Лекция 2 солтүстік америкадағы тәуелсіздік үшін соғЫС



бет9/33
Дата26.05.2022
өлшемі189.45 Kb.
#458650
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
америка европа лекция

Бақылау сұрақтары:
1. Чартистік қозғалыс жөне оның әлеуметтік негізі.
2. Ирландия социалистік партиясы
3. 1832ж Парламенттік реформалар
4. Ағылшын-француз отарлық қайшылықтарының шиеленісуі
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Новая история стран Европы и Америки. Первый период. Учебник. В.Н.Виноградов, А.М.Зверев, Т.М.Исмаилов и др.; Под ред. Е.Е. Юровской и М.М. Кривогуза. М., Высш.школа. 1998.- 316с.
2. Новая история стран Европы и Америки. Учеб. для вузов/ И.М. Кривогуза, В.Н.Виноградов Н.М. Гусева и др. Под ред И.М. Кривогуза. – 3-е изд, испр, М.: Дрофа, 2003- 912с.:
3.Жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихы. 1640-1918жж. І бөлім. Оқулық/ Қ.И. Байзакованың жалпы редакциясымен. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. -288б.
Қосымша:
1.Лабутина Т.Л. Политическая борьба в Англии в период реставрации Стюартов 1660-1681гг. М., 1982.
2. Политика европейских держав в Юго-Восточной Азии в 60-х годах ХУШ в.-60-х годах XIX в. Документы и материалы. / Под ред. А.А.Губера.-М.,1962.


Лекция 9 Франция
Қарастырылатын мәселелер:
1.Өнеркәсіп революциясының мерзімдік шегі және кеш басталуының себептері.
Реставрация тәртібі
2. Францияның франко-прусс соғысынан кейінгі сыртқы саясаты

Австрия-Пруссия соғысы аяқталды, дегенмен де Пруссия маңайында барлық Германия мемлекеттерін біріктіру жоспары әлі аяқталған жоқ еді. Енді көкжиекте, кезекті, бұл жолы Пруссия мен Франция арасындағы үшінші соғыстың ауылы алыс болмады.


Кейінірек Бисмарк өзінің мемуарында 1866 ж австро-прусс соғысының аяғындағы Пруссияның халықаралық жағдайына қатысты: «Австриядан кейін Франциямен соғыс болатыны тарихи логикадан туындады», - деп айтқан. Еуропалық мемлекеттердің араласпау мүмкіндігі Бисмарк үшін тиімді. 1864-1866 жж ританияның ұстанымы, оның Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы Ресеймен конфронтациясы, Франциямен қатынасының күрделенуі Бисмаркты үміттендірді. Пруссияның Петербормен қарым-қатынасы жақсы болды. 1868ж. Наурыздағы әрекеттер француз-прусс соғысы туындаған жағдайда ІІ Александр Австрия-Венгрияға бейтараптықты қамтамасыз ету үшін қадамдар жасайды еп жорамалдады.1866ж ақпанда патша Рейске француз-прусс соғысы жағдайында өз армиясын Австрия шекарасына дейін жылжытуға уәде берді. Осы жылдың наурызында ресейдегі Пруссияның әскери агенті Швейницке бұл мақсаттар үшін 100 мың әскерін қолданатынын айтты. Берлиндегі орыс елшісі Убри 1866 ж 20 наурызында тура осындай ұсыныс жасайды және Пруссия үкіметі тарапынан да, егер австрия Ресейге қауіп төндірсе, көмек көрсететіндігі жөніндегі мәлімдемесін алады.
Патша үкіметінің жүргізілген келіссөздер және ағылшын министрлерінің мәлімдемелері Францияның жалғыз қалатындығына Бисмаркты сенімді етті. Патша үкіметі болашақ соғыста ІІІ Наполеонның жеңілуін қалады. Оның ойынша, бұл соғыс ұзаққа созылып, екі жақтың да әлсіреуіне алып келеді. Ағылшын үкіметі де осындай үмітте болды. Бұл кездері Англия Суэц каналын салып жатқан Лиссепс компаниясының белсенді әрекеттеріне байланысты Францияға сақтықпен қарады. Лондонда бұны Үндістанға қауіп ретінде көрді. Сонымен қатар Бисмарк егер Пруссия агрессор деп танылмаса, австрия-Венгрияның соғысқа араласуы ықтимал деген сенімді ақпаратты алады.
Францияға жеңілмеу үшін одақтастар табу керек еді. Бұл одақтастар Ресей, Австрия-Венгрия және Италия болуы мүмкін еді, бірақ ІІІ Наполеон олардың тарапынан болатын көмектің барынша көрсетілмеуін қаламады. Римде француз гарнизонының Папа аймағынның итальян корольдігіне қосылуына кедергі келтірді. Ресей саясатына келетін болсақ, ол 1856 ж Париж бітімін қайта қарастыруға қарсы болды. ІІІ Наполеон австрия-Венгрия одағына үміттенді және оның Босния мен Герцоговинаға деген талаптарын қолдады, бірақ ол алдағы соғыста Австрия саясатының Ресей ұстанымына тәуелді болатынын ескермеді.
Пруссияның соғысқа дайындығы 1870ж аяқталды. Соғысты бастауға қажетті сылтауды көп іздеудің қажеті болмады. Испан революциясынан кейін испан тағына ханзада Леопольд Гогенцоллерннің кандитатурасы туралы мәселе соғыстың басталуына түрткі болды. Бисмарк пен русс генералдарының бағына қарай бұл кадитатураға ІІІ Наполеон қарсы болды. І Вильгельмнің мәлімдемесіне қанағаттанбаған ІІ Наполеон өзінің елшісі Бенедеттиге болашақта Испания мұрагерлігіне Гогенцоллерндердің ешқайсысы да ұсынбайтығы жөніндегі кепілдікті прусс королінен талап етуді тапсырды. Эмседе жүрген король француз дипломатиясының бұл талабын орындаудан бас тартып, Берлинде келіссөздерді жалғастыруға уәде берді. Осы мағынада жазылған телеграмма Вольф агенттігі арқылы барлық еуропалық газеттерде жариялануы тиіс еді. Бисмарктың олынан өткен «Эмс депешасы» одан әрі өткірлене түсті.
Бисмарктың есебі Францияның шамына тию және оны соғысты жариялауға мәжбүр ету болды. Бисмарктың бұл есебі орындалды, француз палатасы мен министрлері қатты ашуға келді. 1870ж 15 шілдеде Францияның Заң шығару жиналысы соғыс несиелерін бекітті. 1870ж 20 шілдеде Франция Пруссияға қарсы соғыс жариялау туралы декларациясын қабылдады. Бұл Францияны Еуропаның қоғамдық пікірі алдында басқыншы бейнесінде көрсетті. Франция үшін соғыс ел жеке қалған қолайсыз, ал Пруссия үшін өте қолайлы жағдайда басталды.
Егер Францияда алдағы соғыс туралы көп айтылып, армияны күшейту үшін мардымсыз шаралар жасалған болса, германияда әскерді күшейтіп, барлық әскери бөлімшелерді әскери дайындыққа келтірді. Дайындықтағы айырмашылықтар әскери іс-қимылдар кезінде бірден көзге шалынды. Егер Пруссия 1 млн астам адамды жұмылдырса, Франция армиясы мобилизациядан кейін 500 мың адамды құрады.
Германияның ұлттық бірігуін аяқтауға ұмтылған немістер үшін франко-прусс соғысының бірінші кезеңі тарихи прогрессивті болды. Ал Франция герман мемлекеттерінің біртұтас мемлекетке бірігуін тежеуді және өзінің Еуропадағы басым ықпалын сақтауды мақсат тұтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет