Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 10 Лабораториялық


Есептеулерге керекті мәліметтер



бет8/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.39 Mb.
#133196
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Есептеулерге керекті мәліметтер





Көрсеткіштер

Өл-шемі

Шарт-ты белгісі

Саны

1

2

3

4

Қалдықтан алынатын өнім

тонна

Аo

16000

Қалдықты пайдаланудын, жылдық шамасы

тонна

А

25600

Қалдықтың бір өлшемін жинау шығыны

тг

Ит

7

Қалдықты пайдаланбағанда табиғи ортаға экономикалық зиян (өнімнің бір өлшеміне)

тг/т

Уі

2300

Кдлдықтан өнім шығарғанда оның бір өлшеміне шаққанда табиғи ортаға экономикалық зияны

тг/т

У?

8

Қалдықтың бір өлшемін полигонда сақтау шығыны

тг/т

Ис

0,147

Қалдықты шығару және жинау қондырғысына өзіндік күрделі қаржы

тг/т

Кс

0,50

Қалдық жинайтын жердің экономика-лық бағасы

тг/га

ЦЗ

32500

Жерді қалпына келтіру шығыны

тг/га

Зр

2618

Қалдықтың бір өлшемін жинауға қажетті жер ауданы

га

3

0,000075

Қалдықты пайдаланғанда табиғи ортаның ластануының азаюы нәтижесінде экономикалық тиім мына формуламен анықталады:

Эо=(У12) Ао+А Уо;

У0уд+ УТваТсх;

уудТСНКС=7 + 0,147 + 0,15* 0,5 = 7,22 тг; Ут - (Ц3р)S = (32500+ 2618)*0,000075 = 2,68тг.

Қалдықтың атмосфераға, суға, ауыл шаруашылығына экономикалық зияны жоқ деп алынған. Сонда қалдықты пайдаланғанда табиғи ортаға болдырмаған зиян.

Эо =(2300-8)*16000+ (7,22+2,68)*25600 = 37000 тг.

Жалпы халық шаруашылық тиім:



э = эо + э1 + э2,

мұнда: Э1 - қалдықтан нақты өнім алу тиімі 11231 тг;

Э2 - қалдықтан алынған өнімді тұтынушыларға тиім 99700 тг. Сонда Э = 48300 мың/тг болады.

Қалдықты пайдаланудың жалпы (абсолютті) экономикалық тиімділігі:

Қалдықты пайдаланып өнім өндіру жалпы шығыны өнімнің бір өлшеміне 156,53 теңге, қалдықтан алынған өнімді тұтынушының шығыны өнімнің бір өлшеміне 6,38 тг артады және 15625 м2 өнім шығарылады деп алынған.

Есептеулер қалдықты пайдалану халық шаруашылығына тиімді екенін көрсетеді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Су, орман қорын кешенді пайдалану

  2. Табиғат сыйымдылығын кешенді пайдалану



21 - тақырып. Табиғатты пайдаланудағы ҒТЖ өндірістік-шаруашылық әрекеттерді экологиялау

Жоспар:

  1. Табиғатты қорғау және пайдаланудағы ҒТЖ мағынасы, ролі

  2. Өндіріс және тұтыным қалдықтарын пайдалану

Лекция мақсаты: Ғылыми-техникалық жетістіктердің басты бағыттарын айқындау

Лекция мәтіні.

1. ҒТЖ табиғат қорғау, пайдалану, оның тиімділігін арттыру жолында зор мүмкіншіліктер ашады. Соңғы ғасырда әсіресе оның екінші жартысында, ҒТЖ арқасында табиғат пайдалану, оның байлығын игеру қарқыны әсіресе артты. Өнеркәсіп бірнеше есе өсті, шикізаттың жаңа түрлері іске қосылды, энергия қуатын, жер қойнауы мен теңіз байлықтарын пайдалану көбейеді. ҒТЖ адамдарға жаңа құралдар, машиналар, химиялық заттар шығаруға, олардың үлкен күшке айналуына көмектесті. Осының арқасында адамдардың мүмкіншілігі, табиғи ортаға тигізетін әсері артты.

ҒТЖ табиғатқа екі жақты ісер етеді. Бір жағынан өндіріске көп мөлшерде шикізат қолданылып, өндіріс қалдықтары көбейіп, оның табиғи ортаға әсері артып, табиғи орта ластанады. Екінші жағынан, ҒТЖ нәтижесінде өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын шикізат мөлшері азаяды, технологиялық процестер жетілдіріледі, олардың табиғатқа зиянды әсері шектеледі, шикізаттың бір түрі екіншісімен алмастырылады, қалдықтар қайта қолданылады және табиғат қорғау шараларын ауқымды жүргізуге мүмкіндіктер ашылады.

ҒТЖ-дің басты бағытының бірі табиғат ресурстарын үнемдейтін жаңа материалдар, жаңа технология, жаңа техника қолдану арқылы табиғатқа өндірістің жағымсыз әсерін азайтады. Жалпы ҒТЖ табиғат ресурстарын пайдалануды түбегейлі өзгертуге бағытталуы керек. Оның ішінде қалдықсыз технология қолдану аса маңызды.

Қазіргі кезге дейін өндірісті экологизациялау бір жақты жүзеге асырылып келеді. Негізінен өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру, оларды тазалау, үйіп қоюмен ғана айналысып келеміз. Оның екінші тереңдеу жағы қалдықтарды болдырмау, табиғат ресурстарын үнемдеу мықты қолдау таппай келеді. М±ның нәтижесінде табиғат қорғау шығындары артып отыр. Жалпы табиғат қорғау шығындарынан басқа өндірістің әр саласында табиғат қорғау шығындарының үлес салмағы өсіп келеді. Мысалы, тау-кен өндірісінде ол өндірісті жүргізу ағымдағы шығындарыныњ 2-5%-іне, металлургияда 4-7%-іне жетті. М±ның µзінде қалдықтарды тазалау, залалсыздандыру дєрежесі төмен деңгейде қалып отыр. Тазалау дәрежесін одан әрі қарай арттыру шығынды күрт ±лғайтады. Мысалы, жылу энергетикасында газдарды тазарту дєрежесін 90%-тен 99%-ке жеткізу шығынды екі есе арттырады, ал 99,9%-ке жеткізсек, шыѓын төрт есе артады. Ќант өндірісінде ақаба суды тазарту дәрежесін 90%-тен асырғанда, оның әр процентіне қол жеткізу үшін шығынды бастапқы 90%-ке дейінгіден 10-100 есе арттыру керек. Сондықтан қалдықтарды 100%-ке жуыќ тазарту экономикалық т±рѓыдан тиімсіз. Оның ‰стіне қалдықты тазарту мәселені толық шешпейді, тек табиғи ортаға зиянын азайтады. Тазаланған қалдықтыњ өзін үйіп қоюға жер бөлу, күш, қаражат ж±мсау керек болады және ол әлеуметтік зияндар әкеледі.

Табиғат қорғау шығындарының артуы жалпы өндіріс тиімділігін кемітеді. Мысалы, біздің есептеуімізде тау-кен өндірісінде табиғат қорғау шыѓындары өнімнің өзіндік ќ±нын 4,7% арттырып, тиімділігін 13%-ке кемітеді.

Осыған байланысты 70-жылдардан бастап қалдықсыз технология қолдану, қалдықты қайта пайдалану стратегиясы басты мақсатқа айналды. Ондай технологиялар өндіріс шығындарын азайтумен қатар табиғат ресурстарын үнемдейді және табиғи ортаға зиянын азайтады.

ҒТЖ маңызды бағыттары ретінде табиғат ресурстарын кешенді пайдалану, өндіріс және т±тыну қалдықтарын қайта пайдалануды атауға болады. Қалдықтарды қайта пайдалану барлық елдерде, әсірес өнеркәсібі дамыған елдерде тез қарқынмен дамып келеді, Мысалы, Жапон, Германия елдерінде қалдыќтардың 40%-інен астамы қайта қолданылады.

2. Қалдықтарды қайта пайдалануды шектейтін технологиялық себептерден басқа да біраз мәселелер бар. Табиғат ресурстарының қалдықтарының көптеген түрі халық шаруашылық қажеттіліктен анағұрлым асып жатады. Кейбір өндірістерде, мысалы, кен өндіру, байыту, ұқсату қалдықтары негізгі өнімдерден бірнеше есе артық болады. Сонымен қатар, кейбір қалдықтарды ұқсату шығындары аса қымбатқа түсетін болғандықтан, экономикалық тиімді болмайды. Кейде қалдық өте аз мөлшерде пайда болғанда да оны өндірістік тиімді масштабта пайдалану мүмкін болмай қалады.

Қазақстан минералдық шикізат қорына бай. Барланған хром, рений, висмут қоры бойынша дүние жүзінде бірінші орын алады. Ал мыс, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, боксит, молибден, темір, көмір, мұнай, фосфор, асбест қоры бойынша алдынғы қатарда және тұратын пайдалы қазба кен орындарының көпшілігі аса ірі және ірілер қатарына жатады, сапалы және игеруге тиімділері де жетерлік.

Минералдық шикізат қорының жалпы сипаты қолайлы деуге болады. Бірақ игерілген бірталай кен өндіріс қоры сарқыла бастады. Көптеген тау-кен өндірісінің өндірістік қорында металл құрамы азайып келеді. Сонымен қатар елімізде жаңа кен орындарының ашылу мүмкіндіктері бар. Бірақ оған кө қаражат керек.

Минералдық шикізат қорын нығайтуда ҒТЖ мына бағыттарды қамтиды:

• зерттеу, бағалау және игеруді жүйелі жүргізу, әсіресе аймақтық үйлесімдік табу;

• халық шаруашылық қажеттілікті тек қана жаңа кен орнын игеру есебінен емес, шикізатты ±тымды, кешенді пайдалану есебінен қанағаттандыру, кен өндіру және кешенді ±ќсату технологиясын жетілдіру;

кен көзін болжау, барлау, зерттеу теориясын, әдістерін жетілдіру, геологиялық, экономикалық бағалау әдістерін жетілдіру;

• геологиялық барлауға қажетті жаңа техникалар шығару, қолдану және тиімді пайдалану;

• геологиялық барлау, зерделеу, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігік арттыру.

Табиғат байлықтары – жер, су, минералдық шикізат, биологиялық ресурстар, өндірістің көптеген салаларының материалдық базасы. Олардың саны және сапасы, тиімді пайдалануы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.

Қазақстан экономикасы табиғат пайдалану бағытында дамыды жіне алдағы уақытта да осы сипатта болады. Осыған байланысты табиғат ресурстарын ұдайы ұлғаймалы қалпына келтіріп, үнемдеп пайдаланудың маңызы аса зор. Табиғат қорғау талаптарын сақтамай, оның ресурстарын, әсіресе минералдық шикізат, су, жер, биологиялық қорларын ғылыми-техникалық жетістіктерді қолданбай пайдалану олардың халық шаруашылық өндірістік және өмір сүруге қолайлы табиғи орта ретінде сарқылуына әкеп соқтырады. Оның кеәбір көріністері бүгінгі күні де байқалып отыр. Мұндай кері құбылысқа қарсы шара ретінде өндірістің барлық саласында ресурс үнемдеуші, табиғатты ластамайтын қалдықсыз және аз қалдықты технология қолдану ұсынылады. Сонымен қатар қалпына келетін биологиялық ресурстары ұдайы ұлғаймалы өсіру, қорғау, пайдалануды шектеу қажет болады. Сарқылатын ресурстарды үнемдеп пайдалану, шектеулі түрлерін басқа түрлерімен алмастыру, сарқылмайтын энергия қорларын пайдаланудың осы бағыттарында ҒТЖ жетілдіру табиғат пайдаланудың бүгінгі және болашақтағы сипаты болуы керек.
Бақылау сұрақтары:

1. Өндіріс және т±тыну қалдықтарын қайта пайдалану

2. Минералдық шикізат қорын нығайтуда ҒТЖ –дың бағыттары

22- тақырып. Табиғатты пайдалану төлемдері

Жоспар:


  1. Табиғатты пайдалану төлемдері-табиғатты қорғауға, оның ресурстарын тиімді пайдалуға жұмылдыратын экономикалық механизм

  2. Табиғатты пайдалану төлемдерінің түрлері, оларды топтастыру және сұрыптау

Лекция мақсаты: Экономикалық мағынасына, атқаратын қызметіне қарап төлемдерді жіктеу.

Лекция мәтіні.

1. Табиғат ресурстарын ұтымды үнемдеп пайдалануға, табиғат қорғауға оның байлықтарын сақтауға, молайтуға ж±мылдыратын ењ басты экономикалық басқару тетігі деп қарастырамыз. Соған қарамастан, төлемдердің қызметін түрлі мағынада түсінушілік кездеседі:

1) табиғат пайдалану арендалық (жалақы), дифференциалдық төлем;

2) табиғат ресурстарының орнын толтыру шығындары;

3) айып төлемдер;

4) табиғат ресурстарын қалпына келтіру шығындары және дифференциалдық рента;

5) кендерді іріктеп өндіргенде, бос жыныстар араластырғанда төленетін айып;

6) пайдалы компоненттерді толық өндірмегені, жоғалтқаны үшін штраф;

7) кендерді өндіру, ±ќсату технологиясын орындамағанда төленетін айып;

8) табиғат қорғау шығындарын қайтару;

9) табиғи ортаны ластағаны үшін төлем;

10) табиғи ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру;

11) табиғат ресурстарын пайдалану салығы деп атайды.

Енді біреулер төлемдерді бюджетке қаржы жинау көзі деп ұғынады. Осындай әр түрлі көзқарастыњ болуына байланысты төлемдердің мағынасын, атќыратын қызметтерін қарастырып, сұрыптау қажет болады.

Табиғат ресурстарының түріне байланысты әмбебап пайдаланатын, арнайы пайдаланатын ресурстарға төлемдер ерекшеленеді. Әмбебап пайдаланатын ресурстарға жер, су, ауа, т.б. ресурстар жатады, арнайы пайдаланатындар - орман, биоресурстар, минералдық шикізаттар.

2. Экономикалық мағынасына, атқаратын қызметіне қарап төлемдерді:

1. табиғат ресурстарын пайдалану құқығы;

2. табиғат ресурстарын пайдалану;

3. табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру;

4. табиғат ресурстарын пайдалануды шектегені үшін;

5. табиғи ортаны қорғау;

6. табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін төлемдер деп сұрыптауға болады.

Экономикалыќ бағытына қарап табиѓат пайдалану төлемдерін: орнын толтыру, қайтару, алмастыру, компенсациялық, ренталық, айып, сыйлық тµлемдер деп бөлуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет