Лекция: 30 сағат Практикалық: Лаборатория: 15 сағат обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 сағат



бет20/32
Дата05.03.2016
өлшемі5.33 Mb.
#43387
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32

Лекция 21


Желілі операциялық жүйелер.

Жоспар:


1. Желілік және таратылған операциялық жүйелер.

2. Желілік операциялық жүйелер терминінің екі мәні.


Лекция мақсаты: Желілі операциялық жүйелерге түсінік беру, тақырыпты пысықтау
1. Компьютерлік желілердің ОЖ-лері көбінесе автоном ком­пью­тер ОЖ-сіне ұқ­сас. Ол да пайдаланушылар мен программис­терге ыңғайлы жұмыс орындау мүмкін­ші­ліктерін қамтамасыз ететін бір-біріне байланған программалар жиыны болып, оларға қайдайда бір виртуал есептеу жүйесін ұсынады және желіде орын­далатын көп процесстер арасында ресурстарды эффектив бөлуді амалға асырады.

Компьютерлік желі – ол коммуникациялық жүйемен байлан­ған және желі пай­даланушыларына осы жиын ресурстарынан па­й­далануға мүмкіндік жасайтын ком­пью­тер жиыны. Желіні түрлі типтегі компьютерлер құрастыруы мүм­кін. Олар кішкене микропроцессорлер, жұмыс станциялары, мини-компьютер­лер, дербес компьютерлер немесе суперкомпьютерлер бо­луы мүмкін. Компьютерлік же­лі пайдаланушыға өзінің компью­терімен автоном режимінде істеуге мүмкіндік жасайды және бұған желідегі басқа компьютерлер аппараттық ресурстарына және информацияға жетуді қосады.

Желі жұмысын ұйымдастырғанда операциялық жүйе интер­фейс ролін атқа­рады. Мысалы, желідегі компьютерлердің МАС- және ІР - ұқсас сандық адрестерінің орнына компьютерлік желі ОЖ-сі есте сақтауға оңай болған символдық атаулармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Желілік және таратылған операциялық жүйелер. Компьютер желі­ле­­рінің нақты аппаратурасын қандай виртуал бейнемен алмастыруына бай­ланысты желі опера­ция­лық жүйелерін және таратылған операциялық жүйелерін ажыратады. Желі опе­ра­циялық жүйесі пайдаланушыға нақты желі аппаратурасының орнына істету біршама оңай болған виртуал есептеу жүйесін ұсына­ды. Сонымен бірге бұл виртуал жүйе толығымен өзінің таратыл­ған табиғатын жасырмайды, яғни виртуал желі болады.

Желі компьютерлерінің ресурстарын пайдаланғанда желі операциялық жүйесінің пайдаланушысы желі ресурстарымен жұмыс орындауын әр кезде есте сақтап оларға жету үшін бірне­ше арнайы операцияларын орындау керек, мысалы, қашық­тағы каталогты ойлап қойылған дискже­тек әріпінде бейнелеу немесе каталог аты ал­ды­на ол жайласқан компьютер атын жазу амалда­рын. Желі операциялық жүйесінің пайдаланушысы олар қолдана­тын файлдар қайсы компьютерлерде жайласқанын бі­ліп, оларды көшіруде нақты бұйрықтар беріп отыруы керек.

Желі ортасында жұмыс істеп отырып пайдаланушы кез-келген компьютерде тап­сырманың орындалуын іске қоса алса да, ол тап­сырмасы қай машинада орындалуын әрқашан біліп отырады. Үн­сіз пайдаланушы тапсырмасы пайдаланушы логикалық енген компьютерде орындалады. Егер ол тапсырманы басқа машинада орындамақ­шы болса, онда ол осы машинаға remote logіn команда­сын орындап логикалық енуді орындау қажет немесе ұзақтағы ком­пьютерді идентификация етуші информацияны көрсетіп ар­найы қашықтан орындау командасын орындауы қажет.

Желі ОЖ-дің магистральды даму бағыты желі ресурстары­ның жоғары деңгей­лі тынықтығын қамтамасыз ету. Идеал жағ­дайда желі ОЖ-сі пайдаланушыға желі ресурстерін бір орталан­ған виртуал машиналары көрінісінде ұсыну қажет. Мұндай ОЖ үшін – таратылған ОЖ – арнайы атау қолданады, немесе ақиқат­тан таратылған ОЖ.

Таратылған ОЖ оңдеу үшін жұмыстарды автоматик жүйе машиналары бойлап динамикалық таратуды орындап желі машиналары жиынын бір виртуал унипроцессор болып істеуге алып келеді. Таратылған ОЖ пайдаланушысы жалпы алғанда оның жұ­мысы қайсы машинаде орындалуын білмейдіде. Таратылған ОЖ есептеу жүйесін­де бір ОЖ ретінде бар болады. Таратылған ОЖ басқаруында жұмыс орындаған әр бір машина осы ауқымды ОЖ-нің бір бөлім функциясын орындайды. Таратылған ОЖ бар­лық компьютерлерді бірлестіріп олар бір-бірімен кооперацияла­нып компьютер желісінің барлық ресурстарын эффектив пайда­ланады.

2. «Желілік операциялық жүйе» терминінің екі мәні. Казіргі кезде практика­да­ғы барлық желі операциялық жүйелері нақ­ты таратылу идеалынан әліде ұзақ. Же­лі операциялық жүйесі басқаруында істейтін желідегі әр бір компьютер автономдық деңгейі таратылған операциялық жүйе бас­қаруында істейтін компью­терлерге қара­ға­н­да өте жоғары. Нәтижеде желі операциялық жү­йесін жеке компьютерлер опера­циялық жүйелері жиыны деп қа­рауға болады. Желі түрлі компьютерлерінде бір түрлі немесе әр түрлі операциялық жүйелер істеуі мүмкін. Мысалы барлық компьютер­лер­де бір UNIX операциялық жүйесі істеуі мүмкін. Бірақ амалда әр түр операция­лық жүй­елер: мысалы, компьютерлер бір бөлімі UNIX басқаруында, басқа бөлімі – NetWare басқаруында, қалған­дары – Windows NT басқаруында іс­тейтін желілер көбірек реал жағдайға жақын. Осы барлық операциялық жүйелер еркін бір-біріне байланбай функцияларын орындайды. Әр бірі өздерінің про­цесстерін жасау және аяқтау және жергілікті ресурстарын бас­қару ше­шімдерін бір-біріне байланбастан қабылдайды. Бірақ қайсы жағ­дай болмасын желіде істейтін компьютерлер операциялық жүйе­лері түрлі компьютерлерде орындалатын процесстердің өзара әсерлерін ұйымдасты­ру және бұл компьютерлер ресурстарын пай­даланушылар арасында бөлу үшін бір-біріне сай коммуника­ция­лық протоколдар жиынына ие болуы қажет.

Егер ерекше компьютер операциялық жүйесі оның желіде істеуіне рұхсат бер­се, яғни өзінің ресурстарын жалпы пайдалану­ға усынса немесе желідегі басқа ком­пьютерлер ресурстарын пай­далана алса мұндай жеке компьютер операциялық жүй­есі де же­лілік деп аталады.

Сонымен «желілік операциялық жүйесі» термині екі мағы­нада қолданылады: біріншіден барлық компьютерлер операция­лық жүйелері­нің жиыны және, екінші­ден, желіде істей алатын жеке компьютер операциялық жүйесі. Осы анықтамаға байланысты мысалы мынадай операциялық жүйелер: Windows NT, NetWare, Solaris, HP-UX – желі операциялық жүйелері болады, себебі олар барлығы желіде істейтін аспаптарына ие.

Бақылау сұрақтары:

1. Желілік және таратылған операциялық жүйелер.

2. Желілік операциялық жүйелер терминінің екі мәні.

Лекция 22


Локалды ресурстарды басқару.

Жоспар:


1. Орнатылған желі қызметтері және желі қабықшалары.

2. Клиенттік және серверлік бөлімдер.


Лекция мақсаты: Локальды ресурстарды басқаруларға түсінік беру, тақырыпты пысықтау
1. Іс жүзінде желі опе­рациялық жүйелерді құрастырғанда бір-бірінен же­лі қызметтерінің операциялық жү­йеге орналастыруымен ажы­ра­латын бірнеше жа­қындау кездеседі:

  • желі қызметтері операциялық жүйеге терең орнатылған;

  • желі қызметтері қандайда бір жиын – қабықша ретінде бірлестірілген;

  • желі қызметтері ерекше өнім көрінісінде жасалады және жеткізіледі.

Желі ОЖ жасалауының нұсқалары


Бірінші желі операциялық жүйелері бар болған жергілікті операциялық жүйелерге же­лі қабықтары орнатылған болып жасалған еді. Жергілікті желіге негізгі желі функция­ла­рын орындау үшін керек болған желі функцияла­ры­ның минимумы қосылған бо­ла­тын.

Бірақ кейіннен желі операциялық жүйелерін жасаушылар ба­сынан желі опера­циялық жүйесі желіде істейтін етіп жасау эффективті жақындау деп есептеді. Мұндай операциялық жүйе­лердің желі функция­ла­ры желі негізгі модулдеріне терең­детіп ор­натылып оның логикалық шырайын, эксплуатациялаудың және мо­дифика­ци­ялауының қарапайым­ды­ғын, сонымен бірге, өнімділігін жо­ғарылатты. Мұндай жақын­дау­да артықшылық жоқ болады. Егер барлық желі функциялары жақсы интегрир­лан­­ған болып, яғ­ни операциялық жүйенің үзілмес бөлімдері болып есептелсе, мұн­дай операциялық жүйе желі функцияларын орындауға оп­тималданған етуі мүмкін. Мысалы Microsoft компаниясының Windows NT операциялық жүйесі желі құрыл­ғы­ларының енгізілуі есебіне өнімділіктің және информация қорғанудың жоғары көр­сет­кіштерін сол компанияның OS LAN Manager операциялық жүйесіне қарағанда жеткізеді. Орнатылған желі қызметтеріне ие желі операциялық жүйелерге мысал етіп барлық осы күнгі UNIX, NetWare, OS/2 Warp операциялық жүйелерін алса бола­ды.

Желі функцияларын амалға асыру басқа варианты етіп – олар­ды қандайда бір жи­ын көрінісінде бірлестіру, сонда осы жиын барлық кызметтері бір-біріне сай кел­тірілген болуы керек, яғни жұ­мыс істеген кезде олар бір-біріне сілтеме етуі, жалпы компоне­нт­терге ие болуы, мысалы пайдлану­шы­лар­ды аутентификация ету жүйесін немесе пайдаланушының жалпы интерфейсіне ие болуы мүмкін. Қабықшаның істеуі үшін қандайда бір ком­пьютер ап­паратурасын басқару үшін және оның ортасында осы қабықша қы­зметтерін орындайтын жергілікті желі операциялық жүйесі керек бола­ды. Қабықша ерекше программалық өнім болып, барлық өнімдерге ұқсап атауға, вер­сия номіріне және басқа сай келген характеристикалары­на ие болады. Желі қа­бық­шасына мысал етіп LAN Server және LAN Maneger қабықшаларын алса болады.

Бір қабықша түрлі операциялық жүйелер үстінен істеуі мүм­кін. Мұндай жағ­дайда қабықша істейтін операциялық жүйенің ерекшіліктерін есепке алып құрылуы керек. Сонымен LAN Ser­ver, мысалы, VAX VMS, VM, OS/400, AIX, OS/2 операция­лық жүйелер устерінен істейтін түрлі варианттарына ие.

Желі қабықшалары жиі клиенттік және серверлік бөлімде­ріне бөлінеді. Желі қызметтерінде клиенттік бөлімі көп болған қабықша клиент­тік деп аталады. Мыса­лы, NetWare желісіндегі жұмыс станциясын програм­малық қамтамасыз ететін әдеттегі жи­ын NetWare қабықшасы орнатылған MS DOS жүйесі болып табы­лады. Бұл қабық­ша файлдық және печаттау қызметтерінің клие­нт­тік болімдеріне және пайдалану­шы интерфейсін сүй­емелдей­тін компонентасына ие.

Мысалдар етіп LAN Server және LAN Manager, сонымен NET­Ware for UNIX, File and Print Services for NetWare алынған желі қабықшалары желі серверлік қа­бықшалары болып серверлік функцияларын орындауға арналған. Серверлік қа­бық­ша минимум екі серверлік қызметтеріне – файлдық және печаттау компонент­те­ріне ие. Осы жиын дәл өзі жоғарыда айтылған NET­Ware for UNIX және File and Print Services for NetWare жоғарыда естетілген өнімдерінде амалға асырылған. Кейбір қабықшалар сон­шама кең желі функцияларына ие оларды желі операциялық жүйелері деп атауға орынды. Сонымен еш бір желі операциялық жүйелерінің шолуы жеткілікті тола болмайды егер онда желі қа­бықшасы болған LAN Server, LAN Mana­ger, ENS туралы ин­фор­мация болмаса. Сонымен «желі операциялық жүйесі» термині – жалпы операциялық ортада бір­гелікте істей алатын желі қы­зметтерінің жиы­ны деген тағы да бір мәніне ие.

Ресурстарының бір типтерімен клиенттік және серверлік өз­ара әсерлері про­токолдарымен ажыралған түрлі қызметтер бай­ланысты болуы мүм­кін. Мысалы Win­dows NT-ге орнатылған фа­йл­дық қызмет SMB протоколын амалға асырады. Бұл про­токол Microsoft компаниясының барлық операциялық жүйелерінде қол­данады. Ал сол Windows NT –ның File and Print Services for Net­Wa­re қабықшасына орнатыл­ған файлдық қызмет NET­Ware желі­ле­ріне таныс болған NCP протоколымен істейді. Одан бас­қа Win­dows NT стандарт таратылуына файлдық қызметтерін UNIX жүй­елеріне усынатын FTP сервері енгізілген. Windows NT ортасында істеу үшін басқа файлдық қызметін, мысалы, түрлі фирмалармен бірнеше амал­ға асырылған версия­ла­рына ие NFS – ты сатып ал­ып орнатуға ешкім кедергі жасамайды. Бірнеше файл­дық қыз­мет­терінің болуы қолданбалар­ға түрлі операциялық жүйелерде жұ­мыс оры­н­дауға мүмкіндік жасайды.

Желі қабықшалары жергілікті және желілік операциялық жүйелер үшін де жа­са­лады. Мысалы, Banyan VINES операциялық жүйесінің негіз­гі желі қызметтеріне ие ENS (Enterprise Network Services) желі қабықша­сы UNIX және NetWare жeлілер операция­лық жүйелерінің үстінен істей алады. Әлбетте әр бір операциялық жүйесі үшін меншікті ENS варианты қажет.

Желі қызметтерін ерекше өндіріс көрінісінде амалға асыра­тын үшінші әдісі де бар. Мысалы, WinFrame қашықтан басқару се­р­веры - Citrix ком­паниясының өнімі – Windows NT ортасында істеу үшін арналған. Ол Windows NT жүйесіне орнатылған Remote Access Server қызметінің мүмкіндіктерін арттырады. Ұқсас NetWare үшін қашықтан жету қызметін ере­к­ше NetWare Connect программалық өнімін сатып алу жолымен орнат­са бола­ды.

Уақыт өтуімен желі қызметтері түрлі формада амалға асырылуы мүмкін. Мыса­лы, Novell компаниясы алдын ала NetWare желі операциялық жү­й­есіне орнатылған NDS сілтемелер қызметтерін ұсынуды жоспарлап отыр. Мұның үшін NDS қызметі ерекше өнім көрінісінде таратылып әрбі­рі сай операциялық жүйесінің ерекшілікте­рін есепке алып қайтадан жазы­лып отыр. SCO UNIX және HP-UX, Solaris 2.5 және Windows NT ортала­рын­да жұмыс істейтін NDS версиялары шығарылып болды. Ал Street Talk қызметі Bayan Vines операциялық жүйесіне орнатылған модуль тү­рінде, ENS қабықша құрамында және түрлі операциялық жүйе­лері үшін ерекше өнім кө­рінісінде ілгеріден бар.



Бақылау сұрақтары:

1. Орнатылған желі қызметтері және желі қабықшалары.

2. Клиенттік және серверлік бөлімдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет