Лекция: 30 сағат Практикалық: Лаборатория: 15 сағат обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 сағат


Ғимарат тораптарының магистральды кабельді жүйесі



бет11/32
Дата05.03.2016
өлшемі5.33 Mb.
#43387
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32


Лекция 12


Ғимарат тораптарының магистральды кабельді жүйесі

Жоспар:


1. Ғимарат тораптарының магистральды кабельді жүйесі

2. Техникалық ғимараттарды ұйымдастыру.

3. Телекоммуникациялық жабдықтарды жөндеу ережелері.
Лекция мақсаты: Ғимарат тораптарының магистральды кабельді жүйесіне түсінік беру, тақырыпты пысықтау
1. Ғимарат топтарының магистральды кабельді жүйесі (1-сурет) өзіне ғимарат тобының үлестірушісімен әр ғимарат үлестіргіштерінің қосындысын жатқызады. Ғимарат тобының үлестіргіші мен қабат үлестіргішінің арақашықтығы 2000 м-ден аспауы керек. Ғимарат үлестіргіші мен қабат үлестіргішінің арақашыктығы 500 м-ден аспауы керек. Ғимарат тобының үлестіргіші мен қабат үлестіргішінің арасындағы 2000 м ең жоғарғы қашықтығы біртипті талшықты-оптикалық кабельді қолдану кезінде үлкейтілуі мүмкін. Біртипті оптикалық талшықты қолданғанда 3 км-ден асатын ғимарат тобының үлестіргіші мен қабат үлестіргішінің арақашықтығы стандарттан ауытқуы мүмкін. Жинақтың үлестіргіші мен ғимарат үлестіргіші, қосқыш құрылғы мен коммутациялық кабельдің ұзындығы 20 м-ден аспауы қажет.

Магистральды ішкі жүйелерін жобалау жұмысы тізбектей орындалатын бірнеше негізгі бөліммен жүзеге асырылады. Әр бөлімде берілген мәселелердің, бірі шешіледі.

1) Магистральды кабельдің категориясы мен типін таңдау

ISO/IEC 11801 стандарты бойынша магистральды ішкі жүйелері симметриялық электрлік немесе талшықты-оптикалық кабельдерде салынуы мүмкін.

Магистральды кабельдің конструкциялық орындалуы бірінші ретте нақты жоба төсеу және эксплуатациялау шарттарымен анықталады. Таңдау кезінде есептелетін негізгі фактор болып механикалық әсерлер, қоршаған ортаның климаттық әсері, өрт қауіпсіздігінің, және берілетін ақпараттың рұқсатын қорғау деңгейінің нормалар талабы есептеледі. Сыртқы магистральдарда қосымша кеміргіштердің кабельге зақым келтіруі де назарға алынады.

Жерге тікелей төсеуге арналған сыртқы магистральдың талшықты-оптикалық кабельдерінің болат сымынан қорғанысы және сымдық, өзекті типті күшейтудің элементтері болуы керек.

Әр түрлі кабельді канализацияларда оптикалық кабельді төсеу кезінде оның конструкциясында өзекшені қоршап тұратын болаттық гофрирленген таспаның болуы жеткілікті. Бұл жамылғы механикалық зақымданулардан қанағаттанарлық қорғанысты атқарады, сонымен қатар кабельдің кеміргіштерге қарсы тұрақтылығына кепіл болады. ҚКЖ-нің ішкі магистралінің жүйе-астыларын салу кезінде қолданылатын кабельдерге рұқсат етілетін созылу күші 2500 Н болуы қажет.

Кабельді мәңгі тоңды топыраққа тікелей төсеу жағдайында олардың міндетті түрде дөңгелек болат сымнан жасалған қорғанысы болуы керек.

Ұзындығы 300м үлкен ішкі магистральдың трассаларында сигнал берудің бөлек элементтерінің корғанысымен және бүтіндей гидрофобты желінің барлық өзекшесінің кабелін қолдану ұсынылады. Гидрофобты толтырғыштың бар болуы сыртқы қабыршықтардың ауыр зақымдануы және өзекше жамылғысының тұйықтығын жоғалту жағдайында электрлік сияқты талшықты-оптикалық кабельдердің жұмысқа қабілеттілігін ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз етеді.

2) Магистральды кабельдің санын есептеу.

Біздің елдің шарты бойынша сыртқы магистральды жобалау кезінде кабельді трассалар және ҚТС (телефон станциялары) канализациялары, сонымен қатар әр түрлі қалалық қызметтердің коллекторлары жиі қолданылады.

Сыртқы магистральдың ішкі жүйелері жүзеге асыратын тракті санының функциялауын қолдайтын, сонда төселетін кабельдердің сыйымдылығын есептеу әр уақытта жеке-жеке орындалады, сондықтан қандай болмасын әмбебап кепілдеме беру мүмкін емес.

Құрылымдарда металл қолданылмайтын сыртқы төсеудің талшықты-оптикалық кабельдері, бірнеше жоғарылау бағасы және жиі нашар салмақ өлшемді көрсеткіштері үшін кабельді трассаның бір бөлігі күшті электромагниттік өрістер әсерінің аумағында болған жағдайда қолдану керек. Осыған ұқсас басқа жағдай - олардың потенциалдар айырымы көп жерде төселуі болып табылады (электролиз процесін және суы жақын жердегі электр қозғалтқыштардың үлкен қуатты механизмдерді қолданатын өндірістік өнеркәсіптер). Басқа жағдайларда металды қатайтатын элементтері және қорғаныс жамылғысы бар кабельдерді қолдану артығырақ болып көрінеді.

Сыртқы магистральды қақтығыс кезінде жұмыстың, ұзақтығы және жоғары бағасы ҚКЖ-ні қолдану процесі кезінде жұмсалатын сыйымдылық бойынша жоғарыланған қорларды енгізуге мәжбүрлейді. Мысалы, талшықты-оптикалық кабельдің сыйымдылығы бойынша кем дегенде жарық енгізушілердің екілік қорын қолдану керек.

Апаттық жағдайда кабельдің физикалық бүтінділігін тез қалпына келтіру қиындығынан сыртқы магистраль­ды жүргізу кезінде мүмкіндігінше қорландыруды қолдану нұсқасы ұсынылады.

Сыртқы магистральды ішкі жүйені құру процесінде кабельдің жұмсалуы трассаның ұзындығынан және жергілікті жердің түзу еместігі бойынша қорлардан, қазаншұңқырлар мен құдықтардың пішіні бойынша есептелуден, ауалық сызықтар үшін тіректегі ілгіштерден тәуелді болады. Міндетті түрде кабельдің аяғын өңдеуге арналған жұмсалулар қосымша оптикалық және электрлік сипаттамаларды өлшеу, аяқталған коммутациялық құрылғыны және әр түрлі белгілеудегі аралық муфталарды орнату процесінде есептеледі. Оптикалық кабельдер және өрілген жұптардан кабельдерді жұмсау шамасы трассаның түзулік бөлігінде оның ұзындығының арту коэффициентіне көбейткенге тең. Муфтаны жөндеуге және бакылау өлшемдерін өңдеуге арналған оптикалық кабельдің ұзындығының қоры қазаншұңқырда орналасқан. Муфта үшін 30 м және коллекторда жөнделетін муфта үшін 14 м.

3) Магистральды жүйеастыларының сенімділігін қамтамасыз ету

ҚКЖ магистральды ішкі жүйелерінің деңгейінде ақпаратты берудің кабельді трактілері басым көпшілік жағдайда ұжымдық қолданыстағы ЖЕЖ-нің белсенді жүйелік жабдығы болып қолданылады. Мұндай шарттарда көбінесе зақым келу қауіптілігіне мәжбүр болатын беру трактісінің сызықтық бөлімінде істен шығуы өте күрделі зардаптарға әкеп соктырады. Осыны негізге ала отырып, жобалау жұмыстарын жүргізу кезеңдерінде магистраль­ды ішкі жүйенің эксплуатациялық сенімділігін қамтамасыз етуге өте үлкен көңіл бөлу керек. Осы мәселелерді шешу процесін іске асыратын шаралар, әдетте, кешенді сипаттамада болады және техникалық, ұйымдық деп екіге бөлінеді. Тәжірибеде көптеген әр түрлі шаралар қолданылады, негізгілері төмендегідей:



  • тек қана сәйкес сертификаты мен өндірушінің кепілдік міндеті бар жетекші дайындаушылардың кабельді өнімдерін және коммутациялық жабдықтарын пайдалану;

  • құрылыс және қолданудың берілген нақты шарттарына сәйкес келетін ең жоғарғы толық дәрежедегі техникалық шешімдерді, трассаларды төсеу және элементтік базаларды таңдау;

  • кабельді жүйенің компоненттерінің қабылдамауларын қорландыру;

  • кабельді жүйенің сызықтық және коммутациялық компоненттеріне, сонымен қатар аяқталған белсенді жүйелік жабдыққа бөтен адамдардың рұқсатын шектеу тәсілдерін қолдану;

  • ҚКЖ-нің коммутациялык өрісінің және белсенді жүйелік жабдықтың панельдерін орнату;

  • жерге сызықтық кабельдерді төсеу үшін кабельді тікелей төсеу кезіндегі канализацияны, сәндік қораптар мен басқа элементтерді механикалық зардаптардан қосымша қорғаныспен қамтамасыз ететін каналдарын қолдану. Берілген топтың шешімдерінің бірі ретінде нормалы мәндерге қатысты шұңқырлардың тереңдігін арттыру орындалады;

  • потенциалды қабылдамауларды ерте болжау үшін ақпаратты таратудың магистральды трактілерінің параметрлерін, профилактикалық өлшеулерді жүйелі түрде жүргізу.

Магистральды кабельдерді фондтау

Магистральды кабельдерді фондтау желінің өмір сүргіштігін арттыру мақсатында қолданылады. Ақпаратты беруде қор трактілерінің бар болуы қосымша кабельді жүйенің иілгіштігін арттырады. Фондтау принципін іске асыру, жалпы алғанда талшықты-оптикалық жағдайда оңай операция амалы болып табылады, олар:



  • оралған жұп негізінде әлектрлік кабельдермен салыстырғанда, тарату трактісіндегі аралық ажыратылатын және ажыратылмайтын қосқыштардың санына аз мөлшердегі қатты шектеулерді қояды;

  • жарық енгізушілердің санына қарамастан бірдей салмақ өлшемді көрсеткіштерге ие болады;

Қор байланыстарын тәжірибелік құру үшін мыналар қолданылады:

  • құрылатын трактінің аяқталған пунктермен қосымша байланыстарды тікелей қосу;

  • құрылатын трактінің аралық пунктерінің арасында құралған сигналдардың берілуі бар тізбектерді тран­зитті қосу.

Көрсетілгендердің алғашқысы бірнеше нұсқада белгілі. Оптикалық сияқты электрлік шешімдерде қолданылатын ең оңай жағдайда фондтау ҚКЖ-ні қалыпты тұтынуды қамтамасыз ету үшін қолданылатын жоғарғы шекті кабельдер сыйымдылығының артуымен қамтамасыз етіледі. Өмір сүргіштік деңгейіне жетуі жағынан қарағанда ең тиімдісі қаражатты көп қажет етсе де, кеңістік трассаларда салынған бірнеше бөлек кабельдерді қолдану болып табылады (мысалы, ғимараттың екі әр түрлі тұрақтары бойынша). Бұл физикалық зардаптардан, тіпті кабельдік трассаның біреуінің толық құрып кету жағдайында байланыстың сақталуына кепілдік береді.

Транзитті қосылу негізіндегі тәсіл айқын түрде қалыпты коммутациялық баулармен орындалуы мүмкін. Берілген тәсіл электрлік трактілерді құрудағы негізгісі болып табылады. Талшықты-оптикалық ішкі жүйесінде бөлек жарық енгізушілерді тікелей тұтастыру принципі қосымша қолданылады. Бұл үрдіс дәнекерлеу немесе муфта корпусының ішіндегі механикалық слайстармен орындалады.

Әр түрлі тармақ бойынша төсеу трассаларын қолданумен кабельдерді, трактілерді резервтеу, кабельді төсеуі ҚТС-ның кабелі канализациясында болғанда ҚКЖ құру жағдайында ұсынылады. Резервті сызықты қақтығыстың бір реттік жұмсауларының орны негізгі кабельдердің трассасындағы алғашқы маңызды авариясында толтырылады.

2. Техникалық ғимараттарды ұйымдастыру. Аппараттық дегеніміз - барлық кабельді желілердің өзара әсерлерін қамтамасыздандыру бойынша негізгі жүктеме болып табылатын техникалық бөлме. Бұл бөлмеде магистральды ішкі жүйенің желілік кабельдерінің коммутациялық жабдықтарымен бірге, әдетте ұжымдық қолданудың өте маңызды желілік құрылғылары орналасады (УПАТС, серверлер, ЛЕЖ кәсіпорын масштабының коммутаторы, дискті жадының массивтері және оларға сәйкес жабдықтар).

Кростық бөлме - бұл ҚКЖ-нің ішкі магистральдарының, ішкі жүйенің кабельдері және көлденең ішкі жүйе кабельдері енгізілетін қызметтік бөлме. Бұл бөлмеде коммутациялық панельдер, желілік аспаптар және басқа көмекші құрылғылар жөнделеді. Кростыққа осы берілген техникалық ғимараттық құрылуын орындауға арналған функцияларға тікелей қатынасы жоқ жабдықтарды орналастыруға болмайды.

Жүйелік көзқарас бойынша бұл бөлме аппараттықты жобалаушы мен тұтыну қызметінің қызметкерлері жағынан қатаң талапты қажет ететін кәсіпорынның ақпараттық инфрақұрылымының кілттік объектісіне жатады. Біріншіден, бұл - көпшілік ұйымдардың әдеттегі жұмысы электронды түрде сақталатын ақпаратқа оперативті рұқсатта және әр түрлі белгіленудің электр байланыс жүйесінің ішкі және сыртқы функциялау сапасына тәуелді. Сыртқы телекоммуникациялық операторлар ұсынатын ақпараттық технология ресурстарына рұқсат етудің немесе көмектен ажыратудың уақытша тоқтатылуы үлкен қаржылық жойылуларымен бірге жүреді. Сондықтан, апат салдарының, сонымен қатар, әдейі енудің неме­се әр түрлі аппаратуралардың, физикалық бүлінулердің беріктігін арттыратын әр түрлі жүйелердің аппараттық жабдықтарын ғимараттарда орналастыру нақты стандартты болып табылады. Максималды эксплуатациялық беріктікке қол жеткізу принципі орындалу кезінде аппараттық өрт сөндіру күзеті, кондиционерлеу және рұқсатты бақылау құралдарымен жабдықталады.

Бір уақытта бірнеше ғимараттарға қызмет көрсететін үлкен желілердің аппараттығын орналастыру орнын таңдауда орталық бөлігінде қызмет көрсету аймағы бар ұйым ескеріледі.

Аппараттық ғимараттардың мөлшерлері ондағы орналасатын жабдықтау құрамымен анықталады. Бұл жайында ақпарат болмаса, онда қалыпты кеңселік ғимараттарды жобалау (14 м2-ден кем емес) берілген техникалық ғимаратқа бөлінген жұмыс аумағының 0,7 пайызы 14 м2 есептеулерінен шығады.

Орналастыратын ақпараттық розеткалардың төмен тығыздығымен ғимараттар үшін аппараттық ғимараттардың аумағы ұйымдастырылатын жұмыс орындарының (1-кесте) санына тәуелді таңдалады.

Жұмыс орындарының төмен тығыздықты ғимараттар үшін аппараттық ғимараттардың мүмкін аумағы

Жұмыс орындарының саны

Құралдық ауданы, м2




<=100



14



10 - 400

37



40 - 800

74



80-1200

111



Тәжірибеде аппараттық қабаттық кростығымен немесе ішкі магистральдармен қатар қолданылады, яғни аппараттықта көрші кеңсе орны осы қабаттағы жұмыс орындарының, ақпараттық розеткалары қызмет көрсететін желілік қолдануымен, аппараттарда қоршаған ортаның мынадай шарттарымен қамтамасыз етілуі қажет

Ауа температурасы - еден деңгейінен 1,5 м биіктіктегі өлшеуде 18 ден 24°С-қа дейін болуы керек. Темпера­тура өзгеруінің ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 3°С-тан аспауы керек. Температураның мәні жоғарғы шегіне көтерілсе, онда желілік жабдықтың көпшілігі анықталған уақытқа дейін өзінің жұмыс қабілеттілігін сақтайды, алайда бұл жағдайдың электронды компоненттің жылдам ескіруімен және уақытынан бұрын бұзылуға әкеп соқтыратындықтан болмағаны жөн.

Ауа дымқылдылыгы - еден деңгейінен 1,5 м биіктігінде 30-дан 55%-ға дейінгі өлшеулер. Ауа дымқылдығының өзгеру жылдамдығы сағатына 6% -дан аспауы ке­рек. Дымқылдықтың конденсациясы қандай жағдайда болсын орын алмауы тиіс.

Жарықталуы - жабдықтан бос жерде еден деңгейін 1м биіктіктегі өлшеуде 500 м-ден кем емес.

Шырақтардың орналасуы еденнен ең төменгі биіктігі 2,6 м-ге тең деп белгіленген. Жарық көздерінің аппараттық ғимарат кеңістігінде біркелкі жарықталатын қуаты болуы және орналасуы қажет. Жарықтану жүйесі қандай жұмыс болсын, қосымша шам мен шырақтар қолданбай істелетін болуы керек. Жалпы жарықтану жүйесінің ажыратқышы кіре беріс есік жанында орналасуы керек, еденнен биіктігі 1,5 м.



Діріл деңгейі. 5-22 Гц жиілік диапазонында тербеліс амплитудалары 0,12 мм-ден аспауы керек, ал 22-500 Гц диа­пазонында ең жоғарғы үдеу 2,5 м/с2-тан аспауы керек.

Электр өрісінің кернеулігі жиіліктің барлық спектрінде 3 В/м-ден аспауы қажет.



Ауа тозаңдылығы. Аппараттық ғимараттарда 0,75 мг/м2-тен аспауы керек. Қосымша тазарту қажет болса, III класты сүзгілі екі сатылы жүйе қолданылады. Майлы сүзгілерді қолдану рұқсат етілмейді.

Жылулық қуаттылығы 2,5 кВт-тан кем болмауы ке­рек. Адамдардың жылу бөлу және дымқылдылық бөлу мәні олардың жеңіл жұмыс атқару кезінде тең деп алынады. Бұл шамаларды нормалау қажеттілігі әдетте, аппараттық ғимаратта терезе болмауымен шартталған және бөлінетін жылу мөлшерінің мәні кондиционерлеу жүйесінің суытқыш құрылғысының параметрлерін дұрыс есептеуге мүмкіндік береді.

Желдету жүйесі аппараттық ғимаратта артық ауа қысымын құрайтындай, ал оның өнімділігі бір сағаттағы ауаның толық ең төменгі ауасын қамтамасыз ететіндей жобалануы керек. Созу жағдайындағы ағымның артуы 20% -ға тең деп жобаланады. Коридорлар және холлдар арқылы ауа ағынын жіберу рұқсат етіледі.

Кондиционерлеу жүйесінің датчиктерінің сезімталды элементтері таза еден деңгейінен 1,5 м биіктікте орналасуы керек.

Аппараттарда орналасқан желілік және басқа жабдықтық қоректену көзі үшін 20 А2 ең жоғарғы тогына есептелген желілік кернеудің екі еселенген күшті розеткаларының ең төменгісі ескеріледі.

Қосымша күшті розеткаларды екі еселенген түрінде орындауға және ғимараттың барлық периметрі бойынша орналастыруға болады. Розеткаларды орнатудың минимум биіктігі 150 мм, бөлек күшті розеткалы модульдердің арақашықтығы 1,8 м-ден аспауы керек.

Ажыратқыштар мен розеткалар қолдануға рұқсат етілмейді. Аппараттық жарықтану жүйесі мен желілік аппараттардың розеткаларының қоректенуі күшті щитоктың әр түрлі панельдерінен орындалуы керек.

Аппаратта жөнделетін ұжымдық қолданыстағы желілік жабдық көпшілік жағдайда электр қоректенуді ИБП-дан алады, оның мүмкіндігінше қалалық электр байланысына екі тәуелсіз жалғануы керек. Өрт дабылының аспаптарының қоректенуі міндетті түрде негізгі және резервті жүйеге байланысты болады. Аккумуляторлық батарейдің резервті қоректену көзінің орнына пайдаланғанда кезекші режимде 24 сағат және өрт режимінде 3 сағаттан кем емес уақытқа өрт сигнализациясы құрылғысының жұмысы қанағаттандырылуы қажет.

Егер апаттық қоректену жүйесі болса, резервті көзге автоматты түрде ауысуы керек. Мұнда қалыпты жағдайда қоректенетін фидерлердің әрқайсысының (негізгі және резервті) қуат бойынша қоры болу керек, ол штаттық және авариялық режимдерде аппараттағы барлық жабдықтың қоректенуіне жеткілікті болуы қажет.

Аппараттық орынға ғимараттың ең қолайлы пішіні шаршы немесе соған жақын болуы керек. Аппараттық ғимараттың төбесі міндетті түрде желілік жабдықтарды тесіктерден сақтайтын гидроизоляциямен қамтамасыз етілуі керек.

Аппараттық ғимаратта терезе болған жағдайда, күн радиациясынан келетін жылу ағынын азайту мақсатында күннен қорғайтын жалюзилер, перделер, металл қабыршақ және тағы басқа ұқсас элементтері қолданылу қажет. Терезелерде тығыздалған тығындамалар қолданылып, тұйықталуы керек. Дымқылдылық конденсациясын болдырмау үшін шыны пакет шылауымен үш ретті шыныланған терезелік блоктарды қолдану керек. Аппараттық ғимарат бірінші қабатта орналасқан жағдайда терезелері болса, металл тормен жабылуы керек. Қандай жағдайда да кейінгі шарт орындалмаса, онда терезеге А2 (лақтырылған заттардан қорғау) класынан кем емес қорғаныстық шынылану орнатылады.


Аппаратқа қалалық телефондық желінің және басқа операторлардың байланыс кабельдері енгізіледі. ҚКЖ - де сыртқы магистральдар жүйеастылары болмаған жағдайда, аппаратқа оның, сыртқы мағынасының, кростықтары белгіленбеген кабельдер енгізіледі. Енгізу кабельдің канализациясы, коллектор, эстакада, баған, т.б. ұқсас жарақтармен орындалады. Нақты жергілікті шарттармен анықталатын кейбір жағдайларда осы кабельді енгізу үшін бөлек ғимарат беріледі. Онда сәйкес коммутаторлық жабдықтар жөнделеді және ол ішкі тығынның бөлек кабельдерімен аппарат арқылы жалғанады. Енгізу кросы процесін орналастыру үшін ғимараттық болуы қосымша артықшылық болады. Өрт қауіпсіздігіне сәйкес сертификатсыз 15 м-ден аспайтын кабельдің ғимарат ішінде төсеу ережелерін орындау жеңіл болып табылады.

3. Телекоммуникациялық жабдықтарды жөндеу ережелері. Техникалық ғимараттарда жөнделетін беделді және баяу желілік жабдықтар еденде, іргетаста, сөреде, аппараттық үстелде орналасуы мүмкін, сонымен қатар қабырғаға және қабырғадағы қуысқа орналасуы мүмкін.

Жұмыс жағдайындағы жабдық тігінен, көлденен, немесе біліктес орнатылуы керек. Тігінен, көлденең, па­раллель және біліктестіктен ауытқулар дайындаушы зауыттың техникалық құжаттаудағы және жөндеу жөніндегі нұсқауларда көрсетілген мәндерден аспауы ке­рек. Жабдықтармен еденді, орындалған және түзеу тіректерімен қамтамасыз етілген құрылымдарды түзету үшін жапыракша болатты пайдалануға болады. Түзеу пакеттерінің жалпы қалыңдығы 5 мм-ден аспауы керек, әр тығынның ауданы ең төменгі 40 см2-ты құрайды.

Жабдықтарды және жөндеу конструктивтері конструкциялық ғимаратқа орнықтыру анкерлі және қысылған бұрандамамен, дюбелдермен, сонымен қатар бұрама шегемен жүзеге асуы тиіс. Орнықтырудың керекті беріктігін қамтамасыз ететін соңғы екі жағдайда ағаш тығынды пайдалануға болмайды. Орнықтыру әлементі ретінде анкерлі бұрандамаларды қолдану тек қана қабырға 12 см-дан кем емес болса ғана рұқсат етіледі. 19-дюймдік конструктивте желілік жабдықтарды және коммутациялық панельдерді орналастыру жағдайында жекеленген 19-дюймдік сөрелер мен тіректердің орнатылуын, олардың алдыңғы ғана емес, сонымен қатар артқы бөліктеріне жететіндей етіп жасалуы керек. Сөренің немесе тіректің алдыңғы және артқы бөліктерінің арасындағы бос орын арақашықтығы бүйірінің ең төменгі ұзындығы 762 мм болған жағдайда 914 мм-ге тең болуы керек.

Бір жолға орнатылатын сөрелер каркастың бүйір жағынан бір-бірінен бұрандамалар арқылы жалғанатын бір конструкцияға орнықтырылуы керек. Тіректер үшін мұндай орнықтырылу каркастың жоғарғы бөлігі арқылы орындалады және бұл жобалау қарастырылса, сөрелер мен тіректер 6 AWG кем емес қимасымен мыс өткізгішпен жерге орнатылуы керек.

Үстел үстіндегі жабдық үстелдерде және сөрелерде (егер мұны ТУ немесе жобалау құжатнамасы қажет етпесе) орнықтырусыз орналасады. Сөрелерді орналасты­ру кронштейндерінде бекітеді.

Қызмет етілетін қабырғалық жабдық басқару органдарынан бөлек индикаторлары еден деңгейінен 1,6±0,1м биіктікте болатындай орналасуы керек. Қызмет етілмейтін қабырғалық жабдықтардың ең жоғарғы орналасу биіктігі еденнен 2,4±0,1 м болуы қажет. Бірақ жөнделетін жабдықтар корпусының жоғарғы жағы мен төбе арасындағы саңылауы 150 мм-ден кем болмауы керек.

Жабдықтардың үстел үстілік жөндеу жағдайында қандай да болмасын құрылғы корпусының бүйірімен арасындағы бос кеңістіктің ең төменгі мәні 300 мм-ден кем болмауы керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Ғимарат тораптарының магистральды кабельді жүйесі

2. Техникалық ғимараттарды ұйымдастыру.

3. Телекоммуникациялық жабдықтарды жөндеу ережелері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет