылады. Бұл жағдай сынақ жүргізуші ұйымның ең маңызды сипаттамасы болып табылады.
Сынақ жүргізуші ұйымның бас міндеті болып өнімді өндіріске қою, оны өндіру, айналымға қосу және пайдалану кезеңдерінде сынатың барлық бекітілген түрлерін жүргізу табылады.
Бұдан:

  • өнімнің тәжірибелік үлгілерін (тәжірибелік партиясын) сынақтан өткізу;

  • сериялап шығарылатын өнімдерді сынақтан өткізу, оның ішінде бекіту сериясын квалификациялық сынақтан өткізу;

  • Мемстандарт және басқа да бақылау органдарының тапсырмасы бойынша инспекциялық бақылауды өткізу;

  • өнімді шығаратын кәсіпорындағы өндірістің тұрақтылығын бақылау үшін ішін-ара (выборочно) бақылау;

  • экспортталуы көзделген бұйымдарды сынақтан өткізу;

  • импорт бойынша түсетін бұйымдарды сынақтан өткізу жатады.

Бұлардан басқа, ұйым негізгі комплекттеуші бұйымдарды сынақтан өткізе алады.
Негізгі мақсатпен бірге ұйымға жүктеледі:

  • талдауды жүзеге асыру, сынақ нәтижесі және өнімдердің сапасына баға беру бойынша ақпаратты қалыптастыру, тұжырымдау, дайындау және беру;

  • әртүрлі мекемелерде біртекті өнімдер үшін жүргізілген сынақ нәтижелерінің ұдайы қайталанылуын талдау және қажет болған жағдайларда арбитраждық сынақтар жүргізу;

  • сынақ әдістерін жетілдіру және сынақ құралдарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; өзі сынақтан өткізетін өнімдердің техникалық және нормативтік құжаттамаларын сараптауға қатысу, әсіресе оларда жазылған сынақ әдістері мен құралдары бөлігінде;

  • сынақ әдістері мен құралдарына мемлекеттік және халықаралық стандарттарды және басқа нормативтік құжаттардыдайындау және енгізуге қатысу;

  • Қазақстанда және шет елдерде шығарылытын өнімдердің ең үздік үлгілері туралы ақпарат дайындау және үлгілерді көрмеге қою, олар бойынша шолу дайындау арқылы тәжірибе алмасуды ұйымдастыру және т.б.

Өнімді сынақтан өткізу жөніндегі ұйым міндетті түрде аккредиттеуден өткен болуы керек. Ұйымды аккредиттеуден өткізу үшін Мемстандартқа мыналар жіберіледі:

  • сынақтан өткізілуі қйымға жүктелген өнім түрлерінің номенклатурасы;

  • ұйым туралы Ереженің жобасы;

  • алдын ала аккредиттеу жүргізілгені туралы анықтама.

Алдын ала аккредиттеу жүргізудің мақсаты ұйымға сынақ жүргізу функцияларын жүктеудің мүмкіндігін анықтау болып табылады. Бұл мақсатта алдын ала аккредиттеу кезінде ұйымның техникалық базасы (сынақ жүргізу жабдықтары, өлшеу құралдары, тиісті бөлмелер және т.б.), персоналының біліктілігі, қажетті нормативтік құжаттамалардың комплектінің болуы, ұйымның осындац өнімдерді сынақтан өткізу жөніндегі тәжірибесі бағаланады. Сондай-ақ ұйымның сынақ жұргізу жөніндегі әрекеттерін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жоспарланады.
Аккредиттеу процесінде алынған материалдардың негізінде Мемстандарт органы ұйымға белгілі өнімдер түрлерін сынаұтан өткізу жөніндегі функцияларды жүктеу мүмкіндігі бойынша қорытынды шығарады. Аккредиттеу актісі ұйымға белгілі өнім түрлерін сынақтан өткізу жүктелгені туралы бұйрық шығару үшін негіз болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет