Орташа мерзімді жоспарлау бір жылдан бес жылға дейін жасалынады. Ағымдағы жоспарлау бір жылға дейінгі кезеңде жүзеге асады және жарты жылдык, тоқсандық, айлық, апталық және туліктік жоспарлаудан тұрады. Жекелеген кәсіпорындар орташа мерзімді жоспарлауды ағымдағымен біріктіреді: өзгермелі бес жылдық (үш жылдық) жоспар құры-лады, онда бірінші жыл ағымдағы жоспар деңгейіне дейін бөлшектеліп көрсетіледі. АҚШ-та кәсіпорындарда жоспарлау бір жылдан үш жылға дейін жүзеге асады. Жапонияда жоспарлар корпорацияларда 5 жылдан 15 жылға дейін жасалады. Бұрынғы КСРО кәсіпорын деңгейінде бес жылдық және бір жылдық жоспарлар жасалды. Жылдық жоспарлар әсіресе нарықтық экономикаға өтуге дейінгі соңғы жылдары жиі реттеліп отырды. Сондықтан кәсіпорынның ағымдағы қызметін жоспарлаудың негізі тоқсандық және айлық жоспарлар болды. Қазіргі уақытта «өмір сүру» мәселесі бар кәсіпорындарда кәсіпорынның ағымдағы қызметін жоспарлау негізі токсандық және айлық жоспарлар болып табылады.
Мақсат түрі бойынша жоспарларды саралау. Қойылған мақсат маңыздылығы (мақсат түрі, жоспарлы шешімдер мазмұны немесе тартылатын инвестиция және материалды ресурстар көлемі) бойынша бөлінеді: 1) стратегиялық жоспарлау; 2) тактикалық жоспарлау; 3) оралымды жоспарлау; 4) инвестициялық жобалау; 5) бизнес-жоспар. Осылайша болашақтық жоспарлау стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған ұзақ мерзімді жоспарларды қалыптастырудан тұрады. Стратегиялык жоспарлау - сыртқы ортаның басты факторы ретінде нарықтық мүддеге, нарықты есепке алуға жоспарлауды айқын бағыттау болып табылады. Стратегиялык баскарудың құрамдас элементі ретінде стратегиялық жоспарлау - балама нұсқаны іздеудің көп кезеңді үдерісі, олардың ең тиімдісін таңдау, осы таңдаудың негізінде жалпы даму стратегиясын кұру, оны жүзеге асырудың арнайы тетігін қалыптастыру.
Әлемдік тәжірибе бойынша көбінесе ұзақ мерзімді және стратегиялык жоспарлау түсінігі қолданылады. Ұзақ мерзімді жоспарлау дамудың қалыптаскан үрдісінің алдағы уақытта болатынын және оларды жоспарлау үлгісінде болашақты бағалау үшін негіз болады. Болашақтағы дамуға өткен заңдылықтар мен құрылымдық сипаттамаларды ауыстыру, мұндай ыңғайдың ерекшелігі мен кемшілігі болып табылады, себебі болашақ өткен кезеңге қарағанда жақсы болатындығына үміттелінеді. Стратегиялық жоспарлаудың негізі болып «мақсат ағашын» және жоспарлау бағдарламасын құру, жағдайлық үлгінің негізінде жоспарлар жасау, шаруашылық әрекеттер баламаларын сарапты және матрицалық бағалау және т.б. саналады. Жалпы корпоративті стратегиялық жоспарды жасаудың ерекше кағидасы - оларды болашақтан казірге дейін кұру. Жоспарлаудың бүл нысаны ірі өнеркәсіптік кәсіпорынның стратегиялық басқару тұжырымдамасына жазылады (концерн, консорциум, картель және т.б). Стратегияны таңдау кезінде жаңа стратегияның кәсіпорынның жинақталған әлеуетіне сәйкес болуын ескеру кажет.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесінде ағымдағы қорытындыларды бағалау және сыртқы ортаны болжау негізінде стратегиялық мәселелерді анықтау жүргізіледі. Ұзақ мерзімді стратегиялық саясат қалыптасады, стратегияны біріктіру үшін орташа мерзімді жоспарлар қабылданады. Мақсаттар әрекет ету бағдарламасына, бюджетке, кәсіпорынның әрбір негізгі бөлімшелері үшін жасалған пайда жоспарына айналады. Бөлімшенің жоспарларды орындауы бойынша мәліметтері жиналады, олардың орындалуына баға беріледі және ұзақ мерзімді жоспардың (көбінесе жаңа бұйым бойынша), сондай-ақ жылдық жоспардың (көбінесе бұрынғы бұйым бойынша), негізінде жоспардан нақты көрсеткіштердің ауытқуы бойынша бақылау жүргізіледі. Ірі жапондық корпорациялардың 70-80 пайызы ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесін қолданады. Стратегиялық жоспарлау тізбекті-параллельді жүзеге асатын және келесідей төрт шешімді камтитын көп кезеңді үдеріс:
1. Бизнесті анықтау (өндірілетін өнімді, техника-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, жұмыс пен қызметті, тұтынушылық қасиетін суреттейді, сол өнім нарығының көлемін бағалау, нарықты сегменттеу);
2. Бизнес миссиясы (рөлі) - олардың сандық өлшеміндегі кептеген зерттелген мақсаттар, яғни миссия - даму мақсатын көрсететін сандық өлшемдердің жиынтығы (сатылу көлемінің өсу карқыны, нарық үлесінің мөлшері, пайдалылық және табыстылық деңгейі, таза табыстың шамасы және ақшалай айналым көлемі және т.б.).
Атқарымдық стратегия - еңбек ресурстары және қаржы, инвестиция, өндіріс, маркетинг, зерттеу облысындағы стратегия.
Бюджеттеу - бағдарлама, жоспар, стратегияның жүзеге асуын қамтамасыз ететін бюджеттерді құру және ресурстарды бөлу жүйесін қалыптастыру.
Стратегиялық жоспарлау өзінің негізінде қабылданған жоспарлы шешімдерді жыл сайын реттеу, сондай-ақ осы жоспарларды орындау бойынша сәйкес шараларды қайта қарастыру. Осыдан келіп, стратегиялық жоспарлаудың ерекше белгісі көбінесе кәсіпорынның көлемі мен мөлшеріне негізделген жоспарлы кезеңнің икемділігі болып табылады.
Тактикалық жоспарлау - кәсіпорын стратегиясының жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін, дәстүрлі қабылданатын немесе алдын ала бекітілген жетістіктер үшін қажетті міндеттер мен қорларды негіздеу үшін салдарлар жасау үдерісі.
Ішкі өндірістік шаруашылық тетігін қамтитын, техника-экономикалық жоспардың негізгіде кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің арасында байланыс орнайды, өндірісте ғылыми негізделген парапарлы және негізгі қызмет түрлері бойынша бюджеттер жасалады, сондай-ақ олардың орындалуына бақылау жүргізіледі. Қазіргі жағдайда бюджеттеу жоспарлаудың және мемлекеттік басқару мен кәсіпкерлікте бақылаудың негізгі құралы болып табылады. Кәсіпорын бюджеті - белгілі бір кезеңге кәсіпорын саясаты мен міндеттерін, мақсатын көрсететін кәсіпорынның шаруашылық операцияларының барлық аспектілерін қамтитын жоспар.
Оралымды жоспарлау қысқа мерзімді кезеңде кәсіпорын қызметінің нақты сұрақтарын шешу және тактикалық жоспарлау көрсеткіштерін нақтылауға арналған. Оралымды жоспарлау жоспардың жоғары деңгейде бөлшектенуін сипаттайды. бағыты санаулы және қолданылатын әдіс-тәсілдер әр түрлі болуымен сипатталады.
Инвестициялық жобалар (күрделі салым жоспарлары) өндірістік қуатты арттыруға бағытталған, үзақ мерзімді сипатпен сипатталады. Бизнес-жоспар жаңа кәсіпорын және ұйымның құрылуын негіздеу үшін, нарыққа шығу және шаруашылық қызметтің пайдалылығын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |