Лекция: 15 сағ. Лаборатория сабақтар: 30 сағ СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ


Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері



бет11/12
Дата14.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#135082
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері

Өрістер мәліметтер базасының құрылымын ғана емес, сонымен қатар мәліметтердің топтық қасиеттерінде анықтайды. Төменде Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі кесте өрісінің негізгі қасиеттері келтірілген:



  1. Өріс атауы (Наименование поля)- мәліметтер базасына автоматтандыру операцияларын қолданғанда осы өрістің элементтеріне қандай қатнаста болу керектігін анықтайды (жалпы жағдайд өріс атауы кесте бағандарының тақырыптары ретінде қолданылады);

  2. Өріс типі (Тип поля) – берілген өрістегі мәліметтер типін анықтайды;

  3. Өріс өлшемі (раз мер поля) – берілген өріске енгізілетін символдардың ақырғы ұзындығын анықтайды;

  4. Енгізу қалқасы (Маска ввода) – енгізудің Турін анықтайды (енгізуді автоматтандыру құралы);

  5. Қолтаңба (Подпись)- берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды (Егер қолтаңба көрсетілмесе, онда баған тақырыбына өріс атауы қасиеті пайдаланылады);

  6. Үнсіз келісім бойынша қабылданатын мән (Значение по умлочанию) – ұяшыққа автоматты түрде енгізілетін мән (енгізуді автомттандыру құралы);

  7. Мәнге қойылатын шарт (Условие на значение) – мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексеру үшін қолданылатын шектеу,

  8. Қте туралы хабар (Сообщение об ошибке)- қате мәліметтерді енгізу кезінде пайда болатын ескерту (Мәнге қойылатын шарт қасиеті берілген кезде пайда болатын еғскерту;

  9. Міндетті өріс (Обьязательное поле)- мәліметтер базасын толтырғанда берілген өрісті міндетті түрде толтыру қажеттігін анықтайтын қасиет;

  10. Бос Жолдар (Пустые строки) – бос жолдар тұратын мәліметтерді енгізуге рұқсат беретін қасиет ;

  11. Индекстелеген өріс (Индексированное поле) – егер өріске осы қасиет берілсе, онда осы өрісте сақталынған жзбаларды сұрыптаумен, іздестірумен байланысты амалдр жылдамдатылады. Индекстелген өрістер үшін жазбалардағы мәндердің қайталануын тексеруді ұйымдастыруға болады.



Мәліметтер типі


Microsoft Excel электрондық кестесімен танысқанда біз мәліметтердің үш типін қарастырғанбыз: мәтіндік, сандық және формулалар. Мәліметтер базасының кестесі көптеген мәліметтер тип імен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар:

  1. Мәтіндік (Текғстовый) - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі (255 символға дейін);

  2. МЕМО өрісі (Поле МЕМО)- (65535 символға дейінгі) алкен көлемді мәтінді сақтауға арналған мәліметтер типі. Шын мәнінде мәтін өрісте көрсетілмейді, ол мәліметтер базасының басқа жер інде сақталады да, өрісте оның тұрған жері көрсетіледі, бірақ қолданушыға мұндй айырмашылық білінбейді;

  3. Сандық (Числовой)- нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі;

  4. Мерзімі / уақыты (Дата/время) күнтізбе бойынша кінін, айын және уақытын сақтауға арналған мәліметтер типі;

  5. Қаржылық (Денежный) – қаржылық шаманы сақтауға арнлған мәліметтер типі;

  6. Санауыш (Счетчик) – азбаларды автомтты түрде номерлеуге арналған мәліметтер типі.

  7. Логикалық – логикалық мәліметтерді сқтауға арналған тип (ИӘ немесе ЖОҚ деген мәндерді қабылдайды);

  8. OLE обьектілер өрісі (Поле обьектов OLE) әр түрлі обьектілерді (мультимедиалық, графикалық, символдық) сақтауға арналған мәліметтер типі. Бұл да МЕМО өрісі сияқты басқа жерде сақталады, OLE обьектілері өрісінде оның тұрған жері көрсетіледі;

  9. Гиперсілтеме (Гиперссылка)- Интернеттің Web – обьектілерінің URL-адрестерін сақтауға арналған өріс. Сілтемені тышқанның батырмасымен шерткенде автоматты түрде броузер жүктелініп, терезеге Web-обьекті шығады;

  10. Ауыстырулар шебері (мастер подстановок)- бұл арнаулы емес мәліметтер типі. Бұл обьектінің көмегімен мәліметтерді енгізуді автоматтандыруды дайн тізімнен таңдап алатындай етіп ұйымдастыруға болады.



Мәліметтер базасының обьектілері

Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесі жеті түрлі обьектілерді құруға және қолдануға мүмкіндік береді.



Кестелер. Бұл кез-келген мәліметтер базасының негізгі обьектісі болып табылады. Біріншіден, кестелерде мәліметтер базасындағы барлық апарат сақталады, екіншіден кестелер мәліметтер базасының құрылымын анықтайды.

Сұраныс. Бұл обьекті кестедегі мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде шығарып береді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрыннан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестелерде қарапайым есептеулер жүргізіледі.

Қалыптар. Егер сұраныстар мәліметтерді сұрыптаумен анализдеудің арнаулы құралдары болса, ал қалыптар мәліметтерді енгізу құралы болып табылады. Оның мәні мынада – ол қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады.

Есептер. Өзінің қасиеттерімен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ ол мәліметтерді тек баспаға шығаруға арналған. Сондықтан есептерде бспа құжаттарына арналған арнаулы безендіру элементтері бар.

Беттер. Мәліметтер базасының осы арнаулы обьектілері тек Microsoft Access 2000-да ғана жүзеге жасырылған. Бұл Web – бетте орналастыратын және қолданушыға сол

Web – бетте берілетін, HTML кодон жазылатын өте айрықша обьект.

Макростар мен модульдер. Бұл категориядағы обьектілер осы СУБД – мен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және программалау арқылы жңа функцияларды құруға арналған. Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі макрос тар СУБД-нің ішкі командалар тізбегінен тұрады және мәліметтер базасымен жұмыс істеуді автоматтандыру құралы болып табылады. Модулбдер сыртқы программалау құралдарының көмегімен құрылады.


Лекция 15

Тақырыбы: Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс істеу негіздері.

Жоспар:


  1. Access мәліметтер базасымен жұмыс істеу.

  2. Кестелермен жұмыс істеу

  3. Сұраныстармен жұмыс істеу

  4. Сұрыптау шартын пайдалану

Microsoft Access 2000 программасы ұсынып отырған мәліметтербазасының негізгі обьектілерін құру құралдарын қарастыралық. Бұл құралдар келесідей топтастырылған:

  • Конструктор режімі (қолмен енгізу құралы);

  • Шебердің көмегімен (автоматтандыру құралы);

  • Қарапайым обьектілерді жасаудың жеделдетілген құралдары.

Оқып-үйрену мақсатындаобьектілерді құрғанда барлық құралдарды пайдаланған жөн. Бірақ оқу кестелері мен сұраныстарды дайындағанда Конструктор режимінде жұмыс істеген дұрыс, өйткені шеберді қолдану жұмысты жеделдетіп, алғашқы ұғымдар мен әдістерді меңгеруге кедергі келтіреді.

Ал қалыптарды, есептерді және беттерді шебер ұсынған автоматтандырылған құралдармен дайындаған қолайлы. Өйткені бұл обьектілер үшін олардың сыртқы дизайны басты рөл атқарады. Ал оларды безендіру күрделі жұмыс болып саналады. Сондықтан ол жұмысты шебердің көмегімен орындаған дұрыс.



Кестелермен жұмыс істеу

Microsoft Access-те кез-келген обьектімен жұмыс істеу Мәліметтер базасы терезесінен басаталады. Оның сол жақ панелінде Access-тің негізгі обьектілері орналасқан. Кестені құру үшін сол жақ панельден кестені басқару элементін таңдап аламыз.

Оң жақ панельде жаңа кестені құруға арналған басқару элементтері мен мәліметтер базасында бұрыннан бар кестелер тізімі келтірілген. Шебердің көмегімен кестені құру жұмысты жеделдетуге арналғандықтан мұнда Microsoft Access-тің негізгі құралдары мен әдістерін игеру қиын. Бұл режім Access-те жұмыс істеп үйренген профессионалдарға арналған. Сондықтан біз кестені құруды қолмен жүзеге асыратын Конструктор режимінде бастаймыз.

Кестенің құрылымын дайындау мен редакциялауға арналған графиктік бланк болып табылады. Бірінші бағанға өріс атаулары енгізіледі. Егер қолтаңба қасиеті енгізілмесе, онда болашақ кестенің сәйкес бағаны өріс атауымен аталады.Әрбір өрістің атауының жанында мәліметтер типі бағанында оның типі көрсетіледі. Ол үшін сол ұяшыққа тышқан батырмасын бассақ, төмен бағытталған жебелік батырмасы пайда болады, оның ішіне кіріп тізімнен қажетті типті таңдап аламыз.

Бланкінің төменгі жағында өріс қасиеттерінің тізімі орналасқан. Оның кейбіреулері өзі алдын-ала берілген. Жалпы алғанда өріс қасиеттерін енгізу міндетті емес. Оны өз қалауымызша баптауымызға болады.

Кестені құрған кезде түйінді өрісті енгізген дұрыс. Сол арқылы кестелер арасындағы байланысты ұйымдастыруға болады. Қандай да бір өрісті түйінді өріс ретінде беру үшін, өріс

тауына тышқанның оң жақ батырмасын басып, шыққан жанама менюден Түйінді өріс (Ключевое поле) бөлімін таңдап алу керек.

Кестенің құрылымын дайындап болған соң, бланкіні жабу батырмасын басамыз. Жабу кезінде жаңа кестені Кесте1(Таблица) деген атпен сақтау жайлы программаның сұранысыпайда болады. Жаңа кестеге мағыналы ат қоямыз.

Дайын болған кесте Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі кестелер тізіміне қосылады. Құрылған кесте осы терезеде тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы ашылады. Жаңа кесте ешқандай жазбалары жоқ бағандардың атауынан тұрады. Мәліметтер әдеттегідей толтырылады. Ұяшықтан ұяшыққа өту ТАВ пернесі арқылы жүргізіледі. Кестенің төменгі жағында Өту батырмалары (Кнопки перехода) панелі орналасқан. Жазбалар саны өте көп болған жағдайда кестеде жылжу үшін осы панельдің элементтерін пайдаланған дұрыс. Енгізу барысында мәліметтер ұяшықтан тысқа шығып кесте, бізге белгілі әдіспен, яғни тышқанның нұсқағышын бағандардың шекарасына орналастырып, қажетімізше жылжытамыз.

Кестеге мәліметтер енгізілгенннен кейін оны сақтаудың қажеті жоқ, барлық мәліметтер автоматтцы түрде сақталынады.

Кестенің құрылымын өзгерту қажеттігі туған жағдайда, оны Конструктор режімінде ашу қажет.

Кесте аралық байланыстарды құру.

Егер мәліметтер базасының құрылымы бұрыннан дайындалып, кестелер арасындағы байланыстар белгіленіп қойылған болса, онда кестеаралық қатынастырды құру қиынға түспейді. Ол үшін Сервис-Мәліметтер схемасы (Схема данных) командасын орындап немесе аспаптар панеліндегі батырмасын басып, ашылған Мәліметтер схемасы (Схема данных) терезесінде кестеаралық байланыстарды орнатамыз.

Осы тереземен қатар Кестелерді қосу (Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады. Оның Кестелер (Таблицы) қыстырмасынан өзара байланыстырылатын кестелерді таңдап аламыз.

Мәліметтер схемасы (Схема данных) терезесінде таңдап алынған кестелердің өрістер тізімі ашылады. Бір кестеден бір немесе бірнеше өрісті ерекшелеп, тышқан нұсқағышымен іліп алып, екінші кестеге апарып тышқан батырмасын жіберсек, Байланыстарды өзгерту (Изменение связей) терезесі ашылады. Байланыстарды өзгерту терезесінің оң жақ панелінен байланыс орнатылатын өрістер таңдалынып алынады. Байланыстарды өзгерту терезесін жауып, Мәліметтер схемасы терезесіне ораламыз. Орнатылған кестеаралық байланыс Мәліметтер схемасы терезесінде әр кестенің екі өрісінің арасындағы сызық түрінде бейнеленеді. Оның ішінде бір кесте негізгі, ал қалғаны бағыныңқы болып табылады. Негізгі кесте деп байланысқа өзінің түйінді өрісімен қатынасқан кестені айтады. Түйінді өрістің атауы мәліметтер схемасында майлы қаріппен көрсетіледі.

Бұл жерде мынадай сұрақ туады: “Кестеаралық байланыс не үшін қажет?” деген. Байланыстар мынандай екі негізгі қолданыс тауып отыр:


  • Біріншісі-мәліметтердіңтұтастығын қамтамасыз ету;

  • Екіншісі-мәліметтер базасына қызмет көрсетуді автоматтандыру.

Байланыс қасиеттерін баптау үшін Мәліметтер схемасы (Схема данных) терезесінде екі кестені қосушы сызықты ерекшелеп алып, оған тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, байланыстың жанама менюін ашу қажет. Слның ішінен Байланыстарды өзгерту (Изменение связей) бөлімін таңдап алсақ, Байланыстар (Связи) сұхбат терезесі ашылады. Мұнда өзара байланыс орнатылған кестелердің атаулары мен ондағы байланысқа қатысушы өрістер көрсетіледі. Оның астында мәліметтер тұтастығын қамиамасыз ету шарттары көрсетілген басқару элементтері берілген.

Егер Мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету (Обеспечение целостности данных) жалаушасы қойылған болса, онда негізгі кестенің түйінді өрісінен мәліметтерді өшіру мүмкін емес.

Егер Байланысқан өрістерді каскадты түрде жаңарту (Каскадное обновление связанных полей) және Байланысқан жазбаларды каскадты түрде өшіру (Каскадное удаление связанных записей) жалаушалары қойылған болса, онда сәйкесінше негізгі кестенің түйінді өрісінде жүргізілген өзгерістер автоматты түрде онымен байланысқан кестелерде де жүргізіледі.

Сұраныстармен жұмыс істеу

Кестелер мәліметтер базасының ең негізгі, құнды обьектісі болғандықтан, оған тек базаны құрушы адам ғана қатынай алатындай болуы керек. Ал басқа қолданушылар базадан мәліметтер алу үшін сұраныстарды қолдануы қажет. Мәліметтер базасын жобалаушы барлық қажеттісұраныстарды алдын-ала даярлап қояды. Егер қолданушы өзіне қажет мәліметтерді таба алмаса, онда ол жаңа сұраныс дайындауды қажет етеді.

Егер бізге керек сұраныс мәліметтер базасында бар болса, оны Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі Сұраныс (Запрос) панелін екі рет шерту әдісі арқылы таңдап аламыз.

Сұранысты конструктордың көмегімен даярлау

Ол үшін Мәліметтер базасы (База данных) терезесінің сол жағындағы Сұраныс (Запрос) элементін таңдап алып, оң жақ терезедегі Конструкторлар режимінде сұранысты даярлау командасын таңдасақ, үлгі бойынша сұраныс бланкі терезесі ашылады.

Үлгі бойынша сұраныс бланкі мына суретте көрсетлген. Жоғарғы бөлігінде сұраныс жіберілген кестенің құрылымы бейнеленген. Ал төменгі бөлігі бағандарға бөлінген. Оның әрбір бағаны болашақ кестенің бір-бір өрісіне сәйкестендірілген.

Үлгі бойынша сұраныс даярлау өте оңай жүргізіледі. Жанама менюдіңкөмегімен бланкінің жоғарғы бөлігінде қажетті кестелерді ашып алады. Соның ішінен құрылатын сұранысқа қажет өрістерді тышқанның көмегімен таңдап алады. Сол кезде бланкінің төменгі жағындағы бағандар автоматты түрде толтырылады. Сұраныстың құрылымын даярлап болған соң, оны жаңа атпен сақтап қояды. Осылайша құрылған сұраныс- Таңдамаға сұраныс (запрос на выборку) деп аталады.

Таңдамаға сұраныс нәтижесінде алынған мәліметтерді қандай да бір өріс бойынша реттеп орналастырғыңыз келсе, сұрыптауды қолданамыз. Төменгі бланкінің сол жағында Сұрыптау (Сортировка) деген жол орналасқан. Сол батырмаға екі рет басу арқылы ашылған тізімнен сұрыптау әдісін таңдап алуға болады: өсуі немесе кемуі бойынша.Төменгі бланкінің Экранға шығару (Вывод на экран) жолында жалпы жағдайда Барлық өрістер үшін экранға шығарылған деген (√) жалауша қойылған. Егер қандай да бір өрістің мәліметтерін экранға шығармай жасырып қалу керек болса, онда сәйкес жалаушаны алып тастауға болады.

Сұрыптау шартын пайдалану

Мәліметтерді қандай да бір критерий бойынша сұрыптауды қамтамасыз етудің қосымша құралы болып Сұрыптау шарты (Условие отбора) есептеледі. Оған сәйкес келетін жол үлгі бойынша сұраныс бланкісінің ең төменгі жағында орналасқан. Әрбір өріс үшін осы жолда жеке дара шарт беруге болады.



Есептеулері бар сұраныс

Бұл сұраныс берілген өрістерде, қандай да бір есептеулер жүргізу қажет болғанда құрылады. Ол үшін мәліметтер базасын ашқан соң пайда болатыннегізгі терезеден Сұранысты (Запрос) таңдап, оны Конструктор режімінде құрамыз. Сұраныс конструкторы (Конструктор запросов) терезесінде өріс жолына сәйкес формуланы жазу қажет. Ең дұрысы, өрнектерді дайындауды Өрнектерді тұрғызушы (Построитель выражений) терезесінде жүргізу.

Тұрғызу терезесі төрт аймақтан тұрады:


  • Бірінші аймақта енгізілетін формула немесе өрнек орналасады. Ал төменгі үш аймақ дайын стандартты функцияларды таңдап алу үшін қолданылады:

  • Екінші аймақта сұранысқа арналған барлық түптектер тізімі көрсетіледі;

  • Үшінші аймақта- екінші аймақтан таңдалынған түптектің элементтері бейнеленеді;

  • Төртінші аймақта –үшінші аймақтан таңдалынып алынған элементтің ішкі элементтер жиыны жатады.

Өрнектерді тұрғызушы (Построитель выражений) терезесін ашу үшін Сұраныс конструкторының (Конструктор запросов) аспаптар панелінде Тұрғызу (Построить) батырмасын басамыз.

Өрнектерді тұрғызуы терезесінің өрнекке стандартты функцияны енгізу үшін мәліметтер түптегі тізімнен (екінші аймақтан) Функция қаптамасын ашып, Енгізілген функциялар (Встроеные функции) қаптамасын таңдап алу қажет. Ал ортаңғы аймақтан, яғни үшінші аймақтан функция категориясын таңдап алып, ең соңғы аймақтан өзімізге қажетті функцияны таңдап алып, Кірістіру (Вставить) батырмасын басу керек.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
“Сырдария” университеті

“Физика - математика” факультеті

“Информатика” кафедрасы
“Информатика” пәні бойынша

05059 “Қаржы”, 050506 “Экономика”,

050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Жетісай-2004 ж




Лабораториялық жұмыс №1

Тақырыбы: MS DOS операциялық жүйесі.




  1. Операциялық жүйе қалай жіктеледі.

  2. Қолданбалы программалар пакеті дегеніміз не?

  3. Каталог дегеніміз не ? Ол не үшін қажет? Файл сипаттамасы деп. нені атайды? Сипаттамаға мысалы келтіріңіз.

  4. С:\ каталогын экранға шығару жолы.

  5. С:\ -тен С:\ Basic ішкі каталогына өтіңіз және оның мазмұның экранға шығару.

  6. С:\ Basic ішкі каталогының мазмұнын парақтап экранға шығарыңыз.

  7. Иілгіш магниттік дискіні А: жинақтауышына ендіріп, онда жазулы файл дар атауларының тізімін экранға шығарыңыз. Егер диск жаңа болса, Алдан-ала он форматтап алыңыз.


Лабораториялық жұмыс №2


Тақырыбы: Microsoft Windows операциялық жүйесі .




  1. Өз компьютеріңіздің “Жұмыс столын” Басқару тақтасы арқылы қалауыңызша байта безендіріңіз.

  2. Басқару тақтасы арқылы “тышқан” қолтетігімен пернелер тақтасы параметрлерін байта тағайындап шығыңыз.

  3. (Paint) жаңа терезенің сол жақ жоғарғы бұрышына бір кішкене сурет салыңыз, суретті ерекшелеп алыңызда, оны терезенің сол жақ төменгі бұрышына орналастырыңыз. Осындай тәсілмен терезенің әр бөліктеріне оның тағы да үш көшірмесін жасаңыз.

  4. Терезеге мынадай параметрлері бар жаңа сурет салыңыз:

    • ені 200 пиксель, ұзындығы – 300 пиксель;

    • ақ-қара палітра түстері.




  1. Дискіні тексеру программасын іске қосыңыз.

  2. Дискінің тізімінен С. Дискісін таңдаңыз.

  3. “Менің құжаттарым” (“Мои документы”) қаптамасына өз жаңа қаптамасын ашыңыз.

  4. Қоржынды (Корзина) ашып, онда жаңа ғана жойылған қаптаманың орналсқанын көрсетіңіз.

  5. “Іске қосу” (Пуск) батырмасына тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз және ашылған жанама менюге “Сілтеуіш” (Проводник) бөлімін қолданамыз. Жіберу кезінде сол жақ панельде қандай қаптама ашылатындығына Назар аударыңыз.

  6. Жұмыс столында ашылған барлық таңбашалардың жанама меню ін тексеріңіз. Қандай обьектілердің жанама менюі “Сілтеуішті” іске қосатын құралдармен жабдықталған? Іске қосу кезінде сол жақ панельде қандай қаптама ашылғандығына назар аударыңыз.

  7. Бас менюдің Программалар бөлімі арқылы “Сілтеуішті” іске қосыңыз.

  8. Есеп беру кестесін толтырыңыз:




Сілтеуішті іске қосу әдістері

Қолданылатын басқару элементі

Ашылу қаптамасы





















Лабораториялық жұмыс №3

Тақырыбы: Компьютерлік виру стар және Архивтеу

программалары.


  1. Компьютерлік вирустардан қорғану тәсілдері.

  2. Компьютерлік вирустардан сақтану шаралары.

  3. Архивтеу программаларының атқаратын қызметі.

  4. Win Rar архиваторын қолдану ерекшеліктері.

  5. Файлдарды архивке енгізу және архвтен шығару.


Лабораториялық жұмыс №4

Тақырыбы: “Microsoft Word” редакторы.


1. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.

  1. Пішім – Азат жол (Формат - Абзац) командасының көмегімен келтірілген тапсырмалар бойынша мәтінді пішімдеңіздер.

  2. 1-ші абзац жолды ерекшелеп Альп, оны “Формат-Абзац” командасы көмегімен келесідей пішімдеңіздер:

Туралау (Выравнивание)- ені бойынша, оң жақ шегіну 1см, бір інші Жолдак шегіну – 1,5 см, Аралық (Интервал) бөліміндегі “Алдыңғы” (Перед) және “Кейінгі” (после) өрістеріне 18пт. Және 12 пт. Мәндерін, жоларалық інтервал- бір жарым параметрлерін енгізіңіз.


  1. “Пішім - Қаріп” (Формат-Шрифт) командасының көмегімен келтірілген мысалдарды мәтінді пішімдеңіздер.

  2. Мәтіннің тақырыбына келесі параметрлерді тағайындаңыз: Қаріп (Шрифт) – KZ Arial, Мөлшері (Размер) – 18пт, Түсі (Цвет) – қызыл түс, Анимация – фейерверк.

  3. Терілген мәтінде келесі параметрлерді тағайындаңыз: Қаріп (Шрифт) – KZ Arial, Мөлшері (Размер) – 14пт, Түсі (Цвет) – қара түс, Аралық (Интервал)- кәдімгі.

  4. Терілген мәтінді Пішім-Бағандар (Формат - Колонки) командасы арқылы орындаңыз.

  5. Кәдімгі (Обычный) үлгі негізінде жаңа құжат құрыңыз. Бекара сызықтарының жиынтығын анық көру үшін құжаттың көрсетілу режимі ретінде Ентаңбалау режимін іске қосыңыз. (Вид- Раз метка страницы).

  6. Еркіңізше бірнеше мәтін жолдарын енгізіп WordArt командасын орындап нәтиже көрсетіңіз.

  7. Еркіңізше бірнеше мәтін жолдарын енгізіп

Кірістіру-Сурет-Файлдан (Вставка-Рисунок – Из

файла) командасын орындап нәтиже көрсетіңіз.



Лабораториялық жұмыс №5 , №6
Тақырыбы: “WINDOWS жүйесіндегі Excel программасы”


  1. Excel программасын іске қосыңыз. Жаңа жұмыс кітабын

даярлаңыз. Жаңа ат пен сақтап қойыңыз.

  1. Таңбашасына шерту арқылы қолданылмаған жұмыс парағын таңдап алыңыз немесе жаңасын құрыңыз. (Вставка-Лист). Жаңа парақтың таңбашасына екі рет шертіңіз және он Автотолтыру деп. атаңыз.

  2. А1:В7 ауқымына әр түрлі бүтін сандар енгізіңіз.

  3. Осы ауқымды ерекшелеп Альп, оған Түзету-Тазарту-Ішіндегі (Правка-Очистить - Содержимое) командасын орындаңыз. Болван өзгеріске назар аударыңыз.

  4. батырмасын басу арқылы бұрын енгізген мәндерді байта қалпына келтіріңіз.

  5. А1:В7 ауқымын ерекшелеп Альп, он Түзету – Көшіру (Правка - Копировать) командасының көмегімен алмасу буферіне орналастырыңыз.

  6. Алмасу буферіндегі мәліметтерді G5 ұяшығына апарып қойыңыз. (Правка - Вставить).

  7. G5 :Н8 ауқымын ерекшелеп Альп, Түзету-Қиып Алу (Правка - Вырезать) командасының көмегімен қиып Альп, С8 : D12 ауқымына апарып қойыңыз.

  8. С15:L15 ауқымын автотолтыру көмегімен 2003 санымен толтырыңыз, ол үшін 2003 санын С15 ұяшығына енгізіп, сол ұяшықты ағымдық етіп алыңыз да, тышқанның нұсқағышымен толтыру маркерін L15 ұяшығына дейін созыңыз.

  9. Осылайша 2004 санын А15 : А25 ауқымына тігінен толтырыңыз.

  10. Құжаттты сақтап қойыңыз.



Лабораториялық жұмыс №7


Енгізуде автоматтандыру құралдарын пайдалану.


  1. Excel программасын іске қосыңыз. Бұрын даярланған жұмыс кітабын ашыңыз.

  2. Таңбашасына шерту арқылы қолданылмаған жұмыс парағын таңдап алыңыз немесе жаңасын құрыңыз (Вставка - Лист). Жаңа парақтың таңбашасына екі рет шертіңіз және он ы Әр айдағы қосымша шығын деп. атаңыз.

  3. А1 ұяшығын ағымдық етіп, келесі мәтінді енгізіңіз: Айлар.

  4. В1 ұяшығын ағымдық етіп, келесі мәтінді енгізіңіз: Шығындар.

  5. А2 ұяшығын ағымдық етіп, келесі мәтінді енгізіңіз: Январь 2004. Enter пернесін басыңыз. Мәтіннің автоматты түрде дата болып танылғандығына көз жеткізіңіз. Жоғары (Вверх) пернесін басыңыз. Өзіңіздің қалауыңыз бойынша, Пішім – Ұяшықтар (Формат - Ячейки) командасын орындаңыз және дата жазбаларының басқа пішім ін көрсетіңіз.

  6. Тышқан нұсқағышын ағымдағы ұяшықтың қоршауының оң жақ төменгі бұрышында орналасқан толтыру маркеріне орналастырыңыз. Тышқанның оң батырмасын басып, А2-ден А25-ке дейін төмен түсіріңіз.

  7. Тышқанның батырмасын жіберіңіз. Ашылған меню ден Айлар бойынша толтыру бөлімін таңдаңыз. А бағанында барлық айлармен қоса, 2004 жылдың желтоқсаны кіргеніне көз жеткізіңіз.

  8. Берілген мысалда алғашқы айдың шығыны 200 теңге деп алып, ал әрбір кейінгі айда шығын 10% өсті деп. есептеңіз. В2-ні ағымдық ұяшық етіңіз. Оған 200 санын енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.

  9. В2 ұяшығына тышқанның оң батырмасын басып, жанама меню ден ұяшықты пішімдеу бөлімін таңдап аламыз. Сан (Число) қыстырмасынан Қаржылық (Денежный) нұсқасын таңдап алып, ОК батырмасын басыңыз . Осы сан қаржылық сома ретінде жазылғандығына көз жеткізіңіз.

  10. Тышқанның оң батырмасымен толтыру маркеріне шертіп,қоршауды В2 ұяшығынан бастап, В25-ге дейін қамтитындай етіп созыңыз. Тышқанның батырмасын жіберіңіз. Ашылған меню ден Прогрессия бөлімін таңдап алыңыз.

  11. Тип панеліндегі ауыстырып-қосқышты Геометриялыққа қойыңыз, Қадам (Шаг) өрісіне 1,1 мәнін енгізіңіз. ОК батырмасын басыңыз.

  12. С1 ұяшығына Өсу қортындысы мәтінін енгізіңіз.

  13. С2 ұяшығының ағымдық етіңіз, оған =В2 ұяшығының мәніне тең екенін білдіреді. Егер В2 ұяшығындағы мән өзгерсе, С2 ұяшығында да өзгереді.

  14. С3 ұяшығына шертіңіз. Формула жолындағы Формуланы өзгерту (Изменение формулы) белгісін шертіңіз. В3 ұяшығына шертіңіз. Бұл ұяшыққа сілтеме формулалар жолында орналасқандығына көз жеткізіңіз. “+” пернесін басыңыз. С2 ұяшығына шертіңіз. Enter пернесін басыңыз.

  15. С3 ұяшығын тағыда ағымдық етіңіз. Тышқан нұсқағышын толтыру маркеріне апарыңыз, тышқанның сол жақ батырмасын басып қоршауды С2-С25 ұяшықтарын қамтитын етіп созыңыз.

  16. С бағанындағы кез-келген бір ұяшыққа шертіңіз, ол жерде қандай формула жазылғанын көріңіз. Бұл формулалардың барлығы салыстырмалы адрестеу принципі бойынша түзетілгендігіне көз жеткізіңіз.

  17. Құжатты сақтаңыз.

Лабораториялық жұмыс №8


Диаграмма тұрғызу.


  1. Excel программасын іске қосыңыз. Бұрын даярланған жұмыс кітабын ашыңыз.

  2. “Әр айдағы қосымша шығын” жұмыс парағын ашыңыз.

  3. Созу әдісі бойынша А2: С25 ұяшықтар ауқымын ерекшелеңіз.

  4. Аспаптар панелінде “Диаграмма шебері” белгісін шертіңіз.

  5. Тип тізімінен Гистограмма бөлімін таңдап алыңыз (мәліметтерді бағандық диаграмма түрінде көрсету үшін). Түр (Вид) палитрасының бір інші бағанындағы төменгі бөлімді таңдаңыз (Үштік гистограмма). Ары қарай (Далее) батырмасын басыңыз.

  6. Осылайша ұяшықтар ауқымы Алдан –ала ерекшеленгендіктен Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) мәліметтер қатарының орналасуын автоматты түрде анықтайды. Диаграммадағы мәліметтер дұрыс таңдалғанына көз жеткізіңіз.

  7. Қатар (Ряд) қыстырмасында Қатар1 (Ряд1) бөлімін таңдап алып, Атау (Имя) өрісіне, сонан соң В1 ұяшығына шертіңіз. Осылайша Қатар2 бөлімін таңдап алып, Атау (Имя) өрісіне және С1 ұяшығына шертіңіз. Ары қарай (Далее) батырмасын басыңыз.

  8. Тақырыпшалар (заголовки) қыстырмасын таңдап алыңыз. “Диаграмма тақырыбы” өрісіне “Шығындар диаграммасы” мәтінін енгізу арқылы диаграмманың тақырыбын енгізіңіз. Ары қарай батырмасын басыңыз.

  9. Ауыстырып –қосқышты “Бөлек” (Отдельном) жағдайына қойыңыз. Өз қалауыңыз бойынша осы қосылған жұмыс парағына ат қойыңыз. “Дайын” (Готово) батырмасын басыңыз.

  10. Жаңа жұмыс парағында диаграмма тұрғызылғанын байқайсыз. Тышқан нұсқағышын диаграмма элементтерінің біреуіне апарып көріңіз. Ашылған терезеден белгіленген диаграмма элементтің нақты мәні шығатындығын көресіз.

  11. Өсу қортындысы қатарының қайсыбір элементін шертіп, бүкіл қатардың ерекшеленгенін байқайсыз.

  12. Пішім Ерекшеленген қатар (Формат – Выделенный ряд) командасын орындаңыз. Түр (Вид) қыстырмасын ашыңыз.

  13. Бояу әдістері (Способы заливки) батырмасын басыңыз. Дайындық (Заготовка) ауыстырып – қосқышын орнатыңыз, ашылған терезеден ОКЕАН бөлімін таңдап, Диогнальдық штрихтау1 типін енгізіңіз. ОК батырмасын басыңыз. Содан кейін мәліметтер қатарының түрі қалай өзгергендігін байқайсыз.

  14. Өз қалауыңызша “Шығын” мәліметтер қатарының көркемдік жағын немесе диаграммаың басқа элементтерін өзгертіңіз.

  15. Құжатты сақтап қойыңыз.

Лабораториялық жұмыс №9


Абсалюттік, Салыстырмалы әне ар алас сілтемелерді қолдану. Excel программасының құралдарымен

х3+6х2-15х+8=0 теңдеуінің шешімдерін есептеу.




  1. Excel программасын іске қосыңыз. Бұрын даярланған жұмыс кітабын ашыңыз.

  2. Таңбашасына шерту арқылы қолданылмаған жұмыс парағын таңдап алыңыз немесе жаңасын құрыңыз (Вставка - Лист). Жаңа парақтың таңбашасына екі рет шертіңіз және он ы “Сілтемелер” деп. атаңыз.

  3. А1:А10, В1:В10 ұяшық ауқымдарына әр түрлі сандар енгізіңіз.

  4. В1:В10 ауқым ұяшықтарын ерекшелеп, стандарттық панельдегі Кемуі бойынша сұрыптау (Сортировка по возрастанию) командасын қолдана отырып, оның мәндерін іріктеңіз.

  5. С1 ұяшығына =А1+В1 формуласын енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.

  6. С1 ұшығын ерекшелеп Альп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы С10 ұяшығына әкеліңіз.

  7. D1 ұяшығына=А$1+В1 формуласын енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.

  8. D1 ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы D10 ұяшығына әкеліңіз.

  9. Е1 ұяшығына =$А1+В1 формуласын енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.

  10. Е1 ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы Е10 ұяшығына әкеліңіз.

  11. Ғ1 ұяшығына =$А $1+В1 формуласын енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.

  12. Ғ1 ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы Ғ10 ұяшығына әкеліңіз.

  13. G1 ұяшығына =$А $1+$В$1 формуласын енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.

  14. G1 ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы G 10 ұяшығына әкеліңіз.

  15. Н1 ұяшығына =А1+В$1 формуласын енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.

  16. Н1 ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы Н5 ұяшығына әкеліңіз.

  17. Абсалютті, салыстырмалы және ар алас сілтемелерді қолданудың көмегімен С, D, E, F, H бағандарының мәндері дұрыс есептелінетіндігін байқаңыз. Алған нәтижелердің айырмашылығы неде?

  18. А11 ұяшығына келесі сөзді енгізіңіз “Қосынды =”

  19. Автоқосындының нәтижесін алу үшін В11 ұяшығына шертіңіз. Бұл үшін стандарттық панеліндегі Автоқосынды (Автосумма) батырмасын шертіңіз. Йордан соң А1:В10 ауқымдарын тышқанмен ерекшелеп, Enter-ді басыңыз.

  20. Microsoft Excel жұмыс кітабының 2-ші беті не ауысып, оған “Теңдеу” атауын беріңіз.

  21. А1 ұяшығына 0 мәнін қойыңыз.

  22. А1 ұяшығына сіл темені тәуелсіз айнымалы ретінде қолданып, В1 ұяшығына х3+6х2-15х=-8 теңдеуінің сол жақ бөлігін қойыңыз. Сәйкес формула мынадай түрде болады =А1^3+6*A1^2-15*A1

  23. Сервис-Параметрді іріктеу (подбор параметра) командасын беріңіз.

  24. Ұяшыққа тағайындау (Устоновить в ячейке) өрісіне В1-ді енгізіңіз, Мән (Значение) өрісіне –8 мәнін қойыңыз, Ұяшық мәнін өзгерте отырып (Изменяя значение ячейки) өрісіне А1-ді енгізіңіз.

  25. ОК батырмасын шертіп, Параметрі іріктеу нәтижесі (Результат подбора параметра) сұхбат терезесінде бейнеленген таңдау нәтижесіне қараңыз. Операцияға қатысқан, алынған ұяшық мәндерін сақтау үшін,ОК батырмасын шертіңіз.

  26. А1 ұяшығына басқа мәндерді қою арқылы есептеуді қайталаңыз. Есептеудің нәтижелері тура келді ме? Айырмашылықтарын түсіндіріңіз?

  27. Құжатты сақтап қойыңыз.

Лабораториялық жұмыс №10

Мәліметтер базасын қолданылатын қарапайым амалдар.

1. Excel программасын іске қосыңыз. Бұрын даярланған жұмыс кітабын ашыңыз.

2. Таңбашасына шерту арқылы қолданылмаған жұмыс парағын таңдап алыңыз немесе жаңасын құрыңыз (Вставка - Лист). Жаңа парақтың таңбашасына екі рет шертіп, оған Жеткізушілер жайлы мәліметтер атауын енгізіңіз.

3. Ірі сауда үйі бес түрлі жиһазды: стел, орындық, диван, төсек және шкаф – бес жеткізушіден: Алматы, Астана, Қызылорда, Талдықорған, Тараз алады деп. күтілуде. Жеткізушінің әрқайсысы кез-келген жиһаз Турін жеткізе алады. Әр жиһаз айына бір рет жеткізіледі, өлшем бірлігі ретінде жиһаздың саны қолданылады.



  1. А1:D1 ұяшықтарына сәйкесінше мәліметтер базасы өрісінің тақырыптарын енгізіңіз: Ай, Жеткізуші, Жиһаз, Саны.

  2. Жоғарыда көрсетілген құрылымнан тұратын он шақты жазбаны енгізіңіз. “жеткізу санының” мағыналы болуы міндетті емес.

  3. Мәліметтер базасын сұрыптау. Мәліметтер базасының кез-келген ұяшығын ағымдық етіңіз және Мәліметтер – Сұрыптау (Данные - Сортировка) командасын беріңіз. Бұл жағдайда бүкіл мәліметтер базасы белгіленеді (өрістер тақырыбынан басқасы).

  4. Бойынша сұрыптау (Сортировать по) тізімінен Ай бөлімі мен Өсуі бойынша режимін таңдаңыз.

  5. Сонан соң (екінші рет сұрыптау) тізімінен Жеткізуші бөлімі мен Өсуі бойынша режим таңдаңыз.

  6. Соңғы кезек (В последнюю очередь) бөлімінен Жиһаз бөлімі мен Өсуі бойынша режимін таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.

  7. Көрсетілген шарттар бойынша мәліметтер базасының сұрыпталғанына көзіңізді жеткізіңіз

  8. Мәліметтер базасын сұрыптаудың режимі. Аспаптар панеліндегі Болдырмау батырмасының көмегімен, мәліметтер базасы жазбаларының бұрынғы режимін қалпына келтіріңіз. Сұрыптаудың осы режимін басқа әдіспен жасауға да болады.

  9. Жиһаз бағанынан кез-келген ұяшықты таңдап, аспаптар панелінен Өсуі бойынша сұрыптау (Сортировка по возрастанию) батырмасын шертіңіз.

  10. Жеткізуші бағанынан кез-келген ұяшықты таңдап, аспаптар панелінен Өсуі бойынша сұрыптау (Сортировка по возрастанию) батырмасын шертіңіз.

  11. Ай бағанынан кез-келген ұяшықты таңдап, аспаптар панелінен Өсуі бойынша сұрыптау (Сортировка по возрастанию) батырмасын шертіңіз. Ақырғы сұрыптау режимі алдағы жағдайдағыдай екеніне көзіңіз жетсін. Біз бұл жағдайда ең алғаш үшінші сұрыптауды, сонан соң екінші, соңғы бөлімде алғашқы сұрыптауды жүргізгенімізге назар аударыңыз.

  12. Мәліметтерді сүзгілеу. Сүзгілеу режимін қосу үшін Мәліметтер – Сүзгі – Автосүзгі (Данные – Фильтр - Автофильтр) командасын орындаңыз. Мәліметтер базасы өрістерінің тақырыптары жанында ашылған батырмалардың пайда болғанына назар аударыңыз.

  13. Тек Алматыдан жеткізілген жиһаздарды бейнелейтін жазбаны алу үшін, Жеткізуші өрісінің жанынан ашылған жебелік батырманы шертіп, тізімінен Астана бөлімін таңдаңыз. Жұмыс істеуші сүзгінің ашылған батырмаларымен таңдалынған жолдың номерлері көк түспен бейнелейтіндігіне Назар аударыңыздар. Ағымдағы сүзгіні алып тастау үшін, ашылған бағытты тағы бір рет шертіп, Барлығы (Все) бөлімін таңдаңыз.

  14. Ең Ірі көлемдегі қойылымды сұрыптау алу үшін, Саны (количество) өрісінде ашылған бағытты шертіп, тізімдегі Алғашқы10 (первые 10) нұсқасын таңдаңыз.

  15. Санауыштың (Счетчик) көмегімен 20 санын, ең алкен (наибольших) бөлімін әне элемент санының %-ті (% от количества элементов) нұсқасын таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде жазбалардың 20% -ін құрайтын ең алкен жеткізу көлемдері таңдалынып алынады.

  16. Сүзгі жазбасының режимін өзгерту үшін, тағы да Мәліметтер – Сүзгі – Автосүзгі (Данные – Фильтр - Автофильтр) командасын орындаңыз.

Лабораториялық жұмыс №11,12

Құрама кестенің тұрғызылуы


  1. Excel программасын іске қосыңыз. Бұрын даярланған жұмыс кітабын ашыңыз.

  2. Жеткізуші туралы мәліметтер жұмыс парағын ашыңыз.

  3. Мәліметтер базасы ішіндегі кез-келген ұяшықты ағымдық етіп алыңыз. Мәліметтер – Құрама кесте (Данные – Сводная таблица) командасын орындаңыз.

  4. Тізімде немесе Microsoft Excel мәліметтер базасында Құрама кесте (Сводная таблица) ауыстырып-қосқыштарының орнатылғанына көзіңізді жеткізіңіз. Ары қарай (Далее) батырмасын шертіңіз.

  5. Мәліметтер базасы ауқымының дұрыс таңдалғанына көз жеткізіңіз. Ары қарай (Далее) батырмасын шертіңіз.

  6. Жаңа бет (Новая страница) ауыстырып – қосқышы орнатылғанын көресіз. Макет батырмасын шертіңіз.

  7. Батырмаларды құрама кесте макетінің тиісті аймақтарына әкеліңіз: Ай батырмасын – Бет (Страница) аймағына, Жеткізуші – Бағана (Столбец) аймағына, Жиһаз батырмасын – Жол (Строка) аймағына, Саны батырмасын – Мәліметтер (Данные) аймағына.

  8. Мәліметтер (Данные) аймағындағы батырма Саны өрісінің қосындысы түрін иемденеді. Бұл бізге қолайлы. ОК батырмасын шертіңіз.

  9. Параметрлер батырмасын шертіңіз. Атау өрісіне Жеткізудің құрама кестесі мәтінін енгізіңіз. ОК батырмасын шертіңіз. Сонан соң Дайн (Готово) батырмасын шертіңіз.

  10. Құрама кесте жұмыс парғының атын, оның түбіртегін екі рет шерту арқылы ауыстырыңыз.

  11. Дайын болған құрама кестеге көңіл аударыңыз. Ол нақты жеткізушіден жеткізу уақытына тәуелсіз, нақты ханша жиһаз келгенін көрсетеді. Осы ұяшықтағы мәліметтер негізінде құрылған жазбаларды жаңа жұмыс парағын көру үшін құрама кестенің кез-келген ұяшығына екі рет шертіңіз.

  12. Кесте өрісі атауларының тұсынан ашылатын жебелік батырмалар сәйкестендірілген өрістерде сұрыптау жүргізуге мүмкіндік береді. Қажетті айға байланысты мәліметтерді көру үшін, Ай тізімінен нақты айды таңдаңыз.

  13. Ай батырмасын Баған аймағына, ал Жиһаз батырмасын – Бет аймағына әкеліңіз. Құрама кесте шұғыл түрде жаңа құрылымға байланысты құрылады.

  14. Саны өрісінің қосындысы батырмасына екі рет шертіңіз. Ашылған Құрама кесте өрісінің есептьеулері (Вычисление поля сводной таблицы) сұхбат терезесінің Қосымша (Дополнительно) батырмасын шертіңіз. Ашылған Қосымша есептеулер тізімінен Жол бойынша қосындының үлесі бөлімін таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.

  15. Құрама кестенің жаңа түріне көңіл аударыңыз. Кестенің ішінен бүкіл жеткізу ағымында әрбір еткізушінің қандай үлес алатындығын анықтадық.

  16. Құжатты сақтап қойыңыз.

Лабораториялық жұмыс №13

Құрама диаграмманың тұроғызылуы.


  1. Excel программасын іске қосыңыз. Бұрын даярланған жұмыс кітабын ашыңыз.

  2. Жеткізуші туралы мәліметтер жұмыс парағын ашыңыз.

  3. Құрама кестенің аспаптар панеліндегі Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) батырмасын шертіңіз.

  4. Осы жұмыс парағына Құрама диаграмма (Сводная диаграмма) атауын беріңіз.

  5. Құрама диаграмманың қандай параметрін өзгертуге болатынын білу үшін, онымен тәжірибе жасаңыз.

  6. Көрсетілген мәліметтерді сүзгілеңіз.

  7. Диаграмма бейнеленген шамаларды өзгертіңіз.

  8. Мәліметтер базасы өрісін диаграмманың басқа аймағын орналастырыңыз.

  9. Диаграмма типін өзгертіңіз.

  10. Диаграмма элементтерін бейнелейтін пішімді өзгертіңіз.

Лабораториялық жұмыс №14

Енгізілген мәліметтерді тексеру режимін баптау.


  1. Excel программасын іске қосыңыз. Бұрын даярланған жұмыс кітабын ашыңыз.

  2. Жеткізуші туралы мәліметтер жұмыс парағын ашыңыз.

  3. Бізде жиһаздармен жеткізушілердің нақты тізімі бар деп алайық, сондықтан да бұл шамаларды қолмен енгізудің қажеті жоқ. Сон дай-ақ кез-келген жиһаздың бір жолғы жеткізілу саны 150-ден аспауы керек деп. санайық.

  4. Келесі тәжірибелерді жүргізу үшін мәліметтер базасына қандай-да бір бұрмалау енгізіңіз: бір-екі жазбаларда жеткізушінің атын қате беріңіз, бір-екі жазбаларда жиһаз атауын қате қолданыңыз, бір-екі жазбаларда жеткізу санын артығымен көрсетіңіз (150-ден артық).

  5. Мәліметтер базасынан тыс жерде, мысалы Ғ бағанында, Ғ2-Ғ6 ұяшықтарына еткізушілердің аттарын бір-бірден енгізіңіз.

  6. Сон дай әдіспен G2 : G6 ұяшықтарына жиһаздардың дұрыс атауларын көрсетіңіз.

  7. Мәліметтер базасының В бағанындағы барлық ұяшықтарды ерекшелеңіз. Баған тақырыбын қоспай Мәліметтер – Тексеру (Данные - Проверка) командасын беріңіз.

  8. Ашылған Мәліметтер типі тізімінен Тізім (Список) нұсқасын таңдаңыз. Түптек (Источник) өрісіне көшіп Ғ2:Ғ6 ауқымын енгізіңіз. Егер ауқым таңдалынса, онда сілтеме шұғыл түрде абсолют сілтеме түрінде алынады. Бадан соң ОК батырмасын шертіңіз.

  9. Содай әдіспен Жиһаз өрісіне енгізуге мүмкін мәндерді таңдаңыз. Түптек (Источник) өрісінде G2: G6 ауқымдарын міндетті түрде көрсетіңіз.

  10. D бағанындағы барлық ұяшықтарды таңдаңыз. Мәліметтер – Тексеру (Данные - Проверка) командасын орындаңыз. Мәліметтер типі (Тип данных) өрісінде Нақты (Действительное) нұсқасын таңдаңыз. Минимум және Максимум өрістеріне, сәйкесінше 10 және 200 мәндерін енгізіңіз. ОК батырмасын шертіңіз.

  11. В бағанындағы кез-келген ұяшықты ағымдық етіңіз. Енді тізімде жоқ қате мәндерді енгізу мүмкін емес екеніне көзіңізді жеткізіңіз. Тізімнен мүмкін болатын мәндерді таңдау үшін ашылған жебелік батырманы шертіңіз.

  12. Осындай әдіспен D бағанындағы ұяшыққа мәтін немесе берілген интервлда жатпайтын мәнді енгізіп көріңіз. Бұл жасау мүмкін емес екенін байқайсыз.

  13. Мәліметтер базаға тексеру қосылмай тұрып енгізілгендіктен, оларда қате болуы мүмкін. “Сервис – Тәуелділік – Тәуелділік панелі” (Сервис – Зависимость – Панель зависимости) командасын беріңіз.

  14. “Қате мәліметтерді қоршау” (Обвести неверные данные) батырмасын шертіңіз. Қатесі бар ұяшық (4-ші бөлімде құрылған) қызыл түспен қоршалғанын байқайсыз.

  15. Қателерді түзетіп, тағы бір рет “Қате мәліметтерді қоршау” (Обвести неверные данные) батырмасын шертіңіз. Белгілердің жойылғанына көзіңізді жеткізіңіз.

  16. Құжатты сақтап қойыңыз.

Лабораториялық жұмыс №15


Тақырыбы:Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі.


  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз. Пайда болған Microsoft Access терезесінде аңа мәліметтер базасы (Новая база данных) ауыстырып – қосқышын орнатыңыз. ОК батырмасын басыңыз.

  2. Жаңа мәліметтер базасы файлы (Файл новой базы данных) сұхбат терезесінде файла жаңа қалалар деген ат беріңіз. Құру (Создать) батырмасын басыңыз.

  3. Кстелер тізімінде Мәліметтер енгізу әдісімен кесте құру (Создание таблицы путем ввода данных) таңбашасын ерекшелеп, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. Өріс1 (поле1), Өріс2 (поле2) және т.с.с. стандарттық өрістері бар бағандардан тұратын бос кесте пайда болады. Алдымен төрт өрісі бар кесте құрылады.

  4. Өріс1 (поле1) және Өріс2 (поле2) бағандарының бірінші жолына сәйкесінше 1 әне Астана деген мәліметтерді енгізіңіз. Екінші жолана – 2 және Алмати, Үшінші жолына – 3 және Талдықорған.

  5. Бағандардың атауларын өзгерту үшін жанама меню ден Баған атауын өзгерту (Переименовать столбец) командасын таңдаңыз. Осылайша бір інші бағанға Реттік номері, екіншісіне Аты, үшіншісіне Қаланың коды, Төртіншісіне Тұрғындар саны атауларын енгізіңіз.

  6. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы терезені жабу батырмасын басып кестені жабыңыз. Макеттің өзгерісін немесе кесте құрылымын сақтау керек пе? Деген сұраққа жауап беру үшін ИӘ батырмасын басыңыз. Сонда Сақтау (Сохранить) сұхбат терезесі пайда болады, оған кестенің Қалалар атауын енгшізу керек. ОК батырмасын басыңыз.

  7. Түйінді өрісті қазір құру керек пе? (Ключевое поле задать сейчас?) деген сұраққа ЖОҚ (Нет) батырмасын басып жауап беріңіз.

  8. Тізімдегі Қалалар кестесін ерекшелеп, мәліметтер базасы терезесінің аспаптар панеліндегі Ашу (Открыть) батырмасының көмегімен құрылған кестені ашуга болады.

  9. Құжатты сақтаңыз.

Лабораториялық жұмыс №16

Егізгі кестелерді құру.
Отырар кітапханасының басқармасы екі кестеге негізделген мәліметтер базасын жасауға тапсырыс берді. Бірінші кесте оқырмандарға арналған, онда кітапханадан кітап алған оқырман жайлы мәліметтер көрсетіледі.

Екінші кесте кітапханадағы оқулықтарды тіркеуге арналсын.

1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз. Пайда болған Microsoft Access терезесінде аңа мәліметтер базасы (Новая база данных) ауыстырып – қосқышын орнатыңыз. ОК батырмасын басыңыз.

2. Жаңа мәліметтер базасы файлы (Файл новой базы данных) сұхбат терезесінде “Менің құжаттарым” (Мои документы) қаптамасын таңдап алып, файлға “Отырар кітапханасы” деп ат беріңіз. Файл типі ретінде Microsoft Access мәліметтер базасы алынғанын көресіз. Құру (Создат) батырмасын басыңыз. Жаңа Отырар кітапханасы мәліметтер базасының терезесі ашылады.



  1. Кестелер панелін ашыңыз.

  2. Конструктор режимінде кесте құру белгісіне екі рет шертсеңіз кесте құрылымын даярлау бланкісі ашылады.

  3. Бірінші кесте үшін төмендегідей өрістерді енгізіңіз:


өріс атауы өріс типі

    1. оқырманның аты –жөні мәтіндік

    2. кітаптың аты мәтіндік

    3. кітаптың аты мәтіндік

    4. кітаптың авторы мәтіндік

    5. кітаптың номері мәтіндік

    6. кітап алған уақыты мерзім/уақыт

    7. бағасы қаржылық



    1. Кітаптың номері өрісі мәтіндік өріс екеніне көңіл аударыңыз, өйткені олардың сандық мағынасы жоқ. Кітап номерлерін бір-біріне қосуға, көбейтуге салыстыруға болмайды.

    2. Болашақ “Оқулықтар” кестесімен байланыс орнату үшін түйінді өріс беруіміз қажет. “Кітаптың аты” өрісін қайталанбайтын өріс ретінде таңдап алуыңызға болады. Бірақ өте үлкен мәліметтер базасында аттары бірдей әр түрлі кітаптар кездесуі мүмкін. Сондықтан біз “Кітап аты” және “Кітаптың авторы” өрістерінің комбинациясын түйінді өріс ретінде пайдаланамыз. Бланкінің жоғарғы бөлігіндегі өрісті ерекшелеп алыңыз (Shift). Тышқанның оң батырмасын шерту арқылы жанама менюді ашыңыз және одан “Түйінді өріс” (ключевое поле) бөлімінін таңдап алыңыз.

    3. Конструктор терезесін жабыңыз. Терезені жабу кезінде кестеге Оқырмандар деп ат беріңіз.

    4. 5-9 бөлімдердегі амалдарды қайталап, Оқулықтар кестесін құрыңыз. Оған төмендегідей өрістер енеді:



өріс атауы өріс типі

      1. кітаптың аты мәтіндік

      2. кітаптың авторы мәтіндік




      1. баспасы мәтіндік

      2. шыққан жылы мерзім/уақыты

      3. кітаптың номері мәтіндік

      4. көлемі сандық

      5. бағасы қаржылық

12. Көлем өрісін шертіңіз. Бланкінің төменгі бөлігінде ондық белгілер саны 0-ге тең қасиетін беріңіз.

13. Бұл кестеге түйінді өріс енгізбесе де болады – берілген тапсырмада ол талап етілмейді.

14. “Отырар кітапханасы”: Мәліметтер базасы терезесінде құрылған кестелерді кезекпен ашып, оларға он шақты жазбалар енгізіңіз. Жұмысты аяқтап кестелерді жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.


Лабораториялық жұмыс №17

Кестеаралық байланыстарды құру.


  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз.

  2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.

  3. Отырар кітапханасы: Мәліметтер базасы терезесінде Кестелер (Таблицы) панелін ашыңыз. Онда бұрын құрылған Оқырмандар және Оқулықтар кестелерінің таңбашаларының бар екендігіне көз жеткізіңіз.

  4. Аспаптар панелінен Мәліметтер схемасы (Схема данных) батырмасын іздестіріңіз. Егер қиындықтар болса меню жолындағы команданы табыңыз. Сервис – Мәліметтер схемасы (Схема данных). Мәліметтер схемасы терезесін ашу үшін, осы тәсілдерін кез-келгенінің қолданыңыз. Осы терезенің ашылуымен бір уақытта Кестелерді қосу (Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады, бұл қосымша кестеден аралық байланысты құратын кесте таңдауға болады.

  5. Қосу (Добавить) батырмасын шерту арқылы Оқырмандар және Оқулықтар кестелерін таңдаңыз- Мәліметтер схемасы терезесінде осы кестелердің өріс тізімдері ашылады.

  6. SHIFT пернесін басып тұрып Оқырмандар кестесіненекі өрісті ерекшелеңіз: Кітаптың аты әне кітаптың авторы.

  7. Осы өрістерді Оқулықтар кестесінің өріс тізіміне әкеліңіз. Тышқан батырмасын жіберген сәтте, Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесі шұғыл түрде ашылады.

  8. Байланысты өзгерту (Изменение связей) терезесінің оң жақ панелінен байанысқа қосылатын Оқырмандар кестесінен Кітаптың аты және Кітаптың авторы өрістерін таңдаңыз.

  9. Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесін жауып, Мәліметтер схемасы (Схема данных) терезесінен пайда болған байланысты көріңіз. Байланыс сызығын тышқанның сол жақ батырмасын шертіп ерекшелеп алуға болады, ал тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, байланысты үзуге әнередакциялауға мүмкіндік беретін жанама меню ашылады.

  10. Мәліметтер схемасы терезесін жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.

Лабораториялық жұмыс №18,19

Таңдамаға сұранысты құру.
Бұл жұмыста көлемі 500 беттен, бағасы 150 теңгеден аспайтын кітаптарды іріктеп алатын таңдамаға сұранысты құрамыз.


  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз.

  2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.

  3. Отырар кітапханасы: Мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелін ашыңыз. “Конструктор режим інде сұранысты құру” (Создание запросив в режиме конструктора) белгісін екі рет шертіңіз, сонда үлгі бойынша сұраныс бланкісі ашылады.

  4. Кесте қосу терезесінде Оқулықтар кестесін таңдап, Қосу (Добавить) батырмасын шертіңіз. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесін жабыңыз.

  5. Оқулықтар кестесінің өрістер тізімінен қорытынды кестеге енгізілетін Кітаптың аты, Кітаптың авторы, Көлемі, бағасы өрістерін таңдаңыздар. Таңдауды өріс атауларын екі рет шерту арқылы жүргізіңіз.

  6. Көлем өрісі үшін сұрыптау шартын беріңіз. Сол өрістің Сұрыптау шарте (Условие отбора) жолына мына шартты енгізіңіз: <500. Сонд кестеден көлемі 500-ден аспайтын кітаптар іріктеліп алынады.

  7. Бағасы өрісіне сұрыптау шартын беріңіз. Сәйкес жолға<150 өрнегін енгізіңіз. Енді кестеден бағасы 150 тьеңгеден кем болмайтын басылымдар ғана іріктеліп алынады.

  8. Үлгі бойынша сұраныс бланкісін жабыңыз. Сұранысты жабу кезінде оған Кітаптарды таңдау деген ат беріңіз.

  9. Отырар кітапханасы: Мәліметтер базасы терезесінде жаңа құрылған сұранысты ашыңызда, қорытынды кестені қарастырыңыз. Оның мазмұндылығы №2 вариантта Оқулықтар кестесіне енгізілген жазбаларға тәуелді. Егер ешбір басылым сұрыптау шартына сәйкес келмесе және ашылған қорытынды кестеде бірде-бір мәліметтер болмаса, онда негізгі кестелерді оған сұраныстың жұмысын тексеруге мүмкіндік беретін мәліметтер толтырыңыз.

  10. Зетттеу аяқталған соң ашық обьектілердің барлығын жауып, Microsoft Access программасын жабыңыз.

Лабораториялық жұмыс №20,21

Параметрлі сұраныс құру
Сұрыптау шарте қалай жұмыс істейтінің біз жоғарыда қарастырдық, бірақ оның өзіндік кемшіліктері бар. Мәліметтер базасын қолданушы жобалаушы дайындаған сұраныстармен жұмыс істейді. Мысалы, егер жобалаушы бағасы 150 теңгеден арзан кітаптарды іріктеп алатын сұраныс даярласа, онда қолданушы бағасы 100 теңгеден арзан кітаптарды іріктей алмайды, өйткені ондай сұраныс жоқ.

Параметрлі сұраныс қолданушыға мәліметтерді сұрыптаудың критериін өзі енгізуге мүмкіншілік туғызады.

Кітаптар іріктегенде сұранысты іске қосқаннан кейін ақырғы бағаны қолданушының өзі енгізетіндей сұраныс даярлайық.


  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз.

  2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.

  3. Отырар кітапханасы: Мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелін ашыңыз. “Конструктор режим інде сұранысты құру”(Создание запросив в режиме конструктора) белгісін екі рет шертіңіз, сонда үлгі бойынша сұраныс бланкісі ашылады.

  4. №4 вариант ұмыс бойынша Оқулықтар кестесіне негізделген, келесі өрістерден тұратын таңдамаға сұраныс даярлаңыздар:

1. кітаптың аты мәтіндік

2. кітаптың авторы мәтіндік

3. бағасы қаржылық

4. баспасы мәтіндік


  1. Сұранысты іске қосқанда қолданушы қажетті мәнді енгізетін хабар Ала алатындай етіп Бағасы өрісінің Сұрыптау шарты (Условие отбора) жолын толтыру қажет.

Қолданушының назарына арналған мәтін тік жақшаға алынуы қажет. Егер біз бағалары 400-ден қымбат кітаптарды іріктеп алғымыз келсе >400 деп жазар едік. Егер бағасы 100-теңгеден арзан кітаптар қажет болса, онда <100 деп енгізер едік. Бірақ біз бағаны таңдау мүмкіндігін қолданушының өзіне берек, онда



<[Ең жоғарғы бағаны енгіз] деп. жазуымыз қажет.

  1. Сұраныс (Запросы) терезесін жабыңыз. Жабу кезінде оны “Оқулықтарды таңдау” деген ат пен сақтап қойыңыз.

  2. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелі ашыңыз және Кітаптарды таңдау сұранысын іске қосыңыз. Сонда экранда Параметрдің мәнін енгіз (введите значение параметра ) деген жазу бар терезе ашылады.

  3. Өзіңіз қалаған мән енгізіп, ОК батырмасын басыңыз. Оқулықтар кестесіндегі енгізілген мәндерге байланысты сұраныстың нәтижесі – қорытынды кесте алынады.

  4. Мәліметтер базасының барлық обьектілерін жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.

Лабораториялық жұмыс №22,23

Қорытынды сұраныс дайындау.
Оқулықтар кестесіне кітапхнадағы барлық оқулықтардық параметрлерін енгізе отырып түгел толтырсақ, онда барлық оқулықтардың орташа көлемін және орташа бағасын білуге болады. Қандай да бір сандық өрістің барлық жазбаларына қолданылатын есептеулерді қорытынды сұраныс дейді. Қорытынды сұраныста өрістің барлық ұяшықтары бойынша орта мәннәі шамасы мен мәндерінің қосындысын есептеуге, өрістегі мәліметтердің ең алкен немесе ең кіші мәндерін табуға және басқа ад қорытынды функцияны орындауға болады. Қорытынды сұраныстарда, таңдамалы сұраныстар сияқты үлгі бойынша сұраныс блакісінің көмегімен дайындалады.

Айталық, кітапханада оқулықтың үш категориясын: экономикалық, заң және техникалық болсын. Біздің мақсатымыз- әрбір категориядағы әдебиеттің орташа бағасын анықтайтын қорытынды есепті шығару.



  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз.

  2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.

  3. Отырар кітапханасы: Мәліметтер базасы терезесіндегі Кестелер (таблицы) панелі ашыңыз. Онда Оқулықтар кестесін дайындаңыз.

  4. Аспаптар панеліндегі Конструктор таңбашасын шерту арқылы кестені жобалау режим інде ашыңыз – мунда біз әрбір кітап қай категорияға жататыны туралы мәліметтер сақталатын қосымша Категорія өрісін құра аламыз.

  5. Кестенің құрылымының басына жаңа өріс енгізіңіз. Ол үшін бір інші өрісті (Кітаптың аты) ерекшелеп алып, INSERT батырмасын басыңыз.

  6. Жаңа өрістің атын енгізіңіз – Категорія және оның типін анықтаңыз – мәтіндік.

  7. Конструктор терезесін жабыңыз. Жабар алдында, кестенің құрылымын өзгерту қаеттілігін құптаңыз.

  8. Оқулықтар кестесін ашып, оның әрбір категориясын мазмұнды мәліметтермен толтырыңыз. Әрбір категориядағы басылымдардың бағасын еркіңізше қойыңыз. Кестенің басқа өрістерін толтырмай –ақ қоюыңызға болады, өйткені олар қорытынды есептеулерді жүргізгенде қатыспайды.

  9. Оқулықтар кестесін жабыңыз.

  10. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелі ашыңыз.

  11. Конструктор режиміндегі сұранысты құру белгісін екі рет шертіңіз. Ашылған Кестелерді қосу (Добавление таблицы) терезсінен Оқулықтар кестесін таңдаңыз, соның негізінде қорытынды сұраныс дайындалады. Кестелерді қосу терезесін жабыңыз.

  12. Оқулықтар кестесінің үлгі бойынша сұраныс бланкісіне келесі өрістерді енгізіңіз: Категорія, Кітаптың аты және Бағасы.

  13. Бағасы өрісі үшін өсуі бойынша сұрыптауды қосыңыз.

  14. Microsoft Access аспаптар панелінен Топтық амалдар батырмасын немесе меню жолын (Вид – Групповые операции) қолданыңыз. Бұл команда бланкінің төменгі бөлігінде Топтық амалдар (Групповые операции) жолын шығарып алу үшін қажет. Соның негізінде қорытынды есептеулер даярланады. Сұраныс үшін іріктелініп алынған барлық өрістердің осы жолына Топтау (Группировка) мәні енгізіледі.

  15. Топтау жүргізілетін өріс үшін (Категория) Топтық амалдар (Групповые операции) жолында Топтау мәнін қалдырыңыз. Басқа өрістердің осы жолына қорытынды функцияларды енгізуге болады. Ол үшін осы жолда тышқанның батырмасын шерту арқылы ашылатын тізімді алуға болады. Соның ішінен осы өрістегі мәндерге қолданылатын қорытынды функцияны таңдаймыз.

  16. Бағасы өрісіне басылымдардың орта құнын анықтап беретін Avg қорытынды функциясын енгізіңіз.

  17. кітаптың аты өрісіне Count қорытынды функциясын тағайындаңыз. Count функциясы – топқа кіретін алпы жазбалар санын анықтайды.

  18. Үлгі бойынша сұраныс бланкісін жауып, он Кітаптардың орта құны деген ат пен сақтап қойыңыз. Дайын болған сұранысты іске қосып, дұрыстығын тек серп көріңіз.

  1. Мәліметтер базасының барлық обьектілерін жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.

Лабораториялық жұмыс №25,26

Көшіру амалын қолданып мәліметтерді енгізу.
Отырар кітапханасы мәліметтер базасының Оқулықтар кестесіндегі кейбір мәліметтерді аңа Менің кітапханам мәліметтер базасының Менің оқулықтарым кестесіне көшірейік:


  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз.

  2. Жаңа Менің кітапханам мәліметтер базасын құрыңыз.

  3. Конструктор реимінде жаңадан Менің оқулықтарым кестесін құрыңыз. Бұл кесте келесідей өрістерден тұратын болсын:

өріс атауы өріс типі

      1. кітаптың аты мәтіндік

      2. кітаптың авторы мәтіндік




      1. баспасы мәтіндік

      2. шыққан жылы мерзім/уақыты

      3. кітаптың номері мәтіндік

      4. көлемі сандық

      5. бағасы қаржылық



  1. Тағы бір Accessті іске қосыңыз және ондағы Отырар кітапханасы мәліметтер базасын ашыңыз.

  2. Тізімнен Оқулықтар кестесін тауып, он кесте режим інде ашыңыз.

Кестенің жоғарыда аталған өрістеріне сәйкес жазбаларын ерекшелеп алыңыз.

  1. Ерекшеленген жазбаларды алмасу буферіне орналастырыңыз.

  2. Менің кітапханам мәліметтер базасына өтіп, Менің оқулықтарым кестесіндегі бір інші жолын ерекшелеп алыңыз.

  3. Сонан соң алмасу буферіндегі мәліметтерді қойыңыз. Экранда хабар пайда болады: Келесі жазбалар санын кірістіруге әрекет жасалуда: 10. Жазбалар қойылсын ба? ИӘ деп. жауап беріңіз. Алмасу буферіндегі мәліметтер жаңа кестеге енгізіледі.

Лабораториялық жұмыс №27,28

Алғашқы қалыпты даярлау.


  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз.

  2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.

  3. Отырар кітапханасы: Мәліметтер базасы терезесіндегі Оқырмандар кестесін ашыңыз.

  4. Ол кестеге келесі өрістерді қосыңыздар:

Өріс атауы Өріс типі

1. туған жылы мерзім/уақыты

2. мекен-жайы мәтіндік

3. телефоны мәтіндік

4. білімі мәтіндік


  1. Жаңа өрістерге қажетті жаба мөлшерін енгізіңіз.

  2. Accessтің негізгі терезесіне байта оралыңыз. Кестелер тізімінен Оқырмандар кестесін ерекшелеңіз де, аспаптар панеліндегі аңа обьект (Новый обьект) батырмасын басыңыз. Тізімнен Автоқалып (Автоформа) обьектісін таңдап алыңыз. Нәтижесінде автоматты түрде құрылған әне енгізу үшін ашулы тұрған қалып аламыз.

  3. Қалыпты конструктор режим інде ашыңыз. Бағасы басқару элементтерін ерекшелеп алып, оларды өшіріп тастаңыз.

  4. Кітаптың аты, Кітаптың авторы, Кітаптың номері, Туған жылы, Мекен-айы, Телефоны, Білімі басқару элементтерін аңа орынға орналастырыңыз.

  5. Файл – Сақтау (Файл - Сохранить) командасын орындап немесе Қалыптар конструкторы аспаптар панеліндегі Сақтау (Сохранить) батырмасын басыңыз.

  6. Пайда болған Сақтау (Сохранить) сұхбат терезесіндегі Қалыптың атын енгізу өрісіне қалыптың атын Оқырманның кітапшасы деп. көрсетіңіз. ОК батырмасын басыңыз.

  7. Қалыптар (Формы) терезесін жабыңыз.

  8. Қалыптар тізімін алу үшін Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі Қалыптар (Формы) таңбашасын шертіңіз. Осы тізімде Оқырманның кітапшасы деген бір бірінші қалып пайда болады.

Microsoft Access программасын жабыңыз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


“Сырдария” университеті

“Физика - математика” факультеті

“Информатика” кафедрасы
“Информатика” пәні бойынша

050509 “Қаржы”, 050506 “Экономика”,

050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін
Студенттің өзіндік жұмысының жоспары.

(СӨЖ)


Жетісай-2004 ж
Тапсырма №1


  1. Файл дегеніміз не?

  2. Файлдың аты қандай бөліктерден тұрады?

  3. Файлдық жүйемен жұмыс атқаратын қандай амалдарды білесіз?

  4. Жанама меню деп. нені атайды?

  5. Бас меню және оның қолданылуы.

  6. Жұмыс столында жаңа қаптаманы қалай құрамыз.

  7. Файлда дискетада сақтау үшін қандай амалдар орындалады?

  8. Файлдарды көшіру, жылжыту, қайта атау және өшіру үшін қандай әрекеттер істеу қажет?

  9. Байқаусыз жасалған әрекетті қайтадан қайтару үшін не істеу керек?

  10. Пиктограмма мен таңбаша айырмашылығы неде?

Тапсырма №2




  1. Мәтіндік процесор деп. нені атайды?

  2. Word мәтіндік процессоры терезесінің негізгі элементтерін атаңыз.

  3. Аспаптар панелі қалай өзгертуге болады?

  4. Word құжатында кестені қалай тұрғызамыз?

  5. Word программасы терезесінің элементтерін атаңыз.

  6. Қажетті аспаптар панелі экранға қалай шығарамыз?

  7. Кестені енгізуге арналған батырма қай аспаптар панелінде орналасқан?

  8. Диаграммалар не үшін қолданылады?

  9. Құжатқа диаграмманы қалай енгізуге болады?

  10. Диаграмма Турін қалай өзгертуге болады?

Тапсырма №3

  1. Электронды кесте деген не?

  2. Электрондық кестелер қандай мақсатта қолданылады?

  3. Электрондық кестенің негізгі ұғымдарын атаңыз?

  4. Абсалюттік сілтеме деген не?

  5. Салыстырмалы сілтеме деген не?

  6. Excel терезесінің құрылымы қандай?

  7. Excel ұяшығына формуланы қалай енгіземіз?

  8. Экономикалық есептеулерде қолданылатын санның жазылу пішімдерін атаңыз.

  9. Ұяшықтағы мәліметтердің пішім ін қалай өзгертеді?

  10. Ұяшықтар ауқымы деген не?

  11. Функция шебері қалай қолданылады?

  12. Excel-де диаграмма тұрғызу қандай сатылардан тұрады?

  13. Excel электрондық кестесін мәліметтер базасы ретінде қалай пайдаланылады?

  14. Мәліметтер базасын сұрыптау қалай орындалады?

  15. Мәліметтер базасын сүзгілеу қалай орындалады?

  16. Құрама кесте қалай тұрғызылады?

Тапсырма №4



  1. Презентация деп нені атайды?

  2. Power Рoint құралының басқа прогрммалармен байланысы қандай?

  3. Power Рoint құжатына қолданбалы программалар обьектісін қалай енгізуге болады?

  4. Бос слайд деп. нені атайды?

  5. Power Рoint құжатының құрылымы қандай?

  6. Презентація құру қандай кезеңдерден тұрады?

  7. Мәтінмен жұмыс істеу тәсілдерін атаңыз?

  8. Power Рoint-та кесте қалай тұрғызылады?

  9. Power Рoint-та диаграмма қалай тұрғызылады?

  10. Анимация деп. нені айтады?

Тапсырма №5


  1. Интернеттің негізгі түсініктерін атаңыз.

  2. Интернеттің қызметтүрлері қандай?

  3. Url-адрес деген не?

  4. Url-адрес қандай бөліктерден тұрады?

  5. Гиперкеңістік деген не?

  6. Интернетке қосылу қалай жүзеге асырылады?

  7. Word Wide Web деген не?

  8. WWW – дің негізгі ұғымдарын атаңыз.

  9. Web-сервер деген не?

  10. Web-торап (Web-сайт) деген не?

  11. Web – бет деген не?

  12. Web – бет қай тіл де даярланады?

  13. HTML тілі деген не?

  14. Гиперсілтеме деген не?

  15. Броузер деген не?

  16. Броузерлердің негізгі атқаратын қызметтері қандай?

  17. Қандай Web-браузерлерді білесіз?

  18. Internet Explorer броузері қалай іске қосылады?

  19. Web – бетті қалай ашып көруге болады?

  20. Гиперсілтеме экранда қалай бейнеледі?

  21. Браузерлерді басқару тәсілдері қандай?

  22. WWW – ден ақпаратты алу үшін қолданылатын қандай құралдарды білесіз?

  23. Іздеуші каталог тар деген не?

  24. Іздестіру нұсқағыштары деген не? Олардың Турін атаңыз.

Тапсырма №6



  1. Электрондық пошта қызметі қандай программаларға және хаттамаларға негізделген?

  2. Шығарылатын хабар қызметінің жұмыс принципі қандай?

  3. Келіп түсетін хабар қызметі қандай хаттамаға негізделген?

  4. Электрондық поштамен жұмыс Істру реті қандай?

  5. Электрондық поштаның түрлері қандай?

  6. Web-mail-менжұмыс Істру реті қандай?

  7. Электрондық поштаның құрылымы қандай?

  8. Пошталық клиент деп. нені атайды?

  9. Пошталық клиенттердің түрлерін атаңыз.

  10. Пошталық клиенттердің атқаратын функциялары қандай?

  11. Электрондық поштаның мәліметтер базасымен ұқсастығы неде?

  12. Электрондық поштадағы сүзгілеу, сұрыптау функцияларын қалай түсіндіресіз?

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


“Сырдария” университеті

“Физика - математика” факультеті

“Информатика” кафедрасы
“Информатика” пәні бойынша

050509 “Қаржы”, 050506 “Экономика”,

050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін
БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ:

А) Тестілік сауалнамалар

Б) Жазбаша бақылау ұмыстары

В) Коллоквиумдар

Г) Сөзжұмбақтар

Жетісай-2004 ж





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет