гегемонистік түрі өзінің саяси және әлеуметтік жүйесінен басқа жүйелерге жат көзбен карап, оларды жақтырмайды. Мұнда саяси әлеуметтену бір таптык, діннін немесе идеологияның негізінде калыптасады. Саяси әлеуметтенудің бұл түрі жабық саяси жүйеге тән. Мысалы, оған бұрынғы КСРО-ны, қазіргі Солтүстік Кореяны жаткызуға болады.
Саяси әлеуметтенудін, плюралистік түрінде адам басқа азаматтардың, олардың, құқығы мен еркіндігін, теңдігін мойындайды, құрметтейді. Мұнда өзінің бұрынғы саяси көзқарасын өзгертіп, басқа саяси құндылықтарды басшылыққа алуы әбден мүмкін. Оған Еуропа Одағы елдері мысал бола алады.
Саяси әлеуметтенудің дау-жанжалды түрі топ аралык күрес, қарама-қайшы мүдделер негізінде қаланады. Мысалы, Ауғанстан елін алсақ, онда пұштындар, өзбектер, тәжіктер және т.б. әрқайсысы өз салт-дәстүрлерін, өз ұлтының құндылықтарын жоғары қойып, әр түрлі тайпалардың бастары бірікпеуде. Соның негізінде әлсін әлі дау-жанжал туып, ел ішінде кикілжің көбеюде. Саяси әлеуметтенудің типтерін қарастырғаннан кейін біздің қазіргі Қазақстан Республикасының азаматтарының саяси әлеуметтенуін қай типке жатқызуға болады деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Өйткені біз өтпелі кезенде тұрмыз. Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі гегемонистік саяси әлеуметтенудің түрінен бас тарттык. Ал дәстүрлі либералдык құндылықтарды игергеніміз жоқ, олар бойымызға сіңген жок. Оған көше қою да оңай шаруа емес. Себебі көптеген отбасылар жүмыссыздықтың көбеюіне байланысты күнделікті күн көрістің қамымен жүр. Балаларды саяси әлеуметгендіру тұрсын, жалпыға бірдей оқу орнына беру кейбір отбасына оңайға түспеуде. Бұрынғы жастар ұйымы (октябряттар, пионерлер, комсомол) өз жұмыстарын тоқтатты. Олардың орнын басарлык ұйымдар әлі туа қойған жоқ. Көппартиялықтың аты бар да, заты шамалы. Сайлау кезінде болмаса, саяси әлеуметтендірумен жүйелі шұғылданып жатқан олар жоқ. Нарықтық экономика кезінде ақпарат кұралдары қаржының тапшылығынан жарнамаларды жариялауға көбірек көңіл бөлуде.
Сайып келгенде, қазіргі саяси әлеуметтену процесінде екі түрлі үрдісті байқаймыз. Біріншіден коғамның демократиялануы, халықтың саяси іске араласуына мүмкіндіктің молаюы. Екінші жағынан көпшілік халықгың тұрмысы төмендеп, жұмыссыздык көбейіп, саясатқа селқос караушылықтың өрістеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |