Лекция: 30 Семинар: 8 СӨЖ: 97 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылау (АБ): 60



бет4/11
Дата17.06.2016
өлшемі1.07 Mb.
#141229
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бақылау сұрақтары:

  1. Бастауыш сыныптардағы білім мазмұны.

  2. Базалық сыныптарда берілетін әдеби білім көлемі (V-IX сыныптарда).

  3. Жоғары сыныптардағы тарихи-әдебиеттік курс (X-XI сыныптар).

  4. Әдебиетті оқытудың шығармашылық сипатын күшейту

  5. Жүйелі педагогикалық ықпал жасаудың жолдары

  6. Жаңа ютехнологиялардың оқу үдерісіне енуі

  7. Аударма шығармалардың мәні-маңызы әдеби байланыстар

  8. Әдебиетті оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін тиімді пайдаланудың жолы

  9. Әдебиетті көркем шығармашылықпен оқыту.



7- лекция. Тақырыбы: Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби курсты жоспарлау
Жоспары:

  1. Оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқулықтар.

  2. Сабақ түрлері.

  3. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.

  4. Сабақ жоспары.


Лекция мақсаты: Оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқулықтар және олардың қолданылу орны. Сабақ түрлері мен қолданылу жолдары. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар құру және сабақ өтуде қолдану реті. Сабақ жоспарын құру және оның тиімділігі.
Лекция мәтіні:

1. Білім беру мазмұны – оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.

Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Бастауыш сыныптарда барлық пәндерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе, орта сыныптарда жүйелі білім беріледі.

Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында және оқулықтарда, электронды оқу құралдарында нақтыланады.

Оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар. Оқу жоспары.



  • оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін,

  • оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімі,

  • әрбір оқу жылы (сыныптар) бойынша оқу тәртібін және ретін,

  • әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат.

Типтік оқу жоспары оқу министрлігінде жасалынып барлық орта мектептерге ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектті, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады.

2. Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастырылады.

Ол түсінік хат, негізгі бөлім және әдістемелік аппаратынан тұрады.

Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуіне байланысты оқу бағдарламалары қайта қаралады. 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде. 1990 жылы қабылданған «Білім туралы» заңға байланысты білім беру саласын демократияландыру, гуманитарландыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге сай білім беру саласының құрылымына, мазмұнына, сипаты мен оқу жоспарына, оқу бағдарламасы мен оқулықтарға өзгерістер енгізілді.

Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.

Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек.

Оқулыққа қойылатын талаптар күрделі болғандықтан соңғы кезде әрбір пәннен бірнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары жарыққа шығуда. Дәстүрлі кітаптармен қатар аудио-видеокассеталар және компактдисктерге жазылған оқулықтар пайдаланып жүр.

Оқытуды ұйымдастыру формалары

Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе.

Оқытудың кең таралған сынып-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.

Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.



3. Қазіргі мектеп тәжірбесінде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:

  1. Кіріспе сабағы.

  2. Жаңа білімді хабарлау сабағы.

  3. Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.

  4. Жаттығу және тәжірибе сабақтары.

  5. Зертханалық сабақ.

  6. Қайталау-қорыту сабағы.

  7. Оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын тексеру және бақылау сабағы.

  8. Аралас сабақ.

  9. Өздігінен білім алу сабағы.

Оқу жұмысының мазмұнын ойластырып алу – сыныпта оқу материалын өтудің бірізділігі жөнінде айқын да анық түсінік құрып алу деген сөз. Сондықтан мұғалімнің оқу бағдарламасымен жүргізетін жұмысы оларға оқу тоқсанына белгіленген материалдың өтілуін қысқаша жоспарлап алу болып табылады. Бұлай ету оларға әр тақырыпша шеңберінде сабақтарды неғұрлым айқын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Мектепте оқу материалы әрбір жарты жыл бойынша жоспарланады. Мұндай жоспардың түрін күнтізбелік (календарный) жоспар деп атайды. Күнтізбелік жоспар жүйесіне белгілі бір тоқсан ішінде өтетін тақырыптар енгізіледі.

Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі..

Ол мұғалімге бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізгі ойды бөліп қарауға, оқушылар мен мұғалімдердің негізгі оқу әрекеттерін белгілеуге, пәнаралық байланысты орнықтыруға, оның барысында пайдаланылатын көрнекі және техникалық құралдарын ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижелерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді.



4. Жеке сабақтардың жоспары - әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Ол мұғалімнің тақырып жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізетіндігімен анықталады. Сондықтан тиімді жасалған жоспар – тиімді өткен сабақ болып табылады.

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей:



  1. Оқу бағдарламасының берілген тарауы бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады.

  2. Сабақтың тақырыбы.

  3. Сабақтың мақсаты.

  4. Сабақтың құрылымы немесе дидактикалық кезеңдері.

  5. Сабақтың мазмұны.

  6. Оқыту әдіс-тәсілдері.

  7. Сабақ құралдары.

  8. Үй тапсырмасы.

  9. Қорытынды, сабақтың аяқталуы.

Сабақ жоспарлары мұғалімнің дайындығы мен тәжірибесіне байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ негізінен жоғарыда көрсетілген кезеңдерді қамтуы тиіс.

Тәжірибелі мұғалімдер жоспарды жасап, сол жоспар бойынша сабақты өткізгеннен кейін, оған қысқаша талдау жасайды: жоспар қаншалықты сәтті орындалды және мақсатқа қалай қол жеткізілді т.с.с. Бұл мәліметтер мұғалімге келесі сабақты нәтижелі даярдауға септігін тигізеді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқулықтар.

  2. Сабақ түрлері.

  3. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.

  4. Сабақ жоспары

  5. Мұғалімнің сабаққа әзірлігіне қойылатын талаптар.

  6. Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары

  7. Оқулықтың дмазмұны мен ғылым аппараты

  8. Оқулықққа көмекші оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулардың «мұғалім кітапханасының» т.б. сериалы ғылыми танымдық әдебиеттердің оқушыға әдеби білім берудегі пайдасы


8- лекция. Тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістері
Жоспары:

  1. Оқыту үрдісі.

  2. Әдістерді топтау үлгілері.

  3. Сөздік, көрнекілік, практикалық, зерттеу әдістері.


Лекция мақсаты: Оқыту үрдісі және де оқыту әдістемесі бойынша теориялық және практикалық әдістерді жүйелеу әдістеріне тоқталу. Әдістерді топтау үлгілері, сөздік, көрнекілік, практикалық, зерттеу әдістерінен мәліметтер беру.
Лекция мәтіні:

1. Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Оқыту процесінде мынандай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі - әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері – кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

2. Академик Ю. Н. Бабанский өзінің «Оқу-тәрбие процесін оптималдандыру» деген еңбегінде әдістерді мынадай үлкен үш топқа жинақтайды.

  1. Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері.

  2. Оқушылардың оқу-таным қызметін көтермелеу әдістері.

  3. Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.

Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, бір топтағы оқыту әдістеріне: сөздік (әңгіме, лекция, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация, портрет, суреттеу, мүсіндер), практикалық (поэтикалық талдау, көркем мәтінмен жұмыстар, әдістер жатады. Сондай-ақ, репродуктивтік, эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, әр топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі, ерекшелігі болады. Төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық.


Сөздік әдіс

Көрнекілік әдіс

Практикалық әдістер

Зерттеу әдісі

Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді қалыптастыру, соның ішінде теориялық білім беру, жаңа ұғымдарды оқушыға жеткізуде бұл әдіс өте тиімді. Сөздік әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің күре тамыры деуге де болатындай.

Берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету мақсаттарында өте тиімді болады. Сондай-ақ оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселелерінде де маңызы бар.

Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді. Бұл әдіс кітаппен жұмыс түрлері кезінде жазушы тілі, стилін анықтауда өте тиімді.

Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы.


3. Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып, пайдалануы керек. Көркемдеп оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен рөл атқарады. Ол оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді. Бұл әдістің негізгі тәсілдері мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркем сөз шеберлерінің оқуы, күйтабақты, үнтаспаны тыңдауы т.с.с. болып табылады. Мұғалімнің мәтінді әрі мәнерлей, әрі түсінік бере оқуы, оқушыларды осы жұмысқа баулуы, мәтінге жуық әңгімелету, жоспар жасау, негізгі оқиғаларға ат қойғызу, жинақтау т.б. шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері. Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану (қабілетіне қарай өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды, т.б.) тиімді тәсіл ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне де жатады. Мұғалім осы жұмыстың басы-қасында, оны ойластырушы да, орындаушы, орындатушы да болып қызмет атқарады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Оқыту үрдісі

  2. Оқыту әдістемесі бойынша теориялық және практикалық әдістерді жүйелеу әдістері

  3. Әдістерді топтау үлгілері, сөздік, көрнекілік, практикалық, зерттеу әдістерінен мәліметтер беру

  4. Оқытудың ауызекі әдістері

  5. Зертттеу іздендіру юбағытындағы проблемалық жүйесі,

  6. Тапсырмалар беру юарқылы қашықтықтан оқыту

  7. Электрондық оқулықтарды пайдалану

  8. Оқыту әдістері мен тәсілдерінің көптүрлілігі

  9. Көркем шығарманы жанрлық ерекшелігінеи байланысты оқыту барысындағы әдіс-тәсілдер



9- лекция. Тақырыбы: Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді таңдап алу жолдары
Жоспары:

  1. Мұғалімнің оқыту әдістерін таңдауына қойылатын талаптар.

  2. Шығармашылықпен әдістерді қолдана білу жолдары.

  3. Түсіндірмелі-репродуктивтік әдіс.


Лекция мақсаты: Мұғалімнің оқыту әдістерін таңдауына қойылатын талаптар жайлы жан-жақты қарастырып, студенттерге түсіцнікті етіп жеткізу. Шығармашылықпен әдістерді қолдана білу жолдарын қамту. Түсіндірмелі-репродуктивтік әдістің өзіндік ерекшелігін студенттерге жеткізу.

Лекция мәтіні:

1. Ұтқырлық мұраты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оқыту әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы керек. Бұл аса маңызды, мұғалімнен шығармашылық ізденісті, жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе болып табылады.

2. Мұғалім әр әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет. Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс-тәсілі болады. Мұндай мұғалімдер қай тақырып болмасын, оны қай сыныпта өткізбесін, сабақтың негізгі мақсатын да еске алмастан, «дағдыға» айналған әдіс-тәсілмен сабақ жүргізе береді. Бұндай сабақтар тиімді өтеді, ол оқушыларға өз дәрежесінде білім береді деп айту қиын-ақ. Оқу-тәрбие жұмыстарының барлық саласын бір өзі шешіп тастайтын әдіс-тәсіл жоқ. Сол себептен де мұғалім әдіс-тәсілдерді жете меңгеріп қоймай, оларды қай жағдайда, қалай пайдалануға болады, - соны да ерекше ойлануы керек. Мысалы, тәжірибе көрсетіп жүргендей, бір жағдайда тиімді болған, пайдалы деп танылған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда кейде тиімді, пайдалы бола бермейді. Неге олай, себебі не? Оқушылардың таным белсенділігін, сөйлеу қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше. Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық жағдаят тудыратын танымдық-іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады. Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушылар дербес, өздері шеше алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу тиімді болады. Түсіндірмелі-репродуктивтік әдістің де өзіндік ерекшелігі, мүмкіншілігі бар. Бұл әдіс-тәсілдің ең тиімді жағы мұғалім білімді қысқа мерзім ішінде, барлық оқушыларды қамти отырып береді. Оқу материалын ақпараттық сипатты, әңгімелеу, түсіндіру сипатында жеткізеді. Оқушылар да өз мүмкіндіктерінше ол білімді қабылдап алады. Бірақ репродуктивтік-түсіндірмелі әдісте оқушының дербес ойлауы арқылы жүргізетін өзіндік жұмыс түрлері әлсіз болып келеді. Сондай-ақ әдебиетті оқытуда тиімділігі ерекше, көрнекілік әдісінің де мүмкіндіктері әр түрлі.

3. Көрнекілік оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады. Дегенмен, оны үнемі пайдалану оқушылардың дерексіз түрде ойлауын тежейді, көркем тілінің дамуына кедергі жасайды. Міне, сондықтан тиімділік идеялары да сабақта мұғалімнің өзі төселген бір әдіс-тәсілмен жұмыс істеуін, немесе өзі білетін барлық әдісті бір сабаққа үйіп-төгуін жоққа шығарады, әрі бір сүрлеу, бір ізбен жұмыс істеудің тиімсіздігін дәлелдейді. Тиімділік идеялары оқыту әдістерін үйлесімді түрде, сол сабақтағы оқу-тәрбие мақсаты, тақырып ерекшелігі, сабақ өткелі отырған сыныптың жеке даралық, жағдайларын ескере отырып, таңдап, сұрыптап ала білуді талап етеді. Белгілі, нақтылы жағдайға байланысты тиімді, пайдалы деп сұрыпталынып алынған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда тиімді болуы да мүмкін. Сол себепті әдіс-тәсілдерді үнемі бірлікте, үйлестіре пайдаланған дұрыс болады. Өзіндік әдісін көрнекілікпен, практикалық жұмыстармен астастырып немесе зерттеу әдісін түсіндірмелі әдіспен үйлестіре пайдаланудың маңызы зор болмақ (әрине, қай әдістерді қалай пайдалану сабақ мақсатына байланысты туындайды). Ал кейде практикалық, танымдық-іздендіруші әдістерді көрнекілік әдіспен үйлестіре пайдалануға болады. Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолдану – оқушылар еңбегін ғылыми, тиімді түрде ұйымдастырудың маңызды бір саласы. Бұндай сабақтардан оқушылар жалықпайды, әрі пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Сабаққа әзірлік үстінде өтетін тақырыпқа зер сала отырып, оны қандай әдіс-тәсілдер арқылы түсіндіргенде ғана оқушыға берік те тиянақты білім беруге болатынын әбден ойластыру қажет. Ал өзі таңдап алған әдіс-тәсілдердің нәтижелі болуы ол мұғалімнің қаншалықты дәрежеде оқыту әдістерін жете біліп, жете меңгеруіне байланысты. Егер мұғалім сөздік әдісінің теориялық білім берудегі тиімділігін ескермесе немесе оқушылардың теориялық білімдерін өмірге пайдалана білу үшін, оны практикалық әдістермен үйлестіргенде, нәтижесі болатынын білмесе, әрине, онда мұғалім таңдап алған әдіс-тәсілдер жүйесінің нәтижелілігі туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мұғалімнің оқыту әдістерін таңдауына қойылатын талаптар.

  2. Шығармашылықпен әдістерді қолдана білу жолдары.

  3. Түсіндірмелі-репродуктивтік әдіс.

  4. Шығармашылық оқу әдісі

  5. Түсіндірмелі-иллюстативті әдіс

  6. Проблемалы әдіс

  7. Эврестикалық зерттеу әдістері

  8. Репредуктивті әдіс

  9. Зерттеу әдісі

  10. Интеграциялап оқыту әдісі


10- лекция. Тақырыбы: Әдебиет пәнінің мұғалімі.
Жоспары:

  1. Оқыту үрдісі және әдебиет пәні

  2. Әдебиет пәнінің мұғалімі, оның адамдық, азаматтық, ұстаздық келбеті

  3. Қайраткер ұстаздардың мұғалімдік тәжірибелері, озық өнегелері (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Көбеев, Қ, Бітібаева, т.б.)

  4. Әдебиет пәнінің мұғалімі және уақыт талабы


Лекция мақсаты: Оқыту үрдісі және әдебиет пәні жайлы мәліметтер. Әдебиет пәнінің мұғалімі, оның адамдық, азаматтық, ұстаздық келбеті. Қайраткер ұстаздардың мұғалімдік тәжірибелері, озық өнегелері (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Көбеев, Қ, Бітібаева, т.б.) Әдебиет пәнінің мұғалімі және уақыт талабы жайлы студенттерге жеткізу.
Лекция мәтіні:

1. Оқыту үрдісінде мұғалім – белсенді іс-әрекет иесі. Мұғалім – сабақ үстінде шешуші тұлға. Ол көп оқитын, көп білетін, ізденгіш еңбекшіл адам. Абай Құнанбаев: «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға», - дейді. Оқыту байыптылыққа, ақылға салып аңғара қарауды тілейді. Мұғалімге Ақсақ-Темірдің қаталдығы, ананың мейірімі, дәрігердің дәлдігі қажет. Мұғалімнің іс-әрекеттері:

  • оқыту теориясына жетіктігіне;

  • оқыту әдісінің жүйесін меңгеруіне;

  • мұғалім мен шәкірттің ынтымақты жұмысына байланысты.

Оқыту теориясы:

  • іс-әрекет жөніндегі жалпы теория;

  • оқытудың шарттары;

  • мұғалімнің әдісті жеткізу шеберлігі;

  • әдістер теориясын жетік білу.

Мұғалімнің іс-әрекеті әдебиетті оқыту жүйесі мынандай кезеңдерден, құрамдас буындардан тұрады:

  • оқыту жүйесіне мақсат қою;

  • оқыту барысын жоспарлау;

  • тақырыпты меңгерту шарттары (мақсат қою мен жоспардың жүзеге асуы);

  • сабақты меңгеру барысын тексеру.

Оқу материалын меңгертудің, ұзақ уақыт есте қалдыртудың жеті (әдістік) шарты бар:

  • ұйыту (оқушының зейінін, ықыласын сабаққа аудару үшін төте жол іздеу, яғни оңай жолын табу);

  • көркем шығарманы түсіндіріп, талдап оқыту;

  • интеллектуалдық біліктерін арттыру, ақыл-ойын тәрбиелеу, берілетін білімнің өмірде қажет екенін сезіндіру;

  • шәкірттің қабілетін ескеріп, тақырыпты (жеке амал, жалпы амал) жеңілдетіп, ауырлатып шығармашылықпен жеткізу;

  • шәкірттің сезімін – синтезін тәрбиелеп, байқағыштығын жетілдіру;

  • дәстүрлі оқыту, шығармашылық, проблемалық сабақтардың жүйесіне, әдісіне, ерекшелігіне назар аудартып, тәжірибеде пайдалана білуге үйрету;

  • сабаққа белсенділігін арттыру.

2. Оқушының оқу іс-әрекеті негізінен, ойлау қызметінен тұрады. Білім сапасы оқушының ойлау қызметіне байланысты.

Оқушының оқу іс-әрекеті:

  • ойлау іс-әрекеті;

  • танымдық іс-әрекет;

  • іздену іс-әрекетінен тұрады.

Оқушының ойлау іс-әрекетін қалыптастыру мынандай ретпен жүзеге асырылады:

  • оқушының алдындағы мақсаты;

  • материалдармен әрекеті;

  • материалдар көмегімен оқушы өзі бақылап, байқап, әрекет жасап көргендердің ішінен ізделінді, қасиеттерді бөліп қорытынды жасауға дайындалады;

  • мұғалімнің көмегімен орындаған әрекеттерін анықтаған қасиеттердің дұрыстығын өздігінен тексеріп шығады;

  • оқушы қорытында жасауға үйренеді. Нәтижесінде таза өзінше ойлау әрекетін жүзеге асырады.


3. Оқу мотивтері екі топқа бөлінеді:

  • оқушы белсенділігін өзі меңгеретін нысанаға бағыттайтын танымдық мотивтер;

  • оқушы белсенділігін басқа адамдармен қатынасы негізінде қалыптастыратын әлеуметтік мотивтер.

Адам танымы байқаудан, сезіп қабылдаудан, нақты аңғарудан, заңдарды теория жүзінде ашуға, ал сонан кейін сол заңдарды күнделікті қолданыста қолдануға қарай жүріп отырады.

4. Оқушының іздену іс-әрекеттері – салыстыру, талдау, жинақтау, абстракциялау, жалпылау, нақтылау сияқты интеллектуалдық біліктері. Салыстыру – салыстырылатын тақырыптардың идеясын, мінез-қырларын анықтау; әрбір салыстырылатын кейіпкерлердің өмірде берілетін шындық көрінісін табу; салыстырылатын нысаналардың айырмашылығы мен ұқсастығын қорытындылау.

Талдау, жинақтау – тақырыптан талданатын негізгі бөлшекті бөліп алу. Қарастырылатын нысанаға кіретін бөлшектің құрамын анықтау, талдау жасау.

Абстракциялау – салыстыра қараған үрдістердің жалпы маңызды белгілерін, маңызды емес белгілерінен ажырату.

Нақтылау – анықталған маңызды белгілерін басқа нысанаға қатысты талдап, заңдылықтарды тұжырымдау.

Психологтар: Оқыту материалдарын оқушылардың меңгеруі бес сатыдан тұрады, - дейді. Олар: бағдарлау, материалданған әрекет, сөзбен құбылтып түсіндіру, ой тәсілінің қысқартылуы, ойланып үндемей орындау. Бұлар сатылап оқыту құралына енеді.



Оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы мұғалім шеберлігіне байланысты. Ең алдымен – оқу еңбегін дұрыс ұйымдастыру. Мұғалім оқыту үрдісінің негіздерінің теориялық ғылыми жетістіктерін әдіспен шебер үйлестіре білсе, тәжірибеде басшылыққа алса терең білім берері анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет