Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағ обсөЖ: 30 сағат Барлығы: 90 сағат



бет8/15
Дата23.02.2016
өлшемі1.09 Mb.
#9928
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Лекцияныњ мєтіні:
Ж. Асфендияров 20-жыддардың орта шенінде-ақ тарихпен айналысты, ғылымның үйымдастырушысы болып, Қазақстандатарихғылымының калыптасу кезеңінде бірқатар ғылыми қүрылымдарды басқарды. Ол - тарихтан алғашқы профессор-қазақ, Ғылым академиясының 1932 жылы наурыз айында қүрылған Қазақстан базасы төрағасының орынбасары болды, оған дейін Қазақ Үлттық мәдениет ғылыми-зерттеу институтының тарих-археология секторын баскарды, кейініректе Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының ректоры бодды. Профессор П. А. Кунтемен бірге С. Ж. Асфендияров Қазақстан мен Орта Азияның тарихы жөніндегі мәліметтері көне, шығыс және

жылнама деректемелерінен алынған материалдар жинағьш әзірлеп, 1935 жылы бастырып шығарды. Жинақ қазақтардың тарихи өткен заманы туралы сол кездегі мәліметтерді толықтыра түсті, қазақтардың тарихын, мәдениеті мен түрмысын, олардың кершілес халықтармен және мемлекеттермен экономикалық, саяси және мәдени байланыстарын қайта қарауға негіз болды. Ғалым қазақтар тарихын суреттеп, бүл проблемаларды шешуге үмтылыс жасады.

С. Ж. Асфендияровтың монографиясында көшпелі халықтардыңтарихы жоқ екендігі, артта қалғандығы, олардың қоғамдык қүрылысын рулық құры-лыс деп бағалау туралы концепция теріске шығарылған. Көшпелі қазақ қоғамының қоғамдық құрылымы басқа да отырықшы және көшпелі халықтарға тән таптық, феодалдық құрылым ретінде көрсетілген. Автор таптык қанау мақсатында пайдаланылатын рулық сарқыншақтардың сақталуын кәшпелі халықтардағы феодалдық қатынастардың ерекшелігі деп санаған. Автордың пікірінше, шаруашылық үлгісі — көшпелі мал шаруашылығы — жеке шаруашылықгың дамуына мүмкіндік бермейді; малға жеке меншік жағдайында жайылымды пайдаланудың қауымдық нысаны сақталып қалады. Шаруашылық қажеттері рудың, рулық кдуымның, патриархаттық отбасының сақталуына әкеп соғады. Бірақ бұл рулық институттар түбірінен өзгеріп, олар әлдеқашан туындаған таптык қатынастарды көрсетеді.

Сол кезде одақтық тарих ғылымында шығыс қоғамдарының әлеуметтік-экономикалық күрылысы, «азиялық өндіріс әдісі» туралы пікірсайыс жүріп жатты. С. Ж. Асфендияров тарихнамаға пікірсайыс проблемаларының өз түсінігін енгізді, Азияның ерекше Шығыстык жолы түжырымда-масының негізсіздігін керсетті, К. Маркстің «азиялық өндіріс әдісі» түсінігін теріс түсіндіруіне тоқталды. Ол Б. Я. Владимирцовтың Монғо-лия қоғамдық құрылысын «монғолдың кешпелі феодализмі» деген «сәтсіз» анықтамасымен де келіспеді. Кейінгі кезеңде де «көшпелі феодализм» теориясы сынға алынды.

Кітап ұзак, жылдар бойы жабулы үсталғандықтан, оған сілтеме жасалмасада С. Ж. Асфендияровтың көшпелі қазақгардың қоғамдыққұрылысьша кәзқа-расының көп ізбасарлары болды. Қазақ халқынын, шығу тегі және қазақ мемлекетінің пайда болу проблемаларын С. Ж. Асфендияров басқа да түрік халықтары дамуындағы нак сондай проблемалармен байланыстыра қарады. Үш жүздің қүрылуын ол саяси бірігуге кедергі жасаған, табиғи география-лық үш өлкеде дамыған кешпелі шаруашылықтың тарихи жағдайларымен дәлелдеп түсіндірді.

Бірқатар орыс авторларының кешпелі халықтарда «тарих жоқ екендігі» туралы, олардың өз дамуында рулық құрылыс пен алғашқы қауымдық шару-ашылық деңгейінен аса алмағандығы туралы үлы державалық пиғылдарын да, жергілікті авторлардың қазак қоғамы тарихи жолының ерекшелігі туралы, онда таптық антагонизмнің жоқ екендігі, «түрік-монғол нәсілінің ұлы рөлі» туралы көзқарастарын да теріске шығаруға орынды әрекет жасай отырып, С. Ж. Асфендияров ез кезегінде саяси түрғыдан көшпелілер өмірінің келеңсіз жақтарын ерекше атап көрсетті, оның пікірінше, олардың өмірі халық бұка-расын феодалдық-рулық үстем таптың талап-тонауы мен қанауына, рулык бірлестіктер арасындағы қантегісті күреске ғана толы болған.

М. Тынышбаевтың қазақтардың, халықты құраған этникалық топтардың шыққан тегін ежелгі етіп керсетуге, олар мекендеген аумақты шексіз ұлғай-туға тырысқан әрекеттерін дүрыс теріске шығара отырып, С. Ж. Асфендия-ров басқа жаққа ауытқыды, сөйтіп «қазақтардың дербес тарихының басталуын» XVI ғасырдың аяғы — XVII ғасырдың басына ғана жатқызды, мұның езі сөзсіз кате болатын.

Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихын зерттеу дамытылды. Қазақ мемлекеттігінің қоғамдық құрылысының даму проблемаларына, халықтың шығу тегіне ерекше көңіл белінді. 1941 жылы «Қазақ ССР тарихы жөніндегі материалдардың» белгілі бастырып шығарушысы М. П. Вяткиннің ерте заманнан XIX ғасырдың ортасына дейінгі қазақтар тарихын жүйелі баяндаған «Қазақ ССР тарихы жөніндегі очерктер» деген қорытындылаушы еңбегі басылып шықгы. Басқалармен қатар Қазақ хандығы қүрылуының мәселелері автордың назарын аударған. Автор оның қүрылуында алғашкы қазақ хавдары бастап, бөліне көшуге алдындағы зерттеушілер сияқты үлкен мән берген. Олардың моғол хандарына вассалдық тәуелділігінің асыра көрсетілгені күмәнсіз. М. П. Вяткин қазақ жүздерінің үш аймаққа бөлінуі табиғи географиялықжағдайға байланысты екендігі туралы В. В. Бартольд пен С. Ж. Асфендияровтың пікірін коддаған, бірақ бұл фактормен бірге олардың саяси оқшаулану ықпалын да қосқан. М. П. Вяткиннің монографиясында XIX ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстан тарихы женіндегі әдебиет пен деректемелерге бірінші рет жалпы шолу жасалған.




Лекция 21.

Тақырыбы:XXғ.ғ.40-45 ж.ж. ¦лы Отан соѓысы кезењіндегі Ќазаќстанныњ тарихнамасы.

Жоспары:

  1. ¦лы Отан соѓысы жєне Советтік тарих ѓылымындаѓы жања мєселелер.

  2. Халыќтыњ ер лік істерге толы кешегі уаќыты туралы ‰гіт-насихаттыќ басылымдары.

  3. Ѓылыми мекемелер мен жоѓарѓы оќу орындарыныњ ж±мыстарыныњ ќайта ќ±рылуы.

  4. Ќазан тµњкерісімен КСРО-даѓы азамат соѓысыныњ тарихы жµніндегі ќорытындыланѓан басылымы (1942).

Пайдаланѓан әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1. Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

2. Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

3. Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

4.К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

5. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.



Қосымша:

1.Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 94 г.

2.Бердеяв Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма А.,1990 г.

3.Абжанов Х. Сельская интелегенция в Казахстане: вчера, сегодня, завтра. А.,90 г.


Лекцияныњ мєтіні:

Қазақстан тарих ғылымы дамуының 40—50-жыддардағы жаңа кезеңі басқа да барлық проблемаларды зерттеумен қатар, соңғы орта ғасырлар тарихының проблемаларыжөніңцегі зерттеулер деңгейініңартуындаайқыңдап берді. 1943 жылы ҚазМУ-да тарих факультеті, содан соң педагогикалық институттарда тарих факультеттері ашылды. 1945 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясында Тарих, археология және этнография институты ашылды. Үлттық ғылыми та-рихшы кадрлар даярланды. Оларды даярлауға бұрынғыдай Москва мен Ле-нинградтың ғалымдары - А. Н. Бернштам, С. П. Толстов, А. Ю. Якубовский, А. М. Панкратова және басқалар көп кемек көрсетті.

Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихын зерттеу дамытылды. Қазақ мемлекеттігінің қоғамдық құрылысының даму проблемаларына, халықтың шығу тегіне ерекше көңіл белінді. 1941 жылы «Қазақ ССР тарихы жөніндегі материалдардың» белгілі бастырып шығарушысы М. П. Вяткиннің ерте заманнан XIX ғасырдың ортасына дейінгі қазақтар тарихын жүйелі баяндаған «ҚазақвСР тарихы жөніндегі очерктер» деген қорытындылаушы еңбегі басылып шықгы. Басқалармен қатар Қазақ хандығы қүрылуының мәселелері автордың назарын аударған. Автор оның қүрылуында алғашкы қазақ хавдары бастап, бөліне көшуге алдындағы зерттеушілер сияқты үлкен мән берген. Олардың моғол хандарына вассалдық тәуелділігінің асыра көрсетілгені күмәнсіз. М. П. Вяткин қазақ жүздерінің үш аймаққа бөлінуі табиғи-географиялықжағдайға байланысты екендігі туралы В. В. Бартольд пен С. Ж. Асфен-дияровтың пікірін коддаған, бірақ бұл фактормен бірге олардың саяси оқшаулану ықпалын да қосқан. М. П. Вяткиннің монографиясында XIX ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстан тарихы женіндегі әдебиет пен деректемелерге бірінші рет жалпы шолу жасалған.

Қазақстан тарихыньщ тарихнамасывда тарихшылар үжымының жиынтық ғылыми еңбектері Орта Азияның басқа республикаларынан бұрын пайда болды.

1943 жылы тұңғыш ұжымдық жиынтық еңбек - «Қазақ ССР тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)» жарық көрді. Кітапты авторлар ұжымы — КСРО Ғылым академиясы Тарих институтының академигі Б. Д. Греков, Ғыльм академиясының корреспондент-мүшесі А. М. Панкратова бастаған бір топ ғылы-ми қызметкерлер мен жергілікті тарихшылар қысқа мерзімде жазып шықты. Зор ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде Қазақстан тарихы жөнінде жарияланған деректемелердіңдеректері ғана емес, сонымен бірге аймақтық тарих, басқа да түрік халықтарының тарихы женіндегі орта ғасырлардағы Қазақстан, әсіресе саяси тарих, қазақ-Орта Азия байланыстары жайлы мәліметтер бар материалдар да жүйеге келтірілді. Солай бола тұрса да, шешілмеген проблемалардың көптігі, халықтың тарихи өткен кезеңінің көп белімінің зерттелмегендігі авторлар ұжымының алдына қиын міндеттер қойды. Атап айтқанда, саяси тарихқа, хандар мен батырлардың ұйымдастырушылық қызметіне, қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресіне көп орын берілді; қазақ халкуның қалыптасуы мен дамуында татар-монғолдардың жаулап алуына елеулі көңіл белінді. Ал еңбекші халықтың әлеуметтік-эконо-микалық жай-күйі жөнінде материал мүлде болған жоқ. Бірақ халықтың тарихы идеологияландырылған кеңестік тарихнаманың канондарына қарама-қарсы көрсетілді. Республика Компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ ССР тарихының» 2-басылымын дайындау туралы қабылдаған қаулысында (1945 жылғы 14-тамыздағы) бірінші басылымда жіберілген қателіктер, феодалдық өткен заманды дәріптеушілік, татар-монғол шапқыншылығының ойрандау-шылық сипатын жете бағаламаушылық, еңбекші халықты қанаудың жеткіліксіз көрсетілуі атап өтілді; тарихи фактілерге қарамастан, кітапта XV— XVIII ғасьірлардағы Қазақ хандығының мықты да құдіретті деп сипатталғаны кµрсетілді. Алғашқы ұжымдық басылым тарихнамадағы маңызды кезең болды, зор ғылыми ынта-ықылас, жаңа тарихи деректемелерге ізденістер, аса маңызды проблемалар бойынша пікірсайыстар туғызды. 1949 жылы екі томдық «Қазақ ССР тарихының» бірінші томы шықгы. Алайда республика басшы органдары-ның шешімдерінде «қазақ халқының феодалдық өткендегісін дәріптеушілік, оның мәдени мүрасына сын көзбен қарамаушылық.., хавдар мен сүлтандарды мадақтаушылық» тағы да атап өтілді.

Көшпелілердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастардың феодалдық сипаты туралы пікір кеңестік тарихнамада 30—50-жылдары орнықты. Зерттеушілердегі пікір алалықтары көшпелілердегі феодалдық қатынас-тардың базистік негіздерін, көшпелі мал шаруашылығы үлгісіндегі ең басты.өндіріс құралдарын бағалауға ғана қатысты болды. Пікір алалықтары мен дау-дамайлар 50-жылдардың ортасында қазақтың көшпелі мал шаруашылығы жағдайларындағы патриархаттық-феодалдық қатынастардың мәні мен ерекшелігі жайында ғана болды. Пікірсайыс барысында екі көзқарас аңғарылды. Бір зерттеушілер көшпелі мал шаруашылығы жағдайында негізгі ендіріс қүралы мал болды, ал жер небәрі өндіріс жағдайы болған деп санады. Негізгі өндірушіні, қатардағы көшпеліні қанау малды меншіктену негізінде жүзеге асырылды. Жер қауымдасып пайдаланылды, ал жерге жекеменшік көшпелілер отырықшылыққа көшкеннен кейін ғана пайда болды.

Екінші көзқарасты жақгаушьшар көшпелі жағдайда да, атап айтқанда, қазақ қоғамында жер өвдіріс шарты ғана емес, ендіріс күрал-жабдығы болып табылады деп санады. Дағдылы кұқық нормаларына байланысты жерді (жайылым-дарды) пайдаланудың қауымдык нысаны сакталған жағдайда малдың ірі меншік иелері көшіп-қону жерлеріне билік етті, іс жүзінде ең жақсы жайылымдарды иеленді, қанау малды меншіктену ғана емес, жерге меншік негізінде де жүзеге асырылды. Өндіргіш күштерді, өндіріс құрал-жабдықгарын және оларды меншіктенуді түрліше сипаттай отырып, екі көзқарасты жақтаушылардың пікірлері ең бастысына — көшпелілердің қоғамдық-экономикалық қатынастарына таптық баға беруге келгенде алшақгады.

КСРО Ғылым академиясы мен Орта Азия және Қазақстан одақгас республикалары академияларының 1954 жылы Ташкентте өткен Біріккен ғылыми сессиясында пікірсайыстың қорытындылары шығарылды. Жалпы алғанда көшпелі тайпалар мен халықтар адамзаттың тарихи дамуының жалпы арна-сында жүріп етіп, өз эволюциясында таптық қатынастарға жетті деген тұжы-рьщ қабылданды. Пікірсайыста ХХ ғасырлардағы қазақ қоғамының формациялық деңгейін патриархатгық-феодаддық қоғам деген баға орнықгы. «Қазақ ССР тарихында» (1957 жылы шығарылған) да осы баға көрініс тапты. Пікірсайыс барысында анықталған көзқарастар дамытылып, Қазақстан материалдарында бірқатар көлемді мақалалар мен монографиялар дайындалды.


Лекция 22.

Тақырыбы: XXғ.ғ.40-45 ж.ж. ¦лы Отан соѓысы кезењіндегі Ќазаќстанныњ тарихнамасы.

Жоспары:

  1. ¦лы Отан соѓысын зерттеудіњ бастамасы жєне оныњ Компартияныњ ќ±жаттарында партия мен ‡кіметтіњ басты ќайраткерлерініњ ењбектерінде талданылуы.

  2. Жау ішіндегі ж‰ргізілген соѓыс ќимылдары туралы алѓашќы соѓыс тарихы ењбектері.

  3. Идеологиялыќ жаѓдайдыњ шиеленісуі.

  4. Саяси ќуѓын-с‰ргінніњ екінші легі жєне оныњ тарих ѓылымына єсері.

Пайдаланѓан әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1.Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

2.Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

3.Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

4.К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

5.А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.



Қосымша:

1.Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 94 г.

2.Бердеяв Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма А.,1990 г.

3.Абжанов Х. Сельская интелегенция в Казахстане: вчера, сегодня, завтра. А.,90 г.

4.Елеуов Т. Устоновление и упрочение Советской власти в Казахстане А., 1961 г.

Лекция мєтіні:
Қазақстан тарих ғылымы дамуының 40—50-жыддардағы жаңа кезеңі басқа да барлық проблемаларды зерттеумен қатар, соңғы орта ғасырлар тарихының проблемалары жөніндегі зерттеулер деңгейінің артуында айқыңдап берді. 1943 жылы ҚазМУ-да тарих факультеті, содан соң педагогикалық институттарда тарих факультеттері ашылды. 1945 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясында Тарих, археология және этнография институты ашылды. Үлттық ғылыми та-рихшы кадрлар даярланды. Оларды даярлауға бұрынғыдай Москва мен Ле-нинградтың ғалымдары - А. Н. Бернштам, С. П. Толстов, А. Ю. Якубовский, А. М. Панкратова және басқалар көп кемек көрсетті.

1943 жылы тұңғыш ұжымдық жиынтық еңбек - «Қазақ ССР тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)» жарық көрді126. Кітапты авторлар ұжымы — КСРО Ғылым академиясы Тарих институтының академигі Б. Д. Греков, Ғыльм ака-демиясының корреспондент мүшесі А. М. Панкратова бастаған бір топ ғылы-ми қызметкерлер мен жергілікті тарихшылар қысқа мерзімде жазып шықты. Зор ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде Қазақстан тарихы жөнінде жарияланған деректемелердіңдеректері ғана емес, сонымен бірге аймақтық тарих, басқа да түрік халықтарының тарихы женіндегі орта ғасырлардағы Қазақстан, әсіресе саяси тарих, қазақ-Орта Азия байланыстары жайлы мәліметтер бар материалдар да жүйеге келтірілді. Солай бола тұрса да, шешілмеген проблемалардың көптігі, халықтың тарихи өткен кезеңінің көп белімінің зерттелмегендігі авторлар ұжымының алдына қиын міндеттер қойды. Атап айтқанда, саяси тарихқа, хандар мен батырлардың ұйымдастырушылық қызметіне, қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресіне көп орын берілді; қазақ халкуның қалыптасуы мен дамуында татар-монғолдардың жаулап алуына елеулі көңіл белінді. Ал еңбекші халықтың әлеуметтік-эконо-микалық жай-күйі жөнінде материал мүлде болған жоқ. Бірақ халықтың тарихы идеологияландырылған кеңестік тарихнаманың канондарына қарама-қарсы көрсетілді. Республика Компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ ССР тарихының» 2-басылымын дайындау туралы қабылдаған қаулысында (1945 жылғы 14-тамыздағы) бірінші басылымда жіберілген қателіктер, феодалдық өткен заманды дәріптеушілік, татар-монғол шапқыншылығының ойрандау-шылық сипатын жете бағаламаушылық, еңбекші халықты қанаудың жеткіліксіз көрсетілуі атап өтілді; тарихи фактілерге қарамастан, кітапта XV— XVIII ғасьірлардағы Қазақ хандығының мықты да құдіретті деп сипатталғаны | кµрсетілді.

50-жылдары жазбаша деректемелер базасын кеңейту, шығыстанушы кадрларды даярлау проблемасы алға қойылды. Қазақ КСР Ғылым академиясын-да шығыстану секторы құрылып, ол кейіннен Қазақ КСР Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының шетелдік Шығыстың шек-тес елдері тарихы бөлімі етіп қайта құрылды. Кейініректе шығыстанушылар тобы осы Институттың ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы бөліміне шоғырландырылды. С. К. ИбрагамовҚазакотаншығыстанушылары-нан шығыс деректерінтауып, аударуға алғашқылардың бірі болып кірісті. Ол соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы женівдегі негізгі деректемелерді — парсы және түрік еңбектерін анықтап, жариялау мен зерттеуге зор үлес қосты. С. К. Ибрагимов шығыстың, негізінен Орта Азия авторларының (Мас'уд бен Осман Кухистанидің, Фазлаллах Ибн Рузбихан Исфаханидің, Камал ад-дин Бинаидің және басқаларының) XV—XVI ғасырлардағы Қазақстанның этникалық, саяси және әлеуметтік-экономикалықтарихы женінде едәуір көп нақты мәліметтер бар шығармаларын тауып, олардың үзінділерін тарихтанушылық щолулар мен мақалаларда жариялады.

50-жылдардың басында КСРО Ғьшым академиясы Шығыстану институты Ленинград бөлімшесінің жәрдемдесуімен Қазақ КСР Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында XV—XVIII ғасырлардағы қазақ хандықтарының тарихы жөніндегі шығыс деректемелерінен алынған материал жинағын жасау жұмысы басталды. С. К. Ибрагимов басылымның жоспарын және оған арнап Мас'уд бен Усман Кухистани шығармасы мен Би-наи қолжазбасы мәтіні бір бөлігінің аудармасын дайындады. Жұмысты В. П. Юдиннің жалпы басшылығымен және ленинградтық шығыстанушылар О. Ф. Акимушкин мен М. А. Салахетдинованың қатысуымен жинақты қүрастыру-шылар тобы (Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин) жалғастырып, ол 50-жылдардың аяғында аяқталды Жинаққа қазақ хандықтарының тарихы жөніндегі негізгі түпнүсқа деректемелерінен — XV—XVIII ғасырлардағы пар-сы және түркі тілдес шығармалардан: «Таварих-и гузида-йи нусрат-наме», «Фатх-наме», «ПІайбани-наме», «Тарих-и Абулхайр-хани», «Та'рих-и Раши-ди», «Тарих-и Кыпчаки», «Бахр әл-асрар фи манакиб әл-ахйар» және басқала-рынан орыс тіліне аударылған үзінділер енген. Нарративтік шығармалардан және хандар мен діни адамдардың ғұмырнамаларынан, тарихи оқиғалардың хроникалары мен сарай маңындағы әдебиетшілердің мемуарларынан басқа, жинаққа Сығанақтан вақфтықтерт қүжат енгізілген.



Лекция 23.

Тақырыбы: Соѓыстан кейінгі кезењдегі (1945-1955 ж.ж) Ќазаќстанныњ тарих ѓылымы.

Жоспары:


  1. Кењес халќыныњ ¦лы Отан соѓысындаѓы жењісімен батыс идеологиясымен к‰рестіњ к‰шеюі.

  2. Ѓылыми-зерттеу институттармен жоѓарѓы оќу орындарыныњ кµбеюі.

  3. ЌазМУ-де (1948 ж.) , Ќыздар пединститутында (1944 ж.ж.) тарих факультеттерініњ ашылуы, ЌазССР ЃА жанынан тарих, археология жєне этнография институтыныњ (1946 ж.ж.) ашылуы.

  4. Аспирантура жєне доктарантуралар арќылы тарихшы кадрларды дайындаудыњ кењейтілуі.

Пайдаланѓан әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1.Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

2.Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

3.Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

4.К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

5.А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.



Қосымша:

1.Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 94 г.

2.Бердеяв Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма А.,1990 г.

3.Абжанов Х. Сельская интелегенция в Казахстане: вчера, сегодня, завтра. А.,90 г.

4.Елеуов Т. Устоновление и упрочение Советской власти в Казахстане А., 1961 г.
Лекцияныњ мєтіні:
1950 жылдардың аяғында тарихшылар калалардың Қазакстанның өлеу-меттік-саяси құрылымындағы аткарған рөлі мен алған орнын зерделеуге ынта-ыкылас аударды. К. Туманшин мен Н. Г. Аполлова — Солтүстік Қазакстан мен Орынбор өлкесі: Петропавл, Троицк, Орынбор қалаларының; А. Горячева, Э. Герасимова, Ө. Есмұрзин — Батысжәне Оңтүстік Кдзақстан калаларының тарихын; Ж. Касымбаев пен Н. Алексеенко Семей мен Өскемен тарихын зерттеді. Кейініректе Қостанай және баска калалар туралы еңбектер жазыл-ды. Оларда бекініс-калалардың пайда болу мәселелері, қала тірлігіндегі сауданыңатқарғанрөлі,халыктың 1905—1907 жылдармен 1916жылғыкөтеріліс кезеңіндегі әлеуметгік құрылымы мен революциялыккызметі карастырыл-ған. 1980 жылдар карсаңында Н. Бекмаханова (Қазақстан мен Солтүстік Қыр-ғызстанның көп ұлтты халқының қалыптасуы. XVIII ғасырдың соңғы ши-регі — XIX ғасырдың 60-жылдары. М., 1980) мен Н. Алексеенконың (Револю-цияғадейінгі Казакстанхалкы. А., 1981)алғашкымонографияларыдүниеге келді. Бұл еңбектер, М. Асылбековтің, В. Ғалиевтін, зерттеулері, Ж. Қасым-баев, И. Орлянский, Г. Кронгардтжәнебаскаларыныңмакалалары әлеуметгік, экономикалық жөне этнодемографиялык проблемаларды шешуде статисти-каның кең мүмкіндіктеріне жол ашатын жана ғылыми тұрғыдан көптеген проб-лемаларды одан әрі арнайы зерттеудің негізін қалады. Бұрын коғамда болып жаткан үрдістерді талдау үшін демографияның кең мүмкіндіктері пайдала-нылмайтын. Бүған ішінара ресми статистикалық деректердің, соның ішінде кеңестік кезеңсанактарыныңдатолықболмауы жөне бұрмалануы, ішінара олардың өкімет орындарының идеология саласындағы нұсқауларына сөйкес келмеуі себеп болды.

XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихының тарихнамасы көрнекті этнограф М. Мұкановтың «XVIII—XX ғасырдың басындағы қазақтардың этникалық аумағы» деген еңбегімен байытылды, онда Казакстанның кейбір облыстарынан сепаратистік дәмеленудіңнегізсіздігі көрсетіліп, казақтардың тарихи қалыптасқан этникалық аумақ шегіндегі жерді иелену кұкығы дәлелденді.

Сонымен катар Е. Бекмаханов XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Казақ-станның әлеуметтік-экономикалықөмірі туралы зерттеу жазды (Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында. А., 1947). Кітаптың басым бөлігі Кенесары Қасымов басшылық еткен азатгык козғалысына арналған. Мұнда кетерілістің қозғаушы күштері,оның Орта жүзде кұлаш жаюы, Кенесарының қазак мемлекетгілігін нығайту жөніндегі іс-шаралары, Қоқанға қарсы күресі, оның бұл күреске қырғыздарды тартпақ болған әрекеттері, сондай-ақ Кенесары мен оның жакындарының кырғыз билеушілері қолынан қаза табуы айқындалады.

XX ғасырдың 50-жылдарының аяғы — 60-жылда-рының басында Кенесары Қасымовтың көтерілісіне көзкарас түбегейлі теріс бағытта болды. Тұтас алғанда, көтеріліс феодалдык-монархиялык деп та-нылды, ал зерттеу авторы ұлтшыл деп айыпталып, куғынға түсті (караңыз: Е. Б. Бекмахановтың «Кдзакстан XIX ғасырдың 20—40 жылдарында» деген кітабы бойынша пікірсайыс. Стенограмма. А., 2000). Көтеріліске ғылыми ден коюшылык 90-жылдарда кайтадан жаңарды. 1990 жылғы 27—28 шілдеде Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты мен «Вопросы истории» журналының редакциялык, алқасы «Отаршылдық жағ-дайындағы ұлттык қозғалыстар (Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Кавказ)» проблемасы бойынша үйымдастырған Бүкілодақтық «Дөңгелек стол» ныса-налы түрде өткізілді. Ғалымдар халық бүкарасының азаттық күресінің көп жақты объективті көрінісін жасауға жөне қоғамдык санада орын алып отырған таптаурын ескі сенііущерді жоюға, сондай-ак зерттеу объектілеріне де, оның тарихнамасы мен деректеметану проблемаларына да жаңа методологиялық кезқарастар іздестіруге шақырды. Үсыныстарда «Ауызша айтылатын және фольклорлық материалдарды тарту арқылы XVIII—XX ғасырдың басында Кдзақстанда, Орта Азияда, Солтүстік Кавказда, Еділ бойында болған ұлттық қозғалыстарды жан-жақты сипаттайтын күжатгар мен материалдарды анықтау, жинау жөне басып шығару», сондай-ақ С. Асфендияров, Е. Бекмаханов еңбектеріне жаңсақ берілген бағаны қайтадан ой елегінен еткізіп, олардың Қазақстандағы ұлттық козғалыстарға арналған еңбектерін кайта шығару көзделді. 1992 жылы Ақтебе қаласында ғылыми-теориялық конференция өткізіліп, оның «XVII—XX ғасырлардағы Қазақстандағы үлт-азаттык козғалыс — біртүтас тарихи үрдіс: проблемалар, ізденістер, шешімдер» деген мате-риалдары жарық керді. Конференцияның айрықша белгісі казақтардың тәуелсіздік жолындағы күресінің аз зерттелген проблемаларын көрсету және қазак халқының азаттык күресінің тарихын зерттеу методологиясы мен тарихнамасы мәселелеріне жоғары деңгейде кәңіл аудару болды.

Бұл жылдарда жарық көрген әдебиетгерде империяның отаршылдык саясаты: орыстандыру, христиан дініне кіргізу, әскери және шаруалар арқылы отарлау зерделенеді. Жоңғарларға және орыс отаршылдығына карсы үлт-азаттық соғыстардың тарихы тәуелсіздік алғаннан кейін тұтас он жылдықтың өзекті такырыбына айналды. Отаршылдықтың және тоталитаризм идеологиясы үстемдігі кезеніндегі ұзақ уақыт бойы үнсіздіктен кейін объективті баға беруге, қайтадан ой елегінен еткізуге мүмкіндік туды. 260 жыл бойы төуелсіздік жолында, үлттык мемлекеттілікті қалпына келтіру жолында үздіксіз халықтық соғыс жүргізіліп келгені расталды. Мың-мындаған батырлар туған Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өз емірлерін құрбан етті. Кеңестік тарихнамада шет аймақ халықтарының әрбір ұлт-азатгық бой керсетуі бір-біріне тәуелсіз алынып, аймақтық мемлекет ішіндегі құбылыс ретінде касан таптықтұрғьща қарастырылды. Жоңғарларға карсы азаттык соғыстары да сол сияқты назардан тыс кдлды. Төуелсіз мемлекеттің халқы тәуелсіздік жолын-дағы күрестің негізгі кезендерін бірінші рет жалпы халыктык ауқымда атап етгі. 1990 жылдың жазында Абылай ханның 280 жылдығына арналған респуб-ликалық ғылыми-теориялык конференция болып өтгі. Ол Бұкар жыраудың 300 жылдығына, Бегенбай батырға, Қабанбай батырға, Жөнібек ханға, казақ халкының үш ұлы биі — Төле биге, Қазыбек биге, Әйтеке биге, үш жүз қазақтарының Ордабасында бірігуіне арналған конференциялар тізбегін бастап берді. 1992—1998 жылдарда Кенесары ханның, Исатай мен Махамбетгің, Ағыбай батырдың, Жәуке батырдың, Карасай батырдыңжәне басқаларының мерейтойлары жалпы ұлтгықаукымда атап өтілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет