Лекция (2 сағат). Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері, зерттеу әдістері



бет1/26
Дата15.03.2024
өлшемі315 Kb.
#495646
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Даму психологиясы дәрістер жиынтығы Office Word.doc Лиясова


8 лекция (2 сағат). Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері, зерттеу әдістері.

Жас ерекшелік психологиясының теориялық және практикалық міндеттері. Жас ерекшелік психологиясының пайда болу тарихы. Жас ерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының мәселелері.


Жас ерекшелік психологиясының әдістері және олардың мінездемесі (бақылау, эксперимент, диагностикалық әдіс, егіздер әдісі, лонгитюдтік әдіс, көлденең кесу). Жас ерекшелік психологиясының негізгі категориялары (жас, периодизация, даму және т.б.) Жас ерекшелік психологиясының бөлімдері.


«Жас ерекшелік психологиясы» курсының міндеттері:
Педагогтың кәсіби білімі мен қызметінің ажырамас бөлігіне айналу үшін, адам дамуы туралы психологиялық білім ғылыми білімге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі: жүйеленген, жинақтап қорытылған болуы, педагогикалық құбылыстарды сипаттау және түсіндіру мүмкіндігін иеленуі тиіс. Психологиялық білім тиімді болуы, педагогикалық іс-әрекетті жобалау және жүзеге асыру құралдарын сипаттауы тиіс. «Жас ерекшелік психологиясы» пәні мынадай міндеттерді шешеді.
♦ Адам дамуының психологиясын сипаттайтын және түсіндіретін негізгі тәсілдердің қалыптасу тарихын қайта құрастырады. Психологиялық ғылым тарихында адамның психикалық дамуының негізгі проблемалары белгіленді, оларды шешудің дүниетанымдық және әдіснамалық тәсілдері қалыптастырылды, негізгі түсіндірмелік категориялар анықталды, адам психологиясы дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктері бөліп көрсетілді және мол фактологиялық материал жиналды. Адам дамуының психологиясын түсінудің әр түрлі теориялық-әдіснамалық тәсілдері әрқашан өскелең ұрпақтың оқуы мен тәрбиесіне ықпал еткен.
♦ Адамның психикалық дамуы туралы ғылымның (жас ерекшеліктері психологиясының) қазіргі жай-күйін береді. Соңғы онжылдықтарда жас ерекшеліктері психологиясында зерттеудің соны тұжырымдамалары мен бағыттары қалыптастырылды. Олардың педагогикалық практика, педагогтың практикалық қызметі үшін мән-маңызын бағалау қажет.
♦ Адамзат субъективтілігінің даму үдерісінің онтологиялық көрінісін және психикалық даму барысын жаңғыртатын категориялар мен ұғымдар жүйесін ашады. Бұл орайда білім беру түрінде – адамды дамыту сипаты ерекше болатындықтан, Педагог (кеңірек алсақ – Ересек адам) лайықты орын алуы тиіс.
«Жас» категориясын және адамның субъективті нақтылығының даму кезеңдерін құру тәсілін негіздейді. Педагогикалық практикада «жас» сөзі тұрмыстық мағынада қолданылады. Біз үшін «мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеру», «оның жасы сондай» және т.б. сөз тіркестері үйреншікті болып табылады. Бұл сөздер психикалық дамудың табиғи құрауышын абсолюттендіреді және осы үдерістегі педагогтың ролін кемітеді. Осы маңызды категорияның негізгі мағыналарын бөліп көрсетіп, оны ұғымдық тұрғыдан анықтау қажет.
Жас ерекшеліктері психологиясы бойынша алдында шығарылған барлық оқу құралдарында психикалық даму кезеңдері тек балалық шақты ғана қамтыған. Педагогтың адамзат субъективтілігінің мектеп табалдырығынан тыс даму заңдылықтарын да, ересек адамның даму ерекшеліктерін, қартаю психологиясын да білуі қажет деп пайымдаймыз.
♦ Адамның туылған сәтінен өмірінің соңғы күндеріне дейінгі оның ішкі жан дүниесінің дамуының жинақтап қорытылған көрінісін ұсынады. Мұндай міндет бұрын осыған ұқсас курстарда қойылмаған және шешілмеген. Психологиялық дамудың бір сатысынан екіншісіне көшудің заңдылықтары мен сипатын суреттеуге, адамзат субъективтілігінің даму сатылары мен кезеңдерінің алмасу механизмдеріне ерекше көңіл бөлінеді.
♦ Адамзат субъективтілігі қалыптасуының негізгі сатыларындағы психикалық дамудың нормаларын қарастырады. Бұл орайда біз норманы қандай да бір жас тобындағы дамудың орташа статистикалық деңгейінің сипаттамасы ретінде емес, ал берілген жастағы жетістіктердің жоғары мүмкіндіктерін көрсету ретінде түсінеміз. Осыған байланысты, дамудың мүмкін болатын нұсқаларын, оның индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктерін, кездесетін нормалардан ауытқушылықтарды сипаттау өзекті болып табылады.
Даму үдерісінің «жасанды» құрауышы болатындықтан, даму сатыларындағы негізгі педагогикалық міндеттерді, педагогтар мен ата-аналардың балалармен, жасөспірімдермен, бозбалалармен ықпалдастығының өзіндік стратегиясын көрсету мақсатқа сай болады деп санаймыз. Даму үдерістеріндегі педагогикалық қызметтің қалыптастырушы функциясының талдауы «Адам білімінің психологиясы» курсының жеке міндетін құрайды.
♦ Психикалық даму үдерісінің күрделілігін және көпқырлылығын, оны танып-білудің принциптік аяқталмағандығын көрсетеді; адамзат субъективтілігі дамуының жалпы көрінісін жасауда болашақ педагогты адамның қалыптасу үдерісін өздігінен зерттеуге бағдарлайды. Зерттеулер көрсеткеніндей, балалардың, жасөспірімдердің, бозбалалардың психикалық дамуы проблемаларына қызығушылық педагогтарда кәсіби қызметтің бүкіл кезеңінде сақталады.
Жас ерекшеліктері психологиясы адамның бүкіл өмірі бойындағы психикалық қасиеттері мен тұлғасының даму үдерісін зерттейді. Жас ерекшеліктері психологиясының бұл бөлімінде бала дамуының заңдылықтары мен фактілері анықталады.
Жас ерекшеліктері психологиясының психологияның басқа салаларынан басты айырмашылығы – даму қарқынына басым көңіл бөлінуі. Сондықтан оны генетикалық психология (грек тілінде «генезис» – шығу тегі, қалыптасу) деп атайды. Әйткенмен, жас ерекшеліктері психологиясы психологияның басқа салаларымен: жалпы психологиямен, тұлға психологиясымен, әлеуметтік, педагогикалық және дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты. Жалпы психологияда психикалық қасиеттер – қабылдау, ойлау, сөйлеу тілі, ес, зейін, қиял зерттелетіндігі белгілі. Жас ерекшеліктері психологиясында әр психикалық қасиеттің даму үдерісі және әр түрлі жас кезеңдеріндегі қызметаралық байланыстардың өзгеруі қадағаланып отырады. Тұлға психологиясында түрткі, өзін-өзі бағалау және талаптану деңгейі, құндылықты бағдарлар, дүниетаным және т.б. сияқты тұлғалық түзілімдер қарастырылса, жас ерекшеліктері психологиясы осы түзілімдердің баланың бойында қашан пайда болып, олардың белгілі бір жас кезеңіндегі ерекшеліктері қандай болатындығы туралы сұрақтарға жауап береді.

Сонымен, жас ерекшеліктері психологиясы – психологиялық білімнің ерекше саласы. Баланың даму үдерісін қарастыра отырып, ол әр түрлі жас кезеңдеріне сипаттама береді, демек, «жас» және «балалық шақ» деген ұғымдарды қолданады. Жас немесе жас кезеңі дегеніміз – бала дамуындағы өз құрылымы мен қарқыны бар цикл. Л.С. Выготскийдің бұл анықтамасына толығырақ біз кейін тоқталатын боламыз, ал қазір бар болғаны екі нәрсені атап өтеміз.


Біріншіден, психологиялық жас жекелеген баланың оның туылу туралы куәлігінде, ал кейінірек төлқұжатында жазылған хронологиялық жасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Өзінің қайталанбас мазмұны – баланың тұлғасы мен психикалық қасиеттерінің даму ерекшеліктері, оның айналасындағы адамдармен өзара қатынастарының ерекшеліктері және ол үшін басты болып табылатын іс-әрекеті бар жас кезеңінің белгілі бір шектері бар. Бірақ бұл хронологиялық шектер жылжытылуы мүмкін, бір бала жаңа жас кезеңіне ертерек, ал екіншісі кешірек енеді. Әсіресе балалардың жыныстық пісіп-жетілуімен байланысты жасөспірімдік шақтың шектері қатты «толқымалы болады».
Екіншіден, бастапқы жас кезеңдері балалық шақты – негізінен ересек өмірге, өздігінен еңбек етуге дайындық болып табылатын тұтас бір дәуірді құрайды. Балалық шақ – тарихи құбылыс: оның мазмұны да, ұзақтығы да ғасырлар бойы өзгеріп отырған. Алғашқы қауымдық қоғамдағы балалық шақ қысқа, ал орта ғасырларда ұзағырақ болған; қазіргі заманғы баланың балалық шағы одан да ұзағыраққа созылып, іс-әрекеттің күрделі түрлерімен толыға түсті – балалар өз ойындарында ересек адамдардың отбасылық және кәсіби қатынастарын қайталап, ғылым негіздерін меңгере бастады. Балалық шақтың өзіне тән ерекшелігі бала өмір сүріп, оқып және тәрбиеленіп отырған қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейімен анықталады.
Біздің заманымызда балалық шақ қашан аяқталады? Дәстүрлі түрде жас ерекшеліктері психологиясының бірінші бөлімі ретіндегі балалар психологиясы баланың туылғаннан 7 жасқа дейінгі даму үдерісін қамтиды. Бірақ қазіргі балалық шақ мектепке барғаннан кейін де жалғаса береді, бастауыш мектеп оқушысы бала болып қала береді. Оның үстіне, кейбір психологтар жасөспірімдік шақты да «ұзап кеткен балалық шақ» ретінде қарастырады. Қандай көзқарасты ұстансақ та, нағыз ересектіктің баланы тек мектеп табалдырығынан тыс, 15 немесе 17 жаста күтетіндігін мойындауымызға тура келеді. Жас ерекшеліктері психологиясының зерттеу тақырыбымен (осы ғылымның нені зерттейтіндігімен) танысып болған соң, бала дамуының қалай, қандай әдістермен зерттелетіндігін қарастыруға көшейік.
Психологиялық зерттеуді ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе кесінділер әдісі қолданылады: балалардың айтарлықтай үлкен топтарында нақты әдістемелердің көмегімен дамудың белгілі бір аспектісі, мысалы, ақыл-парасаттың даму деңгейі зерттеледі. Нәтижесінде балалардың осы тобына – бір жастағы балаларға немесе бір оқу бағдарламасы бойынша оқытылып жатқан мектеп оқушыларына тән мәліметтер алынады. Бірнеше кесінді алынғанда, салыстырмалы әдіс қосылады: әр топ бойынша мәліметтер өзара салыстырылып, бұл жерде дамудың қандай үрдістері байқалатындығы және олардың немен байланысты екендігі туралы қорытындылар жасалады. Ақыл-парасатты зерттеу мысалында – балабақша тобындағы мектепке дейінгі жастағы балалардың (5 жас), бастауыш мектеп оқушыларының (9 жас) және орта мектеп жасындағы жасөспірімдердің (13 жас) ойлау ерекшеліктерін салыстыра отырып, біз жас ерекшелік үрдістерін анықтай аламыз. Мұндай материалды алу үшін біз өзіміздің зерттеу мақсатымызға сәйкес жастары бойынша ерекшеленетін балалар топтарын іріктеп алуымыз қажет болады. Егер де мақсат басқа – ақыл-парасат дамуының оқыту түріне байланыстылығын анықтау болса, біз басқа топтарды – әр түрлі оқу бағдарламалары бойынша оқытылып жатқан бір жастағы балаларды іріктеп алып, салыстырамыз. Бұл жағдайда біз басқа қорытынды аламыз: ең жақсы мәліметтер алынған жерде оқыту тиімдірек; белгілі бір бағдарлама бойынша оқытылатын балалар ақыл-парасат тұрғысынан жылдамырақ дамиды, және оқытудың бұл түрінің дамытушы ықпалы туралы айтуға болады.
Әрине, кесінділерді жүргізу үшін топтарды қандай да бір белгісі бойынша іріктей отырып, психологтар балалардың арасындағы басқа елеулі айырмашылықтарды «теңестіруге» тырысады – топтарда ұлдар мен қыздардың сандары бірдей болуын, балалардың дендері сау, психикалық дамуында елеулі ауытқушылықтары болмауын және т.б. қадағалайды. Қалған көптеген индивидуалды айырмашылықтарына көңіл бөлінбейді. Кесінділер әдісінің арқасында қол жеткізілген мәліметтер орташа немесе орташа статистикалық мәліметтер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет