Лекция: 15 сағат Лаб раб: 15 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат



бет3/10
Дата17.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
#142452
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 


 
 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

 

 



«Сырдария » университеті

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

«Физика және Математика» факультеті

 

 



 

«Информатика» кафедрасы

 

 



 

 

“Мәліметтер қоры және ақпарат жүйесі”



пәні бойынша

 

050111- Информатика



мамандығының студенттері үшін

 

 



 

 

Лекцияның Қысқаша курсы

 

 

 



 

 

  



 

 

 



 

Жетісай – 2007 ж


 

9. Лекция сабақтары

I-лекция.

 

Кіріспе



(1 сағат)

 

Жоспар:



  1. Ақпараттық объект.

  2. Берілгендер элементі.

  3. Обьект туралы жазу.

 

 

Пайдаланатын әдебиеттер



а) негізгі:

1. Сергей Каратыгин. Access 2000 на примерах. Москва, 2000.

2. Абдуллина В. З., Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Access жүйесімен жұмыс істеу. Алматы, ЖТИ 2005

3. C. В. Симонович “Информатика – базовый курс”, 1-е издание. Санкт-Петербург “Пресс”, 2002 г.



  1. Дж. Куртер. А. Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000

  2. MS Access-тің компьютердегі анықтамалығы.



в) қосымша:

 


  1. М. Қ. Байжұманов, Л. К. Жапсарбаева. “Информатика”. Астана, 2004 ж.

  2. Р. Т. Қадырбаева. “Microsoft Access 2000”. Шымкент, 1999ж.

  3. Алан Нейбауер “Access 97 для занятых”. Санкт-Петербург “Питер”, 1997г.

9. Вейскас “Эффективная работа в Microsoft Access 97 и 2000” Санкт- Петербург 1998г.

 

Лекцияның мәтіні:

 

Есептеу техникасы саласындағы революция біздің өмірімізді утопистердің ойына келмеген дәрежеде жеңілдетуге, ықшамдауға, белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда мекемелерде түрлі ЭЕМ-де аса көп ақпараттарды сақтау және іздеу жүзеге асырылады. Өнеркәсіптің, медициналық қызмет көрсетудің, қаржы мекемелерінің және үкімет жұмыс орындарының барлық салаларында қажетті берілгендерді өңдеу көлемі геометриялық прогрессиямен өсіп отыр және оның ЭЕМ –сіз қалай жүзеге асырылатынын елестету қиын. Түрлі ұйымдарды бұдан әрі объект (заттық облыс) деп атайтын боламыз.



Кез келген объектінің (заттық облыстың ) барлық есептеу жүйесінің негізін берілгендер қоры (Б.Қ) деп аталатын ақпараттар қоймасы құрайды. Сондықтан, ақпараттарды өңдеумен байланысты екі маңызды мәселе бар: берілгендер қорын жобалау және іске асыру. Бұдан жауап беру қажет болатын мынадай сұрақтар туады. Берілгендер қорын жобалау және іске асырумен байланысты тұлғаның функциональдық міндеттері қандай? Берілген талаптарды қанағаттандыратын берілгендер қорын жобалауды қалай қамтамасыз етуге болады? Әртүрлі деңгейінде қандай қиындықтар тууы мүмкін?

Бұл курста қойылған сұрақтарға біртіндеп жауап беруге тырысамыз. Лекциялар курсы экономика және басқару саласында еңбек ететін тұлғаларға пайдалы болуы мүмкін, сондай-ақ ақпараттарды өңдеу қалай және не үшін ұйымдастырылатынын білуі қажет информатика мамандығының студенттері үшін семестрлік курстың негізін құруға болады.



Негізгі терминдер:

Объект (заттық облыс) (мекеме).

Объект – БҚ арқылы сипатталатын немесе модельдестірілетін және оның қосымшаларын пайдаланатын нақты өмірдің бір бөлшегі. Бұл бір мекеме, оның кейбір функционалды бөлігі, құбылыс, жүйе, т.с.с. Объект (заттық облыс) ақпараттық объект және осы объектілермен орындалатын функция ұғымдарын пайдаланып модельдестіріледі.

Ақпараттық объект.

Ақпараттық объект – нақты өмірдің идентификацияланатын объектісі. Ақпараттық объектілерге адамдар, өнімдер, квалификация т.б. жатуы мүмкін.

Ақпараттық объект нақты мәндер (символдар, сан, код) меншіктелетін объектілердің берілген мінездемелері арқылы сипатталады.

Берілгендер элементі.

Берілгендер элементі – аты және кейбір мәндердің жиыны бойынша анықталатын объектінің мінездемесі. Берілгендер элементінің аты, мысалы қызметкердің нөмірі, туған жылы, баға, квалификация болу мүмкін. Берілгендер элементінің мәні берілгендер элементімен бейнеленген объекттің мінездемесін объекттің мүмкін болатын әрбір данасы үшін сипаттайды; олар объекттің нақты бір данасын идентификациялау үшін қолданылады немесе қарастырылады. Берілгендер элементінің аты әдетте берілгендер қорының (БҚ) сипаттамасының (схема) бөлігі ретінде сақталады және берілгендер элементінің мәні ретінде берілгендер қорының өзінде сақталад өзінде сақталадлементін әдетте кілттің немесе атрибуттың ролін атқаратын берілгендер өрісі деп атайды.



Обьект туралы жазу.

Обьект туралы жазу дегеніміз – обьектінің нақты бір данасын сипаттайтын берілгендер элементтінің мәндер жиыны. Айталық, СТУДЕНТ обьектісі Аты –жөні, туған жылы, адресі, ұлты, курсы, мамандығы, ЖОО аты деген берілгендер элементімен сипатталады.



Обьект туралы жазуларды жазу, (жинау, жиыны)

Обьект туралы жазулардың жиыны- белгілі бір типтегі объектінің барлық даналары үшін объект туралы жазулардың жиынтығы. Объект туралы жазулардың жиыны берілген сегменттің бір данасына қатысты сегмент типі даналардың жиынына ұқсас.

 

Идентификатор.

Идентификатор- мәндері берілгендер элементінің иденфикаторларымен байланысты бір немесе бірнеше мәндерді анықтау үшін қолданылатын берілгендер элементі (н/е берілгендер элементінің жиыны).

 

Идентификатор деп берілген н/е байланысқан берілгендерді белгілеу үшін қолданылатын символдар тізбегін айтады.

Идентификатция бір мәнді н/е көп мәнді болуы мүмкін. Егер идентификация бірмәнді болса, онда идентификацияланатын элемент (Атрибут) идентификациялаушы элементке (кілтке) функционалды тәуелді болады.

 

 

ІІ- лекция.



Кіріспе.

(1 сағат)

 

Жоспар:



  1. Кілт.

  2. Атрибут.

  3. Берілгендер мәні.

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Сергей Каратыгин. Access 2000 на примерах. Москва, 2000.

2. Абдуллина В. З., Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Access жүйесімен жұмыс істеу. Алматы, ЖТИ 2005

3. C. В. Симонович “Информатика – базовый курс”, 1-е издание. Санкт-Петербург “Пресс”, 2002 г.



  1. Дж. Куртер. А. Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000

  2. MS Access-тің компьютердегі анықтамалығы.



в) қосымша:

 


  1. М. Қ. Байжұманов, Л. К. Жапсарбаева. “Информатика”. Астана, 2004 ж.

  2. Р. Т. Қадырбаева. “Microsoft Access 2000”. Шымкент, 1999ж.

  3. Алан Нейбауер “Access 97 для занятых”. Санкт-Петербург “Питер”, 1997г.

9. Вейскас “Эффективная работа в Microsoft Access 97 и 2000” Санкт- Петербург 1998г.

Лекцияның мәтіні:

 

Кілт.

Кілт – объект туралы жазуды бір мәнді анықтайтын идентификтор. Ол кейбір объект туралы жазулардың атрибуттарын бір мәнді идентификациялайды. Объект туралы жазулар жиынында мәні объект туралы жазуды бірмәнді идентификациялайтын бірнеше берілгендер элементі болуы мүмкін. Бұл берілгендер элементінің әрбірі алғашқы болып таңдалатын кілт болуы мүмкін.

 

Атрибут.

Негізгі кілт болып табылмайтын берілгендер элементі атрибут деп аталады. Объект туралы жазуда атрибуттар мәні негізгі кілттің мәнімен идентификацияланады. Әрбір объект негізгі атрибуттар тізбегімен сипатталады. Мысалы, үй сыртқы пішінімен, түсімен, өлшемімен сипатталады. Банкі клиентінің фамилия, адрес, идентификациялық нөмірі сияқты атрибуттары болуы мүмкін.

Берілгендер мәні.

Берілгендер мәні деп әрбір берілгендер элементінде бар нақты берілгендерді айтамыз. “Клиент фамилиясы” деген берілгендер элементі “проф. Бердышев ” немесе “Жаңбырбай Кукиев” сияқты мәндер қабылдауы мүмкін. Берілгендер элементінің объектті сипаттауына байланысты олардың мәні сандық, сапалық немесе сипаттамалық болуы мүмкін.



объект

Атрибут(немесе берілгендер элементі)

Мән (берілгендер)

Клиент

Идинфикациялық нөмір

Ф.И.О.


Адрес

123456789

проф.Бердышев

г.Жетісай


Есеп

Түр

Номер


Баланс

Шығын

634250


20.53

Жеткізіп

беруші


Ф.И.О.

Номер


Адрес

Ж.Кукиев

Г.Жетісай



 

Заттық облыс (предметный область) туралы ақпаратты бірнеше объект арқылы, ал жеке объектіні бірнеше берілгендер элементі арқылы беру мүмкін. Берілгендер элементі арқылы қабылданатын мән берілгендер деп аталды. Берілгендер элементі арқылы қабылданатын мәндер жиынының бірлігі объект даналары деп аталады. Объектілер бір-бірімен белгілі бір анықталған түрде байланысады.

Берілгендер элементі құрайтын және өзара байланысты объектілердің сәйкес моделі концептуальды модель деп аталады. Концептуальды модель заттық облыста (Предметной области) берілгендер легі туралы жалпы түсінік береді.

Объект екі және бірнеше берілгендер элементін бір мәнді идентификациялауы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды берілгендердің кілтті элементіне “Кандидат” деп атайды. Объектіге ену үшін кандидаттардың қайсы бірін пайдалану мәселесін пайдаланушы немесе жобалаушы шешеді. Берілгендердің кілтті элементін таңдауда мұқият болу керек, өйткені дұрыс таңдау берілгендердің сенімді (анық) концептуальды моделін құруға мүмкіндік туғызады.

 

 ІІІ- IV лекция.



Байланыстар

(2 сағат)

Жоспар:

1. Бейнелеу. 



Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Сергей Каратыгин. Access 2000 на примерах. Москва, 2000.

2. Абдуллина В. З., Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Access жүйесімен жұмыс істеу. Алматы, ЖТИ 2005

3. C. В. Симонович “Информатика – базовый курс”, 1-е издание. Санкт-Петербург “Пресс”, 2002 г.



  1. Дж. Куртер. А. Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000

  2. MS Access-тің компьютердегі анықтамалығы.

в) қосымша:

 М. Қ. Байжұманов, Л. К. Жапсарбаева. “Информатика”. Астана, 2004 ж.



  1. Р. Т. Қадырбаева. “Microsoft Access 2000”. Шымкент, 1999ж.

  2. Алан Нейбауер “Access 97 для занятых”. Санкт-Петербург “Питер”, 1997г.

9. Вейскас “Эффективная работа в Microsoft Access 97 и 2000” Санкт- Петербург 1998г.

 

Лекцияның мәтіні:



Бейнелеу.

Бейнелеу – берілгендер элементтерінің байланысқан жұптары арасындағы өзара байланыстың сипатын анықтайтын дәстүрлі құрал. Төменде бейнелеу түрлерінің қысқаша тізбегі келтірілген.



1:1 Бейнелеу

1:1 бейнелеу бір элемент байланыс бағыты бойынша бір тек бір ғана элементпен байланысатын және керісінше де солай болатын байланыс түрі.



 

 

 



 

 

 



 

1:1 Бейнелеу 2-сурет.

Идентификациялау екі бағытта да бір мәнді болады.

2- суретте ҚЫЗМЕТКЕР НӨМІРІ және РНН берілгендер элементі үшін 1:1 бейнелеу мысалы көрсетілген. Олардың әрбірі екіншісін бірмәнді идентификациялайды.



1: М Бейнелеу

Берілгендер элементінің бір данасынан бағытталған байланыс берілген -дер элементінің бірнеше данасын идентификациялайды, бұл бағыттағы идентификация бір мәнді болуы міндетті емес. Кері бағытта берілгендер элементінің кез-келген данасы байланыс бағыты бойынша бір тек бір ғана берілгендер элементін идентификациялайды.



 

 

 



1:М

 

 



 

 

 



 

 

3-сурет. Бейнелеу 1:М



3-суретте бір-бірімен 1:М бейнелеумен байланысқан БӨЛІМ НӨМІРІ және ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ НӨМІРІ деген элементтер мысалы берілген. Берілген бөлімде бірнеше қызметкер жұмыс істейді, бірақ әрбірйді, бірақ әрбірана бөлімде жұмыс істейді.

 

М:1 Бейнелеу

Бұл бейнелеу 1:М бейнелеуіне ұқсас. Берілгендер элементі арасындағы өзарабайланыс ассоциотивті болып табылады.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



4-сурет.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет