Лекция: 30 сағат Практикалық (семинар): 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



жүктеу 2.46 Mb.
бет6/12
Дата17.06.2016
өлшемі2.46 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қарастырылатын мәселелер:


1. Қарым-қатынас мәні.

2. Қарым-қатынас стильдері.

Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Педагогикалық шеберлік негіздері / И.А.Зязюнаның түзетуінде – М., 1989

  2. Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов на Дону, 2003.

  3. Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.

Қосымша:

  1. Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.

  2. Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е.В.Бондареваның түзетуімен – Ростов на дону, 1995.

  3. Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990.

  4. Елканов С.Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері – М., 1989.

  5. Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д., Педагогикалық шығармашылық – М., 1990.

  6. Коджаспирова Г.М. Педагогтің кәсіби білімін көтеру мәдениеті – М., 1994.


Лекция мәтіні:

Қарым-қатынас екі жақты мәнге ие: қатынас және өзара әсер ету. Бұл айсбергтің су асты және су үстіндегі бөліктеріне ұқсас. Мұндағы көрінетін жағы – сөйлеу және сөз қимыл-әрекеттері, көрінбейтін ішкі жағы – қажеттіліктер, мотивтер, қызығулар, сезімдер және т.б. адамды қарым-қатынасқа бағыттайтын әрекет-қимылдар, толғаныстар.

Зерттеулер нәтижелері төмендегілерді аңғартады: балаларға әрқашанда олардың көңіл-күйіне тұрақты қатынаста болатын, оқу әрекеттері мен мінез-құлқындағы кемшіліктерге іскерлікпен қарайтын, олармен байсалды және бірқалыпты мәнерде қарым-қатынас жасайтын оқытушыларға олар әрдайым еркін, сеніммен тілдесетін болады.

Оқушыларға ұнамсыз қарым-қатынаста болу (“сыныптарың жыныма тиді”) , оқытушының тұрақсыз позициясы (көңіл-күйіне қарай жиі өзгеруі) балаларда оған деген сенімсіздік, жағымпаздық, жалған сөйлеу және т.б. ұнамсыз қасиеттерді оятуы мүмкін. Мұндай жағдай жалпы оқу-тәрбие процесіне нұқсан келтіреді.

Жалпы алғанда, зерттеушілер оқытушының сынып ұжымына бағытталған негізгі үш түрлі қатынас стилін ажыратып, қарастырады: тұрақты-ұнамды, төменгі дәрежелі ұнамды, тұрақсыз кейде балаларға ұнамсыз, тұрақты ұнамсыз қарым-қатынаста болатын оқытушылар да кездеседі.

А.А.Леонтьевтің пікірінше: “ұнамсыз, тұрақсыз” оқытушылар өздеріне ұнамсыз көзқарастар келіп шығуына жағдай жасайды. Демек, олар мектепке қайшы, жалпы қоғамға қарама-қарсы әрекетте болады деген сөз.

Психологияда қоғам мүшелерімен қарым-қатынаста болатын әртүрлі басшылық, жетеекшілік ету түрлері анықталған. Оқытушы да өз әсерін жүзеге асырушы басшы болып есептеледі. Басшылықтың негізінде үш стиль кездеседі (әсер ету бағытына қарай).

Авторитарлы стиль.

Оқытушы өз бетінше , жеке топтың жұмыс бағытын анықтай отырып, кім-кіммен отыруы және жұмыс істеуі қажеттігін көрсетеді, оқушылар тарапынан кездесетін әрқандай белсенділік шектеледі, оқушылар күмәндану үстінде болады. Өзара әсер ету формалары – бұйыру, көрсетпе, инструкция, жазалау.

Кейде берілетін алғыс, ризашылық та бұйрық немесе кемсіту түрінде жарияланады. “Бүгін сен жақсы жауап бердің. Сенен мұны күтпеген едім”.

Демократиялық стиль.

Бұл стиль ұжым мүшелерінің пікірлеріне сүйенген жағдайда көрініс табады. Оқытушы істелетін жұмыстың мақсат-міндеттерін әр бір оқушы санасына жеткізуге әрекеттенеді. Олардың барлығын еңбек процесіне белсенді қатыстырады, өз міндетін тек бақылау мен басқаруда деп білместен, тәрбие беру деп те түсінеді. Әрбір оқушы марапатталып бағаланады, және онда өз-өзіне сенім арттырылады, өзін-өзі басқару дамытылады.



Либеральдық стиль.

Бұл стильдің мәні – тәртіпсіздік, бейғамдық. Оқытушы ұжым өміріне араласпауға әрекеттенеді, белсенділік жоқтың қасы, сұрақтар немқұрайды талқыланады, кейбір қарама-қарсы пікірлерге тосқауыл жасай алмайды. Ұжымда тәртіпсіздік күшейеді. Оқушыларда ұнамсыз пікірлер мен көзқарастар пайда бола бастайды. Мұндай оқытушының авторитеті ізет-құрметі жөнінде әңгіме болуы мүмкін емес.

Авторитарлық тстильде басқаруда топтағы жұмыс нәтижелі күйде болып жатқандай етіп көрсеткенімен, онда күрделі ауыр психологиялық жағдай туындайды. Мұндай стильде ұжымның даму кезеңдері төмендейді, социологтардың пікірінше мұндай ұжымда тәртіпсіздік күшейе түседі. Оқушыларда төңірегінде кісілер жөнінде ұнамсыз көзқарас пен пікірлер пайда болады.

Ең ұнамды стиль – бұл демократиялық стиль деп есептелінеді. Сандық көрсеткіштер төмендесе де жұмыс істеуге деген қызығушылық , ынта мұндай ұжымда төмендемейді (басқарушы болмаса ды), мәселелерге шығармашылықпен кірісу күшейеді, жауапкершілік сезім артып, ұжыммен мақтаныш ету дами түседі.

Ең талапқа жауап бере алмайтын стиль – либералдық стиль деп білу керек. Бұл басқару стилінде жұмыс әрі нашар және сипатсыз орындалады.

Авторитаризм педагогтің қалыптаспағандығынан, мәдениеті төмендігінен, балалардың жеке ерекшеліктеріне мән бермеуі, менсінбегендігінен, балалар өмірін белсенділік, шығармашылықпен ұйымдастыру принциптерін тән алмағандығынан пайда болады.

Басқарудың авторитар тәсілінен арылу үшін ұжымда жоғарғы деңгейдегі моральдық қатынастарды, педагогта адамгершілік рухында қалыптасқан көзқарастарға негізделген шын мәніндегі қарым-қатынас мәдениеті, педагогтің басқарумен біте қайнасқан өз-өзін басқаруды орнықтыру және дамыту қажет болады.
Бақылау сұрақтары:

1. Қандай стиль ұнамды деп есптейсіз?

2. Қарым-қатынастың екі жақты мәнін қалай түсіндіресіз?

3. Қарым-қатынасты неге айсбергке теңеуге болады?

4. Зерттеулер нәтижелерінен нені байқауға болады?

5. Зерттеушілер оқытушының сынып ұжымына бағытталған қандай стиль түрлерін қарастырады?

6. А.А.Леонтьевтің “ұнамсыз, тұрақсыз” оқытушылар туралы пікірі қандай?

7. Авторитарлы стильдің сипаты қандай?

8. Демократиялық стильдің сипаты қандай?






Қарастырылатын мәселелер:


  1. “Педагогтік әдеп”туралы түсінік.

  2. Педагогтік әдеп пен педагогтық тактиканың арақатынасы.

Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Педагогикалық шеберлік негіздері / И.А.Зязюнаның түзетуінде – М., 1989

  2. Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов на Дону, 2003.

  3. Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.

Қосымша:


  1. Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.

  2. Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е.В.Бондареваның түзетуімен – Ростов на дону, 1995.

  3. Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990.

  4. Елканов С.Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері – М., 1989.

  5. Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д., Педагогикалық шығармашылық – М., 1990.

  6. Коджаспирова Г.М. ПЕдагогтің кәсіби білімін көтеру мәдениеті – М., 1994.

Лекция мәтіні:



Педагогтік әдеп және педагогтік тактика туралы түсінік.

Қазіргі кездегі мектеп – оқушылар үшін ақпарат берудің бірден – бір көзі емес. Олар мектеп өмірі, мұғалімдер, оқушылар өмірі туралы оқиды, радио тыңдайды, телевизия хабарларын, кинофильмдерді көреді. Олар біздің мамандығымыздың құпияларымен, біздің қоғамымыздың оқушыларды тәрбиелеуге қоятын талаптарымен де таныс. Олар біраз жағдайда біздің қылықтарымызды бізден жақсы ажырата алады. Оларға біздің тарапымыздан қойылатын талаптың орынды болуын зейін қоя қадағалайды, олар біздің талаптарымызға сын көзбен қарауға да бар, тіпті келіспейтін кездері де болады. Сондықтан да біздің оқушылармен қарым-қатынасымыздың мәні ерекше. Оқушылармен дұрыс іскерлік және эмоциялық қарым-қатынас орнату – күрделі іс. Ол бізден жоғары шеберлікті, кәсіби білгірлікті, тиісті іскерлік пен дағдыларды қажет етеді. Ал біздің шеберлігіміздің аса маңызды бөлігіпедагогикалық әдеп пен педагогикалық тактика болып табылады.



Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деп те анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан психологиялық бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К:Д.Ушинскийдің айтқанындай: “түптеп келгенде психологиялық әдеп”.

Педагогикалық әдепке және осы терминді қолдану өрісіне анықтама беру теорияда және педагогика практикасында үш түрлі көзқарасқа негізделеді:



  • жалпы адамзаттың әдептілікті сіңіру;

  • мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі;

  • мұғалім шеберлігінің бір бөлігі.

Алғашқы екі көзқарас бойынша педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға деген сүйіспеншілігі, олармен сыпайы қарым-қатынасы, олардың қадірін біліп сыйлауы, қайырымдылық, ілтипаттылық, кеңпейілділік, шынайылық, ұстамдылық, байсалдылық, сенімділіксияқты мінез сипаттары және қасиеттері қатарында қарастырылады. Үшінші көзқарас бойынша педагогикалық әдеп оқушылармен қажетті қарым-қатынастар орнату және оны сол қалпында ұстай білудегі арнайы кәсіби іскерлік ретінде қарастырылады. Оған жалпы педагогикалық амал-тәсілдердің едәуір бөлігі, жекелеп айтқанда педагогтық техника да енеді.

Бұлайша ұғынғанда педагогикалық әдеп түптеп келгенде педагогикалық тактика болып табылады. Бұдан былай біз бұл екі терминді де қолданамыз. Оларды белгілейтін сөздердің шығу тегі түрлі болғанымен мазмұн ортақтығы мол:



такт латынша tactus – “жанасу, түйсіну” дегеннен,

ал тактика – грекше taktike – “тәртіпке келтіру” деген сөзден шыққан. Осы екі терминді пайдалану қажеттілігі бар ма?

Бар, өйткені біз көбіне бір терминді екіншісімен алмастырып жібереміз, педагогикалық тактикамен істес бола отырып, педагогикалық әдеп жайын айтамыз. Педагогикалық әдеп жағымды жақтан ғана қаралады. “Педагогикалық әдебі нашар” қайрымдылығы нашар, сыпайылығы нашар, балаларға деген сүйіспеншілігі нашар, т.б. деумен бірдей. Ал педагогикалық тактиканың тым күрделі – аса жақсыдан жаманға дейін, мейлінше жетілгендіктен қарадүрсінділікке тұқыртылған мәні болуы мүмкін. Әрбір мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста белгілі бір тактиканы әрқашанда қолдана береді, бірақ онда педагогикалық әдептің болмауы да ықтимал. Былайша айтқанда мұғалімдердің бірсыпырасының оқушыларды бағындыруға, олардың қарсылығын тойтаруға бағытталған үркітулері, жазалаулары, ақылгөйлігі, дауыс көтеруі, т.б.жақсы болмаса да әрине өзіндік тактикасы, бірақ ол әсте де педагогикалық әдеп бола алмайды. Мұғалім оқушыларына ықыласты қарап, оларды қадірлеп, кеңпейілді, сақ, әдепті болғанымен олармен қоян-қолтық араласа алмайтын жағдай болады. Оның сабақтарында тәртіпсіздік үстемдік етеді, оқушылар үй тапсырмаларын орындамайды, айтқан ақылды тыңдамайды, шынтуайтқа келгенде оны сыйламайды. Мұндай мұғалімді әдептілігі жоқ деп кінәлауға болмайды. Онда әдеп бар. Бірақ оның тактикасы жетілмеген, тактикалық амал тәсілдері қоры аз, ұйымдастыру мен жүйелілік мүлде жоқ. Педагогикалық шеберлік тұрғысынан алғанда мұғалімнің мінез ерекшелігі ретіндегі әдептілігінің оның әрбір нақты жағдайда тиімді тактика таңдай білуінің үйлесімділігі мейлінше дұрыс болып табылады.

Жеке әңгімелескенде кейбір жолдастар “тактика” деген әскери терминді педагогика сияқты бейбіт ғылымға көшірудің керегі бар ма деген күдік білдірді. Өйте берсек, педагогикалық стратегиға да барамыз дейді олар. Мұндай күдіктің негізі жоқ шығар. А.С.Макаренконың тәрбие тәжірибесіне әскери өнердің кейбір элементтерін саналы түрде енгізгені мәлім. Оның үстіне тактика тек әскери ғана емес, философиялық, ғылыми, саяси термин. Сондай-ақ, педагогикалық та термин. Оқыту теориясында қазір “стратегия” термині кең де, тар да мағынасында қолданады. Мысалы, есеп шығару стратегиясы деп айтылып та жүр. Ал тактика – стратегияның құрамдас бөлігі. Сондықтан тактика ғана емес, стратегия да педагогикаға жат емес. “Тактика” термині оқушылармен қарым-қатынасымыз турасында әңгіме қозғалғанда педагогикалық әдебиетте де қолданылады. Тактиканың анықтамасында әдептің педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі ретінде, оқушыларға әсер ету құралдарының белсенді қоры ретінде қарастырылатын педагогикалық әдеп анықтамаларымен бірегейлігі мол.

Осылайша ұғынылатын педагогикалық әдеп, менің бұрын айтып өткенімдей, нақты педагогикалық тактикаға, біздің стратегиямыздың нақтылы көріністеріне, оқушыларға ықпал етудің түрлі құралдарын іскерлікпен ұштастыруға және пайдалануға айналады.

Педагогикалық тактика мұғалімнен әскери тактика командирден нақты жағдайда бағдар табуды, бар мүмкіндіктер мен кедергілерді есепке алуды, тура және айналма жолдарды, қарсылықтың күткен және күтпеген формаларын, ықтимал нәтижелерді көре білуді, т.б. пайдалануды қандай талап етсе, сондай талап етеді. Әрине, оқу – тәрбие процесінде мұғалімдер мен оқушылар қарсыластар емес, қатысушылар. Олар өзара ынтымақта болады. Бірақ бұл ынтымақ тартыссыз бола бермейді. Оқушылар өзіндік тіршілік, мүдделерімен өмір сүреді, оларды біздің оқу және тәрбие талаптарымызға, алдағы алшақ жатқан мақсатқа сәйкес келмеуі мүмкін. Оқушылар үшін оқу мен тәрбие көптеген талаптармен, қолайсыздықтармен , шектелулермен т.с.с. байланысты. Олар қарсылық көрсетеді, бұл қарсылық оқушылардың жан дүниесіндей өте күрделі болуы ықтимал. Қарсылық ашық та астыртын, саналы да санасыз, жалпы да нақты, белсенді де самарқау мүмкін.

Педагогикалық әдеп қайшылықты жағдайларда мейлінше қажет, бірақ оның негізгі қызметі – ондай жағдайлардың алдын алу, оқушылардың қарсылығын бәсеңдету. Педагогикалдық әдеп келісімпаздық, оқушыларға деген талап қаталдығын босаңсыту, олармен қақтығысудан икемдену емес. Талап қоя білмейтін мұғалімнің де, оқушыларға айқайлайтындар және өкпелететіндер сияқты, әдептілігі шамалы болады.

Біздер педагогикалық әдепке әрбір нақты жағдайда оқушыларға әсер етудің тиімді құралы ретінде педагогикалық тактика деп анықтама бердік. Сөйтіп, егер мен оқушылардың сеніміне ие болғым, олардың қарсылығын бәсеңсіткім, олардың көңілі мен ой-күйін игергім, өз жағыма тартқым, өз еркіме көндіргім және с.с.әрекет еткім келсе, біріншіден, жеткілікті мөлшерде әр түрлі тактикалық құралдар (тікелей қолданылатынынан жанама қолданылатынына дейін) қорым; екіншіден, оқушылардың қарсылық көрсетулерінің себептерін білуім; үшіншіден, олардың көңіл-күйін бағалай білуім; төртіншіден, менің әрекетіме қарсы әрекетті болжай алуым керек. Осыған байланысты мен өзімнің жалпы тактикамды ойластырамын немесе жеке тактикалық жолды таңдап аламын: нақты бір теріс қылықты белгілі мөлшерде айыптаймын, оған бей-жай қараумен шектелемін, байқамаған боламын, жағымды баға беремін,т.с.с.

Педагогикалық тактика бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Оны барлық жағдайда барлық педагогтар қолдана алатын белгілі бір нұсқауға, тіпті ережелерге айналдыру қиын. Оқушылармен тіл табысуды жолға қоюға, оларға әсер етудің әр түрлі құралдарын қолдануға жалпы кеңес беруге ғана болады. Олар сіздерге, әрине, белгілі. Мен тек еске түсіре кетпекпін.
Бақылау сұрақтары:


    1. “Педагогикалық әдеп-оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу” дегенді қалай түсіндіресіз?

    2. Сіз қалай ойлайсыз К.Д.Ушинский неге педагогикалық әдепті психологиялық әдепке теңестіреді?

    3. Педагогикалық әдепке анықтама беру қандай көзқарастарға негізделеді?

    4. “Такт”, “тактика” терминдерінің мағынасы қандай?





Қарастырылатын мәселелер:

1. “Педагогикалық такт” ұғымы.

2. Педагогикалық такт – бала тәрбиелеудегі маңызы.
Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Педагогикалық шеберлік негіздері / И.А.Зязюнаның түзетуінде – М., 1989

  2. Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов на Дону, 2003.

  3. Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.

Қосымша:

  1. Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.

  2. Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е.В.Бондареваның түзетуімен – Ростов на дону, 1995.

  3. Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990.

  4. Елканов С.Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері – М., 1989.


Лекция мәтіні:

Педагогикалық такт

Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады



(Халық мақалы.)

Мұғалім мен оқушы арасында болатын қатынаста педагогикалық тактінің маңызы зор. “Такт” деген сөздің мағынасын дәлме-дәл беретін сөз қазақ тілінде жоқ. Педагогикалық такт деп біз мұғалімнің тәрбие беру процесінде балалардың көңіл күйін, жан дүниесін, мінез құбылыстары мен психо-физиологиялық ерекшеліктерін терең білудің негізінде нақтылы жағдайлардың талабына сәйкес қолданатын әдіс-тәсілдердің қосындысын айтамыз.



Педагог этикасында бұл ұғым тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арақатынастарын белгілейді. Педагогикалық такт болмайынша мұғалім өз пәнін қанша терең білгенімен, тіпті тәрбиелік жұмыста алуан түрлі әдіс-тәсілдерді меңгергенімен, өзінің алдына қойған – жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру мақсатына жете алмайды. Сондықтан педагогикалық тактінің психологиялық мәні бар екендігін атап кеткен жөн. Педагогикалық тактінің қалыптасуы жеке оқытушының психологиялық, эмоционалдық дүниесінің құрылымына байланысты. Осыған орай жеке тұлға басқа адамдармен, сондай-ақ жас ұрпақпен қарым-қатынас жасағанда, ол өзінің индивидаулдық өмір тәжірибесін, адамдар арасындағы қатынастардың қандай нормалар арқылы жүзеге асатындығын нақтылы көрсетуге тырысады. Өйткені педагогикалық такт, басқа этикалық ұғымдар сияқты, белгілі бір құрылымнан - өзіне тән ерекше құрамдас мүшелерден тұрады. Солардың ішіндегі ең негізгілері:

  • оқушыларға педагогикалық әсер етудегі мөлшерді сақтау мәселесі;

  • ұстаздық ықпалдың нәтижелілігі, жеке адамның, атап айтқанда, мұғалімнің баланың рухани дүниесін егжей –тегжейлі түсіне білуі;

  • жас буынның ұнамды қасиетін тани біліп, оны бүкіл адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыруға пайдалануға қабілеттілігі.

Педагогикалық такт – мұғалімнің ең басты моральдық қасиеттерінің бірі, онсыз ол ұстаздық ете алмайды.

Педагогикалық тактінің жалпы негізі жоғарыда айтылғандай болғанымен, ол әрбір оқытушының практикалық қызметінде көп түрлі де әр мазмұнды болып келеді. Өйткені әр мұғалімнің өзіне қайталанбайтын, жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде қолданатын әдістері мен тәсілдері бар. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынастары әр түрлі жағдайларға сәйкес дұрыс шешім, онымен ортақ тіл табуы, дұрыс талап қоюы, бір сөзбен айтқанда, мұғалімнің оқушыға орынды да әділ әрекеттері – осының барлығы педагогтік тактінің құрамдас бөлшектері. Мұғалім мен оқушының арасындағы қатынастар алуан түрлі. Сондықтан да оқытушы оқушыға деген қатынасын әр уақытта да өзгертіп отырады. Бір жағдайда қатаң талап қоюы, екінші бір жағдайда өтінуі, ал үшінші бір жағдайда жазалауы немесе мақтауы, сендіруі, үгіттеуі, тағы да көп әдістердің іске қосылуы мүмкін. Осындай сан алуан түрлі қатынастарда әр уақытта да белгілі бір педагогикалық тактіні сақтамаса, ойдағыдай нәтижеге жетіп, оқушыға жағымды әсер етілмеген болар еді. Мұғалімнің белгілі бір шектен аспай оқушыға әсер етуі, оның педагогикалық тактісіне, сезіміне байланысты.

Педагогикалық такт – бала тәрбиелеудегі маңызы.

Педагогикалық такт мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды да тәрбиелеуде маңызды қызмет атқарады. Әсіресе жасы 14-15-тегі жас өспірімдермен қарым-қатынас жасағанда педагог өз жұмысында мейлінше ұқыпты болуы, тәрбиелік әдістерді догма ретінде емес, нақтылы педагогикалық ситуацияларға қарай өзгеріп отыратын динамикалық табиғаты бар құралдар ретінде пайдалануы абзал. Жас өспірімдерді тәрбиелеу ісінде жіберілген болмашы қателіктің өзі күрделі сәтсіздіктерге әкеліп соғуы мүмкін. Төменгі сынып оқушыларын тәрбиелеу үшін көбінесе жігерлілік, инициативтілік керек болса, жоғары сыныптардағы тәрбиелеу ісі мұғалімнің асқан шеберлігі мен ұстамдылығын, оның ұстаздық даналығын талап етеді.

Педагогикалық такт тек оқушымен дұрыс қатынас жасау ғана емес, сол қатынастың тиімді жақтарын табу, ал ол жолдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне, бала мінезінің әр түрлілігіне қарай, тіпті бір сыныптағы оқушылардың әрқайсысының жалпы үлгерімі мен тәртібінің ерекшеліктеріне қарай, әр уақытта да өзгеріп отыруға тиіс. Осыған сәйкес мұғалім өзінің оқушылармен қарым-қатынасын сәйкестендіруі, нақтылы жағдайға байланысты қатынастардың жаңа түрін табуы – міне, осылардың барлығы мұғалімнің педагогикалық тактісінің көрсеткіші болып табылады.

Педагогикалық тактінің ең негізгі компонеттерінің бірі - оқушының ұжданы мен абыройын сақтай білу, оның психолгиялық көңіл күйін байқау, соған байланысты қатынас жасау, керек уақытында оқушыға сену және әрбір жағдайға байланысты талапты дұрыс қоя білу т.б.

Педагогикалық тактінің ішінде ең бір негізгі орын алатын мәселе – оқушының еріктілігіне шек қоймай, оған, өз мүмкіншілігінше, қабілетін дамытуға жағдай туғызып, көмектесу болып есептеледі. Педагогтің ең негізгі мақсатының бірі - әрбір баланың ерекшелігін, қайталанбайтын өзіндік жақтарын байқап, оның дамуына қазіргі педагогикалық ғылымның жетістіктерін қолданып жағдай жасау. Ал , бұл сияқты күрделі де құрметті жұмысты іске асыруда педагогикалық тактіні сақтай білудің ерекше маңызы бар.

Республикамыздағы педагогика мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер мен көптеген әдістемелік материалдарда, сондай-ақ мектептердің жұмыс тәжірибелеріне талдау жасағанда педагогикалық тактіні бұзушылық көбінесе мынадай түрде кездесетінін байқауға болады. Кейбір оқытушы балаға шектен тыс қатаңдық білдіреді, әрбір адамға өзінен-өзі белгілі ережелер мен нормаларды қайталап, өз беделін оқушылардың алдында тез түсіреді.


Бақылау сұрақтары:


  1. Педагогикалық такт дегеніміз не?

  2. Педагог этикасында бұл ұғым нені білдіреді?

  3. Педагогикалық тактінің психологиялық мәні қандай?

  4. Педагогикалық тактінің құрамды бөліктері.

  5. Педагогикалық тактінің негізгі компоненттерін атаңыз.

  6. Педагогикалық тактінің бала тәрбиесіндегі маңызы қандай?



Қарастырылатын мәселелер:




  1. Сендіру – коммуникативтік қарым-қатынастың негізгі тәсілі ретінде.

  2. Сендіруге қойылатын талаптар.

Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Педагогикалық шеберлік негіздері / И.А.Зязюнаның түзетуінде – М., 1989

  2. Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов на Дону, 2003.

  3. Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.

Қосымша:

  1. Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.

  2. Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е.В.Бондареваның түзетуімен – Ростов на дону, 1995.

  3. Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990.

  4. Елканов С.Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері – М., 1989.

  5. Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д., Педагогикалық шығармашылық – М., 1990.

  6. Коджаспирова Г.М. ПЕдагогтің кәсіби білімін көтеру мәдениеті – М., 1994.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет