Лекция: 30 сағат Практикалық семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат


БӨЛІМ. Алғашқы мәліметтерді өңдеу



бет7/11
Дата17.06.2016
өлшемі0.89 Mb.
#141224
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

БӨЛІМ. Алғашқы мәліметтерді өңдеу

18 – лекция

Тақырыбы: Мәліметтерді өңдеудің статистикалық өлшемі мен шкалалардың түрлері

Жоспары:

  1. Тестілеу мен өлшеулер теориясы.

  2. Психологиялық өлшеулер классификациясы.


Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.

2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.


  1. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.

  2. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.

  3. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.

  4. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.

Қосымша:

  1. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.

  2. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.


Лекция мәтіні:

Өлшем өз бетінше зерттеу әдісі болуы мүмкін. Дегенмен, эксперименттің тұтастай процедурасының компоненті болып табылады. Өз бетінше әдіс деу себебіміз өлшем субъектінің мінез– құлқындағы жеке– даралық өзгешеліктер

ді көрсетеді. Өлшем теориясының негізін тест құрады.

Тест – практикалық тапсырмаларды шешу кезінде қолданылатын психологиялық өлшемнің уақыт бойынша қысқартылған және жинақталған процедурасы.

Психологияда психологиялық өлшеудің үш негізгі барысы бар. Олардың бір – бірінен өзгешелігі өлшемнің объектісіне байланысты:


  1. Психолог бір адамды екінші адамнан өзгешелігін жинақтау үшін адамның мінез – құлық ерекшеліктерін өлшейді. Психолог адамның мінез – құлық ерекшеліктерін өлшеп отырып, сол адамның бір – біріне ұқсастығы мен өзгешеліктерін анықтайды. Осының негізінде психологиялық өлшем сыналушының өлшеуіші бола алады.

  2. Сыналушы экспериментатордың тапсырмасын орындау барысында сыртқы объектілермен байланыс жасайды. Мысалы, сыналушы тапсырмаларды орындау кезінде басқа адамдар, сыртқы ортаның түрткілері, өзіндік күйі әсер етеді.

  3. Сыртқы түрткілерден адамдардың бірлестігі өлшеу құралы болып табылады, яғни түрткі мен сыналушы бір бағытта болуы мүмкін.

Психологиялық зерттеу практикалық өлшем мен эксперимент синоним ретінде қолданылады. Дегенмен, психологиялық эксперимент кезінде өзгерістердің арасындағы себеп – салдар анықталады. Ал, өлшем сыналушының бағаға сәйкестілігінің нәтижесін көрсетеді.

Психологиялық өлшем процедурасы бірнеше этаптардан тұрады.

Психологиялық өлшемнің негізі – математикалық өлшем теориясы болып табылады. Мұнда математикалық көзқарас бойынша, өлшем дегеніміз – көптеген объектілер мен белгілердің өзара бір мәндік сәйкестікті құру операциясы. Белгілер нақты ережелер негізінде заттар бойынша сипатталынады. Объект санына байланысты құрылған ереже өлшем шкала бойынша анықталады.

Өлшем шкаласы ұғымын психология ғылымына 1950 жылы С.С. Стивенс енгізген. Оның бұл анықтамасы әлі күнге дейінгі ғылыми еңбектерде қолданылып келеді.

Шкалалар типтері алынған өлшемді өңдеу үшін қолдануға болатын статистикалық бірлестіктермен сипатталады. Шкала термині латынның “SKALA” – “баспалдақ” деген мағынаны береді.

П. Суппес және Дж. Зинес шкаланың классикалық анықтамасын берді. Қазіргі кезде бұл ғылымның анықтамасы нақтыланған. Өлшеуіш құралы ретінде қолданылатын функцияларда кездесетін белгілерді енгізген:

А – қатынастардағы эпирикалық жүйе.

R – қатынастардағы толық сандық жүйе.

F – А және R жүйесіндегі бейнелеу функциялары.

G – қайта құрылымға мүмкіншілікті тап.


19 – лекция

Тақырыбы: Корреляциялық байланысты құру

Жоспары:

  1. Корреляциялық зерттеулердің әдістемелік аспектілері.

  2. Корреляциялық зерттеулерді жоспарлау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.

2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.


  1. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.

  2. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.

  3. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.

  4. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.

Қосымша:

  1. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.

  2. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.


Лекция мәтіні:

Коррекциялық зерттеу теориясы К. Пирсонның еңбектерінде қарастырылыған, коррекциялы байланыс деген мағынаны береді. Ол екі немесе одан да көп білгелердің өйлесіп өзгеруі. Коррекциялық байланыс бір белгінің өзгеруі. Екіншісімен сәйкес өзгеру фактін бейнелейді.

Коррекциялық зерттеуді өткізу страгеиясы квадиэкспериментке ұқсас болады. Квази эксперименттен айырмашылығыобъектіге бағытталған әсер қарастырылмайды. Корреляциялық зерттеуді өткізудің жоспары қарапайым , зерттеуші индивидтің психикалық қасиеті, психикалық қалпы сияқты қасиеттерінің арасында статистикалық байланыс туралы болжам қояды.

Корреляциялық зерттеу дегеніміз-екі немесе одан да көп айнымалының арасында статистикалық болжамның расталуы немесе терістелуі. Психологияда айнымалы ретінде психикалық қалып қасиет, процестер қатыса алады. Егер бір айнымалыда өзгерін екіншісіне өтетін болса, онда айнымалылардың порреляциясы туралы айтуға болады. Екі айнымалының корреляциясы туралы олардың арасындағы себепті байланыс бар деп айта алмаймыз, бірақ олардың арасындағы болжамды теріс деп айтуға болады.

Екі өлшем арасындағы корреляциялық байланыстың бірнеше интерпретациясы қарастылырады.


  1. Тікелей корреляциялық байланыс. Бір айнымалының

деңгейіне сәйкес болады. Мысалы, тұлғаның икемдігі мен бейісділігі әлеуметтік бағдардың өзгеруіне байланысты.

  1. Корреляция үшінші айнымалыға шартталған. Екі айнымалы а

және с бір – бірімен үшінші в айнымалы арқылы байланысты.

  1. Кездейсоқ корреляция ешқандай айнымалыға шартталмаған.

  2. Таңдамалардың бір тексіздігіне шартталған.

Біз зерттеуге алып отырған таңдама біртекті екі топтан құралады. Мысалы, экстраверттілік деңгейі адамның жынысына байланысты ма деген мәселені қарастыратын болсақ бізде алып отырған екң топ бірі математик-ер адамдар, екіншісі журналист әйелдер. Онда біз зерттеу нәтижесінде интраверттілік деңгеің ерлерде жоғары деген көрсеткішке ие боламыз.

Егер бір айнымалының деңгейі екіншісінде өзгеріс әкелетін болса оны корреляция деп айтамыз. Егер олардың арасында нольдік корреляция болса, онда байланыс болмайды.

Психологиялық зерттеуді жоспарлаудың корреляциялық зерттеуге байланысты төрт түрі қарастырылады.


  1. Көп өлшемді эксперимент тәуелді және тәуелсіз айнымалылардың әсерін зерттеу үшін құрылады. Мұның нәтижесі күрделі компьтердік бағдарлама мен өңделеді.

  2. Дифференциалды психологиялық эксперименті немесе индивидуалды психологиялық эксперимент. Бұл экперименттің мақсаты – бір ситуациядағы жүріс – тұрастың индивидуалды айырмашылықтарын анықтау. Дифференциалды психологиялық экспериментте қосымша айнымалылар негізгі болып табылады.

  3. Кроссмәдени зерттеулер кез-келген зерттеу әртүрлі социомәдени жағдайда өскен индивидтердің жүріс-тұрысын салыстыру үшін өткізіледі.

  4. Психогенетикалық зерттеулер –бұл салаларды зерттеуге қызығушылық басым болғандықтан оларды толығырақ қарастырамыз.

Кроссмәдени зерттеудің жоспарын шартты түрде 2-ге бөлуге болады.

1.2 немесе одан да көп таңдапалынған табиғи топты салыстыру.

2.2 немесе одан да көп топты жолмен зерттеу, мұнда олардың айырмашылықтары ғана емес, олардың уақыт ішінде өзгеруі де зертеледі.

Кроссмәдени зерттеу ерекше болғандықтан, арнайы тестпен өлшенеді.

Кроссмәдени психология өзінің бастауыш В.Вундттың және ХХ ғасыр басындағы француз социологтары Г.Лебон, А.Фулье, Г.Тардтың еңбектерінен алады. Алайда бұл ғалымдар эмперикалық зерттеу жүргізген жоқ. Зерттеудің методология сынық негізін қалаған В.Вундты 1900-1920жылы ол 10 томнан тұратын “халықтар барып рухы болып тіл мәдениеті табылады деді”.

Вундт халықтың рухын көтеретін екі ғылым халықтың тарихи психологиясы мен психологиялық этнологияны көрсетті. Мұның біріншісі түсіндірмелі ғылым болып, екіншісі сипаттамалы ғылым болып есептеледі. Халықтың психологилық негізгі болып индивидуалды сананың көлемін көтеретін тіл, миф және салт-дәстүрден тұрады.

Француз психологтарын мен австрия психоаналитиктерімен салыстырғанда бұқаралық жүріс-тұрыстан, халықтық рух көбірек қызықтырады.

Қазіргі проссмәдени психологияда эмперикалық ідіс басым роль атқарады. Кроссмәдени зерттеудің пәні болып адамдардың психикалық ерекшеліктері есептеледі.

Кроссмәдени зерттеудің дұрыс жоспарлау үшін мысалды есепке алу керек.біріншіден қандай психикалық ерекшеліктер мәдени факторға ықпал жасайды. Екіншіден мәдениет және мәдени фактор түсініктеріне операциональды анықтама беру керек. Үшіншіден әр түрлі мәдени қоғамға жататын адамдардың жүріс-тұрысын, психикалық ерекшеліктерін зерттеу үшін аденватты зерттеу әдісін таңдап алуымыз керек. Төртіншіден зерттеу обьектісі таңдап алуымыз керек. Яғни екі түрлі мәдениет өкіліне жататындардың бір-бірінен айқын айырмашылықтарын көрсететін ерекшеліктерін таңдауымыз керек.

Негізінен кроссмәдени псигология псигогенетика аяөталған жерден басталады. Кроссмәдени зерттеуде тұқымқуалаушылық пен салыстырғанда қоршаған орта ықпалы көбірек қызықтырады. Алайда қоршаған орта әсерінен болған бірде бір анықталған индивидуалды психологиялық параметр жоқ, сондықтан психологиялық қасиеттердің мәдени детерминиациясы туралы болжам оның барлық аумағын психофизиологиялық параметрден бастап, тұлғаның құндылық бағыттылықтарын қамтиды.

Мәдениеттің психологиялық ерекшеліктеріне сипаттайтын бірнеше жіктеулер бар. Олардың ішінде кеңінен тарағаны Х.С.Приандис қалыптастырылған “мәдени синдром” түсінігі- бұл құндылықтардың, бағыт, сенім, жүріс-тұрыс моделі мен нормасы бойынша бір мәдени топтың екінші топтан айырмашылығы. Мұнда мәдениеттің негізгі өлшемдері “қарапайым-күрделілік”, “жекелік-ұжымдық”, “анықтық-тұйықтық” т.б.

Кроссмәдени зерттеу жұмыстарының нәтижесі мынадай этаптардан тұрады.



  1. универсалды топты таңдау және мәдени универсалды әдістемені құру.

  2. Мәдени спецификалық айнымалыны бөлу және әдістемені толықтыру.

  3. Кроссмәдени валидтілік жолымен әдістемені түзеті.

Ең көп тараған әдістемелер Г.У.Солдатова мен Е.В. Рыжованың “Тұлғалық біртектілеу типі” әдістемесі мен Г.У.Солдатова, И.М.кузнеуов, С.В.Рыжованың “Мәдени-құндылық дифференциал” әдістемелері. Бұл әдістемелердің мақсаты-топтың құндылық бағыттары зерттеу.

Психогенетиканың негізгі мәселесі индивидуалды психологиялық айырмашылықта тұқым қуалаушылық пен қоршаған орта әсері.

Адамдардың өзгеруі тұқым қуалаушылық пен ортаның өзара әрекетіне шартталған. Бір ұрпақтан екінші ұрпаққа информацияның берілуі тұқым қуалаушылық болып табылады. Организмдегі гендердің жиынтығы инотип деп аталады. фенотип деп-генатип пен қоршаған орта әсерінің нәтижесінде қалыптасатын индивидтің өмірінің сыртқы көрінісін айтамыз.

Психологияда психогенетика деп социоэкономикалық, мәдени және әлеуметтік –психологиялық даму дүйесі түсіндіріледі.

Генетикалық және орта ерекшеліктерінің байланысы генетикалық детерминанттар индивидуалды ерекшеліктерді, орта детерминанттары жүріп – тұрысты көрсетеді.

Психогенетикалық әдістерді толығырақ қарастырылатын болсақ, бұл әдістердің бірнеше түрлері бар.



  1. генеалогиялық әдіс-оның негізін 1869ж Ф.Гальтон салған. Ол

көбіне медицинада тұқымқуалаушылық ауруларды зерттеуде қолданылады.

  1. Егіздер әдісі-Ф.Гальтон 1924 негізін салған. Мұнда монозиготалы

және дизигатолы егіздер зерттеледі.

  1. Отбасылық әдіс-отбасы мүшелері бір-бірімен салыстырылып

зерттеледі.

  1. Асыранды балалар әдісі-генетикалық және қоршаған орта факторларын зерттеуде тиімді әдіс болып есептеледі.


  1. БӨЛІМ. Ғылыми нәтижелерді ұсыну

20 – лекция

Тақырыбы: Ғылыми нәтижелерді ұсыну кезеңдеріндегі зерттеушінің этикасы

Жоспары:

1. Зерттеу жүргізудің нормалары.

2. Зерттеу жүргізудің принциптері.

3. Практикалық психологтың кәсіби қызмет үлгісі.


Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.

2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.


  1. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.

  2. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.

  3. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.

  4. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.

Қосымша:

  1. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.

  2. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.


Лекция мәтіні:

Бұл мәселені талқылаудың талқылаудың қажеттілігі, біздің ойымызша, ең бірінші практикалық психологтың жұмысы жеке адаммен тікелей байланыстығында. Әрине, психолог өзі толық құқығы бар жеке адам ретінде алынады. Осыған байланысты практикалық психологтың әлеуметтік мәніне сай көптеген мәселелер туындайды, мысалы, оның жұмысының тиімділігінің көрінісі мамандығының дәрежесі, айналып келгенде практикалық психологтардың кәсіби дайындығы.

Практикалық психологтардың іс-тәжірибесінің мәнін аша білу үшін, оның жұмысының іс-әрекетіне психологтың жұмыс барысында айырықшаланып тұратын, он түрлі негізгі сапасы арқылы сипатталады.

1. Психологиялық көмектің мақсаттары.

Ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамды оның мақсаттарын анықтап көрсететін, мінез-құқының болу керек екендігін мейлінше мүмкіндіктерін ашып береді. Өз ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамға мақсаты айқын мәдени-өнімділік тұлға болу, яғни жалпы мәдениет барысында өмірге икемді, алдағы атқаратын істерін толық сезе білетін, өміріне көзқарасы қажетті дәреже танытатын адам деп түсіне алады. Басқа сөзбен айтқанда, өз ісіне білікті психолог психологиялық тұрғыда көмек көрсетуді өзіне көңіл аударған адамның қарым-қатынас жасау барысында атқаратын психологиялық көмек деп қарастырады.

Өз ісіне білікті емес психолог өзіне көңіл аударған адамды тек өзінің жеке мақсаттарына пайдалану мақсатын ғана көздейді.

Клиенттің айтқан ойларын ескермей, өз пікірін қолданып, клиенттің қобалжуына, мазасыздануына алып келеді. Сондықтан “Мен - тұжырымдамасын” (клиенттің) жоққа мүмкіндік береді.



2. Практикалық психологтың өз кәсібіне байланысты көңіл аударуы және мән беріп, жауап қайтаруы

Өз ісіне білікті психолог вербальді және вербальді емес кең көлемді мәселелер мен жағдайлар барысында өз мінез-құлық ерекшеліктеріне жауап қайтарып, назар аударуды таба білу керек.

Өз ісіне білікті емес психолог мінез-құлықтың әдеттегі барысына сай мән беруге икемді емес.

Өз ісіне білікті психолог жағдайларға байланысты клиенттің әрекеттеріне баға беруге, тек өз пікірін айтуға ұмтылмайды.

Өз ісіне білікті емес психолог үшін клиенттің әрекеті бір қалыпты, жаттанды болып көрінуі мүмкін.

3. Практикалық психологтың көзқарасы, тұжырымдамасы.

Өз ісіне білікті психолог өз зерттеулеріндегі мәселенің және жеке адамға әрекет етудің күрделілігін және оларды бір тұжырымдаманың шеңберінде ғана қарап зерттеудің мүмкін еместігін түсінеді, өткені жұмыс ол барысында көптеген тұжырымдамаларды түсініп, пайдалануға тырысады.

Өз ісіне білікті емес психологтың анық тұжырымдамасы болмайды, өзінің практикалық қызметіндегі жағдайларға көңіл аудара алмайды, өз жұмысын белгілі бір шеңбердің ішінде шектейді. Осындай бір сарынды тұжырымдаманың мазмұны оған көп жағдайда түсініксіз болып қла береді.

4. Практикалық психологтың мәдениетті түрде жемісті істі атқаруы.

Өз ісіне білікті психолог көптеген ойларды, сөздерді және өзінің мәдениет тұрғысында тәртібінің үлгісін басқа мәдениеттің шеңберіндегі үлгілерімен шығаруға тырысады. Оның жеке басының және мәдениетінің дәрежесі, байқағыштығы мәдени бағытта іс-әрекетті атқара алуының негізі болып табылады. Мұның өзі өзіне көңіл аударған адамның (клиент) тіршілігіне араласа отырып, мәселелерді бірлесіп шешуіне жол ашады және де мұның өзі өз ісіне білікті психологқа бұрынғы түсінігінен бөлек өмір жолын табуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, өз ісіне білікті психолог мәдени іс өнімділігін “Мен” деген тұжырымдаманың негізінде емес, өзіне көңіл аударған адаммен өзара қатынасқа байланысты. Жоғары мәдениеттілікті көрсететін практикалық психолог кәсібіне негізделген байланыстарғ байланысты жүзеге асырады.

Өз ісіне білікті емес психолог “Мен” деген тұжырымдаманың мазмұны арқылы түсінетін бір шеңбер ішінде ғана іс-әрекет атқаруға шамасы келеді, ол өзінің мәдени өнімді іс-әрекетін жалпы мәдениеттің нормалары, мінез-құлықтың стандарты деп түсінеді.

5. Конфеденциальдылық (клиент тарапынан түскен құпияны сақтай алу қабілеті)

Өз ісіне білікті психолог жұмыстағы құпия сақтай алуы әр уақытта көрініп тұрады. Ол психологиялық бағдарламаның мазмұнына және өзіне көңіл аударшының маңыздылығына бірден көңіл аударып отырады. Сондай-ақ, психологиялық ақпаратты тапсырушыны, өзіне көңіл аударушыны және психологиялық ақпаратпен пайдаланушны бір-бірінен нақты ажырата алады.

Өз ісіне білікті психолог кәсіби қызметі барысында барлық қатысушылардың жауапкершілік шегін дұрыс түсінеді және оларды заң жүзнде бір-бірінен дұрыс ажыратып отыру жауапкершілігін жүзеге асырады.

Өз ісіне білікті емес психолог құпиялылықты сақтай алмайды, психологиялық ақпараттарды таратып жіберуге, оларды сақтай алмауға икемділік танытады.



6. Практикалық психологтың іс-әрекетідегі шектеулер.

Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби қызметіне үнемі көңіл бөліп, өз мүмкіндіктері мен мамандық дәрежесін дұрыс бағалай алады. Өз мүмкіндіктерін дұрыс түсініп, соның шеңберінде жұмыс істейді. Өзіне ұқсас әріптестерімен психиатрлармен, терапевт-дәрігерлермен, психоневрологтармен, нейропсихологтармен және басқалармен бірігіп жұмыс істей алады. Өз ісіне білікті психолог өз жұмысына жеке басының “Мен-тұжырымдамасын” қолданудан аулақ тұрады. Оны тек қана кәсіби бағытта өсудің бір мүмкіндігі ғана деп санайды.

Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби бағытта өсу мәселесіне өз әріптестерімен кәсіби түрде қарым-қатынас жасаудың қажеттігі бар деп қарайды.

Өз ісіне білікті психолог психолог өзіне көңіл аударған адамдарға: “Мен, бұл мәселелер төңірінде жұмыс істемеймін” – дегені оның өз ісін жете білмейтіндігін көрсетпейді, керісінше, сыпаылық танытып, бейтаныс істерден шектей отырып, өз үшін де, өзіне көңіл аударған адам үшін де тәжірибе жүзінде орынды үлгіні көрсетеді.

Өз ісіне білікті емес психолог жауапсыз жұмыс істеп, кез-келген жұмысты қолға алады, іс жүзінде қолданыла алмайтын мәселелерге барады. Басқа өз ісіне білікті кәсіби дәрежесін танытамын деп, өз пікірі бойынша ған жұмыс істеуді қарастырып, өзінің “Мен - тұжырымдамасын ” психологиялық ақпараттың қайнар көзі деп санайды. Оның бұл мәселе төңірегіндегі көзқарасы: “Психолог ретінде менің жасағандарым қалайда, әрі әр кезеңде дұрыс, өйткені, мен солай деп санаймын” – деген сенімді ойда болады.

7. Практикалық психологтың жұмысындағы тұлғааралық әсері.

Өз ісіне білікті психолог оның іс-әрекеті өзіне көңіл аударған адамдарға әсер ете алады, және де, керісінше, клиенттің әсері оған да ықпалын тигізетіні түсінеді. Өзіне көңіл аударған адаммен өзара тигізетін әсер деп түсініп, клиенттің өзіне әсерін өз сезіміндей, ойындай және мүмкіндігіндей, ықыласындай ескеріп, айқындайды, әрі түсінуге тырысады. Өзі ісіне білікті психолог мұны өзіне көңіл аударған адамның көңіл-күйін оның қобалжуын қайта сұрай отырып, ашық және жабық сұрақтарды қолдану арқылы жүзеге асырады. Өзіне көңіл аударған адамға мұның бәрінің әсер етуі, бір-біріне өзара әсер ететіндігі маңызды нәрсе, яғни мұның өзі ойларда, сезімдерде, тілектер мен мүмкіндіктерде болатын өзгерістерді көрсетеді.



8. Психологтың психологтың жұмысындағы адамның жетістегі.

Психологтың жұмысында адамның жетістігі өзіндік құндылығымен сипатталады. Өз ісіне білікті психолог үшін өзіне көңіл аударған адамның адамгершілігін сыйлау, оның сол адаммен қарым-қатынас жасау барысындағы, оған психологиялық ақпараттар беруде пайдаланудағы аксиома болып табылады. Өз ісіне білікті психологтың жұмысының бір көрінісі өзіне көңіл аударған адамға психологиялық ақпаратты жеткізу ең басты нәрсе.

Өз ісіне білікті емес психолог үшін өзіне көңіл аударған адамға сыйластық көрсетпеу оның қызметінің рефлексиясы болып саналмайды, ол өзінің жұмысы барысында басқа адамдарға деген менмендік көрсетуге, керек болса мазақ ету қатынасына баруы оның кәсіб рефлексиясының пәні болып табылмайды. Ол басқаларға үстінен қарау позициясын көрсетуі өз кәсібін өте жоғары санауына икемді екенін көрсетеді.

Өз ісіне білікті емес психологтар үшін психологиялық ақпараттарды беру мен қабылдау барысында арнайы кәсіби мәселелер болмайды. Ол көп жағдайда жалған пікірлермен немесе арнайы терминдермен араластыра отырып, өзінің мықтылығын айрықша көрсеткендігін байқатады.



9. Жалпылама теория.

Өз ісіне білікті психологтың жұмысында жалпылама теория маңызды орын алады. Бұл жалпылама ғылыми білім өз жұмысының барысындағы көп көңіл бөліп отыратындықтан, жаңа теориялар мен жаңа қағидаларды үнемі жүзеге асыруды талап етеді. Өз ісіне білікті психолог олардың негізінде психологиялық көмек көрсетудің өзіндік тұжырымдамасын дамытады. Ол бір ғана теориян ұстанғанмен жаңа білімдерді игеруге, ұқсас көзқарастарды қабылдауға икемділік танытып, өзінің практикалық жұмыс барысында жүйелі жолға көшуге тырысады.



10. Жалпылама теорияларға қатынасы.

Өз ісіне білікті психологтың жалпылама теорияға қатынасы – сол теорияны шындықтың көрінісі деп түсінуімен сипатталады. Осыдан оның мәдени және жыныстық тиістіліктен туындайтын ойлау мәнерін дұрыс көріп байқайды және түсінеді.

Өз ісіне білікті психолог кез-келген теорияда оның пәні мен тәсілдерін сипатталуы бар екенін түсінеді, егер пән (адамдардың ішкі дүниесі) барлық зерттеушілер үшін біреу болса, онда оны сипаттау тәсілі, талдауы, жалпыламалауы барлық авторлар үшін әр түрлі болып келеді. Ол мұны өз теориясын қорытындылағанда көретіндіктен, басқа теориялармен салыстыра алады.

Өз ісіне білікті емес психолог әртүрлі теорияның авторларына қарсы шығып, теорияның заты мен әдістерін жеке көрсете алмайды. Ол үшін өз теориясын басқа авторлардың теориясымен салыстырып қарау мәселесі ескерілмейді.


21 – лекция

Тақырыбы: Зерттеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну;

Жоспары:

1. Зерттеудің қорытындыларын өңдеу.

2. Зерттеудің қорытындыларын өңдеу және ғылыми жұмысты дайындау әдістемесінің ерекшеліктері.
Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.

2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.

3. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.

4. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.

5. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.

6. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.

Қосымша:

1. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.

2. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.
Лекция мәтіні:

Жоғарыда қарастырылған әдістер біршама құндылығымен қатар жалғыз- ақ елеулі кемшілікке ие: ғалым ол әдістерді қолдана отырып, тар өрісті деректерді ғана дамытуы мүкін, яғни зерттеу қорытындысы болмашы сандағы мектептер мен оқушыларға байланысты жасалынады. Ал көп жағдайларда кейбір мәселелердің шешімі ауқымы зерттеуді талап етеді. Бұл ретте педагог тар әлеуметтік зерттеу әдістерін алға тартады. Мұнымен қойылған мәселені жылдам әрі көп сандағы оқушыларға қойып анықтауға болады.

Педагогикадағы әдістер тізбегі аталғандармен шектелмейді. Олардың түрі мен формасы педагогикалық теориямен айналысқан зерттеуші- ғалымдар мен ЗАТ мұғалімдердің ынта- ықылас ізденуіне байланысты, әдістердің жаман, жақсысы болмайды, олардың әрбірі өз орнында құнды.

Өкінішке орай, сталиндік жеке басқа табыну мен брежневтік тоқырау жылдары педагогика ғылымының ролі төмендеп, оның қызметі мектеп пен білім мәселелері бойынша жоғарыдан түскен”даналық” көрсетпелерге түсіндірме беріп, олардың”тек дұрыс”екенін негіздеумен болады. Бұл теориялық ой- пікірдің дамуына, үлкен кедергі болып, шығармашылық ой ұмтылсын түспаодап тастады.

Ғылыми жолға үйлестіретін әдіс бойынша шәкірт оқылатын тақырыптың болжамын теориялық және практикалық тұрғыда жобалап, жнтекші идеяның міндеттерін белгілейді.Қойылып отырған проблеманы шешудің дерек көздерін қарастырып, мәселеге логикалық және практикалық жағынан іздену барысында ғылыми зерттеу жұмыстарына тән әдістерджі өзінің нақты ісінде пайдаланып көреді. Ғылыми зерттеугетән бұл әдістер оқушының өз деңгейінде атқаруы оларды шығармашылық жолға бейімделіп, тиісті проблеманы шешіп, ондағы сұрақтарды талап, талқылап салыстыра қараудағы эксперименттік сипаттағы таным- түсінікке айналады. Былайша айтқанда, оқушы сөз ертіп отырған мәселені, деректерді салыстырып, өзі дұрыс деп таныған пікірге тоқталып, ой қорытындысын жасайды.

Ол –өзінің сипаты жағынан принциптің жаңа жағдай немесе белгілі заңдылықтардың нұсқаулары ретінде ұсынылуы мүмкін. Қисындық құрылымы бойынша болжамдар сызықтық сипатта болады, яғни белгілі бір сөйлем мен пікірді тексеру мен ұсыну барысында, бірнеше жорамалдарды тексеру барысында жүзеге асады. Болжамдық ұсынумен зерттеудің бірінші кезеңі аяқталады.

Болжамды ұсынумен зерттеудің бірінші кезеңі аяқталады.

Педагогикалық интерпретация мен оны бағалау алдын- ала теориялыцқ және тәжірибелік білім қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл қорытындылар, әдеттегідей эксперимент арқылы тексеруі және нақтылануы тиіс, яғни алынған нәтижелерді тексеру мен нақтылау мақсатында іс- тәжірибеге қоса ендіру болып табылады.

Зерттеудің үшінші кезеңі- өңделген пікір ұсыныстарды енгізу үшін тек қана ауызша жұмыс емес, сондай- ақ оларды көрсете білу керек. Және де әдіснамалық пікір ұсыныстарды, құралдары, заңдылықтарды өңдеу де маңызды болып табылады.

Белгілі бір мөлшердегі нәтижелер мен зерттеудің барысы үнемі жаңарып отыруы тиіс, онсыз ғылым мен іс- тәжірибеге оларды ауқымды түрде ендіру мүмкін емес.

Авторға негізгі идеяларды әдістерді қорытындылар мен пікір ұсыныстарды нақты әрі тиімді жеткізе білу аса қажет. Өйткені зерттеуші баяндама, мақала, дисертация жазу барынша оның нәтижесін алдын- ала біледі, және де оның нәтижесі баяндау тәсілін анықтайды.

Әсіресе, қорғап жатқан жұмысының негізгі жағдайларын ашық баяндау автор үшін өте тиімді. Мұндай жолмен дәлелдер нақтылығын, сенімділігін тексеру оңайға түседі. Әрине баяндау менқисынды стандарт қой!ылмайды, әрбір автор өзінің зерттеу нәтиделерінің сенімді, тиімді баяндау тәсілдерін, оптимальды қисынды( логикалық )іздестіреді.

Қисындық толыққандық баяндау тілі ұйымдастырылған жұмыс түріне байланысты болып келеді. Ғылыми баяндаманың бірнеше түрін ұсынуға болады.:


  1. Баяндама немесе жария жазба- жазбаша түрдегі құрылған, бірақ зерттеумен оның қорытыныдларын маңызын ауызша баяндауларға арналған ережеге сәйкес баяндамалар мен хабарлаулар газетте жарияланбайды- негізгі идеялар қысқаша баяндалады.

  2. Мақала- тақырыптың маңыздылығы туралы қиыстырмалы ескертулерді, зерттеу міндеттерін, жұмыс әдістемелері туралы қысқаша мәліметтерді, оның нәтижелерін талдау мен жариялауды қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды.

  3. Рецензия- рецензенттің міндетті түрдегі таланттар жүйесіндегі бір немесе шығармаларды сынмен қарау, қарастыру рецензия талқыланып жатқан мәселелерді өңдеу жолдары туралы тиімді ұсыныстар мен кеңестерді қамтиды.

  4. Кітапша және монография белгілі бір мәселені оның маңыздылықтарын ашуды оның даму тарихын, оның нәтижелерін баяндауды, қорытындылары мен ұсыныс- пікірлерін бірізді және нақты қарастыру болып табылады.

  5. Оқу құралы- белгілі бір ғылым саласындағы қазіргі ғылыми мәліметтер мен іс- тәжірибелерін ұсыныс пікірлерді жүйелі түрде баяндау. Зерттеу жұмысының нәтижелері құралдары көрініс береді, болашақта қазіргі ғылыми мәліметтер жүйесі мен негізгі концепциялар мен теориялармен сәйкестендіріледі.

  6. Диссертация- ғылым факторы мен кандидантының, ғылыми деңгейіндегі ізденістеріне бағытталған топтық қорғауға арналған ғылыми жұмыс нәтижелерін баяндау болып табылады.



22 – лекция

Тақырыбы: Ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар және оның түрлері

Жоспары:

  1. Зерттеу жұмысының негізгі элементтері;

  2. Ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар;


Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.

2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.

3. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.

4. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.

5. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.

6. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.

Қосымша:

7. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.



  1. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.


Лекция мәтіні:

Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерін жазу және оны әдеби көркемдеу – зерттеу жұмысының негізгі элементі болып табылады.

Зертеу жұмысы нәтижелерін баяндау немесе жазюа түрінде орындауда олардың мәтінінің дұрыстығы, оның стилистикасы мен тыныс белгілері ережелерінің дұрыс орындалуына байланысты екеніне шүбә келтіруге боламйды.

Стилистика – стиль туралы ілім. “Стиль” деп белгілі бір жалпы халықтық тілдің аумағындағы тілдік құралдарының қолданылу, сұрыпталу және тіркесу тәсілдерінің қоғамдық айқындалған, қызмет жағынан сәйкестендірілген, іштей топтасқан жиынтығын айтамыз.

Зерттеу жұмыстары мазмұнына сәйкес төмендегілерді болады:

Ғылыми стиль – ғылыми еңбектер,лекция, баяндамаларда жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама дерексіз, логикалық, дәлеледеу жағы басым. Тіл тәсілдері: жалпы және дерексіз мәндегі бейтарап, ғылыми терминдер.

Публистикалық стиль – газет, журнал, митинг, жиналыстарда пайдланылады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау, қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін атқарады.

Тыныс белгілерін тіл білімінде пунктуация деп те атайды. Пунктуация – жазуға тән шартты белгі. Ол жазумен байланысты қалыптасты, дамыды, жетілді.

Тыныс белгілері – айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай-ақ баяндалмақшы пікірді ала-құла етпей, айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл – тыныс белгілерінің ең басты қасиеті.

Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тывныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгілері мүлде қойылмаған немесе дұрыс қойылмаған тексті сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын.

Тыныс белгілерін дұрыс қою инотациямен тікелей байланысты. Мәселен, хабарлай айтылған сөйлемнен соң кідіріс болады ды, соған орай нүкте қойылады.

Ғылыми жұмыстардың әдеби көркемделінуі төмендегі формалар түрінде орындалады.

Реферат – қандай да бір мәселе төңірегінде әдебиеттерге және басқа да ақпараттарға сыни көзқараста талдау жасалынған дүние.

Баяндама тезисі - баяндама мазмұнында айтылатын мәселелердің қысқа, логикалық нұсқасы.

Баяндама - негізінен ғылыми конференцияларда, ғылыми зерттеу жұмысының бағыты, барысы, нәтижесі т.с.с., жөніндегі хабарлама. Оның баяндалу ұзақтығы 10-20 минут. Көбінесе, аралығы 2 инетервалмен басылған бір беттегі материалды оқып шығуға 2 минут көлемінде уақыт кететіндіктен, оның кғөлемі 5-10 беттен аспағаны жөн.

Баяндама дайындауға қойылатын талаптар.

Баяндама толық 4 батке дейін (суретті қоса есептегенде) Word 6.0, 7.0 for Windows 97-2000 редакторында, А4(210х297) форматты парақта дайындалып берілуі тиіс, қолданылатын шрифт - Times New Roman, Kz Times New Roman. Интервал – 1. парақтың барлық жағынан 25 мм алаң қалдырылуы тиіс. Материал төмендегі ретте орналасады: бірінші қатарда ЖОК көрсетіледі, 1 қатар тастап – баяндаманың тақырыбы (бас әріптермен), 1 келесі қатарда мекеменің және қаланың аталуы, бір қатардан соң резюме (тақырыпсыз курсивпен) қазақ (орыс тіліндегі баячндамалар үшін) немесе орыс (қазақ тіліндегі баяндамалар үшін) және ағылшын тілдерінде келтіріледі. Осыдан кейін бір қатар тастап, баяндаманың негізгі тексті басылады.

Әдебиеттер тізімі негізгі тексттен кейін бір қатар тастап басылады.

Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмысы нәтижелері бойынша орындалған жұмыстарға, ғылыми есеп, монография, оқу құралдары жазылады. Олардың бірінші беттерінің (титулдік) жазылуы белгілі формаға сәйкес келуі керек.

Текст жазылуы төмендегі өлшемдерге сәйкетендіріледі: сол жағы – 30мм кем емес, оң жағы – 10мм кем емес, жоғары жағы – 15мм кем емес, төменгі жағы 20мм кем емес болуы керек.

Кіріспе. Кіріспе сөзі үлкен бас әріппен КІРІСПЕ түрінде жеке жолға жазылады. Кіріспеде – ғылыми мәселенің қазіргі жағдайы, жұмыстың мақсаты, оның жаңалығы және көкейкестіліг жазылады.

Тарау. Тарау өте қысқаша құрастырылғаны жөн. Онда тарау мазмұны, параграфтары т.с.с., ашылатындай, жазылған еңбекутің өн бойын қамти алатын болуы керек. Егер тарау аттарының бірі арнайы атауға, екіншісі басқа мағынада болса, бұл немқұрайлылықтың белгісі деген сөз.

Дұрыс емес

ІІ тарау

Өндірістік еңбек процесін зерттеу әдістері

2.1 Өндірістік еңбек процестері жөнінде жалпы мәлімет;

2.2 Өндірістік еңбек процестерін зерттеу;

Дұрысы


2 тарау

Өндірістік еңбек процесін зерттеу әдістері

2.1 Жалпы мәлімет;

2.2 Еңбек процесін зерттеу әдістері;

Тарау тізбесі араб цмфрларымен нөмірленеді.
23 – лекция

Тақырыбы: Ғылыми мақаланың жазылу ережесі

Жоспары:


  1. Ғылыми мәтінге талаптар.

  2. Ғылыми мақаланың мазмұны,

  3. Ғылыми мақаланың құрылымы.


Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.

2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.

3. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.

4. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.

5. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.

6. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.

Қосымша:

7. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.



  1. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.


Лекция мәтіні:

Ғылыми жұмыстың мәтіндік көрінісінің бірнеше нұсқасы бар:

а) ғылыми баяндаманың тезисі;

б) ғылыми зерттеу жұмысының есебі;

в) редакцияға хат (ғылыми жұмыс туралы қысқаша хабар);

г) ғылыми журнал немесе ғылыми еңбектер жинағындағы мақала;

д) ғылыми монография.

Ғылыми еңбекті жариялаудың негізгі формасы ғылыми журналға мақаланы беру. Ғылыми жалпы қабылданған талаптары бар. Мысалы үшін “Психологиялық журнал” ғылыми журналы мынадай талаптармен ғылыми мақаланы қабылдайды. Бұл журнал психология саласындағы өзекті, түп-нұсқадағы ғылыми жұмысты жариялайды. Мұнда, методологиялық, теоретикалық мәселелері суреттерімен қоса 24 бетке дейін, эксперименталды және қолданбалы зерттеулер 20 бетке дейін, әдістемелік өңдеулер 20 бетке дейін, психология тарихы, сыни мақалалар (редакция алқасының тапсырысымен) 28 бетке дейін, қысқа хабарламалар (эксперимент, теория, методология) 7 бетке дейін қабылданады. Сондай-ақ редакция редакторға хат, бұрын жарияланған материалдарға комментрий, автордың жауаптарын 3 бетке дейін жариялайды, кітаптарға рецензия ғылыми конгрес, съезд, симпозиум, ғылыми жаңалықтарды 2-5 бетке дейін жариялайды.

“Психологиялық журнал” бұрын жарияланбаған материалдарды жариялайды. Автор бұрын жарияланған жұмыс туралы мәлімет беруі керек. Қолжазба жаңа фактілерден немесе жаңа интерпретациядан, талдау немесе көзқарастан теоретикалық методологиялық бағыттардан тұруы керек.

Қолжазба логикалық құрылымнан – мәселені қою, аргументтер келтіріліп ғылыми қорытындыға негізделуі керек.

Ғылыми мақала қолжазбасының жалпы талаптарына келетін болсақ, мақала міндеттері мен мәселе қойылған қысқаша кіріспеден, жеткілікті қарастырылған әдістемеден сыналушылардың саны, жасы жынысы көрсетілген мәліметтен, сыналушыға инструкциядан, эксперименталды процедураның сипаттамасынан, қолданылған аппарат және ол туралы мәліметтен, тұруы керек зерттеу нтижесінің өңдеуі және валидтілігі көрсетілуі керек. Қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасалуы керек. Эксперименталды материалды сипаттайтын суреттер мен кестелер туралы текстке сілтеме жасалуы керек.

Мақала қорытынан немесе түйіндемемен аяқталады.

Жаңа әдістемелік қолдануды, тест, сауалнама, т.б. көрсететін мақалаларда түсіндірмелер мен сипаттамалары болуы керек. Барлық арнайы және техникалық терминдер, жаңадан енгізілген түсініктер түсіндіріліп отыруы тиіс. Редакция материалды қысқартуға құқылы қолжазбаны қабылдау “Психологиялық журнал” редакциясының алқасы бекіткен екі сарапшының шешімімен жүзеге асады.

Қолжазбаны дайындау талабына келетін болсақ, 2 данадан, стандарты форматтағы қағазға бастырылған, жазудың орналасуы сол жақтан 35 мм, оң жақтан 10 мм, екі инетервалдан қалдырып басылуы керек. Қолжазба мақаланың мәтінен әдебиеттер тізімі, суреттерден (арнайы бетте) тұрады. Сондай-ақ, иллюстрация, қысқаша аннотация, мақсаты, жұмыстың маңызды ерекшеліктері, кілт сөздерден тұрады.

Кестенің маңызды тақырыбы (бағандар саны оннан аспауы керек) болуы, қысқартылған белгілердің түсінігі болуы керек. Мақалада 3 суреттен артық қолданылмайды. Әдебиеттер нөмірленіп, сноскада әдебиет нөмірімен көрсетіледі.

Формулалар мен символдар айқын, қара бояумен жазылып, грек әріптері қызылмен, латын әріптері курсивпен асты сызылады.

Ал АҚШ-да мақаланы рәсімдеу Америка Психологиялық Ассоциациясы шешімімен қабылданады. Мақаланың бетінде автордың аты жөні, оның жұмыс орны көрсетіледі. Мақаланың тақырыбы қысқаша (15 сөзден аспауы) керек. Мақаланың аяғы сөзі 100-175 сөзден тұрады. Мақаланың мәселесі, пәні, әдісі, нәтижесі мен басты қорытындысы туралы ақпарат беріледі.

Кіріспенің басында мәселе қойылады. Негізгі әдістер келтіріліп, зерттеудің нәтижесі талданып беріледі. Автор өз зерттеуінде теориялық мәлімет береді. Болжам қойылып, ол тексеріледі. Зерттелінетін айнымалылардың тізімі (тәуелді, тәуелсіз, қосымша басқа да сыртқы айнымалылар) беріледі.

Әдістер мұнда зерттеу процедурасы толық ашылады. Оқырманға зерттеу жоспары туралы толық мәлімет беріледі. Сыналушы таңдамалар туралы, топтардың қалыптасуы, зерттеу өткізудің уақыты, сыртқы жағдайлары туралы ақпарат беріледі. Сыналушыға инструкция толығымен беріледі.

Әдістемелер мен аппаратураларды сипаттауда нақты атаулар мен ерекшеліктерін көрсету керек. Стандартты техникалар мен стандартты әдістемелер толық сипаттауды қажет етпейді. Қолданылатын тестті сипаттауда оның нақты атауын, мезгілін, зерттеу орнын, негізгі психометрикалық сипаттамасын және тесттің авторын көрсету керек.

Мақаланың негізгі бөлімі зерттеу нәтижесін көрсету мен талдаудан тұрады. Нәтижені түсіндіру және иллюстрациялау үшін кестелер мен суреттер қолданылады. Нәтижелерді талдау – мұнда автор алынған нәтижелер туралы мәлімет беруі керек. Әрі қарай эксперименталды зерттеу перспективалары туралы және алынған нәтижені тәжірибеде қалай қолданатын айтады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі жеке бетте көрсетіледі. Әдебиеттердің авторы және жылы көрсетіледі. Сондай-ақ әрбір кесте немесе графиктер жеке беттерде көрсетіледі. Аббревиатуралар мен жалпы қабылданған атаулар қысқартылған атымен беріледі. Кейбір атаулардың қысқаша атауларын көрсететін болсақ:



  • MMPI – миннисаттық көпфакторлы тұлғалық сауалнама;

  • IQ – хронологиялық жас;

  • RT – уақыт реакциясы;

  • SD – стандартты ауытқу;

  • Mdn – медиана.

Сонымен ғылыми жарияланымның құрылымы:

  1. Титулды бет.

  2. Қысқаша түсінік (абстракт).

  3. Негізгі мәтін: атауы, кіріспе, әдіс, нәтиже, таладау;

  4. Әдебиеттер тізімі.

  5. Ескертулер.

  6. Кестелер.

  7. Графиктер.

Сондай-ақ жұмыстың жазылуына байланысты пайдалы ұсыныстарды келтіруге болады.
24- лекция

Тақырыбы: Психологиялық зерттеудің логикасы мен құрылымы.

Жопары:

  1. Психологиялық зерттеудің логикалық алғы шарттары.

  2. Психологиялық зерттеу әдістерінің пәндік спецификасы.

  3. Психологиялық – эмпирикалық зерттеуге субъективті көзқарас.


Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:

1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.



  1. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.

  2. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.

  3. Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.

  4. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.

  5. Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.

Қосымша:

  1. Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.

  2. Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.


Лекция мәтіні:

Отандық психологиялық әдебиеттерде, шетелдік психологиялық зерттеудің логикалық модельеріне көп көңіл бөлінеді.

Әлеуметтік психологияда логика мәселесімен Т. Парсонс айналысты. Алайда оның әлеуметтік әрекет теориясы формализация деңгейінен келіп шықпайды.

Логикалық әрекет моделдері философтардың, логиктердің, лингвистердің сирек те болса психологтардың еңбектерінде кездеседі. Мұндай еңбектердің қатарына Ч. Филмордың зерттеулері жатады. Ол падежді грамматикаға арналған. Автор психолингвистикалық теорияны қалыптастыруда семантикалық код болып табылатын латентті элеметтерді бөлді.

Мұнда негізгі түсінік белсенді әрекетшіл деген мағынаны беретін “агент” сөзі S әрпімен белгіленеді. Сондай-ақ Ч. Филмар жасырын модельдердің негізгілерін көрсетеді. Жүйе (S), орта (Е), әрекет (→) өзара әрекет (↔) белгілерін көрсетеді. Жүйенің екі түрі болады:

Субъект (агент) (S) және объект (О).

Жүріс тұрыстың логикалық сипаттамасында жүйе (агент, субъект т.б.) орта (әлем, қоршаған орта т.б.), әрекет (операция, жүріс-тұрыс акт т.б.) мағыналарын береді.

Психологияда зерттеу әдістерінің мүмкіншіліктері зор. Сондай нақты зерттеу әдістерінің бәріне ортақ жалпы сипаттама бар. Мәселен, қалыпты дамыған балалар мен ақыл-ойы кем түрлі жастағы балалар зейінін зерттеу мақсатымен жүргізілетін тәжірибе бірнеше сатыдан тұрады.?

1-саты – даярлық сатысында бақылау жүргізіледі.

2-сатыда қалыпты дамыған балалар мен кеміс балалар екі топқа бөлініп, берілген тапсырма зерттеледі. Мысалы, “с”, “в” әріптерін текстен сызып отыру сияқты тапсырманы орындау ұсынылады.

3-сатыда тәжірибе нәтижелері математикалық құрал арқылы зерттеледі. Алынған нәтижелер тиісті жорамал бойынша тексеріледі. Психологиядағы мұндай зерттеу әдістері анықталуға тиісті мәселенің шындығын көрсетіп, айқындап, түрлі психологиялық зерттеулерде кеңінен қолданылады.

Психологиялық зерттеулердің мақсаты бойынша, әрбір психикалық құбылыс өзара байланысты және ол үнемі дамуда болады. Ал психологияның зерттеу әдістері тарихи даму тұрғысынан қарастырылады.

Ұзақ жылдар бойы шетелдік психологияда адам жанының сырын өзін-өзі бақылау әдісі арқылы білуге болады деп санап келеді. Бұл әдіс адам “жаны” ерекше, ол өзінше өмір сүреді деген көзқарасқа негізделеді. АҚШ психологы Э. Титченер адам өзін хайуанаттар орнына қойып, содан кейін ол адамға тән саналы әрекет арқылы адамдық қасиеттерді туғыза алар еді дейді. Бұл - әрине, сыңаржақты субъективті көзқарас. Ал психиканы зерттеудің объективті әдісі адам санасы мен әрекетін бірлікте іздестіре отырып, адамның өзін-өзі басқаруының ісі мен қылығына есеп беруін жоққа шығара алмайды.

Генетикалық принцип – қазіргі ғылыми психологиядағы талап. Бұл принцип бойынша психикалық фактілер мен құбылыстар, адам психикасының дамуы тарихи негізде, яғни басынан аяғына дейін үнемі дамып жетілу тұрғысынан қарастырылады. Даму сатыларының бір-бірін қалай алмастыратындығы, адамның өсуі мен даму кезеңдері белгілі сатылар бойынша зерттеліп, әр кезеңдегі баланың дамуы жас ерекшеліктерімен өзара салыстыра отырып қарастырылады.

Зерттеу әдістерінің түрлері – бақылау және тәжірибелік әдістердің қолдану тәсілдері әр қилы. Бақылау арқылы байқалған фактілер мен құбылыстардың табиғаты психологиялық тұрғыдан түсіндіріледі.

Өмір тәжірибесінде әдеттегі бақылаудың ғылыми бақылаудан негізгі айырмашылығы құбылыстардың себеп-салдар принципі бойынша әрбір нәрсенің сыры ашып көрсетеді. Ғылыми бақылау мынадай сатылардан тұрады:

а) сырттай бақыланған мінез көріністері мен әрекеттерді түсіндіру;

ә) оның ішкі психологиялық мәнін ашып көрсету;

б) жорамал жасап, оның анықтығын танып білу.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Сырдария” университеті

Гуманитарлық білім ” факультеті

Педагогика және психология” кафедрасы

Эксперименталды психология” пәні бойынша



050103 – “Педагогика және психология” мамандығының

студенттері үшін

Семинар сабақтары

Жетісай 2007 ж


10.Практикалық (семинар) сабақтарының мазмұны.




Тақырыптары

Сағат саны

Әдебиеттер

1

Эксперименталды психология ғылымының даму тарихы және әдістері

1. Эксперименталды психология ғылымының пайда болу тарихы;

2. Эксприменталды психология тарихының кезеңдері;

3. Психология ғылымындағы зерттеу әдістері;



1

1,2,3

2

Эксперименталды психологияның дамуы;

1.Эксперименталды психологияның дамуы.

2.Эксперименттік лабораторияның ашылуы.


1

4,5,6

3

Психологиялық өлшемдер жүргізу техникасы;

1. Өлшеу шкалалары;

2. Психологиялық өлшем жүргізудің

3. Өлшем теориясының негізі – тест;



1

1,2,3

4

Эмпирикалық әдістердің классификациясы;

1. Бақылау және өзін-өзі бақылау;

2. Эксперимент;

3. Психодиагностикалық әдістер;



1

4,5,6

5

Бақылау және эксперимент;

1.Психологиялық эксперимент.

2.Психологиялық эксперименттің әлеуметтік – психологиялық аспектілері.

3. Бақылау әдісін жүргізуге қойылатын талаптар;



1

1,2,3

6

Эксперименталдылыққа дейінгі және квази-эксперименталды жоспарлар:

1.Эксперименталдылыққа дейінгі жоспарлар.

2.Квази-эксперименталды жоспарлар.


1

4,5,6

7

Эксперименталды жоспарлар:

1.Экспериментті жоспарлау.

2.Бір тәуелсіз айнымалының жоспары.

3.Факторлы жоспарлар.



1

1,2,3

8

Корреляциялық зерттеулер;

1.Зерттеуді ұйымдастыру әдістерінің жіктелуі.

2.Эксперименталды зерттеудің түрлері.

3.Толық эксперименталды зерттеуді өткізу этаптары.



1

4,5,6

9

Алғашқы мәліметтерді компьютерлік өңдеу;

1.Идеалды эксперименттің сипатта-масы.

2.Реалды эксеримент.

3.Толық сәйкестік эксперименті.



1

1,2,3

10

Ғылыми нәтижелерді түсіндірудің қазіргі формалары;

1.Тәуелсіз айнымалы.

2.Тәуелді айнымалы.

3.Айнымалылар арасындағы қатынас.



1

4,5,6

11

Психодиагностикалық әдістер;

1. Психодиагностикалық әдістерге түсінік;

2. Психодиагностикалық әдіс типтері;


1

1,2,3

12

Психокоорекциялық әдістер;

1. Психокоорекциялық әдістер типтері;



1

4,5,6

13

Психологиялық өлшеулер:

1.Психологиялық өлшеулер теориясының элементтері.

2. Атаулар шкаласы.

3.Интервалды шкаласы.



1

1,2,3

14

Педагогикалық комплективті басқару:

1. Балалар тобы мен ұжымында жеке адам аралық қатынастарды басқару;

2. Педагогикалық ұжымда қақтығыстарды реттеу;

3. Ұжымды басқару әдістері мен стилдері;



1

4,5,6,7

15

Мектептегі психологиялық түзету жұмыстары:

1.Психологиялық түзету дегеніміз не?

2.Түзету жұмыстарының мазмұны мен формалары.

3.Коммуникативтік жекеадамара-

лық түзетулер.


1

1,2,3,8




Барлығы

15





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет