Лекция: 30 сағат Практикалық (семинар): 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



жүктеу 2.46 Mb.
бет9/12
Дата17.06.2016
өлшемі2.46 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Сабақтың эмоционалды-интеллектуалдық фонын жасау


Оқушы сабақ үстінде белсенді түрде заттарды, төңірегіндегі өмір құбылыстарын білуде танымдық әрекет етумен қатар, оларға деген өз қатысын, көзқарасын қалыптастырады, білдіреді. Оқиғалардың кейбірі оны ойлауға мәжбүр етсе, кейбіріне ол селқостықпен қарайды, кейбір нәрселер оған ұнайды, кейбірі оны қызықтырмайды, оқытушылардың кейбірін ол ұнатады, ал кейбіріне немқұрайды қарап, шыдамдылық танытады. Психологтардың пікірінше, ұнамды эмоциялар адам іс-әрекетін мықты әрекеттендіруші және шабыттандырушы күш ретінде қызмет атқарады. Адам эмоциялары болмаған жағдайда ақиқат-шындықты іздеу мүмкін емес.

Сабақтың эмоционалды-интеллектуальдың фоны әртүрлі әдіс-тәсілдермен сүйемелденеді:



Біріншіден, қызықты ақпарат деректерді оқытылатын және қосымша материалдың мазмұнына енгізу арқылы;

Мысалы, тарих сабағында мұғалім мынадай деректерді келтіреді: біздің планетамыздың тарихында 14513 үлкенді, кішілі соғыстар өткен. Онда 3 млрд. 640 млн. адам мерт болған.



Екіншіден, сабақ мазмұнына белгілі ғалымдардың шығармашылығы мен жарияланған жаңалықтары жөніндегі мәліметтерді кіргізу арқылы;

Үшіншіден, оқушыларды қызғылықты шығармашылық жұмыстарға жұмылдыру, проблемалық ситуацияларды жасау арқылы;

Төртіншіден, оқушыларды оқытуда ұнамды эмоцияларды қолдану, оқу материалына эмоционалдық қатынас енгізу арқылы.

Юморлық сезім (Чувство юмора)

Тәжірибелі оқытушы тұлғасының ұнамды мінездемесі ретінде оқушылар оның көтеріңкі көңіл-күйде болатыны, сол арқылы сыныпта жұмыстық атмосфера сақталатынын, нәтижеде жалыққан оқушылардыңда зейіні арта түсетінін ғалымдар зерттеулері дәлелдейді. Мұндай жағдайларда оқытушылар балаларға қысқа мерзімді тынығуды ұсынады: физкультминутка (дене шынықтыру) өткізу, бірлесе отырып сүйкімді әнді орындау, қызықты, көңілді, қысқа әңгіме, нақыл сөздерді, уақиғаларды мысал ретінде айту, және т.б. Қорыта айтар болсақ, шебер, тәжірибелі ұстаздарда әрқашанда сабақ үстінде әзіл-оспақ, юморларды жиі қолдана білу сезімі жетілген, кемелденген болады.



Сабақ темпі

Сабақ қарқыны оқытушы үшін тек еңбек мәдениеті мәселесі ғана емес, сабақ үстінде тәртіп сақтау, сабақ сипатын арттыру мәселесі деп те қарау керек. Оқу еңбегінің қарқыны көтеріңкі, бірақ шамаға сай болуы керек. Сондықтан да сабақ қарқынының көтеріңкілігі мен тездігін арттыру мақсатында педагогикалық еңбек шеберлері оқытушыларда практикалық дағды қалыптастыруға қол жеткізеді, уақытты үнемдеп, есеппен пайдаланады. Ал кейбір тәжірибесіз оқытушылар уақыттан ұтылмау мақсатында оқушылардың мүмкіндіктері мен материалды игеру сипатын есепке алмай сабақ қарқынын тездетуге, жиілетуге асығатыны бар. Белгілі бір ырғақ (ритм) тәртіп бұзу оқушылардың қалыпты еңбек әрекетіне кері әсер етеді, оларды жалықтырады, шаршатады.

Сабақтың тиімді жұмыс қарқынын анықтау үшін төмендегі ұсыныстар берілуі мүмкін:


  • сабақтың оқытушы мен оқушылар үшін тиімді «орташа» қарқынын анықтау;

  • оқушылардың дара мүмкіндіктерін есепке алу;

  • сабақ үстінде ұжымдық және жеке жұмыс істеу формаларын байыппен сәйкестендіру;

  • оқушылардың іс-әрекет түрлерін ауыстырып, өзгертіп тұру, түрлендіру;

  • уақыттың ұтымсыз қолданылуын қысқарту.

Сабақта өзін-өзі бақылау

Сабақ барысында өзін-өзі бақылау жас оқытушының педагогтық қабілеттерінің дамуын жеделдетеді, тәжірибелі оқытушылардың педагогтық шеберлігінің сырларын аша түсуге мүмкіндік береді.

Өз іс-әрекетін талдау барысында оқытушы сабақта өзін-өзі басқару және өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерімен қаруланады, ұтымды еңбек әдіс-тәсілдерін аңғарады, ал бұл өз негізінде сол еңбектен қанағаттану кейпін тудырады, рухани күш алуға мүмкіндік береді, шығармашылық ынталылықты арттырады. Педагогтің моральдік кемелденуге ұмтылуы тиімді кәсіптік еңбектің қалыптасуы шарты болып табылады. Бұл ынталылықтың жоғалуы немесе төмендеуі нәтижесінде шығармашылық сөне бастайды, ащы көңіл қайту сезімі пайда болады, өзіне және өз кәсібіне көңілі толмау кейпінде жүретін болады.

Сабақты талдау барысында төмендегідей жалпылама принциптерді басшылыққа алуға болады:


  • сабақта не істелу керекеді, ол қалай жүзеге асты;

  • оқушылардың алға жылжу деңгейін анықтау (білімінде, дағдыларында, дамуында);

  • оқушылардың сабақ үстіндегі қызыға жұмыс істеуін есепке алу.

Сабақтың сапалы жақтары


Белгіленген міндеттердің шешімін сабақ барысында бағалау барысында оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларының меңгеру деңгейі анықталады. Егер нәтиже оқушылардың жоғарғы деңгейдегі мүмкіндіктеріне сай келсе, онда қол жеткен тиімділік пен міндеттердің шешілу сапасы жақсы, қолайлы деп саналады.

Сабақтың сапалы жағын анықтау оқытушы үшін шеберлік мектебі болып саналады, сабақты ұйымдастыруды саналы түрде ең тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану болып есептелінеді. Ол сабақ барысында неге қол жеткізгенін немесе жеткізе алмағанын олқылықтың себептері неде және оларды болдырмаудың жолы қалай екендігін, сонымен қатар педагогтің шеберлік деңгейін арттыруда нені дамыту және пысықтау керектігін аңғарады, көре алады, болжайды.

Сабақ сапасын дәстүрлі талдау схемасымен қатар, сонғы кезде жиі қолданыс тауып жүрген Махмутов М.И: және басқа да танымал педагогтардың ұсыныс, пікірлеріне сүйене отырып, негізгі дидактикалық категориялар мен құрылымдық элементтерін талдау арқылы анықтауға болады.

Дидактикалық категориялар бойынша талдау міндеттері төмендегілерді анықтауға бағытталған:

- сабақ дидактикалық принциптер мен оқу-тәрбие процесі талаптарына сәйкес пе?

- Оның жүргізілуі мен нәтижелері сабақ пен бағдарлама талаптарына , негізгі дидактикалық мақсаттарға сай келе ме?

- Дидактикалық міндеттер шешілді ме, олар оқушылардың білім, біліктілік және дағдысына айналды ма?

- Сабақтың жалпы құрылымы, ішкі және сыртқы құрылымының байланыс реттілігі, бір ізділігі;

- Оқыту әдістері , көрнекілікті қолдану, оқытудың техникалық құралдарынан пайдалану сабақтың дидактикалық мақсаттарына, міндеттеріне сәйкес келе ме; олар оқушылардың жоғары деңгейдегі өзіндік танымдық әрекетін қамтамасыз ете алды ма?

- Оқыту мен тәрбиенің байланыстылығы;

- Сабақтағы диференциациялау және индивидуализациялау ерекшеліктері, өмірмен байланыс мәні неде?

- Сабақтың құрылым элементтері бойынша талдау төмендегілерді анықтауға мүмкіндік береді:

- актуализациялау сапасы, жаңа ұғымдар мен әрекет түрлерін, қалыптастыру;

- біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру;

- сабақтың қай элементтері оқушыларда аса тәрбиелік әсер етті.

Мұның барлығы сабақтың сапалы мінездемесін аңғартады. Сонымен, оқытушының сабаққа дайындық көруі мен оны жүргізу шеберлігі – күрделі әрекет, жұмыс, бірақ оны игеруде әрқандай ақыл-оймен, байыпты жұмыс істейтін оқытушы оған қол жеткізе алады.






Қарастырылатын мәселелер:

1. “Тәрбиеші шеберлігі” түсінігі.

2. Шеберлік – теория мен практиканың бірлігі.



  1. Тәрбиешінің негізгі дағдылары.

Әдебиеттер



  1. Педагогикалық шеберлік негіздері / И.А.Зязюнаның түзетуінде – М., 1989

  2. Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов на Дону, 2003.

  3. Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.

Қосымша:

  1. Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.

  2. Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е.В.Бондареваның түзетуімен – Ростов на дону, 1995.

  3. Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990.

  4. Елканов С.Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері – М., 1989.

  5. Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д., Педагогикалық шығармашылық – М., 1990.

  6. Коджаспирова Г.М. ПЕдагогтің кәсіби білімін көтеру мәдениеті – М., 1994.


Теориялық мәліметтер:

Тәрбиеші шеберлігі” түсінігі.

Республикада ағартушылық саласында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру көбінесе тәрбиеші – оқытушыға жүктеледі, оның ерен еңбегіне байланысты. Жаңа әлеуметтік жағдайда тәлім – тәрбие саласындағы мақсаттарға жету, оқушылардың алуан түрлі еңбегін ұйымдастыру, оларды білімді, әдепті, сезімтал, еңбексүйгіш, жан-жақты кемелденген азамат етіп жетілдіру, қалыптастыру тәрбиеші – оқытушының басты міндеті екендігі көптеген қарар-қаулы, қағидалардан орын алған. Еліміздің ертеңгі, егеменді республиканың болашағы тәрбиеші – оқытушыға, оның білім деңгейіне, дайындығына, адамдығы мен белсенділігіне, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жұмысына, көзқарасына тікелей байланысты. Көптеген оқытушыларда оқыту шеберлігіне қарағанда тәрбие шеберлігін иемдену қиынға соғады. Оның объективті себептері де бар: тәрбие ұғымы – жеке тұлғаны тәрбиелеу, ақыл – ой мүмкіндіктерін дамыту, ақылды және таза эстетикалық сезімі мол, еңбексүйгіш етіп тәрбиелеу факторы ретінде тәлім ұғымына қарағанда кең ұғым. Педагогтарда тәрбиелеу шеберлігінің күрделі де қиындықпен қалыптасуына және де себеп болатын нәрсе: жас оқытушылар тұлғасының кәсіби сипаттағы жүйесін иемдену әрекетімен байланысты субъективтік себептердің болуы.

Бұл нені аңғартады? Еңбек процесін жаңа бастаған жас оқытушылар күрделі педагогикалық жағдайларда өзін ұстай білудің түрлі әдіс-тәсілдерін табуда тәрбие шеберлігімен байланыстырудағы әлсіздігі, тәжірибесіздігі. Сондықтан болар жас тәрбиешілер, көбінесе жазалау әдістерін жиі қолдануға әрекеттенеді. Олардың алдында әрдайым “қалай жазалау керек?” деген мәселесі барлық тәрбие мәселелерін шешудің сұрағы ретінде көлденең тұрады. Сонда тәрбиеші шеберлігінің мәні неде?

А.С.Макаренко, тәрбиеші жұмысын қарастыра отырып, былай дейді: “Тәрбиеші әрекеті, шын мәнінде, бұл ұйымдастырушының әрекеті. Тәрбиеші шеберлігі -балалар өмірін ұйымдастырушы шеберлігі деп түсінуіміз қажет. Шеберлік – бұл мектеп оқушысын дамытушы педагогтың ситуацияларды ұйымдастыра алу дағдысы. Бұл “оқытушы - оқушы” жұптығы мәселелерінің бір мезетте шешілуі емес, ұжым мен тұлғаға тәрбиелік ықпал ететін әлеуметтік шығармашылық еңбекті, іс-әрекетті ұйымдастыру болмақ”.
Шеберлік – теория мен практиканың бірлігі

Тәрбиеші шеберлігі – бұл тек білім ғана болмай, тәрбие заңдылықтары, балалар ұжымы өмірін ұйымдастыру заңдылықтарынан туындайтын әдіс-тәсілдердің практикада, тәжірибеде қолданыс табуы.



А.С.Макаренко былай тұжырымдайды:Тәрбиелей білу – бұл қандай да бір өнер, ол сондай бір өнер, роялде немесе скрипкада жақсы ойнай білу сияқты, картинаны жақсы сала білу сияқты, жақсы токарь немес фрезеровщик болу сияқты. Адамды жақсы суретші, музыкант, фрезоеровщик болуға үйрету мүмкін емес, егер оған қолына тек кітап берсек, егер ол бояуды көрмесе, аспапты алмайды, станок қасына бармайды. Тәрбиелеу өнерінің қиындығы сонда, тәрбиелеуге үйрету мүмкін тек қана практикада ... Адам, мейлі ол жоғары оқу орнын табысты, жақсы бітірсін, мейлі ол талантты болсын, егер тәжірибеде оқып үйренбесе, ешқашан жақсы педагог бола алмайды ”.
Тәрбиешінің негізгі дағдылары

Білім және оған негізделген дағды, іскерліктер – тәрбиеші шеберлігінің негізі болып саналады. Тәрбиешінің қабілетіне:



    • әртүрлі педагогикалық ситуацияларда әрбір бала әлемінде көрініс табатын процестерді дұрыс түсіне алу тәжірибесі;

    • жылдам сезу және оған назар аудару қабілеті;

    • сенім мен талап қоя білу;

    • балалар ойын ұйымдастыра білу қабілеті;

    • ситуацияны жан-жақты бақылай, бағалай білу қабілеті;

    • әртүрлі педагогикалық фактілерден ең негізгісін таңдай білу қабілеті;

    • кездейсоқ фактілерден негізгісін көре білу қабілеті;

    • ситуацияларда ықпал етудің түрлі әдістерін қолдана білу қабілеті;

    • сезім, көңіл-күй және өз пікірлерін сөз, мимика және пантомимикамен анық жеткізе алу қабілеті жатады.

Сонымен қатар,

    • оқу, еңбек, спорт, көркемөнер іс-әрекеттерде балалармен қатынас, байланыс орната алу қабілеті;

    • ерекше тіл таба білу, жақындасу;

    • балалар белсенділігін арттыра алу қабілеті;

    • қиын, күрделі жағдайларда балаларға көмек бере алу;

    • оқушылармен әрдайым кеңесу;

    • ұйымдастырылатын шаралар жөнінде балалардың пікірлерін үйрену;

    • өзді-өзін басқарудың түрлі формаларынан өнімді пайдалану;

    • әрбір оқушыда ұнамды қасиеттерді көре алу;

    • оқушыларды “сүйкімді, сүйкімсіз” деп бөлмеу;

    • оқушыларда өз көзқарас, пікірлдерінде тұра алу қабілеттерін қалыптастыру да үлкен мәнге ие.


Бақылау сұрақтары:

1. “Тәрбиеші шеберлігі” ұғымына анықтама беріңіз.

2. А.С.Макаренко “тәрбиеші” жұмысына қандай анықтама береді?

3. Адамды жақсы суретші, музыкант, фрезеровщик болуға үйрету мүмкін емес дейді неге, себебін түсіндіріңіз.

4. Тәрбиешінің негізгі дағдылары қандай?


Қарастырылатын мәселелер:

1. Технологиялық жүйе.

2. Қарым-қатынас жүйесі.

3. Этикалық жүйе.
Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Педагогикалық шеберлік негіздері / И.А.Зязюнаның түзетуінде – М., 1989

  2. Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов на Дону, 2003.

  3. Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.

Қосымша:

  1. Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.

  2. Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е.В.Бондареваның түзетуімен – Ростов на дону, 1995.

  3. Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990.

  4. Елканов С.Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері – М., 1989.

  5. Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д., Педагогикалық шығармашылық – М., 1990.

  6. Коджаспирова Г.М. ПЕдагогтің кәсіби білімін көтеру мәдениеті – М., 1994.



Теориялық мәліметтер:

Технологиялық жүйе.

Педагогикада тәрбиеші шеберлігі біртұтас жүйе ретінде өзара байланысты үш құрамды топқа бөлінеді: технологиялық, әлеуметтік – психологиялық (қатынастар) және этикалық.

Технологиялық жүйе, яғни технология – бұл педагогика ықпал, әсерді жоспарлы және күтілген нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін, тұлға және ұжымға әсер ететін құралдар жүйесі.

Кәсіби техника мәні неде? Бұл тәрбиешінің оқушылардың практикалық қимыл-әрекетін ұйымдастыра алуында. Сөз оқушылардың өз өмірін ұйымдастыруда өз еркімен қатынасуы, өз-өзін басқару жайында.

Өкінішке орай, кезектегі ұжым болып кино, театр, мұражайларға, мереке, пікірталас, әртүрлі кештерді өзі ұйымдастырып жүрген, атсалысып жүрген сынып жетекшілерін жиі кездестіреміз. Бірақ жоғарыда атап өтілген шараларды жоғарғы сынып оқушыларының өзі ұқыпты түрде ұйымдастырып жүрген мектептердің даярлығына тәрбиеші кеңесші болуы керек, конференция, олимпиада, спорт сайыстарын дайындауда көмек көрсетуі керек.

Технологиялық процесс құрылымы төмендегідей болуы керек:



    • тәрбиеші шығармашылықпен ізденсе балалар белсенділігі артады.

    • тәрбиешінің оқушылардың өз-өзін басқару ұйымдарымен ынтымақтаса жұмыс істеуі: оған жаңа және күрделі мәселелерді шешуге уақыт бөлуі.

Технологиялық жүйеде шаралар негізгі орын алады. Іс-шаралар оқушылардың ақыл-ой дамуын, дұрыс пікірлері мен түсінігін қалыптастырады. Тәрбиешінің шеберлігі әрбір оқушыға ерекше қарым-қатнаста болуы, оқушы қабілетінде көрініс табатын ұнамды қасиеттердің, жағдайлардың белсенділігін арттыруға бағытталған болуы керек.

Тәрбиеші ұйымдастыратын тәрбие шараларына қойылатын негізгі талаптар: тәрбие шаралары кездейсоқ болмауы, әрбір шараға ұқыпты дайындық қажет.

Қарым - қатынас жүйесі

Тәрбиеші шеберлігі – бұл балалар қатынасына бағыт алу өнері. Оқушылар бір-бірімен күнделікті сәлемдеседі, кездеседі, олар бірге қуанысып, кішігірім көңілсіздіктерді де басынан өткізіп отырады, “бірін-бірі түсініседі”. Тәжірибелі тәрбиеші адамгершілік қатынастың қыры мен сырларын анықтап, ажырата алады.

Бірақ тәрбиеші қаншалықты сезімтал болғанымен балалар ұжымы, қалыптаспаған жағдайда, ол балалар жүрегіне, сеніміне жол таба алмайды. Өйткені, ұжым оқушы тұлғасы қалыптасуының жетекші факторы ретінде әлеуметтік қатынас құрамының ең негізгісі, мәндісі болып саналады. Қарым-қатынас жүйесі әрбір ұжым мүшесінің бағалы жауаптарын ашып беретін дұрыс, баға беретін пікірлесу, талдау қалыптасуына негізделеді. Ол үшін ұжымның шығармашылық еңбегін қалыптастыруда жұмыстың қорытынды баспалдағы ретінде – сұхбат, әңгімелесу өте қажет.

Баға әділетті, қайырымдылық түрінде берілуі қажет. Дұрыс қатынас қалыптасуына төмендегі әдістер де ықпал етеді: қорытынды жиналыс, мінез-құлықты талдау, “найзағай” баспасы және т.б.

Балалар арасындағы қатынастарға шеберлікпен жетекшілік ету үшін тәрбиеші ұжым ішіндегі, ұжымдар арасындағы қарама-қайшылықтарды жеңе білуі керек. Бұл қарама-қайшылықтардан арылу тәрбиеші тұлғасына, оның тәрбиеленушілермен қатынасының сипатына байланысты.

Нағыз шебер тәрбиеші өз теңдестерімен ұнамсыз қарым-қатынаста болған оқушыларға көбірек көңіл бөледі. Әрбір оқушыны ұжымдық қарым-қатынасқа жұмылдыру үшін төмендегілерге назар аударған жөн:



    • әрбір оқушымен жұмыс істеуде жақын педагогикалық тапсырмалар беру;

    • өзара түсінісу, көмек көрсету атмосферасын қалыптастыру;

    • отбасының тәрбиелік әсерін есепке алу;

    • балалардың өзара байланысын күшейтетін, шығармашылық еңбегін дамытатын шаралар, қимыл-әрекетті ұйымдастыру;

    • оқушыларға өзара бірқалыпты, әділетті қатынаста болу.

Этикалық жүйе

Егер тәрбие құралдары, әдіс-тәсілдер негізінде жетекші идея болмаса, технологиялық жүйе де, қатынастар жүйесі де көздеген нәтижені бермейді.

Педагог және ұжым арасында мотивтер болуы қажет. Бұл мотивтер үшін әрбір оқушы, сынып, мектеп әрекеттенеді. Үлкен ұлы мақсаттар педагогтың ұнамды әсер ету факторлар жүйесіне сүйеніп талап етеді. 0лар мыналар: тәрбие мен тұрмыстың, тіршіліктің бірлігі; балалар еркіндігі мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі; азаматтық пен адамгершіліктің бірлігі; эстетика мен этиканың байланысы; талап қою мен сенім бірлігі; оқушы тұлғасына сергектік қатынас; жас ерекшеліктерін есепке алу; балалардың ақыл-ой, мінез-құлық денсаулық тәрбиесі жайлы жағдай жасау; критерийлерге мойынсұну принциптері.

Этикалық ұғымның тәрбие технологиясымен үздіксіз байланыста болуы үшін, педагогтар төмендегі тақырыптарда сұхбат, әңгімелер ұйымдастыруы жөн: “борыш және ата-аналар алдындағы міндеттер”; “борыш және тілек бірлігі”; “тілектер мен қажеттіліктер бірлігі”; “жан, жан күйініші” түсініктерінің адамгершілік мәні және т.б.
Бақылау сұрақтары:


    1. Тәрбиеші шеберлігінің құрылымы қандай?

    2. Технологиялық жүйе дегеніміз не?

    3. Қарым-қатынас жүйесіне нелер жатады?

    4. Этикалық жүйе қалай сипатталады?

    5. Жоғарыдағы жүйелердің бір-бірімен байланысы қандай?

    6. Айырмашылықтары неде?




Қарастырылатын мәселелер:


  1. Сыныпта тәрбие жұмысы жүйесін жоспарлау тәжірибесі.

  2. “Қиын” балалармен жұмыс.

  3. Тәрбие нәтижесін есепке алу.

Әдебиеттер

Негізгі:


  1. Педагогикалық шеберлік негіздері / И.А.Зязюнаның түзетуінде – М., 1989

  2. Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов на Дону, 2003.

  3. Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.

Қосымша:

  1. Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.

  2. Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е.В.Бондареваның түзетуімен – Ростов на дону, 1995.

  3. Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990.

  4. Елканов С.Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері – М., 1989.

  5. Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д., Педагогикалық шығармашылық – М., 1990.

  6. Коджаспирова Г.М. ПЕдагогтің кәсіби білімін көтеру мәдениеті – М., 1994.


Теориялық мәліметтер:

Сыныпта тәрбие жұмысы жүйесін жоспарлау тәжірибесі.

Жоспарлау – бұл шығармашылық процесс екендігі белгілі. Сондықтан да оның белгілі бір формасын жалпыға бірдей ұсыну мүмкін емес. Бірақ жас оқытушы тәжірибелі сынып жетекшісінің тәрбие жоспарының идеясын өзіне бағыт-бағдар ретінде қабылдауы мүмкін. Мысалы, 5-сынып үшін түзілген педагогтың тәрбие жұмыс жоспарын сипаттап көрейік. Жоспарлау кезеңге дейін оқушылардың тәрбие деңгейі жөнінде қысқа мәлімет берілген. Оқытушы міндеті “Білім беру” заңына сәйкес, негізделіп белгіленген. Олар төмендегідей анықталған: оқушыларда оқуға, білімге, еңбекке деген ұнамды қатынас, көзқарасты тәрбиелеу: оларда отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және т.б.

“Отансүйгіштік пен адамгершілік тәрбиесі” бөлімінің мерзім, жауапты тұлға және түсіндірме бөлімдерін қалдыра отырып, төмендегі бөлігін үлгі ретінде ұсынуға болады (1-кестені қараңыз):

1-кесте

Жұмыс мазмұны

Жұмыс формасы

Тақырыптар

Оқушыларда отандық сана-сезімді тәрбиелеу; оның өткені мен қазіргі күнгі жағдайына қызығушылық ояту. Өзге халықтар тарихы және салт-дәстүрлерімен танысу.

Халқымыздың үлгілі салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық қасиет және белгілері жайлы қысқаша деректер беру.



Сынып сағаты

Әңгіме-сұхбат

Мереке

Кездесулер



Ертеңгіліктер

Саяхат


Әдеби кештер

Фото көрмелер

Мерекелік концерт

“Ән” конкурсы

“Би” конкурсы

1001 мақал, 101 жұмбақ



Еліміздің рәміздері.

Жер-бесік

Отаным-Қазақстан

Ел Ордасы-АСТАНА

Елі байдың, жері бай.

Егемендігіміз-елдігіміз.

Туысқан Түркі елі.

Қасиеті мол Түркістан.

Салтымызды қастерлейік!

Тәрбие жұмыс жоспарында еңбек тәрбиесіне ерекше назар аударылады, тәрбиеші оқушыларға еңбек тәрбиесі жүйесін беруде, таныстыруда оқушы еңбегінің ауыртпалығы, қиындығы, шаршау, дем алу жөнінде анық түсінік, ұғымдарға ие болуын есепке алуы қажет.

Ата-аналармен жұмыс істеу бөлімінде отбасы, мектеп тәрбиесі жайлы деректер қысқа жазу түрінде берілуі қажет. Шебер педагог әрбір тәрбие жұмысы жоспарына анық мақсат белгілеп қояды. Жоспарды төмендегі формада түзі мүмкін: не істеу керек? кім тарапынан? мерзімі.
Қиын” балалармен жұмыс

Тәрбие жұмысы практикасында мінез-құлық нормаларынан шеттеп кететін оқушылар жиі кездеседі. Олар тәрбиесі “қиын” балалар. Оларды тәрбиелеу – бұл ең күрделі іс, оларға деген ерекше көңіл бөлуді, сабырлылықты, шеберлікті, такт, өзгенің көңіл-күйін сезе білуді, жылылықты талап ететін іс. “Қиын” балаларды қайта тәрбиелеу жолдары туралы В.А.Сухомлинскийдің “Адамға сеніңіз”, “Адам туралы ой”, “Азаматтықтың туылуы”, “Қатал тағдырлар” және т.б. еңбектеріндегі көптеген құнды әдістемелік көрсетпелерді басшылыққа ала отырып, табысты, нәтижелі іс атқаруға болады.

“Қиын” балаларды қайта тәрбиелеу туралы В.А.Сухомлинскийдің кеңестерін басшылыққа ала отырып, шебер-педагогтар төмендегі үш аспектіні қамтитын педагогкалық абайсыздықты үйрену бағдарламасын анықтауға өз зейінін бағыттауы қажет:


    • тұлға бағыты;

    • жалпы даму деңгейі;

    • адамгершілік тәрбиесінің деңгейі.

Тәжірибе көрсеткеніндей, берілген бағдарлама деңгейінде келесі қағидаларды басшылыққа ала отырып, жеке жұмыс жоспарын жасау қажет екендігін тәрбие дәлелдеп отыр.

  1. Бала әлемінің, дүниетанымының өмірлік бағыттарын зейін қоя үйрену;

  2. Көзқарасы мен мінез-құлқындағы олқылықтардың себептерін зерттеп білу;

  3. Өмірлік тәжірибе, ұнамды бағытқа, өзгерістерге әсер ететін өмірлік көріністерді таңдай білу;

  4. Тығыз байланыс орнату мақсатында жеткіншектің “психологиялық территориясынан” іздестіру қажет;

  5. Мінез-құлықта көрініс табатын өзгерістерді әрдайым бақылап отыру.

Тәжірибелі педагогтардың өмірдегі тәжірибесі айғақтайды: “қиын балалармен” – бұл ұзақ процесс, бұл жерде ең маңыздысы басында құрылған тұжырымның бірлігі, атап айтқанда: оптимистикалық болжам жасау, ынтымақтасу. Бұған Н.Е.Щуркованың ұсынған әдістері көмектеседі. Ол оқушыларда өзін-өзі құрметтеуге, өзіндік сана-сезімді оятуға арналған.

Тәрбие нәтижесін есепке алу

Тәрбие нәтижесін есепке алу оқушылардың мінез-құлқында, олардың оқу және еңбекке деген қатынастарындағы өзгерістерді сипаттайтын педагогикалық өлшем екендігі мәлім. Тәрбиелік еңбек нәтижесін анықтау күрделі мәселе. Тәрбие нәтижесін ешқашан тек ұйымдастырылған шаралар, оған қатынасқан оқушылар санымен анықтап болмайды. Тәрбие жұмысының тиімділігін оқушылардың тәрбие деңгейімен ғана бағалауға болады.

Педагогикалық әсерді анықтауда төмендегілерге зейін салу қажет:


  1. Оқушылардың әлеуметтік-идеялық дайындығы, олардың Республикадағы саясатқа қызығушылық танытуы;

  2. Оқушылардың әлеуметтік белсенділігі;

  3. Оқушылардың оқуға, білім алуға деген көзқарасы, ынтасы, қатысы;

  4. Оқушылардың еңбекке деген қатысы;

  5. Оқушылардың өзара қарым-қатынасы, өзгелерді құрметтеуі, сыйлауы;

  6. Оқушылардың көркемдік шығармашылығы, эстетикалық мәдениеті;

  7. Оқушылардың денсаулық бойынша дайындығы, спорт, туризммен шұғылдануы;

  8. Оқушылардың сапалы тәртібі, ынтымағы .

Тәрбиеші оқушылардың қызығуы мен қажеттіліктерін терең сезінген жағдайда ситуацияларды есепке ала отырып тақырып таңдауы, оны дайындау және ұйымдастыру барысында оқушыларды кеңінен қатыстыру арқылы ғана шаралардың нәтижелі, тиімді болуын қамтамасыз ете алады.

Ұжымның пікір, ұсыныстарына назар аударумен қатар, әрбір оқушының тілек, талабын есепке алу, олардың ұнамдыларын жүзеге асыру, ұнамсыздарын бірден жоққа шығармай, ойластырып, көріп, қызықты да ұтымды жолдарын қарастыру орынды деп білу керек.

Тәрбиешінің шығармашыл болуы, оқушыларды да шығармашылыққа баулу, қатынастыру, әрбір тәрбиеленушіде өзін және өзгелерді құрметтеуге сенім арттыру қажет.
Бақылау сұрақтары:


  1. Жоспарлау дегеніміз не?

  2. Тәрбие жұмысының жоспарын қалай жасайды?

  3. “Қиын” балалар дегеніміз қандай балалар?

  4. Онымен айналысқан қандай педагог-ғалымдарды білесіздер?

  5. “Қайта тәрбиелеу” ұғымына анықтама беріңіз.

  6. Балалармен жұмыс жасағанда қандай қағидаларды басшылыққа аламыз?

  7. Тәрбие жұмысының нәтижесін қалай бағалаймыз?







Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:

  1. Педагогикалық шеберлік негіздері / И.А.Зязюнаның түзетуінде – М., 1989

  2. Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов на Дону, 2003.

  3. Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.

Қосымша:

    1. Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.

    2. Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е.В.Бондареваның түзетуімен – Ростов на дону, 1995.

    3. Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990

    4. .Елканов С.Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері – М., 1989.

    5. Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д., Педагогикалық шығармашылық – М., 1990.

    6. Коджаспирова Г.М. ПЕдагогтің кәсіби білімін көтеру мәдениеті – М., 1994.

    7. Мұғалімнің қабілеті, дарыны, таланты – Л., 1985.

    8. Львова Ю.Л. Мұғалімнің шығармашылық зертханасы: Мұғалімге арналған кітап –М., 1992.

    9. Митина Л.М. Мұғалім жеке тұлға және маман ретінде.

    10. Мудрик А.В. Мұғалім – шеберлік және шабыт – М., 1993.

    11. Писаренко В.Н., Писаренко И.А. Педагог этикасы –М., 1987.

    12. Раченко И.П. Педагог еңбегін ғылыми ұйымдастырудың негіздері. Сұрақтар мен жауаптар –Киев, 1989.

    13. Савостьянов А.И. Мұғалімді кәсіби дайындаудағы сөз техникасы – М., 1999.

    14. Симонмв В.П. Жеке тұлға мен педагогтің кәсіби шеберлігіне диагноз қою – М., 1995.

    15. Шевченко Л.Л. Практикалық педагогикалық этика.

    16. Чернявская А.П. Мұғалім жұмысындағы педагогикалық техника – М., 2001.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті


«Гуманитарлық білім» факультеті


«Педагогика және психология» кафедрасы


050103- «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттері үшін


Жетісай – 2008


Практикалық (семинар) дәрістері




Тақырыптары

Сағат саны

Бақылау түрі

Т.О.Қ.

1.

Педагог шеберлігі, оның компоненттері.


1

Эссе

ПЛ-1

2.

Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері.


1

Әңгіме-сұхбат

ПЛ-2

3.

Шеберлік – педагог қызметінің биік деңгейі ретінде.


1

Қос жазба күнделігі

ПЛ-3

4.

Мұғалімнің жеке басы және оның кәсіби –педагогикалық қызметтегі қалыптасуы.


1

Венн диаграммасы

ПЛ-4

5.

Педагог техникасы. Өзіндік реттеу техникасының негіздері.

1

Кластер жасау

ПЛ-5

6.

Педагогтің мимикалық және пантомимикалық мәнері.

1

РАФТ

ПЛ-6

7.

Мұғалім сөзі ақпарат тарату құралы ретінде.

1

Эссе

ПЛ-7

8.


Мұғалім сөзінің мәдениеті мен техникасы.

1

Жазбаша дөңгелек үстел

ПЛ-8

9.

Мұғалімнің кәсіптік қызметіндегі педагогтік қатынастар.


1

Пресс-конференция

ПЛ-9

10.

“Мұғалім - оқушы” жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас.


1

Пікір-сайыс

ПЛ-10

11.

“Мұғалім – ата-ана” жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас.


1

Эссе

ПЛ-11

12.

Педагог этикасы педагог қарым-қатынасының негізін салушы элементтердің бірі.


1

Қос жазба күнделігі

ПЛ-12

13.

Мұғалімнің педагогикалық әдептілігі.


1

Жазбаша дөңгелек үстел

ПЛ-13

14.

Педагогтың өзара қызметтестегінің тәсілдері.


1

Әңгіме-сұхбат

ПЛ-14

15.

Өзін-өзі тәрбиелеу – бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогтік шеберлігін қалыптастырудың бірден-бір жолы.

1

Эссе

ПЛ-15




Барлығы:

15






1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет