Кредит саны
|
Жалпы сағат саны
|
Оның ішінде
|
Семестр
|
Қортынды бақылау
|
Лекция
|
Семинар
|
СӨЖ
|
ОБСӨЖ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
Емтихан
|
№2
кредит
|
90
|
15
|
15
|
30
|
30
|
|
|
|
|
|
|
5. Пәннің аты пререквизиттер, постреквизиттері
№
|
Пререквизиттер
|
Постреквизиттері
|
Кафедра
|
Кафедрада қабылданған шешім, хаттама, күні
|
1
|
Геология палеография негіздері
|
Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар
|
|
|
2
|
Жалпы жер тану
|
Тұрғындар географиясы
|
3.
|
|
Жалпы гидрология
|
4.
|
|
Саяси география
|
5.
|
|
Физикалық география
|
6. Оқу сабақтарының құрылымы.
Лекция- студентке тақырыпты игеруге неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет.
Семинар сабақтарында- студент талдау, салыстыру, тұжырымдау,
Проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек.
СӨЖ- студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды,өз бетімен меңгереді.
ОБСӨЖ-оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы. Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру. Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.
7. Студентке арналған ережелер.
1.Сабаққа кешікпеу керек.
2.Сабақ кезінде әңгімелеспеу,газет оқымау,сағыз шайнамау,ұялы телефонды өшіріп қою керек.
3.Сабаққа іскер киіммен келу керек.
4.Сабақтан қалмау,науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
5.Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтіленеді.
6.Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
8.Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі.
№
|
Лекция тақырыбы.
|
Лекция
|
Семинар
|
ОБСӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
Географиялық карта туралы түсінік
|
1
|
1
|
2
|
2
|
2
|
Карта және план
|
1
|
1
|
2
|
2
|
3
|
Жергілікті жерді бағдарлау
|
1
|
1
|
2
|
2
|
4
|
Ұсақ масштабты карталардың математикалық негізі
|
1
|
1
|
2
|
2
|
5
|
Карталардың жіктемесі. Картографиялық жалпыландыру. Географиялық картадағы жазулар.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
6
|
Жалпы географиялық карталар
|
1
|
1
|
2
|
|
7
|
Географиялық атластар
|
1
|
1
|
2
|
2
|
8
|
Картографияны зерттеу әдістері
|
1
|
1
|
2
|
2
|
9
|
Топографиялық карта және оны пайдалану
|
1
|
1
|
2
|
2
|
10
|
Геодезия мен топографиялық мәліметтер Түсірім түрлері
|
1
|
1
|
2
|
2
|
11
|
Теодолиттік түсірім
|
1
|
1
|
2
|
2
|
12
|
Бұрыш өлшеу түсірімдері
|
1
|
1
|
2
|
2
|
13
|
Биіктік түсірімдер
|
1
|
1
|
2
|
2
|
14
|
Бұрышсыздық түсірімдер
|
1
|
1
|
2
|
2
|
15
|
Жоспарлы биіктік түсірімдер
|
1
|
1
|
2
|
2
|
|
Барлығы:
|
15
|
15
|
30
|
30
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария » университеті
«Филология -тарих » факулътеті
«Қоғамдық пәндер және геграфия» кафедрасы
«Картография және топография негіздері» пәні
бойынша 050116 «География »
мамандықтарының студенттері үшін
Лекцияның қысқаша курсы.
Жетісай 2006ж.
Лекция сабақтарының жоспары.
Лек №1.
Тақырыбы: Картография пәні. Географиялық карталар туралы түсінік.
Жоспар:
-
Картография пәні және өзге пәндермен байланысы.
-
Картография туралы. Карта белгілі бір аумақ пішіні.
-
Карта элементтері. Карта білім және ақпарат құралы.
-
Шартты белгілер
Картография грек сөзі-cartos – парақ немесе папирус орамы және qraho- жазамын деген сөз-географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану әдістері жөнінде ғылым. Ол геология, топография, математика, география, геодизиямен тығыз байланыста болды. Халық шаруашылығының түрлі салаларында пайдаланды.
Геодезия-дегеніміз-жер бетінің өлшемдері деген мағынаны білдіреді.
Геодезия 2-ге бөлінеді.
А) жоғары геодезия
Б) топография
Жоғарғы геодезия –деп жер бетінің өлшемдері мен фигураларын анықтаумен айналысады.
Топография-(грек-жер, аумақ деген сөзі) жер бетінің үстінде орналасқан адам қолымен жасалған жерлерді белгілейді.
Географиялық карта-табиғат пен құбылыстардың орналасқан жай күйін және өзара байланыстарын көрсететін жер бетінің кішірейтілген бейнесі.
Географиялық карталар:
а) мазмұнына қарай.
-
Жалпы географиялық
-
Тақырыптық.
б) Территориясына қарай:
-
Дүние жүзілік және жарты шарлар картасы.
-
Мемлекеттік және олардың бөліктері.
-
Материктер мен мұхиттар картасы
в) масштабына қарай:
-
Ірі масштабы.
-
Орта масштабы.
-
Ұсақ масштабы.
г) мақсатына қарай:
-
Оқу мәліметтік.
-
Туристік.
-
Ұшу, әскери.
-болып бөлінеді.
Жалпы географиялық карталардың (негізінде жасалынады)-жер бетіндегі барлық объектілер, жер бедері, жер бетіндегі сулар, өсімдіктер, елді мекендер, қатынас жолдары, шекаралар, өнеркәсіппен ауыл шаруашылығының кейбір көріністері және т.с.с. бейнелейді.
Олардың ешқайсысы дараланып көрсетілмейді. Географиялық карта белгілі бір аумақты зерттеу және игеруге көмектеседі. Пайдалы қазбаларды іздеу егіншіліккежарамды жерді есепке алу, су электр станциясын, зауыт, фабрикаларды, жол құрылысын жобалау бәрінен картаға негізделеді.
Карта дегеніміз қабылданған шартты белгілер арқылы жер бетінің жазықтықтағы кішірейтілген бейнесі.
Кең алқапты бейнелейтін карталарды қашанда бұрмаланулар болады. Жер беті глобустарда ғана дұрыс көрсетіледі.
Карта жер бетінің едәуір территорисын, жердің қисықтығын еске ала отырып, картографиялық проекцияларда салынған жазықтықтарды кішірейген кескіні. Теңіз жүзуімен әуе қатынасында міндетті түрде карта пайдалынылады. Теледидар мен радиоларда алдағы уақытта ауа райының қандай болатынын білу үшін алдын-ала болжам карталары жасалынады. Географиялық карталар арқылы түрлі ғылыми-зерттеулер жүргізіледі. Жер бедерін, топырақты, өсімдіктерді, халықтың қоныстануын, өнеркәсіппен ауыл шаруашылық өндірісін, т.б. зерттеу картадан босатылып, карта мен аяқталады.
Күнделікті өмірдегі геогрфтарға карталардың маңызы зор. Карта кез-келген аумақтың жалпы ерекшеліктерін көз алдыңа елестетеді.
Симетикалық карталар көбінесе анатикалық карталардың сериялары бейнеленген интеграциялық мәліметтер арқылы құралады.
Динамика және арақатынас карталары тематикалық карталардың ішінде ерекше типін динамикалық және арақатынас карталарды құрайды. Динамикалы карталар-қозғалысты көрсетеді, кез-келген көріністің дамуын немесе процестердің уақытын оны кеңістікке орналасуын көрсетеді.
Мұндай карталар қалалардың өсуін, дамуын, урбаналануын, мұздықтардың орналасуын атмосфералықұ құйындардың араласу жолдарын сипаттайды.
Арақатынас карталары екі немесе бірнеше құбылыстардың дәрежесін және кеңістікте арақатынасын мінездемесін айтамыз. Мысал ретінде морфоструктуралық карталарды атасақ болады.
Арақатынас карталарын құру үшін көбінесе математикалық, статистика есептеріне сүйенеді. Мұндай карталар көбнесе территориялар аудандастыру жолдарымен құралды.
Фукнционалды типтегі карталар-қазіргі күнде тематикалық картографияда күнделікті картада жаңа типтері өңделуде. Қолданушылардың ғылыми-практикалық қажеттіліктерін толықтыру үшін қазіргі таңдағы әр-түрлі функциядағы типтегі карталар пайда болған. Инвентаризациялық, индикациялдық, кеңес беру және т.б.
Ауыл шаруашылық карталарды бір жағынан територриялардың кеңдігін және бидайдың өнімділігін, гидрологиялық карталарда потенциялды эенргоресурстарды көрсетеді.Бірақ мұнда қиындықтар кездеседі, өйткені, картада біршама құбылыстарды көрсету қиын.
Системалық карталар-обьектілердің толық бейнелер берді.Бұл карталар және компонентті обьектілердің мағынасын бермейді, бірақ олар туралы толық мағана береді.Көбнесе системалық картада типологиялық-территориялық комплексті көрсеткіштері арқылы аудандастыруды бейнелейді.Оған мыналар жатады:ландштафты,инжинер-геологиялық, ауылшаруашылық аудандастыру және т.б.
Картографиялық семиотика-шартты белгілерді пайдалана отырып картаны көптеген графикалық модельдерін айырып отыратын: мысалы аэрофото және космостық суреттерінің пейзқаждарын анықтау.
Картографиялық семиотиканың құрамына - карта тілі, картографиялық белгі деген ждалпы теория системасы бар. Картографиялық семиотика 3 бөлімнен тұрады.
Картографиялық сим тактика-белгі системаларының құрылу ережелерін, пайдалануын оқытады.
Картографиялық семантика-семантика шартты белгілер мен көрініс пен объектілердің ара – қатынасын болмысын үйретеді.
Планға қарап жер бетін қағазға жалпы сипатын, ондағы заттардың орыны, бір-бірімен арақашықтығын дәл анықтауға болады.
2. Планға заттардың пішіні оның төбесінен қарағандағымен бірдей болады. Сондықтан онда 2 және одан да көп қабатты үйлер бірдей болып шығады, себебі ағазға олардың тек қана алып жатқан орны сызылады.
Шартты белгілер.
Пландағы заттардың бір-бірімен ажыратып тану үшін олардың үстіне жазып қою керек. Бірақ онда бүкіл сызбаны жазу басып кетер еді де, мұндай сызбаны түсініп оқу қиын еді. Сондықтан пландағы жер бетінің сипатын оңай елестету үшін оған шартты белгілер қолданылады. Шартты белгілердің суреті немесе түсі көп жағдайда планда бейнелейтін заттардың ерекшелігін көрсетеді. Мысалы; жеке дара ағаштың, жел диірменнің сол сияқты заттардың белглері олардың нақты кескіні елестеді. Жер бетін біріңғай жауып жататын немесе бір-бірімен тығыз байланысты объектілер тобы біріңғай бояу арқылы орман-жасыл, бұта, өсімдігі қаулап өскен жер үстіне белгілі қойылған солғын жасыл т.с.с. бояумен боялады.
Абсолют және салыстырмалы биіктіктер.
Планда жер бедерін бейнелеу үшін жер бетіндегі нүктелердің биіктіктерін білу керек. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар бар. Олардың қаншалықты биік немесе аласа екендігін бірдей деңгейден есептеп қана білуге болады. Ондай бастапқы деңгей ретінде мұхит немесе оның бөлігі болып табылатын теңіз беті алынады.
Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен абсолют биіктік деп аталады.
Теңіз деңгейінен жоғары жатқан нүктелердің биіктігі-оң, төмен жатқан-теріс деп есептелінеді.
Жер бетінің кез-келген нүктесінің басқа бір нүктеден биік айырмасы салысчтырмалы биік деп аталады. Мысалы,; төбенің басы етегінен 20 метр биік десек, бұл салыстырмалы биіктік болады. Жер бетіндегі салыстырмалы биіктіктер деңгейлегіш құралының көмегімен анықталады.
Горизонтальдар.
Жергілікті жердің планда және топографиялық картада жер бетінің ой-қыры горизонталь сызықтармен бейнелейді. Горизонтальдар деп биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтыардыайтады. Горизонтальдар топографиялық карталарда белгілі бір биіктік сайын жүргізіледі. Бұл мөлшер қатарының масштабынна және жер бедероінің ыңғайына қарай белгіленеді. Мысалы; 1:10 000 масштабтағы топграфиялық картада горизонтальдар теніс жазықтықа 2,5 ме,тр сайын, ал қыратты жерде 5,0 метр сайын жүргізіледі. Жер бедерінің сипатын анықтауда оңайлату үшін картада кейбір горизонтальдардың және нүктелердің биктігі жазылып қойылады.
Цифрмен жоғары жағы әрқавшанда өрге, алғы ылғида горизонтальдарға кесе-көленең қойылған сызықша – бергштрих (немісше-бергтау, штрих-сызық легенді білдіреді) қосымша шартты белгілер қолдану арқылы бейнелейді. План күнделікті өмірде өте қажет.кез-келген ірі құбылыс, зауыт, фабрика, су электр станцияларын судан бұрын сол жердің пыланын сызады.
Картада қолданылатын шартты белгілер үш топқа бөлінеді:
-
Нүктелер: олар объектілерді көрсету үшін қолданылады.
Мысалы: мұнай шығаратын жерлерде немесе ұсақ масштабтағы торыптарда.
2. Сызықтық: сызықтық обектілерде көрсетілген және сонда қолданылады. Мысалы: өзен, жол, бекара, тектоникалық бұзылымдар. Олар ұзындық бойынша масштабты, бірақ ендік бойынша масштабсыз.
3. Кеңістік: олар картада өзінің көлемі мен келбетін сақтап қалатын объектілерді қолданылады.
Лек №2.
Тақырыбы: Карта және план.
Жоспар:
-
Жергілікті жердің планы.
-
Планның және картаның шартты белгілері.
-
Абсалюттік және салыстырмалы биіктіктер.
Геодезиялық өлшеулер мен жекелнген учаскілердің түрлері түсірулері жер беті, оның сапалық жағдайының өзгеруі заңдылықтары, физикалық кеңістік, табиғи, жер ресурстарының халық шаруашылығының барлық салаларында пайдалануға әлеуметтік-экономикалық ерекшелітері туралы жергілікті дәрежеде толық мағлұмат бере алмайды. Халық шаруашылығына қажетті осы сияқты және т.б. мәліметтерді картография береді. Картография уақыт пен кеңістіктегі процестер мен құбылыстарды өзара байланысы және өзгеруі туралы географиялық карталарды жасау мен әдістерді пайдлану туралы ғылым.
Карта дегеніміз жер бетінің едәуір территориясының Жердің қисықтығын еске ала отырып картографиялық проекцияда салынғын жазықтықтағы кішірейген кескіні. Карта арқылы шешілетін міндеттердің сан алуандығы мазмұны жағынан да, олардың масштабтары жағынан да әр түрлі карталардың қажеттілігін тудырады. Мазмұны жағынан географиялық карталар жалпы географиялық және топырақтық болып бөлінеді.
Жалпы географиялық карталарда жер беті туралы физикалық-географиялық мәліметтер (бедер, топырақ, өсімдік, гидрография және т.б.) және ада қызыметімен байланысты объектілер (елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жол торабы және т.т.) кескінділеді. 1:10 000 - 1:1:000 000 масштабтағы жалпы географиялық ткарталар деп аталады. Олар ірі масштабта –1:500, 1:1000, 1:2000, 1;5000, 1:10000, 1:25000, 1:50000, орта масштабты – 1 : 100000, 1:200000, ұсақ масштабты – 1:500000, 1: 1000000 болып бөлінеді. 1:500, 1: 1000, 1: 2000 және 1:5000 масштабтағы топогрыфиялық пландар деп аталады. Жер бетінің учаскесі бедерінің контурлары мен пішіндерін горизонталь проекцияда қағаз бетінде кішірейтіп және осы сияқты кескіндеуі (Жер қисықтығы ескерілмейді) топографиялық план деп атайды.
Ұсақ масштабты карталары халық шаруашылығының дамуын негізгі жобалау кезінде жерді жалпы зерттеуге, су кеңістігінің және жер бетінің қорларын есепке алуға, күрделі инженерлік объектілерді алдын ала жобалауға, елңміздің қорғаныс мүддесіне арналған.
Орта масштабты карталар егжейлі-тегжейлі мазмұнға және неғұрлым жоғары дәлдікке ие болады; олар ауыл шаруашылығында егжейлі-тегжайлі жобалауға, жолдары, трассаларды, электр жеткізу желісін жобалауға селолық елді мекендерді алдын –ала жоспарлау және салуға, пайдалы қазбалардың қорын барлау және іздестіруге арналған.
Ірі масштабты карталар мен әр алуан жұмыстарды неғұрлым дәл егжейлі-тегжейлі жобалау (суландыру, құрғату, көгалдандыру, қалалардың басты жоспарларын жасау, инженерлік тораптарды және коммуникацияларды жобалау)
үшін жасалады.
Жер бетінің планы ұшақтан түсірілген фотосуретке негізделіп жасалады. Осымен қатар шағын жердің планын тікелей жер бетінде өлшеулер арқылы да жасауға болады.
Планға түсірумен айналысу үшін үлкендігі 40х30 см аржа тақтайға (планшетке) тығыз ақ қағаз жапсырылады.
Оның сол жақтағы жоғарғы бұрышыына сүргішпен “С” әріпін жоғары қаратып компас бекітіледі. Қағаздың сол шетіне солтүстік-оңтүстік бағытын көрсететін бағдарша, төменгі жағынан сызық масштаб сызылады. Оны алынған сандық масштабқа сәйкес белгілеп жазып қою керек.
Кез келген нүктеде жер бетін түсіру жұмыстарын атқарарда алдымен планшет компас бойынша бағдарланады. Олүшін магнит тілінің бағытын қағазға сызылған бағдаршаның бағытына сәйкес келгенге дейін бұру керек.
Айнала нысаналау әдісі шағын жерді планға түсіру үшін қолданылады.Бұл әдіспен жер беті бір нүктеден қамтылады. Мысалы, шағын алқапты планға түсіру қажет болды делік. Түсіруші планшетті бағдарлап алғаннан кейін ең алдымен қағазға өзі тұрған нүктені белгілейді. Одан әрі кезекпен ағашқа (1), өзінің иілістеріне қарай (2, 3, 4, 5-нүктелер) көздеп сызықтар жүргізеді. Нысаналарға дейінгі қашықтықтар тікелей өлшенеді. Олар әрбір сызықтың бойына масштабқа сәйкес салынады. Жеке ағаш, өзен, бұта және шалғын шартты белгілермен.
Көлденең сызықтар әдісі жолға жақын, екі қапталда орналасқан заттарды планға түсіру үшін қолданылады. Бұл әдіс орманның, тоғайдың, өзеннің және т.б. иректелген жиек сызығын түсіруге қолайлы.
Айналып шығу әдісі. Егер планға түсірілетін жер аумақты болса, оны түгелдей айналып шығуға тура келеді. Айнала жүру жолы ретінде кәдімгі жол, өзен бойы, сайдың табаны, тоғайдың шеті және т.б. таңдап алынады.Бұл жағдайда жер бетін планға түсірудің басқа әдістері аралас қолданылыды.
Жұмыс мына ретпен атқарылады.
1) Әр нүктеде планшет компас бойынша және жер бетіндегі заттарға сәйкестендіріліп бағдарланады.
2) Төңіректегі заттар планға түсірілгеннен кейін келесі нүкте нысанаға алынып, сол бағытта сызық сызылады.
3) Бір нүктеден екінші нүктеге дейін қашықтық өлшеніп, алынған масштабқа сәйкес белгіленеді.
4) Жлодың екі жағынан заттар көлденең сызық немесе айнала нысаналау әдісімен түсіріледі.
Планда жер бедерін бейнелеу үшін жер бетіндегі нүктелердің биіктіктерін білу қажет.
Жер бетінде таулар, қыратттар, ойпаттар бар. Олардың қаншалықты биік немесе аласа екендігін бірдей деңгейден есептеп қана білуге болады.
Ондай бастапқы деңгей ретінде мұхит немесе оның бөлігі болып табылатын теңіз беті алынады.
Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін абсолют биіктік деп аталады.( латынша абсолют – толық, сөзсіз).
Бұрынғы Кеңес Одағы аумағында жер бетінің абсолют биіктігі Балтық теңізі деңгейінен бастап есептелеінеді. Ол жерде биіктік – оң, төмен жатқандарынікі теріс (-) деп есептелінеді.
Жер бетіндегі кез келген нүктенің басқа бір нүктеден биіктік айырмасы салыстырма биіктік деп аталады. Мәселен, төбенің басы етегінен 20 м биік десек, бұл салыстырма биіктік болады.
Жер бетінде салыстырма биіктіктер деңгейлегіш құралдың көмегімен анықталады.
Жергілікті жердің планында және топографиялық картада жер бетінің ой-қыры горизонталь сызықтармен бейнеленеді. ( герекше гоизон – шектеуші). Горизонтальдар деп биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтарды айтады.
Горизонтальдар топографиялық картада белгілі бір биіктік сайын жүргізіледі.(1 м, 2,5 м, 5 м, 10 м, т.с.с.) Бұл мөлш ер картаның масштабына қарай белгіленеді.Мәселен, 1:10000 масштабтағы топографиялық картада горизонтальдар тегіс жазықта 2,5 м сайын, ал қыратты жерде 5,0 сайын жүргізіледі.
Жер бедерінің смпатын анықтауды оңайлату үшін картада кейбір горизонтальдардың және нүктелердің биіктігі жазылып қнйылады. Цифрдың жоғарғы жағы әрқашанда өрге, аяғы ылдиға қарап тұрады. Сонымен бірге ылдидың бағытын горизонтальдарға кес-көлденең қойылған сызықша – бергштрих (немісше берг – тау, штрих – сызық) көрсетеді.
Жер бетінің кейбір горизонтальдармен түсіруге келмейтін бедері (жаоқабақ, жыра, т.с.с.) қосымша шартты белгілер қолдану арқылы бейнелейді.
Лек. № 3
Тақырыбы: Жергілікті жерді бағдарлау. Жер бетінде
қашықтықты өлшеу.
Жоспар:
1.Тұрған жердің бағытын анықтау
2. Азимут бойынша жол табу.
3.Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу.
Бағдарлау дегеніміз – көкжиек тұстарын, бақылыушының өзінің тұрған орнын және жүру бағытын анықтау.
Бейтаныс жерде бағдарлау үшін ең алдымен көкжиек тұстарын табу керек, содан кейін барып өзіңнің тұрған жеріңді анықтайсың. Көкжиектің тұстарын Күнге, Темірқазық жұлдызына және жергілікті белгілеріне қарап анықтау тәсілдері белгілі. Дәл бағдарлау үшін компасты қалай пайдалануға болады.Көкжиектің негңзгі және аралақ тұстары бағытты тек тұспалдап қана білдіре алады. Ал компастың көмегімен жүретін жолды дәлме-дәл анықтауға болады. Ол үшін компаспен азимутты өлшейді.
Азимут (арабша ас-сумут – жол) дкп белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрышты айтады. Азимут компастың магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0 градустан 360 градусқа-қа дейін еаептелінеді.
Толық шеңбер 3600 – тан тұрады. Соған сәйкес компастың циферблаты 3600 - қа бөлінген. 0 0 - солтүстік, 900 - шығыс, 1800 -
оңтүстік, 2700 - батыс бағытқа сәйкес келеді.
Карта бойынша немесе жкр бетіндегі азимутты табу үшін коипасты дәлдәп қойғаннан кейінгі алынған нүктеге қарай жүргізілген бағыт циферблаттың қай градусына тура келетінін байқаймыз.
Қараңғы түнде, қалың тұман, ақ түтек боранда, сандай-ақ орман ішінде немесе тұлдыры жоқ жазық жерде жол тауып жүру қашанда қиын. Мұндай жағдайда алдын ала тағайындалған деректер бойынша бағдарды компаспен белгілейді де, жүрген қашықтықты өлшеп отырады. Бұлай жол тауып жүруді азимут бойынша жүру дейді.
Азимут бойынша жүру үшін қажетті деректер картадан алынады. Мұндағы алға қойылытын шарт – жергілікті жерде қажетті бағытты таба білу, компастың көмегімен сол бағыттан айнымай жүріп отыру, соның нәтежиесінде бнлгіленген жерден тура шығу. Бұл әдісте жол жүруші бір бағдардан екінші бағдарға дейін жетіп отырады. Қажетті деректер қлодан сызып алынған жол сызбанұсқасына белгіленеді. Есеатеп жатпау үшін дағдардың метр есебімен көрсетілген ара қашықтығын қос қадам есебіне айналдырып алған жөн.
Жер бетін планға түсіру үшін тек қана заттардың бір-біріне қай бағытта орналасқанын анықтау жеткіліксіз. Сонымен бірге олардың мөлшерін, бір-біріне ара қашықтығын да білу керек.
Жер бетіндегі қашықтық таспамен, өлшеуіш ашамен және басқа түрлі құралдармен өлшенеді Онша үлкен дәлдік қажет болмаған жағдайда қашықтықты қадаммен де анықтауға болады.
Жасына және бойына қарай адамдардың қадамының ұзындығы біркелкі болмайды. Сондықтан әр адам өз қадамының орташа ұзындығын анықтап алу керек. Ол үшін тегіс жерден 100 м қашықтық өлшеп алынады. Бұл қашықтықты қадамдап 3 рет жүріп өтіп, оның орташа мөлшері шығарылады.
Мысалыға, 100 м жерді жүргенде бірінші рет 154, екінші рет 153, үшіеші рет 155 қадам шықты дейік. 154+153+155=462:3=154 қадам. Ьір қадамның орташа мөлшері 100 м : 154 =0,65 м.
Топсеруен кезінде, алыс жол жүргенде сан көбейіп кетпеу үшін қашықтықты қос қадаммен санау қолайлы. Қадамдау сол аяқан басталады да, есеп оң аяққа келіп отырады. Біраз жаттыққанға дейін сол аяққа және деген сөз сәйкес келіп отырады. Мысалы, “және бір, және екі, және үш, т.с.с.”.
Жер бетінде өлшенген кез-келген қашықтық қағазға әлденеше есе кішірейтілген түрде түсірілгендігі сендергі белгілі.
Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан масштаб (немісше мас-өлшеу, штаб-таяқ) деп аталады. Масштабтың адамы әрқашанда 1-ге тең, бөлімі кішірейту мөлшеріне сәйкес келеді. Мәселен, 1:10 000 десек, бұл жер бетіндегі қашықтық 10 000 есе кішірейтіліп алынды деген сөз.
Бөлшек санмен көрсетілген масштаб сан масштаб деп аталады. Неғұрлым бөлшектің бөліміндегі сан көбейген сайын, соғұрлым масштаб ұсақ есептеледі. Керісінше бөліміндегі санның мөлшері аз болған сайын, масштаб ірілене береді. Мәселен, 1:10 000 масштабы 1:50 000 масштабқа қарағанда ірі. Планның немесе картаның масштабы сөзбен де жазылады 1:10 000 масштабы сөзбен 1см-да 100м (10 000 см-ді метрге айналдырғанда 100 м) деп крсетеді. Мұны атаулы масшатб дейді.
Планнан немесе картадан қашықты анықтау үшін екі нүктенің аралығын сантиметрмен өлшейді. Масштабтың мөлшерін алынған сантиметр санына көбейтеді.
Бұлай есептеп отыру қортынды пайдалануда қолайсыздық тудырады. Сондықтан қашықтықты арнайы есептеп жатпай-ақ бірден анықтау үшін сызық масштаб қолданылады. Ол өзара паралель қатар екі сызықтан тұрады. Сызық көлденең сызықшалармен өзара тең кесінділерге бөлінеді. Бұл кесінділердің әрқайсысы атаулы масштабта көрсетілетін санға тең етіп есептеп алынады. Сол жағындағы ең шеткі кесінді онан әрі ұсақ, бір-бірне тең бөліктерге бөлшектенеді. Бұл сызық масштабтың ең кіші бөлігі. Планнан немесе картадан алынған кесіндінің ұзындығын анықтау үшін өлшеуіш церкульдің бір басы сызық масштабтағы тұтас кесіндіні қамтып қойылады да, екінші басы кіші бөліктерге келтіріледі. Сонда нөлден оңға қарай масштабқа сәйкес келетін тұтас сандар, сол жағынан оған қосымша ұсақ мөлшерлі сандар алынады.
Жер бетін картаға түсіру үшін таңдап алынған масштаб әр түрлі. Шағын аумақтардың картасы ірі масштабта жасалады. Ондай карталар күнделікті тұрмыста шаруашылық қажеттерін өтеу мақсатында пайдалынады. Шағын аумақтар план (масштабы 1: 5000, 1:2000, 1:1000 және одан ірі) және топографиялық картада (1:10 000-нан 1:10 000-ға дейін) бейнеленеді.
Лек № 4
Тақырыбы: Ұсақ масштабты карталардың математикалық негізі.
Жоспар:
1.Географиялық глобус жер шарының кішірейтірілген пішіні
2.Глобустың көмегімен шешілетін мәселелер .
3.Бұрмаланудың түрлері
4.Картографиялық тор.Конустық проекция
Картографиялық проекциялар мен элипсоид бетінен жазыққа ауысуы барысында пайда болатын бұрмаланулар болмысы.
Глобус(латынша-шар деген сөз)-жердің нақты үлгісі, сонымен бірге жердің (шар тәріздес пішінін дәл көрсететіндіктен ғана емес) бетіндегі материктің, мұхиттың, аралдың,теңіздің,көлдің алып жатқан ешқандай бұрмалаусыз дәл бейнелеуіне айтылған.
Глобуста меридиандардың солтүстік және оңтүстік полюстері бастыра жүргізілген шеңберлер(латынша-меридин-талтүстік деген сөз). Барлық мериандардың ұзындықтары
бірдей.Паралельдер-меридиандарға кесе-көлденең жүргізілген шеңберлер (грекше-қатар жүруші). Олардың ұзындығы экватордан полюсіне қарай қысқара береді де, полюске барғанда нүктеге айналып кетеді. Ең ұзын экватор (теңдеуші).Жер экваторының е-40 000км ден артық.
Географиялық координатар жер шарының бетіндегі кез-келген нүктенің орны, оның географиялық координаттары арқылы бейнеленеді (латынша:кобірге,ординатор-реттелген деген сөз) географиялық координатторлар ендікпен бойлықтан тұрады.
Географиялық ендік деп- нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығын айтады.
Ендік экватордан полюсіне қарай қарай 0 градус пен 90 градус аралығында есептеледі.Экватордан солтүстік полюісіне дейін- солтүстік ендік(с.е.), оңтүстік полюсіне қарай оңтүстік ендік(о.е.) деп аталады.
Ендік глобуста бастапқы меридианның бойына экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай= сызықтарының үстіне жазылады.
Біздің еліміз түгелдей солтүстік жарты шарда, яғни экватордан солтүстікке қарай орналасқан.Сондықтан оның кез-келген нүктесінің ендігі с.е. деп есептеледі. Мысалы А С Т А Н А қаласы 40 градус пен 60 градус=дің аралығында жатыр, дәлірек айтқанда 51 градус с.е.
Географиялық бойлық деп жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығын айтамыз.
Глобустағы кез-келген нүктені бастырып меридиан сызығын жүргізуге болады.Лондон қаласының түбіндегі Гриневич овсерваториясын басып өтетін меридиан халықаралық келісім бойынша бастапқы меридиан ретінде қабылданған.Ал екінші сөзбен айтқанда нөлдік меридиан болып есептеледі.
2. Глобусты пайдаланып жер бетіндегі кез-келген нүктелердің ара қашықтығын өлшеуге болады. Мектепте оқу мақсатында 1:30 000 000 пен 1:83 000 000 арасындағы масштабты глобустар пайдаланды. Бұлар ішіндегі ең ірісінің өзіне –ақ жер бетіндегі қашықтық 30 млн есе кішірейтіліп алынған, яғни 1 см жер бетіндегі 300 км ге тең. Бұдан шығатын қорытынды осы ең ірі деген масштабтың өзі глобустағы жер бетін егежей-тегежейлі көрсете алмайды. Бұл глобустың басты кемшілігі. Қашықтықты анықтау үшін нүктелер арасын жіппен өлшеп алады да сызғышқа салады.
Мысалы. 1:30 000 000 (1 см-300км) масштабтағы глобустан өлшенген қашықтық 5 см болды дейлік. Сонда оның жер бетіндегі қашықтығы 5 см х 300 км = 1500 км.
Жер бетін егежей-тегежейлі түсіру үшін төте үлкен глобус жасауға тура келеді. Мысалы, жер бетін 1 см –10 км (1:1 000 000) масштабта бейнелеу үшін көлденеңі 6 метрден астам глобус жасау керек. Ондай глобус пайдалануға ыңғайсыз. Сондықтан жер бетіндегі заттар мен құбылыстарды мейлінше толық көрсету үшін оның жазықтықтағы сызбасы карта жасалынады. Картаның басты артықшылығы-оның жер бетін түгелдей немесе жеке бөліктерге бөліп ірі масштабта қандай жағдайда шардың бетін жазықтыққа түсіріп бейнелегенде еріксіз ауытқушылықтар пайда болды.
3. Жер шарының бетін жазықтыққа түсірудің нәтижесінде жасалған. Жерді екі жарты шарға бөліп бейнелеу шардың ешқандай бұрмалаусыз жазып көрсетуге мүмкіндік береді.
Жер бетінде өлшенген қашықтықта қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгенін көрсететін бөлшек сан масштаб (немісше мас-өлшеу, штаб-таяқ дегенді білдіреді).
Мысалы. 1:10 000 000 десек, бұл жер бетіндегі қашықтық 10000 есе кішірейтіліп алынады деген сөз.
Бөлшек санымен көрсетілген масштаб сан масштаб деп аталады. Неғұрлым бөлшектің бөліміндегі сан көбейген сайын, соғұрлым масштаб ұсақ деп аталады.
Карта бетінде не шардың немесе эллипсоидтың математикалық дәлдікпен түсірген түрін-картограиялық проекция деп аталады. Яғни шардың бетін әр-түрлі айла-тәсіл қолданылып түсіреді, сол себепті карта бетінде бұрмаланулар пайда болады. Бірақ ешбір картографиялық проекция жер бетін бұрмалаусыз түсіре алмайды, өйткені ол мүмкін емес. Картографиялық проекцияның мақсаты-сол жер бетін математикалық дәлдікпен түсіріп беру.
Картографиялық проекцияда бұрамланудың келесі түрлері болды:
-
ұзындық бұмалану-бұл картада масштаб нүктедегі бағытта тұрақсыз, ал сызықтың ұзындығы мен арақашықтығы бұрмалануға ұшырайды.
-
Аудандық бұрмалану-картадағы масштаб әро ауданда әр түрлі, бұл бұрмалануда объектілердің дәл өлшемдерін ұшыратады.
-
Бұрыштық бұрмалану – картадағы бұрышпен бағыттар бұрмаланады, сол жерге қарағанда (бұрышына)
Бұрмалану проекциялардың классификациясы
-
Ұлы теңдік проекция ауданы бұрмалаусыз сақтайды, бұл объектілердің аудандарын өлшеуге ыңғайлы.
-
Тең бұрышты проекциялар-проекциялар бұрыштармен формаларын бұрмалаусыз сақтайды. Бұл проекция азимутты табуына ыңғайлы.
-
Тең аралық – бұл жерде ұзындықтары меридиан мен сақтайды.
-
Өндірістік немесе өңделген – бұл проекцияны жасауда әркім өз керегін тауып (бұрмалаусыз) алады.
2. Жарты шарлар картасындағы экватор және әрбір жарты шардың орта меридианы-түзу сызықтары. Глобустың және карталардың өн бойында меридиандар мен = тұрақты түрде белгілі бір градус сайын жүргізіледі. Сондықтан ІІ мен = сызықтардың қилысуынан пайда болған тор градус торы деп аталады. Географиялық тор байлықпен ендіктен тұрады, ендік экватордан басталса, бойлық Гриневич 0 гродустан басталады. Географиялық тор елдер координаттарды, ара қашықтықты есептеп шығаруға болады.
ІІ мен = сызықтарының көмегі мен картадан географиялық координаторлардың оңай анықтауға болады. Ол үшін алдымен нүктелерінің қандай ендіктердедің және қандай бойлықтардағы меридиандардың аралығында орналасқанын білу керек. Мысалы, нүкте 40 гродуспен 45 грдус с.е. –дің, 70 гродус пн 75 градус ш.б. дың аралығында жатыр дейлік.
Ендік дәлірек анықтау үшін сызғышпен екі = аралығын немесе ара қашықтығын (АИ) өлшейміз.
Картада АВ 5 градусқа тең.
Лек № 5
Тақырыбы: Карталардың жіктемесі.Картографиялық жалпыландыру. Географиялық картадағы жазулар.
Жоспар:
-
Карталардың жіктемесі
-
Картографиялық жалпыландырудың болмысы.
-
Топонимика туралы түсінік
Картаға түсірілген жер бетіндегі денелер мен құбылыстар оның мазмұнын құрайды ( грекше карта – табақ)
Мазмұнына қарай карталар үлкен екі топқа бөлінеді. Олар : жалпы географиялық карталар және тақырыптық карталар.
Жалпы генграфиялық карталарда жер бетіндегі барлық объектілер – жер бедері, жер бнтіндегі сулар ( өзендер, көлдер, теңіздер), өсімдіктер, елді мекендер, қатынас жолдары,шекаралар, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығыыының кейбір көріністері және т.с.с. байнеленеді. Олардың ешқайсысы ерекше дараланып көрсетілмейді.Жалпы географиялық карталардың мысалына топографиялық карталар жатады.
Тақырыптық карталар жалры географиялық карталардың негізінде жасалады. Оларда табиғат құбылыстарының, шаруашылық салаларының, халықтың саяси-әлеуметтік жағдайларының жеке бір түрі басққаларынан арнайы ерекшеленіп көрсетіліді. Мысалы, аталастардағы Дүние жүзінің саяси картасы, тектоникалық карта,климаттық карталар тақырыптық карталарға жатады.
Карталардың масштабына қарай жіктелуі. Масштабына қарай карталар ірі, орта, ұсақ масштабты болап үш топқа бөлінеді.Масштабы 1:100000 және онан ірілері – ірі масштабты, 1:200000-тан 1:1000000-қа дейін орта масштабты,1:1000000-тан ұсақтары ұсақ масштабты карталарға жатады. Ірі масштабты карталар – топографиялық, орта масштабтылары – топографиялық шолу, ұсақ масштабтылыры шолу карталары деп аталады. Топографиялық карталар 1:100000, 1:50000, 1:25000, 1:10000 масштабтарда жасалады. Жер бетінің одан ірі масштабта жасалатын сызбасы план деп аталады. Пландардың масштабы 1:5000, 1:2000, 1:1000 және одан да ірі болып келеді.
Пландар мен ірі масштабты (топографиялық) карталар тікелей жер бетінде жүргізілген өлшеулердің және ұшақтан суретке түсірулердің нәтежиесінде жасалады. Соңғы кездерде карта жасауда ғарынтан суретке түсіру барған сайын кеңінен қолданылуда.
Пландар мен топографиялық карталар жер бетін егжейлі-тегжейлі бейнелейтіндіктен, дәл өлшеулер мен есептеу жұмыстарын жүргізуге пайдаланылады.
Ірі масштабты карталарды қорыту арқылы топографиялық шолу және шолу еарталары жасалады.
Топографиялық шолу карталарының дәлдігі топографиялық карталарға қарағанда төмен. Сондықтан олар ед
әуір үлкен аумнқтың жалпы көрінісін шолу мақсатында қызмет етеді. Мұндай карталар әсіресе ұшқыштар үшін қолайлы.
Шолу карталары жер бетенің үлкен бөлігінің (аблыстардың, мемлекеттердің, материктердің, бүкіл дүние жүзінің) генграфиялық ерекшеліктерін жалрылама зерттеу мақсатына арналады. Сондықтан оларды көбінесе географиялық карталар деп атайды.
Шартты белгілерден бөлек карталарда әр түрлі жазулар болады. Сызылған объектілердің мағынасын түсіндіретін, олардың сапасы мен көлемінің мінездемесін түсіндіреді, мағынасының анықтамасын береді. Жазулар картаны толықтырады және де оның оқылуын құртып жіберуі мүмкін.
Сол себептен кез-келген картогрфиялық проекцияны жасау кезінде жазуларды дұрыс орналастыру маңызды қызыметін атқарады. Карталардағы жазудың үш тобын ажыратуға болады:
1. Топонимдер-картографиялық объектілердің жеке географиялық атаулары олар өзіне оранимдер – рельефтің элементтерінің атаулары: гидронимдер-су жолдарының атаулары, этонимдер-этнос аттары, зоонимдер-аңдар дүниесінің объектілерінің аттары.
Терминдер – картографиялық объектілерге қарасты түсінік береді. Мұнда жалпы географиялық, геологиялық, океанологиялық, социал -экономикалық және т.б. терминдер болуы мүмкін.
Түсіндірме жазулар мұнда сапалы мінездеме (мысалы, “шырша”, “қарағай”, “ащы”, “тұзды”, тасты” және т.б.)
-
көлемді мінездеме.
-
Хронологиялық жазулар.
-
меридианмен параллельдердің картографиялық торлардағы мағынасы.
Карта тілі дегеніміз-картографияда қолданылатын белгілер жүйесі, ол өзіне шартты белгілерді, бейне тәсілін, жасалуының ережесін құрлығынан кейінгі пайда пайдалануын, қолданылуын, оқылуын қосады.
Картаның тілі адамзаттың көрнекті тапқан маңызды элементтерінің бірі.
Барлық кезеңдерде картаның тілі жер туралы онымен бірге байланысты барлық тарауларым тікелей байланысты болып, маңызды рол атқарады.
Картографияның автоматтандырылып компютерленгеніне байланысты картаның тіліне ерекше мән беріле бастады.
Картаның тілі-ол картографияның объектілерінң бірі. Оның негізгі маңызды функциясының бірі-коммуникативті, яғни карта жасаудың, карта оқырманына біраз көлемдегі информацияны беру.
Лек № 6
Тақырыбы: Жалпы географиялық карталар
Жоспар:
-
Жалпы географиялық карталар болмысы.
-
Жалпы географиялық картадағы жер бедерінің бейнеленуі.
-
Елді мекеннің бейнеленуі
1. Карта дегеніміз-қолданылған шартты белгілер арқылы жер бетінің жазықтықтағы кішірейтілген бейнесі.
Кең алқапты бейнелейтін картада қашанда бурмаланулар болды. Жер беті глобустарда ғана дұрыс көрсетіледі.
Карта жер бетінің едәуір территориясын, жердің қисықтығын еске ала отырып, картографиялық проекцияларда салынған жазықтықтарға міндетті түрде карта пайдалынылады. Телидидармен радиоларда алдағы уақытта ауа райының қандай болатынын білу үшін алдын-ала болжам карталары жасалынады. Географиялық карталар арқылы түрлі ғылыми-зерттеулер жүргізілді. Жер бедерін, топырақты, өсімдіктерді, халықтың қоныстануын, өнеркәсіппен ауыл шаруашылық өндірісін, т.б. зерттеу картадан басталып, картамен аяқталады.
Күнделікті өмірде географтарға карталардың маңызы зор. Карта кез-келген аумақтық жалпы ерекшеліктерін көз алдына елестетеді.
Симетикалық карталар көбінесе аналитикалық карталардың сериялары бейнеленген интеграциялық мәліметтер арқылы құралды.
Динамика және арақатынас карталары тематикалық карталардың ішінде ерекше типін динамикалық және арақатынас карталары тематикалық карталардың ішінде ерекше типін динамикалық және арақатынас карталарды құрайды. Динамикалық карталар-қозғалысты көрсетеді, кез-келген көріністің дамуын немесе процестердің уақытын немесе оның кеңістікте орналасуын көрсетеді.
Мұндай карталар қалалардың өсуін, дамуын, урбалануын, мұздықтардың орналасуын, атмосфералық құйындардың араласу жолдарын сипаттайды.
Арақатынас карталары екі немесе бірнеше құбылыстардың дәрежесін және кеңістіктегі арақатынасының мінездемесін айтамыз. Мысалы, ретінде морфоструктуралық карталарды атасақ болады.
Арақатынас карталарын құру үшін көбінесе математика статистика есептеріне сүйенеді. Мұндай карталар көбінесе территорияларды аудандастыру жолдарын құрайды.
Функционалды типтегі караталар-қазіргі күнде тематикалық картографияда күнделікті карталардың ғылыми-практикалық қажеттіліктерін толықтыру үшін қазіргі таңда әр-түрлі функциядағы типтегі карталар пайда болған, инвентаизациялық, иникациалдық, кеңес беру және т.б.Ауыл шаруашылық карталарды бір жағынан
территориялардың кеңдігін және бидайдың өнімділігін, гидрологиялық карталарда потенциалды эенргореурстарды көрсетеді.
Мысалы ретінде-метрологиялық карталар. Мұнда ауа мен топырақтың темпьературасы желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашынның көлемімен түрін
қортындайы барлық ауа-райы құбылыстарын көрсетеді. Бірақ мұнда қиындылықтар кездеседі, өйткені, картада біршама құбылыстарды көрсету қиын.
Симетикалық карталар-объектілердің толық бейнелерін береді. Бұл карталар жеке компонентті объектілердің мағынасын бермейді, бірақ олар туралы тұтас түсінік береді. Көбінесе симететикалық карталар типологиялық-территориялардың комплексті көрсеткіштері арқылы аудандастыруды бейнелейді.
Жер бедерінің бейнеленуі қат-қабат бояулармен көрсетіледі.
Әр түрлі бояу сәйкес келетін биіктік сатыларының шекарасы горизонтальдармен белгіленеді. Бірақ олардың бір-бірінен биіктік айырмасы топографиялық карталардағы сияқты тұрақты болмайды, өзгеріп отырады. Мәселен, мектеп атласындағы жарты шарлар картасында горизонтальдар 0, 200, 500, 2000, 3000, 5000 м сайын жүргізілеген. 0 метрден төмен жатқан жерлер қою жасыл, 0-200 м аралығы солғын жасыл, 200-500 м аралығы сарғыш түске, т.с.с. боялған. Әр түрлі бояудың қандай биіктіктерде сәйкес келетіндігі картаның төменгі жағындағы биіктік шкаласында көрсетілген. Биіктік шкаласын пайдаланғанда ерекше ескеретін жағдай-бір бояудың шегінде биіктік көрсетілетін барлық жерде бірдей болмайды-төменгі горизонтальдан жоғарғы горизонтальға қарай бірте-бірте өсе береді.
Тау шыңдары мен құрлықтағы терең ойыстардың теңіз деңгейінен биіктіктері цифрмен бөлек белгіленеді. Мәселен, Тянь-Шаньдағы Хантәңірі 6995 м, Алтайдағы Ақтау (Мұзтау) 4506 м, Маңғыстаудағы Қарақия ойысы – 132 м (“--” таңба нүктенің теңіз деңгейінен төмен жақындығын көрсетеді).
Жер беті суларының бейнеленуі – мұхиттар, теңіздер, көлдер көгілдір немесе көк түске бояалады. Бояудың реңі тереңдікке байланысты өзгереді-тереңдеген сайын бояудың түсі де қоюлана береді. Құрлықтың бедері сияқты теңіз түбінің бедері де белгілі бір тереңдік сайын ерекшеленіп бояалады. Тереңдік шамалары картаның түріне, қойған мақсатына орай түрлі мөлшерде алынады. Мектеп атласындағы жарты шарлар картасында бұл шама 0, 200, 2000, 4000, 6000 м тереңдіктерге сәйкес келеді. Әрбір мұхиттағы немесе теңіздегі ең терең шұңғымалар цифр қою арқылы анықталады. Өзендердің ұзындығы өзінің нақты мөлшеріне қарағанда қысқа болып түседі. Өйткені шағын иілістер ұсақ масштаб бойынша белгілеуге келмейді.
Елді мекендердің бейнелеуі. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда тек қана басты елді мекендер (мемлекеттердің астаналары, аса ірі өндіріс орталықтары, тарихи қалалар және т.с.с.) түсіріледі. Елді мекендердің алып жатқан орнына дөңгелек белгілі қойылады. Қатынас жолдарынан ең маңыздылары, солардың ішінде темір жолдар мен автомобиль жолдары, теңіз кеме қатынасы қамтылады. Мемлекеттік және саяси-әкімшілік шекараларды да табуға болады.
Лек № 7.
Географиялық атлас тар.
-
Атластардың шығу тарихы.
-
Аталстардың жіктемесе.
-
Географиялық атластардың болмысы және олардың ерекшелктері.
Атлас карталардың ретті түрдегі жинағы. Комплексті парақтар немесе кітап, кітапша ретінде біріңғай орындалған шығарма.
Ең алғаш атластар ІІ ғасырда Рим империасында пайда болған. Оны әрі математик, әрі кароргроф Клавдй Птоломей жасаған. сол кездегі атлас өзіне ойкумендердің атласын қосқан ол гректермен римдіктердің әлемі, - Европаның, Африканың, Таяу Шығыстың, Оңтүстік Азияның жеке бөліктерінің 26 картасы болы.
Ең алғаш XV грекше жазулармен карталар латын тілінде аударылып, ол боялып “Космография” деген атаумен шыққан. Ұлы ашылулар кезінде ғылымдары атлас қатты таң қалдырды, себебі атласта қоршаған дүние дәл нақты көрсетілген, теңіздер, мемлекеттер, картадағы градустық торлар шартты белгілер болды.
Потолемейдің кітапшасы басылып шыққан Баланьяда басылып шықты. Ол қысқа мерзімде шығарылып, 30 рет толықтырылды.
Орта ғасырларда поратугалдықтың атласы кеңінен таралды. XVI-ғасырда картография отаны Нидерландағы көшті. Бұл кезең картографияда алтын кезең деп аталады.
1570 жылы Авраам Отелий Амстредамда “Жер шарының кереметтер” деп аталатын карталардың жинағын шығарды. Атластың 53 бетінде дүние жүзінің карталары жинақталған Америка, Азия, Африка және Европа т.б. көптеген елдердің жеке мемлекеттері бар.
Ең алғашқы қазіргі заманғы атласты “картографияның патшасы” Г.Мерктор құрды. Бұл патшалар карасы деп аталады.
2. Атластардың жүктемесі.
Атлас немесе жердің пайда болуының түрі деген атпен шығады. Осы кезден бастап картографияда атлас сөзі пайда болды. Атлас атауы мавритандық ханның аты болған, ол ғылымдары әсіресе картографияны қолдап жүретін болған. Ресейде Иван Ргозный кезіне пайда болды. Ол “чертеждар” деп аталады.
Атластардың түрлері:
-
Ғалам шарды қамтитын планеталардың атласы (Венера, Ай), құрылымдықтың, мұхиттың, географиялық аудандардың, мемлекеттердің т.с.с.
1. Жалпы географиялық.
-
Этностық немесе ұлтаралық атластар т.с.с.
-
Географиялық атластардың болмысы және олардың ерекшеліктері.
Баранскийдің айтуы бойынша - атлас жеке, бөлек қатарға жатады- музыкалық пьссадағы-опера сияқты.
Атлас өзі картографиялық энциклопедияның жинағын түсіндіреді- білімнің ретті жүйесі, соңғы кезе территорияның комплекстік ерттелуі мен оларды бағалау, терең ғылыми ізденіс үшін, табиғи ресурстардың меңгерілуі және қоршаған ортаға адамзаттық араласу нәтижелерін білу үшін арнайы арналған.
Лек № 8 .
Тақырыбы: Картографияның зерттеу әдістері.
Жоспар:
-
Карталардың бағдарламалары жайлы түсінік. Карта бағдарламасы.
-
Картаны дайындау тәсілдері.
-
Карталарды басып шығару.
Топографиялық және тақырыпты карталарды жасау екі түрлі жолмен жасалынады.
-
Ірі масштабты картографиялық дала жұмыстарын жүргізу немесе далалық картография.
-
Орта және ұсақ масштабтағы карталарды түп деректеріне сүйене отырып, лабораториялық әдіспен құрастыру немесе камеральды картография.
Далалық топография картографияны мемлекеттік топографиялық (геодезиялық) өндірістік геологиялық топырақтанулық, геоботоникалық, білімділік-өндірістік ұйымдар жасап шығарады.
Камералық картографияның жұмысы: дала жұмыстарындағы түпдеректерін жинап талдап шығару.
Камералық картографияның бірінші жолы картаны жобалау, бағдарламасын дайындау.
Камералық картографияның екінші жолы – картаны құрастыру.
Камералық картографияның үшінші жолы- картаны басуға дайындайды және көбейтеді.
Карталарды арнайы маманданған картогрфтар және де геоинформатиктер, геолог, электормен және т.б. бірлесе отырып шығарады.
2 . Картаны дайындаудың тәсілдер.
Карталардың бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрады:
-
картаның бағыты.
-
Математикалық негіздері.
-
Карталардың мазмұны.
-
Бейнелеумен жасалуының тәсілдері.
-
Түп-деректер, оларды қолдану.
-
Территорияға географиялық мінездеме сипаттама.
-
Картаны жасау технологиясы.
Картаның бағдарламаларын жасау үшін біріншіден шығарылатын картаға мақсат, тапсырма қойып, тақырыбын және қандай масштабта жасалынатынын, территориясын және бағытын береді. Мысалы, экологиялық карта.
Бағыты – қабырға картасы.
Мақсаты-картада сол ауданның проблемалары, табиғатты қорғау, жалпы эколгиялық жағдайын түсіндіу.
Бағдарламасында картаның түрі-түсі, бояуы, шрифтері, көлемі жазулары анық көрсетіулері керек.
Жалпы айтқанда бағдарламада масштабты, түсі, жазуды, қандай мақсатта қолданылатыны беріледі.
3. Карталадрды басыып шығару.
Картаны құрастырмас бұрын, алдымен түп-деректерін дайындап алынады.
Тақырыптық карталарды алдымен географиялық негізде жасайды. Бұл дегеніміз меридианымен паралелі жүргізіп алып, кейін жер бедері және т.б. сала береді.
Карталарды картогроф немесе карта шығаратын маман болу керек, оны: авторлық және құрасытрушы деп екіге бөледі.
-
авторлық экскиз-автор картаның жобасын, ережесіз жасау.
-
Авторлық макет географиялық негізде дұрыс және дәл көрсететін мазмұнын, бірақ тенологиялық тапсырысы дұрыс болмауы.
-
Авторлық түпнұсқа – қолжазба карта, картаны жасаудың барлық түрлеріне дұрыс келуі болып табылады.
-
Құрастырушы түпнұсқа-мазмұны бойынша толық және дәл, ережесі және міндеттеріне дұрыс келетін карта.
Авторлық картография жасау-картогроф немесе маман картаны мазмұны бойынша барлық стандартқа сай қылып шығарады. Ал күрделі карталарды, атластарды бір автор емес, авторлық ұжым жасап шығарылады.
Лек № 9.
Тақырыбы: Топографиялық карта және оны пайдалану.
Жоспар:
-
Топографиялық карталарды торларға жіктеу.
-
Карталардың және географиялық түрлері.
-
Топографиялық карталардың бетінде сулы нысандарды, өсімдіктерді, грунтарды кескіндеу. Жер бедерін пішіндеу.
1. Топограффиялық карталар ірі масштабтың арқасында мазмұнының баййлығы мен үлкен геометриялық дәлдігімен ерекшеленеді.
Ғылымның, мәдениеттің, шаруашылықтың және республикамыздың қорғаныс салаларында топографиялық карталар мен шешілетін сұрақтардың барлығын атап көрсету мүмкін емес.
Топорафия курсының міндеттерінің бірі 1:10 000 масштабтағы карталар Республикамыздың ең маңызды кішігірім бөліктеріне басылып шығарылды. Жергілікті жердің күрделі бөліктерінде географиялық зерттеулер кезінде қолданылса, геолоияда пайдалы қазбалар, кен орындарын детиалды зерттеу және өндіруге жобалаулар үшін қолданылады. Сонымен қатар жерді суландыру гидротехнитикалық құрылыстарда, елді мекендерді бейнелеуде қолданылады.
Жер бетін меридиан және паралель сызықтары арқылы карталардың жеке траперцияларына бөлуді жіктелу дейді. Олардың географиялық орнын белгілеуді номенклатура деп атайды.
Номенклатура кез-келген ауданның кез-келген масштабындағы картасын оңай және тез табуна көмектеседі. 1891 жылы Берен қаласында болған халықаралық географиялық конгресте бүкіл жер шарында 1:1 000 000 масштабтағы картала жасау туралы шешім қабылданды. Картаның жеке бір табағының мөлшері ендік бойынша 40 және бойлық бойынша 60 болып тағайындалады.
Миллиондық карта халықаралық карта болғандықтан бұл жіктелуді халық аралық жіктелу деп атаймыз.
2. Топографиялық карта үлкен территорияға жасалынады. Олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол-жол сызық, ал бетінің белгісі номенклатура деп аталады. Карта бетінің номенклатурасы картаның солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан. Номенклатураның жанында, одан басқа осы жерде, ең ірі болып созылатын елді мекеннің аты жазылады.
Топографиялық карталардың беті солтүстік және оңтүстік жағынан паралельдермен, ал батыс және шығыс жағынан меридиандармен шектелген. Кескінделген заттар мен жергілікті жердің контурларының географилық координаталарын анықтау мүмкіндігі болған үшін картада гробус рамкасы болады; ол картаның бетінің ішкі және сыртқы рамкаларының аралығында орналасқан.
Картада градус торынан басқа тік бұрышты зональні координаталар схемасының квадараты координаталар торы салынады. Осы торлардың квадратының әдетте километрдің толық санымен белгіленеді, сондықтан да оны километрлік деп атайды.
Жазық жалпақ пішінді келеді. Егер жазықтың мұхит деңгейінен абсолют биіктігі 200 м аспайтын болса, онда оны ой пат деп атаймыз, 200 м ден жоғары, бірақ 500 м ден аспайтын биіктік жатса жазықтықтарды-қыраттар деп атаймыз, 500м ден астам болса-таулы үстіртер деп атаймыз.
Тостаған сияқты барлық жағынан тұйық ойпанды-қазан шұңқыр деп атаймыз.
Өзек – жердің созылған ойлы жері, ол бір бағытта біртіндеп төмендейді.
Тау жотасы қырқалаларының биік бөліктері мен кейбір төбелерінің аралығында орналасқан ойпаң бөліктерді – кезең деп атаймыз.
Таудың шыңы, қазан шұңқырдың түбі, өзектің ең аласа жері-жер бедерінің өзіне тән нүктелер, суайырық және суағар жер бедерінің өзіне тән сызықтар деп аталады.
Карталар мен планда да ашық кен, үйінді, бөгет, қорымдар және т.с.с. объектілер арнайы шартты белгілер мен көрсетіледі.
Лек № 10
Достарыңызбен бөлісу: |