Лекцияныњ мєтіні:
Көшпелі халықтардың тарихнамасында дәстүрлі номадизмнің қоғамдық қатынастарының, әлеуметтік қүрылымының проблемалары 70—80-жылдары мейлінше күрделі әрі ақырына дейін талдап шешілмеген болып келді. Көшпелі халықтардың қоғамдық-экономикалық құрылысының сипаты туралы түжы-рымдама қайтадан қак жарылды. Ендігі дау кешпелілерде ненің ең басты өндіріс құрал-жабдықтары болғаны және қатардағы малшыларды канаудың неге негізделгені жайында болған жоқ, жер немесе мал меншігі феодалдық (немесе патриархаттық-феодалдық) қатынастардың негізі болды, оны 50—60 жылдардың бас кезіндегі пікірсайысқа қатысушылардың іс жүзінде бәрі мой-ындады. Енді 70—90-жылдардың басывда әңгіме көшпелілердің формациялык, сатылық дамуы жайында: олар езінің қоғамдық дамуында таптық деңгейге жете ме, кәшпелі мал шаруашылығының үлгісі өзінің әлеуметтік релі жағы-нан шаруашылықтың тап қүрайтын үлгісі болып табыла ма, көшпелілер ез мемлекетін құруға қабілетті ме деген өлшемдер жайында болды. Негізгі екі көзқарас, екі тұжырымдама айқындалды. Олардың біреуі — көшпелі қоғамда таптық қатынастар мен мемлекеттілік болғанын мойындау, оны жақтаушылар тарихи материализмнің негізгі принциптерін үстанды. Екінші түжырымдама: көшпелі қоғам өзінің әлеуметгік-экономикалық дамуында алдыңғы тап-тық немесе таптық қоғамға дейінгі, мемлекеттік қоғамға дейінгі деңгейде тоқ-тап қалады. Бұл ереже «көшпелілер қоғамы тарихы жоқ қоғам болып табыла-ды» деп санаған және оны «кенже қалған», дамымаған өркениетке жатқызған А. Дж. Тойнбвдің көптеген ізбасарларының батыс тарихнамасында болып келген тұжырымдамасына ұштасады.
Көшпелі халқы басым нақты халықтардың, елдердің, аймақтардың орта ғасырлардағы тарихын зерттеушілердің көпшілігі коғамдардың қоғамдық дамуының өзіндік ерекшеліктері тарихи дамудың жалпы зандарының күшін жоймайтындығын ескерді. Олар номадтардағы қоғамдық катынастардың фео-алдық (патриархаттық-феодалдық) сипатын, көшпелі қоғамдардыңтаптарға бөлінгенін мойындады, көшпелілердің өз дамуында мемлекеттілікке жету мүмкіндігін көрсетті. Бұл орайда бір зерттеушілер жерге нақты меншік қатынастарының қанаушылық сипатын анықтады (С. 3. Зиманов, А. Е. Еренов, Л. П. Потапов, И. Я. Златкин, Г. А. Федоров-Давыдов, Б. А. Ахмедов және басқ-алар); басқалары көшпелі қоғамда негізгі өндірушілерді қанау негізі малды меншіктенуде деп білді (В. Ф. Шахматов, С. Е. Толыбеков, К. И. Петров және басқалар). Өмір салты абстрактілі «таза» түрінде қаралмай, шын мәнінде болғанындай, отырықшы егіншілік және қала мәдениетімен түрақгы өзара байланыста кабылданған көшпелілердің әлеуметтік-экономикалык, қатынас-тарының феодалдық сипаты туралы, халқы еткенде көшпелі болған республикалардың тарихы жөніндегі қорытындылаушы еңбектерде: «Қазақ ССР тарихында» (II т., 1979), «Қырғыз ССР тарихында» (I т., 1984) және басқаларында, сондай-ақ «Монғол республикасы тарихында» (Москва, 1967) көрсетілген. Көшпелілердегі алдыңғы таптық қатынастар тұжырымдамасын жақтаушылар (А. И. Першиц, А. М. Хазанов, Ю. И. Семенов) көшпелілер өзінің қоғамдық дамуында тек алдыңғы таптық, алдыңғы феодалдық қатынастарға немесе дамымаған катынастар деңгейіне ғана жетеді деп санады («көшпелілерде таптық құрылымдар жетілмеген түрінде керінді» — Г. Е. Марков). Малға жекеменшіктің тап кұраушылық сипаты мен соған негізделген қатардағы қауымдық-малшының қаналуы танылғанымен, қоғамдық кдтынастар жер меншігі қатынастарының болмауымен, малға монополиялык, меншікпен сипатгалады. Көшпелілер мемлекеттілік деңгейіне өз бетінше жете алмайды, бүл оларда отырықшылық еңірлерді жаулап алу мен отырықшы-егінші ха-лықты қанауға байланысты ғана пайда болуы мүмкін деп саналады.
Көшпелі қоғамдардың әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын талқылау 60—80-жылдарда түтас алғанда бүкіл дүниежүзілік-тарихи процесс дамуындағы капитализмге дейінгі қоғамдық-экономикалық формациялар таралы және әсіресе Шығыс дамуының ерекше жолы туралы жалпы пікірсайыстың бір бөлігі ретінде жүргізілді Тарих ғылымының жаңа актілері адамзат тарихы дамуының «бес мүшелі» схемасына қайшы келді, ол қатты сынға алынды. Неғұрлым өркениетті халықтардың материалдық мәдениетін, шаруашылықтәжірибесін, саяси қүрылыс нысандарын, идеологиясын қабылдай отырып, көптеген халықтардың түтас даму сатыларына соқпай өтетіні анықгалды.
«Азиялық өндіріс әдісі» туралы мәселе қайта койылды, бұл орайда азиялық қүрылым екі түрге: ирригациялық немесе аграрлық-ирригациялық жөне мал шаруашылық (көшпелі мал шаруашылық) түрлеріне бөлінді; кешпелі қоғамды да қамтыған кіріптарлық өндіріс әдісі теориясы үсынылды (Ю. И. Семенов). В. П. Илюшечкин канаудың ренталық әдісін үсынды, ол «капита-лизмге дейінгі біртұтас таптық-антагонистік формацияның» болғаны туралы тұжырым жасады. Капитализмге дейінгі біртұтас коғамдық-экономикалық формация туралы көзқарас қоғам дамуынын, осы кезеңін маркстік түрғьщан түсінуден алшақтамайды.
Белгщі көшпенділіктанушы Г. Е. Марков «номадтық» ендіріс әдісітұжырымдаіЛсын үсынды. Жоғарыда аталған, ертедегі таптық («дамымаған») құры-лымды коғамдық қатынастар осы өндіріс әдісін сипаттайды. Кейініректе Г. Е. Марков Б. В. Андриановпен бірге шаруашылық-мәдени үлгілердің өндіріс әдістерімен арақатынасын зерттеп, ерекше «варварлык қоғамдық-экономи-калық формация» болғаны туралы болжам үсынды, бүған олар номадтықша-руашылық-мәдени үлгісі мен өндіріс әдісін де жатқызды. Капитализмге дейінгі коғамдық қатынастардың үсынылған құрылымында авторлар небәрі төрт қоғамдык-экономикалық формация мен тоғыз өндіріс әдісін бөліп көрсетті. Н. Е. Масанов номадизмді «аграрлык өркениет шеңберіндегі ерекше өндіріс әдісі» деп анықгады; оның сипатгамасында көшпелі қоғамның таптарға бөлінуі де орын алады: ол «бай мал иелерінің табы» мен «тікелей өндірушілер табы-нан» тұрады Бұл таптардың жағдайы мен қоғамдық рөлінің автор келтірген иланымды сипаттамасы «кешпелі» қоғамның өз дамуында «ертедегі таптық» деңгейден әлдеқайда алға кеткенін көрсетеді. Оньщ үстінетаза көшпелі қоғам абстракцияда емес, накгы өмірде сирек кездескен.
Лекция 29.
Тақырыбы: 70-80 ж.ж. Ќазаќстан тарихнамасы.
Жоспары:
-
Тарих ѓылымыныњ дамуындаѓы жаѓдайлардыњ т‰бегейлі µзгерістері жєне ѓылымныњ алдында т±рѓан мєселелері.
-
Ѓылыми-зерттеу мекемелері, жоѓарѓы жєне орта оќу орындары.
-
Тарих ѓылымындаѓы жетісіктермен ќиыншылыќтар.
Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:
Негізгі:
-
Қазақстан тарихы. Очерктер. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы 1994ж.
-
Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.
-
Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995
-
А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.
Қосымша:
-
Сапаргалиев К. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917г.г.) Алматы 1995ж.
-
Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азий и Казахстане. Алматы 1986ж.
-
Покровский С.И. Разгром иностранных военных интервентов и внутренней контреволюций в Казахстане (1918-1920г.г.). Алматы 87ж.
-
Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты А.,1994 ж.
-
Маданов Х. Ұлы дала тарихы А., 1994 ж.
-
Асфендияров С. История Казахстана ( с древнейших времен) Алматы 1993ж.
Лекцияныњ мєтіні:
80-жылдардың аяғы — 90-жылдардың басында ғана казак, авторлары-ның тарих жөніндегі еңбектерін өмірге оралтып, қазак, шежірелерін жа-риялайтын мезгіл туды. Сөйтіп казак деректемелерін жаңа тарихи түжы-рымдар тұрғысынан қарастыратын кез келді. Кдзак шежіресі деген не? Көшпелі қоғамның дәстүрлі тарихи санасы шежіре шеңберінде калыптасады. Ол көшпелілердіңтарихи білімі құрылымындағы орталыкезек бо-лып табылады, оның теориялық және колданбалы маңызы тарамдалып, содан шығады. Бұл тарамдар шежіреде, біріншіден, нағыз генеалогиядан, екіншіден, кұрылым құрайтын ойдан шығарылған генеалогия ғана болып табылатын ирреалдык, үшіншіден, ежелден жеткен үн, «кария сөз», «ескі сөз» — тарихи мифологиядан, сондай актарихи аңыздардан, эпикалык жырлардан — батырлар жырларынан, толғаулардан қалыптасып тарихи білімді кұрайды.
Көшпелі коғамда тарихтың мағынасы мен максатын түсіну басқа еркениеттер мен халықтардағы мұндайұғымнан ерекше. Мысалы, христиан және мұсылман дүниесінің тарихнамасында тарихи ақпарат жинақтау жүйесіндегі негізгі принцип тарихи уакыт санаты болса, көшпелілерде ол тарихи түлға санатымен ауыстырылған. Шежіреде тарихты жөне тарихи окиғаларды дараландыру өзекті мағына болып табылады. Тарихи уақыт санаты тарихи кеңістік санатынан кейінгі үшінші орынға қойылады, ал бірінші катарға қайраткер тарихи түлға шығарылған. Тарихи уақытты есептеу тиісінше генеалогиялық үрпақтар мен тарихтың ен. ірі оқиғаларына сөйкес жүзеге асырылады, өйткені бүл, өз кезегінде, он екі жылдық циклды жыл санау кажет етілетін ғарышнамалықтүсініктерге бай-ланысты.
Сөйтіп тарихи білімнің генеалогияландырылған жүйесінінорталығында тарихи дәуір мен оқиғаларға баланатын тарихи жекетұлға болады. Мөселен, казақ тарихшылары XVIII жөне XIX ғасырлардағы тарих бойынша тарихи циклдарды Әз Төуке, Абылай, Бүқар жырау, Қазыбек би, Тәле би, Әбілмәмбет хан, Әбілқайыр хан, Бөгенбай батыр, Кдрасай батыр, Қабанбай батыр, Кенесары хан, Наурызбай сүлтан, Едіге, Шоң, Торайғыр, Жарылғап би, жоңғар контайшылары Галдан-Церен, Шона батыр (Шуна Дабо) және баскалар сиякты әйгілі жеке тұлғалар аркылы көрсетеді.
Зерттеуші В. Юдиннің «далалык ауызша тарихнама деректемелерінің хабарларын тарихтың дәл анықталған фактілерімен салыстыру далалық тарихнама деректемелерінің дұрыс мәліметтер хабарлайтындығын», «оларда айтылатын окиғалардың, адамдардың көпшілігі тарихи екендігін», «мұның өзі бұл тарихнаманың беймәлім оқиғалары да, адам-дары да өбден нақты деп тұжырым жасауға негіз береді» деген көзқарасы өте қызықты. XVIII—XIX ғасырлар кезеңіндегі казактар тарихын қарастырғанда дәстүрлі далалық деректемелердің мөліметтері де пайда-ланылды.
Деректеметану тарихы мен тарихнамада қазақ шежірелерін іс жүзінде пайдалану мысалдары бар және олардын арасынан бірінші кезекте ғалым-дар П. И. Рычков, А. И. Левшин, В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, Ш. Уәлиханов, А. Н. Харузин, А. Н. Аристовтар мен басқалардың есімдерін атау керек.
XVIII және XIX ғасырлар тарихынын, казак, шежірелерінде баса кеңіл бөлінген окиғаларды хронологиялық ретімен үстіртін карап шығуымыздын өзі ғана өткеннің көптеген егжей-тегжейіне тереңдей үңілуге, оқиғалардың кейбір анық-канығын нақтылауға және батыс немесе шығыс деректемелерінде баяндалып та койған дәуір рухын, мүмкін, біршама өзге-ше түсінікте үғынуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге онда тарихтың қазірдің өзінде белгілі фактілері түсіндірудің жаңа нүсқасында көрсетілуі, сол накты мәлімет берушінің дүние танымдық жүйесіне салынуы, бәлкім, субъективизмнең ада болмауы мүмкін.
XVIII ғасырдың басынан Казак, хандығы Тәуке ханның билеуімен (1680—1715) мәлім. Тәуке µз заманының едәуір күшті әміршісі болды, оның билігі аумактық жағынан казактың барлык үш жүзіне тарады. А. И. Левшин қазак, материалдарына сүйене отырып, үлы Тәуке ханға мынадай мінездеме берген: «Оның атымен өздерінің қызба отандастарыныңтобы-рынан рухы біршама жоғары түрған кез келген Кырғыз-Казактың жүрегі ізгілік пен инабаттылыққа толады. Ол Қазак Ордаларынын, Ликургі, Айдаһары».
Казақтың халык, аңыздарында оның татулық орнатушылык кызметі дөріптеледі. Ол көптеген жылдарға созылған апатты өзара кыркыс пен қантөгісті токтатады; ол акылдылығымен және әділдігімен барша жұртты өзіне бағынуға көндіреді; ол күшті руларға қарсыласу үшін әлсіз рулар-дың басын косады, ал күштілерін жуасытты, сөйтіп барша жұртқа ортак қылмыстык заң жүйесін енгізді. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Қазак, шежіресінде», сондай-ақ басқа да көптеген шежірелерде оның ел билеген кезі туралы өте көп мәліметтер келтіріледі. Ол шежірелер былай деп сыр шертеді: «Қасиетті Жәңгірден кейін Тәуке хан болды. Бүл ақылды, табан-ды жөне білімді адам еді. Халык арасында ол жөнінде оның халықты жақсы басқарғаны айтылады. Әз Тәукенің билік етуі
Отандық тарих ғылымының алдында халықтың тарихын жаңа әдістерді пайдалана отырып, идеологияландырылған шеңбер мен нұсқауларсыз неғұрлым терең және объективті ашып көрсету міндеттері тұр. Қазақстандағы мемлекеттілік дамуының проблемаларын зерттеуге жаңа тәсідцер қажет. 1996 жылдың өзінде ғана осы проблемалар женінде республикада екі ғылыми-теориялық конференция, едөңгелек столдар» µткізілді. Ертедегі дәуір мен орта ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттік тарихының монография-лықталдамасы жүргізілуде. Түрік-монғол мемлекеттігінің дәстүрлері сабақтастығының, қазақ мемлекеттігінің өзі дамуының мәселелері зерттеліп жа-тыр; Орталық Азия мен Евразия мемлекеттері жүйесіндегі Қазақ хандығы-ның алған орны мен атқарған релі анықталуда. Қазақ халқының қалыптасуы мен оның этникалық аумағы кұрылуының проблемаларын, халық тарихының мәдениеттанушылық жақгарын одан әрі зерттеу зор көңіл бөлуді керек етеді. Бүл проблемалардың көбі қазіргі жарияланымдарда көрініс тауып отыр.
Осының бәрі соңғы орта ғасырлардағы қала мәдениеті мен отырықшылық мәдениетке деген ғылыми ықыласты ынталандыра түсті. 1971 жыддан бастап Қазақстанның оңтүстігінде Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экс-педициясы зерттеу жұмысын өрістетті. Ол Отырар қаласының орнын өзінің қазба жұмысының негізгі объектісі етіп тандап алды. Содан бері 25 жыл бойы онда XIII—XVIII ғасырлар деңгейіңдегі қала қабаттары зерттеліп келеді. Соның нәтижесівде қала құрылысы анықгалды, тұрғын үйлер, қоғамдық құры-лыстар зерттелді, қаланың кдометіне - қолөнерге, саудаға, ауыл шаруашы-лығына талдау жасалд. Отырар жазирасының соңғы орта ғасырлардағы ирригациясы, Сауранның соңғы орта ғасырлардағы кәріздік суландыру жүйесі зерттелді. 70-жылдары Түркістан қала жүртының орнында XVII— XIX ғасырлар қабаты деңгейінде ауқымы ірі қазба жұмыстары жүргізілді.
Соңғы орта ғасырлардағы қалалардың жүртында археологиялық зерттеулердің кеңейтілуі, материалдардың саны жағынан жинақталуы мен бұл материалдардың соңғы орта ғасырлар тарихының көптеген проблемала-рын анықтау мәселелеріндегі ықтимал мүмкіндіктері зор екендігінің айқын-далуы, сайып келгенде, мамавдардың ғылымдағы жаңа «соңғы орта ғасырлар археологиясы» бағытын мойындауына жеткізді. Алматыда 1981 жылы өткізілген кеңесте археологаяның жаңа бөлімі ресми түрде танылды. Сөйтіп Қазақстан мен басқа да аймақгардағы тарихи процесті зерделеу, материалдык мәдениетті, әлеуметтік қатынастарды зерттеу ісінде археология мүмкіндіктерінің XIII—XIX ғасырлар кезеңіне де таралатыны дәлелденді.
Лекция 30.
Тақырыбы: Ќазіргі кезењдегі (90 жылдар) Ќазаќстаныњ тарих ѓылымы.
Жоспары:
-
Тарихи сананыњ ќалыптасуын зерттеулердегі концептуалды тєсілдер.
-
Ќорытындылаушы тарихнамалыќ ењбектердіњ сананыњ кµбеюі.
-
Д‰ниеж‰зілік тарих ѓылымындаѓы Ќазаќстан тарихнамасыныњ мањызы, негізгі ерекшеліктермен алатын орны.
Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:
Негізгі:
-
Қазақстан тарихы. Очерктер. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы 1994ж.
-
Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.
-
Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995
-
Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.
-
К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.
-
А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.
Қосымша:
-
Сапаргалиев К. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917г.г.) Алматы 1995ж.
-
Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азий и Казахстане. Алматы 1986ж.
-
Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты А.,1994 ж.
-
Маданов Х. Ұлы дала тарихы А., 1994 ж.
-
Асфендияров С. История Казахстана ( с древнейших времен) Алматы 1993ж.
Лекцияныњ мєтіні:
Қазакстанның отарлык кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандык, тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймакхалықтарының сол кезде отар елдер халықгары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық ектемдіктің және марксизмнің касаң кағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыкқа ұшыратылды. ХУШ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзіліктарихұғымынантыс қараған Ресей ділініңтүрғысынан пайымдапды.
Осының бәрі бүгінгі танда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қарауды, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді.
Ресей мемлекетініңкұрамындағы қазақхалкытарихының(ХУШ-ХІХғғ.) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандыктарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару кажет.
Орыс тарихнамасында казақтардың жоңғарлар баскыншылығына карсы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда түтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапканына қарамастан, тарихи окиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды. Әсіресе бүл екі шайкастың: казақжа-сақтары 1728 жылы Бүланты өзенінің жағасындағы Кдрасиыр («Қалмақ-кырылған») деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына қатысты. Қазақ-жоңғар катынастарын XIX ғасырдын. аяғы—XX ғасырдың басында М.-Ж. Көпеевтің, Ш. Құдайбердиевтің, М. Тынышбаевтың, М. Ду-латовтың, Ә. Бөкейхановтың күш-жігер салуы аркасында ғана неғұрлым егжей-тегжейлі саралап зерделеу мүмкін болды. Қазақтардыңжоңғарларға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723—1726 жылдардағы жеңіске жету себептері, казақтардың саяси және экономикалык ауыр жағдайы, басқа да мәселелер XX ғасырдың 70—80-жылдарындағы тарихнамада: И. Я. Златкиннің, Н. Г. Аполлованың, В. Я. Басиннің, В. А. Моисеевтің және басқалардың монографияларында ғана ғылыми тұрғыдан көрсетілді.
Атап айтқанда, В. А. Моисеев жоңғарлардың казақтармен арадағы үзак, уакытқа созылған өзара катынастарының, оның даму барысын, сипатын ашып берді. Ол жоңғарлардың казактарға және Орта Азия халықтарына қарсы күрестегі уақытша жеңістерінің басты себептеріи ашып көрсетіп, Ресейдің казактар мен жоңғарлар женіндегі тиянаксыз өрі кэйшылыққа толы саясаты-ның себептерін түсіндірді, сондай-ак Орталык Азиядағы халыкаралык катынастардың бүкіл жүйесін айкындай бастаған жаңа күштердің (Ресей мен Кытайдың) саяси аренаға шығу белгілерін де аныктап берді. Р. Б. Сүлейменов пен В. А. Моисеевтің «XVIII ғасырдағы Кдзақстан тарихынан» деген бірлескен еңбегінде (А., 1988) осы проблеманы зерттеуге баса көңіл бөлінген. Казақстанның Ресеймен, сондай-ақ Орталық Азиядағы «ең соңғы кешпелі империя» — XVIII ғасырдағы Жоңғар хандығымен өзара катынастарыныңтарихы түйінді проблемалардың бірі болып қалуда.
Кеңестік кезенде Казакстан тарихшыларының бұл проблемаға Қазақстанның Ресейге косылуының прогресшіл маңызы сипатында қалам тартқаны мәлім. Әлбетте, тәуелсіздік жағдайында көзқарас өзгерді. Бүл орайда Қазақстан тарихшылары жарияланған деректемелер мен еңбектерге сүйене отырып, қазақтар корғаныстық азаттық соғысын жүргізіп жатқан кезенде, ел басына күн туған зобалаң жылдарда Ресей империясы Ертіс бойымен оңтүстікке карай ілгерілеп, жоңғарлар басып алған казақжерлеріне бекіністер салғанын, езініңтым әріде жатқан жоспарларын дипломатиялык әрекеттермен, әскери экспедициялармен нығайта бергенін бүкпесіз де объективті түрде атап әтеді. В. А. Моисеев өзінің соңғы еңбектерінде бүрыйғы көзқарастарын едәуір өзгертті. Оның пікірінше: «Қазак тарихшылары мен публицистері еңбектерінде Орыс мемлекеті «солтүстіктегі қанішер жыртқыш», казақтардың Жоңғария сиякты тарихи жауы етіп көрсетілген. Ол былай тұрсын, пат-ша үкіметі жоңғар-казақсоғысына арандатып, ойраттарды қарумен жабдық-таған және оларды қазақтарға айдап салған сияқты». В. А. Моисеевтің пікірінше: «Ресей қазақхалкын ойраттардыңбасып кіруінен қорғап, шабуыл жасаушы тарапты тежеу жөнінде қатаң кезқарас ұстанған».
Кеңестік тарихнамада Қазақстанды отарлаудың басталуы оның Ресейге «қосылуы» тұрғысынан пайымдалды. Кейбір авторлар мәселенің экономикалықжағына да, саяси себептеріне де мүлде терендеп бармай, оны тек ғана сырт жағынан карап, қосылу кездейсоқтан болды деп санады. Басқа біреулері отаршылардың мүдделерін жақтап, патша екіметінің, патшалық Ресейдегі үстем таптардың қазақхалқына катысты «күкықтары» мен «міндеттерін» іздеп табуға тырысты. Олар империялыкидеяларды ашыктан-ашық уағыздап, байырғы халықты тек ғана жабайылар деп білді, сөйтіп олардың сан ғасырларға созылған дербес және мәдени дамуын мүлде ескермеді. «Біздің Орта Азия жерлерін алуымыз әсте де оп-оңай басып алу мен атышулы жеңістерге деген бір ғана қарбалас құлшыныспен жасалған жок, — деп баяндалады бір ресми құжатта. Біз Шығыска өркениеттің болмай коймайтын табиғи заңымен бет-теп барамыз: білімді халыкжабайылармен ешкдшанда қатар өмір сүре алмаған жөне алғашкылары колында күш-куаты барын сезінсе, соңғыларына олар-дың арасында мемлекет пен қоғам туралы жалпы адамзатгық үғымдарды сіңіру үшін жол салушылар жіберіп отырған. Біздің даңқты әскерлерімізді Орта Азиядағы осындай жол салушылар деп санау керек екені даусыз».
КСРО ыдырағаннан кейін, тәуелсіз мемлекеттер пайда болған кезде де империялык ойлауды көрінеу және жасырын жақтаушылар Ресей отаршыл, империялык держава болған жоқдегенінен айнымай келеді. «Ресей сол кезде де, кейінде де сөздің толық мағынасында қандай отарлар алып, иеленді деген ең карапайым сүракка жауап қайтарып көріңіздерші» деп сүрайды тарихшы В. Виноградов пен Ресей Сырткы істер министрлігі тарихи-дипломатиялык басқармасы бастығының орынбасары И. В. Филатов «Отанымыздың әткен кезеңіне, Ресей империясыныңтарихына шолу жасағанда» деген мақалада. Бұл да бұрын жазылып келгендерге кайшы келеді. Бүл сұракка өз кезінде Ресей тарих ғылымының аталары Н. М. Карамзин, В. О. Ключевский жауап кайтарған болатын. Соңғысы «Ресейдің тарихы отарланушы елдіңтарихы» деп әбден айқын жазған еді.
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi
Негізгі:
1. Қазақстан тарихы. Очерктер. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы 1994ж.
2. .Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.
3. Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995
-
Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.
-
К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.
-
А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.
-
М.Тынышпаев История казахского народа А.,1994 г.
-
М.Қойгелдиев Алаш қозғалысы А., 1995 ж.
-
М.Қ.Қозыбаев Историяграфия Казахстана. А.,1990 г.
-
Ә.Бөкейханов Шығармалар. А.,1994ж.
-
А.Байтұрсынов Ақ жол. А.,1994ж.
-
М.Қ.Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты.,1993ж.
-
М.Қ.Қозыбаев Жауды шаптым ту байлап. А.,
Қосымша:
-
Мартыненко Н. Алаш Орда Сб. документов А.,1992 г.
-
Мұстафа Шоқай, Мария Шоқай. Естеліктер. Истанбул 1977 ж.
-
Милютин П.Н. Воспоминания М., 1991 г.
-
Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 94 г.
-
Бердеяв Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма А.,1990 г.
-
Абжанов Х. Сельская интелегенция в Казахстане: вчера, сегодня, завтра. А.,90 г.
-
Елеуов Т. Устоновление и упрочение Советской власти в Казахстане А., 1961 г.
-
Абишев Г. Казахстан в годы Великой Отечественной войны А.,1961 г.
-
Абылхожин Е. Козыбаев М. Татимов М. Казахстанская трагедия. Вопросы истории 1989 г. №7.
-
Аманжолова Д.А. Движение Алаш в 1917 г. М.,92 г.
-
Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері А.,1992 ж.
-
Асылбеков М.Х. Козина В. Демографические процессы современного Казахстана. А.,1989 ж.
-
Асылбеков М., Галиев М. Социально-демографические процессы В Казахстане. А.,1989 ж.
-
Башиев С.Б. Социально-экономическое развитие Советского Казахстана А., 1979 ж.
-
Иноятов Х.Ш Победа Советской власти в Туркестане М.,1978 г.
-
Маликов В.С. Февральская буржуазно-демократическая революция В Казахстане. А.,1972 ж.
-
Нурпейсов К. Алаш һам Алаш Орда. Алматы 1995ж.
-
Сапаргалиев К. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917г.г.) Алматы 1995ж.
-
Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азий и Казахстане. Алматы 1986ж.
-
Покровский С.И. Разгром иностранных военных интервентов и внутренней контреволюций в Казахстане (1918-1920г.г.). Алматы 87ж.
-
Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты А.,1994 ж.
-
Маданов Х. Ұлы дала тарихы А., 1994 ж.
-
Асфендияров С. История Казахстана ( с древнейших времен) Алматы 1993ж.
-
О Қоңыратбаев. Тұрар Рысқұлов Қоғамдық саяси және мемлекеттік қызметі. А.,1994 жыл.
-
Қойгелдиев М.Қ. Омарбеков Т.О. Тарих тағлымы не дейді? А.,1993 ж.
-
М.Чокаев. Туркестан под властью Советов.А.,1993 ж.
-
Дахшлейгер Г.Ф. Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана. Алматы 1965 г.
-
Жевако Е.В. Казахстан в период социально-экономических и политических преоброзований в стране
1928-1941 г.г. Чимкент 1989г.
-
Жолдасов С. Деятельность Сельскохозяйственной кооперации в Казахстане 1925-1927 г.г. Алматы1991ж.
-
История Казахстана: белые пятна. Алматы 1991г.
-
Козыбаев М.К. Абылхожин Ж.Б. Алдажуманов К.С. Колективизация в Казахстане. Трагедия крестьянства. А.92г.
-
Кудерина Л.Д. Геноцид в Казахстане. М,1994
-
Михайлов Л.В. Ұлы жұттың жазбалары. А.1989 ж.
-
Т.Омарбеков. Зобалаң. Алматы 1994 ж.
-
М.Тәтімов. Қазақ әлемі. Алматы 1993 ж.
-
Т.Омарбеков. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы 1997 ж.
-
Қызылдар қырғыны. Алматы 1993 ж.
-
Балақаев Т.Алдажұманов Х.С Қазақстан еңбекшілері – майданға. Алматы 1985 ж.
-
Қозыбаев М. Казахстан – арсенал фронта Алматы 1970 ж.
-
Народное движение за освоение целинных земель в Казахстане. Сб материалов М.,1959г.
-
Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ век. Алматы 1997 ж.
-
Гуревич Л. Тоталитаризм против интелегнции Алматы 1992 ж.
-
Жакупбеков М. История легкой индустрии Казахстана Алматы 1984 ж.
-
Қозыбаев М. Историческая наука Казахстана. Алматы 1992 ж.
-
Д.Қонаев. Өтті даурен осылай. Алматы 1992 ж.
-
Сыдықов Т. Тарих тағлымы Алматы 1994 ж.
-
Б.Қуатов. Отанымыздың тарихы жөнінде саяси әңгіме. Алматы 1993 ж.
-
Т.Шонанұлы. Жер тағдыры-ел тағдыры. Алматы 1995 ж.
-
С.Әсіп. Қазақ қасіреті. Алматы 1994 ж.
-
Новейшая история Казахстана. Алматы 1998 ж.
-
Кунаев Д. От Сталина до Горбочева. Алматы 1994 ж.
-
Алматы.1986 жыл. Желтоқсан. Алматы 1992 ж.
-
К.Табей. Қайсар рухты қазақ.
-
Н.Назарбаев Тәуелсіздіктің бес жылы. ҚР Президентінің баяндамаларынан, сөйлеген сөздері мен мақалаларынан. Алматы 1996 ж.
-
Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде. Алматы 1993 ж.
-
Д.Жамбылов. Тәуелсіздік және саяси сана. Алматы 1997 ж.
-
Ашимбаев К. Экономика Казахстана на пути к рынку. Алматы 1994 ж.
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы 1995 ж.
-
Назарбаев Н.Ә. Стратегия становления развития Казахстана как суверенного государства Алматы 1992 ж.
-
Первый Президент Республики Казахстан Н.А.Назарбаев: хроника, детельности. Алматы 1993 ж.
-
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030 Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.
-
Назарбаев Н.Ә. Евразийский союз: идей, практика, преспективы 1994-1997. А.,1997 ж
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
“Сырдария” университеті
“Гуманитарлық білім” факультеті
“Тарих” кафедрасы
“Ќазаќстан тарихыныњ тарихнамасы” пәні бойынша
050114 “Тарих”
мамандығының студенттері үшін
Студенттің Өзіндік жұмысының жоспары
ЖӘНЕ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ
(СӨЖ)
Жетісай-2007 ж
10. Студенттің өзіндік жұмысының жоспары және орындау кестесі.
№
|
Тақырыбы мен мазмұны
|
Сағат
саны
|
Бақылау түрі
|
Әдебиеттер тізімі
|
Орындалу
мерзімі
|
1
|
Кіріспе
|
1
|
Жазбаша
|
№1
|
1апта
|
2
|
Тарихнама курсыныњ теориялыќ методолиялыќ негіздері.
1. Тарих ѓылымныњ дамуындаѓы тарихнама курсыныњ шыѓу тарихы мен орны.
2. Ќазаќстан тарихнамасындаѓы методологиялыќ принциптері.
3. Тарихнама курсында ѓылыми зерттеу єдістердіњ ќолдануы.
|
1
|
Жазбаша
|
№2
|
1 апта
|
3
|
Тарихнама курсыныњ теориялыќ методолиялыќ негіздері.
1. Жазба деректердіњ классификациясы.
2. Тарихнамалыќ ж±мыстардыњ т‰рлері
3. Ќазаќстан тарихнамасы курсындаѓы пєнаралыќ байланыстар
|
1
|
Жазбаша
|
№ 3-5
|
2 апта
|
4
|
Ежелгі д‰ние, ортаѓасыр дєуіріндегі тарих білімініњ ќорлануы жєне дамуы.
1. Тарих бµлімініњ ќорлануындаѓы ерекшеліктер
2. Тарих білімініњ ќалыптасуы. Ќазаќстан тарихы антикалыќ тарихнамада.
3. Ќазаќстан тарихы Ќытай авторларыныњ зерттеулерінде.
|
1
|
Жазбаша
|
№ 4,5
|
2апта
|
5
|
Ежелгі д‰ние, ортаѓасыр дєуіріндегі тарих білімініњ ќорлануы жєне дамуы
1. Ортаѓасырлыќ классикалыќ жєне компилятивтік араб тарихнамасында.
2. Орта Иран эпиграфикалыќ жєне нарративтік деректер
3. Кµне т‰ріктік жаба жєне дастандыќ ескерткіштердіњ
|
1
|
Жазбаша
|
№ 6,9
|
3 апта
|
6
|
XV-XVII ѓ.ѓ. Ќазаќстан тарихына ќатысты парсы жєне т‰ркі тілдес тарихи єдебиеттер.
1.XV-XVII ѓ.ѓ. Тарихи материал тарихи оќиѓалар Мауеренахрлыќ шайбандыќ тарихнамада
2. Ќазаќстан тарихы жµніндегі мєлєметтер сефевиттік, аштарханидтік тарихнамалыќ шыѓармаларда.
|
1
|
Жазбаша
|
№ 9,15
|
3 апта
|
7
|
XV-XVII ѓ.ѓ. Ќазаќстан тарихына ќатысты парсы жєне т‰ркі тілдес тарихи єдебиеттер.
1. Ќыдырѓали Жалайрдыњ “Джами-ат- Таварих” ењбегініњ зерттелінуі жєне тарихи мањызы.
2. Єбілѓазыныњ “ Шаджара-и Таракима”, “Шаджара-и турк ва могул” шыѓармаларыныњ шыѓу уаќыты, мазм±ны, зерттелінуі жєне тарихи мањызы.
|
1
|
Жазбаша
|
№16,20
|
4 апта
|
8
|
XVII ѓ. аяѓы – XIX ѓ.ѓ. І-жартысы Орыс шыѓыстанушыларыныњ ењбектеріндегі Ќазаќстан тарихы.
1.XVII ѓ. аяѓы –XVIII ѓ.ѓ. тарихнамалыќ баѓыттармен Ќазаќстанды зерттеген алѓашќы экспедициялар мен ѓалымдар.
2. І жєне ІІ академикалыќ экспедициялардыњ тарихи этнографиялыќ ќызметі
|
1
|
Жазбаша
|
№25,30
|
4 апта
|
9
|
XVII ѓ. аяѓы – XIX ѓ.ѓ. І-жартысы Орыс шыѓыстанушыларыныњ ењбектеріндегі Ќазаќстан тарихы.
1. И.Андреевтіњ зерттеулерінде ќазаќ халќыныњ кµрші Орталыќ Азияда халыќтарымен ќарым-ќатынасы.
2.Ресейдегі буржуазиялыќ тарих ѓылымыныњ жєне революциялыќ-демократиялыќ тарихнаманың д
|
1
|
Жазбаша
|
№ 35,40
|
5 апта
|
10
|
А.И.Лев шин-ќазаќ халќыныњ Герадоты.
1. А.И. Левшинніњ ѓалым, ќоѓамдыќ ќайраткер ретінде ќалыптасу кезењдерімен идеялыќ концепциялары.
2. Ќазаќ халќыныњ тарихын зерттеуіндегі А.И. Левшинніњ ж±мыс баѓыттары жєне концептуальдыќ кµзќарастарыныњ µзгеруі.
|
1
|
Жазбаша
|
№ 42,48
|
5 апта
|
11
|
А.И.Лев шин-ќазаќ халќыныњ Герадоты
1. Ќазаќ халќыныњ тарихын “Ќырѓыз-ќайсаќ даласымен ордаларыныњ сипаттамасы” ењбегіндегі зерттеулер.
2. А.И.Левшинніњ ењбегіндегі этнографиялыќ деректер.
3. Д‰ние ж‰зіндегі тарих ѓылымында А.Левшинніњ орны, ењбектерініњ мањызы жєне ќосќан ‰лесі.
|
1
|
Жазбаша
|
№ 49,52
|
6 апта
|
12
|
XIX-XX ѓ.ѓ. Орыс тарихнамасындаѓы жєне Ќазаќ аѓартушыларыныњ ењбектеріндегі Ќазаќстан тарихы.
1.Орыс тарихнамасыныњ негізгі баѓыттары жєне методологиялыќ негіздерін іздеу.
2. Ќазаќстан тарихын зерттеудегі орыс шыѓыстанушыларыныњ ќосќан ‰лесі жєне концепциялары.
кµзќарастар. Ш.Уєлихановтыњ ѓылыми зерттеулері.
|
1
|
Жазбаша
|
№ 53,57
|
6 апта
|
13
|
XIX-XX ѓ.ѓ. Орыс тарихнамасындаѓы жєне Ќазаќ аѓартушыларыныњ ењбектеріндегі Ќазаќстан тарихы.
1. XIX-XX ѓ.ѓ. Орыс тарихнамасыныњ Ќазаќстан тарихын зерттеудегі ќосќан ‰лесі жєне концепциялары.
2. Ќазаќстанда ±лттыќ кадрлердіњ ќалыптасу ерекшеліктері жєне тарихнамадаѓы аѓартушылыќ либералды-буржуазиялыќ кµзќарастардыњ эволюциясы.
|
1
|
Жазбаша
|
№ 58,61
|
7 апта
|
14
|
XIX-XX ѓ.ѓ. Орыс тарихнамасындаѓы жєне Ќазаќ аѓартушыларыныњ ењбектеріндегі Ќазаќстан тарихы.
1. Ы.Алтынсарин, А.Ќ±нанбаев, М.Шорманов, Т.Сейдалиндердіњ ќызметтері жєне олардыњ Ќазаќстан тарихнамасындаѓы алатын орны.
2. М.С.Бабажановтыњ тарихшы-этнограф, ќоѓамдыќ ќайраткер болып ќалыптасуыныњ жолдары крнцептуальды
|
1
|
Жазбаша
|
№ 61
|
7 апта
|
15
|
XIX ѓ. аяѓы- XX ѓ. бас. Ќазаќстандаѓы тарих ѓылымыныњ даму баѓыттары жєне оныњ µкілдері.
1.XIX ѓ. аяѓы-XX ѓ. бас. Ќазаќстандаѓы тарихнамалыќ баѓыттар.
2. Ќазаќ халќыныњ тарихын зерттеуде ќазаќ ±лттыќ интелегенциясы басшыларыныњ ќосќан ‰лестері.
|
1
|
Жазбаша
|
№ 62,63
|
8 апта
|
16
|
XIX ѓ. аяѓы- XX ѓ. бас. Ќазаќстандаѓы тарих ѓылымыныњ даму баѓыттары жєне оныњ µкілдері
1. В.В.Бартольдтыњ ѓалым, ±стаз мемлекеттік ќайраткер ретінде ќалыптасу жолдары
2. А.Диваевтыњ оренталист, µлкетанушы, етнограф ретінде ќалыптасуы.
|
1
|
Сұрақ- жауап
|
№ 64,65
|
8 апта
|
17
|
²ытай тарихнамасы
1.“Øûíøûë æàçáàëàð” (“Øèëó”) æàíðëàðû ìåí Îðòàëûº Àçèÿ æ¸íå Îðòà Àçèÿ¹à áàð¹àí ºûòàé æèõàíãåç – ñàÿõàòøûëàðûíû» æàçóëàðû.
2.²ûòàéëûº òàðèõíàìàíû» ìà»ûçäûëû¹û æ¸íå îíäà¹û êåëòiðiëãåí äåðåêòåìåëåðäi» áið æàºòûëû¹û.
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
№66
|
9 апта
|
18
|
Қытай тарихнамасы 1”Шыншыл жазбалар “(Шилу ) жанрлары мен Орта Азияға барған қытай жижангез- саяхатшыларының жазулары.
2 Қытайлық тарихнаманың маңыздылығы және
ондағы келтірілген деректемелердің бір жақтылығы.
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
№ 67
|
9 апта
|
19
|
Ќазіргі кезењдегі (90 жылдар) Ќазаќстанныњ тарих ѓылымы.
1.Тарих ѓылымыныњ дамуындаѓы жаѓдайлардыњ т‰бегейлі µзгерістері жєне алда т±рѓан мєселелері.
2. Ќазаќстан мен Орталыќ Азиядаѓы проблемдыќ мєселелер бойынша халыќаралыќ республикалыќ, ѓылыми-теориялыќ жєне практикалыќ конференцияларды ±йымдастыру.
|
1
|
Сұрақ- жауап
|
№ 68
|
10 апта
|
20
|
С.Ж.Асфендияровтыњ ѓалым, ќоѓам ќайраткері ретінде ќалыптасуы жєне тарих ѓылымына ќосќан ‰лесі.
1.С.Ж.Асфендияровтыњ ѓалым, мемлекеттік ќайраткер ретіндегі ќалыптасу кезењдері.
2.С.Ж.Асфендияровтыњ кµзќарастарындаѓы Ќазаќстан тарихын кезењдерге бµлу. Кµшпенділер µркениеті, ќазаќ халќыныњ шыѓу мєселелері.
|
1
|
Баяндама
|
№ 69
|
10 апта
|
21
|
С.Ж.Асфендияровтыњ ѓалым, ќоѓам ќайраткері ретінде ќалыптасуы жєне тарих ѓылымына ќосќан ‰лесі.
1. Ќазаќстанныњ Ресей, Ќытай, Орта Азия елдерімен ќарым-ќатынастарыныњ зерттелінулері.
2.С.Ж.Асфендияровтыњ Ќазаќстанды отарлау жµніндегі концепциясы.
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
№ 70
|
11 апта
|
23
|
¦лы Отан соѓыс жылдарындаѓы Ќазаќстан тарихы.
1.¦лы Отан соѓыс кезіндегі тарих ѓылымыныњ зерттеу баѓыттары мен міндеттері. Ѓылыми жєне жоѓарѓы оќу орындарыныњ байта ќ±рылуы.
2. ССР ЃА тарих институтыныњ “Ќазаќ ССР тарихын” дайындауындаѓы зерттеулер мен ж±мыс баѓыттары.
3. ¦лт-азаттыќ кµтерілістер мєселесі бойынша ѓалымдардыњ арасындаѓы дискуссиялар. Е.Бекмахановтыњ концепциясы
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
№ 72
|
12 апта
|
24
|
¦лы Отан соѓыс жылдарындаѓы Ќазаќстан тарихы
1. “Ќазан тарихы”, “Азамат соѓысы” мєселелері бойынша жинаќтап ќорытындыланѓан ењбектердіњ шыѓарылуы. “¦лы Отан соѓысы” проблемаларыныњ зерттелінулері.
2. Идеологиялыќ жаѓдайдыњ µзгеруі, екінші сталиндік репрессия толќыныныњ басталуы.
|
1
|
Сұрақ- жауап
|
№ 73
|
12 апта
|
25
|
Соѓыстан кейінгі кезењдегі Ќазаќстан тарихнамасы.
1.Соѓыстан кейінгі жылдардаѓы идеологиялыќ баѓыттардыњ тарих ѓылымына тигізген єсері.
2. Оќу жєне ѓылыми зерттеу институттарыныњ кадр мєселелерін тарих факультеттерініњ аспірантура мен докторантура ашу арќылы шешу жолдары.
|
1
|
Баяндама
|
№ 74
|
13 апта
|
26
|
Соѓыстан кейінгі кезењдегі Ќазаќстан тарихнамасы.
1. Соѓыстан кейінгі жылдардаѓы баспасµз.
2. Идеологиялыќ жаѓдайдыњ к‰рт µзгеруі.
“Бекмахановтыњ ісі” Кењестік кезењге ќатысты тарихи зерттеулер, негізгі проблемалар жєне идеялар.
|
1
|
Дөңгелек стол
|
№ 75
|
13 апта
|
27
|
Ќазаќстандаѓы 50-жылдардыњ ІІ-жартысындаѓы 60-жылдардаѓы тарих ѓылымыныњ дамуы.
1.Тарих ѓылымыныњ негізгі баѓыттары.
2. Тарих ѓылымыныњ методологиялыќ мєселелерініњ шешілу баѓыттары.
|
1
|
Жазбаша бақылау
|
№ 60
|
14 апта
|
28
|
Ќазаќстандаѓы 50-жылдардыњ ІІ-жартысындаѓы 60-жылдардаѓы тарих ѓылымыныњ дамуы.
1. Ќазаќстан тарихына арналѓан ќорытындыланѓан ±жымдыќ ењбектердіњ ќ±жаттар жинаќтарыныњ басылып шыѓарылуы.
2. Ќазаќстандаѓы мєдениет тарихын зерттеудегі жања баѓыттар мен концепциялар
|
1
|
Тестілік сауалнама
|
№ 74
|
14 апта
|
29
|
70-80 жылдардаѓы Ќазаќстан тарихнамасы.
1.Зерттеу орталыќтары жєне Кењес тарихнамасыныњ негізгі баѓыттары.
Тарих ѓылымыныњ тоќырауы.
2. Тарихшылардыњ Ќазаќстан тарихы, тарихнама, СССР тарихы, Єлем тарихы бойынша ±жымдыќ жинаќтарды ќорытындылап, ењбектерініњ жарыќ кµруі.
|
1
|
Сұрақ- жауап
|
№ 68
|
15 апта
|
30
|
70-80 жылдардаѓы Ќазаќстан тарихнамасы.
1. Кењестік дєуірдегі негізгі баѓыттар. Зерттеу єдістері жєне авторлардыњ концепциялары.
2. 70-80 жылдардаѓы Ќазаќстан тарихнамасыныњ ќорытындылары.
|
1
|
Баяндама
|
№ 70
|
15 апта
|
|
Барлығы
|
30
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |