Лекция 30. СӨЖ. 30. ОбсөЖ. 30 Барлық сағат саны. 90 с. Емтихан. 6-семестр. Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынш



бет2/4
Дата24.02.2016
өлшемі0.58 Mb.
#14823
түріЛекция
1   2   3   4

6- тақырып.

17 ғасыр Голландия өнері.

Қарастырылатын мәселелер.

1Өнердің демократиялық сипаты.

2.Голландия живописъі..

17 ғасырда Голландия өнері өзінің шарықтау, гүлдену кезеңін басынан өткерді.Елде көптеген сұңғат шеберлері шықты.Олар көбінесе белгілі бір бағытта жұмыс істеді.Голлландия сұңғатының бір ерекшелігі онда басқа елдердегідей суретшілер

діни-қиял ғажайп,тақырыпқа қалам тартпады,тіпті ондай туындылар жоқтың қасы.Суретшілердің туындылары басқа елдердегідей шіркеу мен сарайларға арналып, салынбағандықтан көбінесе бөлмелерге ілуге шағындалып жасалынды.Голландия сұңғатында жанрлық және күнделікті тұрмыс тіршілік дамыды.17 ғасырда ірі шеберлердің бірі Питер де Хох болды.Оның туындылары көбінесе қарапайым күнделікті үй тіршілігіне арналды.Солндай жұмыстың бірі

“Кіреберіс”туындысы.Жалпы бұл шебер үй-ішінің аясын соған тән аула бейнесін шынайлықпен бейнеледі.Күнделікті қарапайым шаруа өмірін жеріне жеткізе суреттеді.Екінші бір атақты шебер Делфтскии суретшінің қолтумасында уақиға көбінесе бөлмеде өтеді.Терезеден түскен сәуледен бөлме табиғатында қалай болатынын ондағы әр заттың қалай құбылатынын бұл шебер керемет бере білген.Ян Вермердің ең сүйікті бояу реңі аспан көк пен ашық сары түс.Ол көбінесе ас үйдегі әйел іс тігіп немесе тоқымаман айналысып отырған хат оқып музыка тыңдап отырған адамдар бейнесін бейнелеуші суретші болды.Атлас бұл мен неше түрлі киім өңін айнытпай өмірдегідей бере білетін шебер суретші Терборх болды.Суретші көбінесе ауқатты семъя өмірін қайғы мұңсыз өмірді дәріптеді.Голландия сұңғатында натюрморт жазу да дамыды.Өнердің осы ағымы арқылы елдің тұрмыс хал-ахуалын біршама көрсете білді.Аса қымбат асыл күміс,алтын,хрусталъ ыдыстар ,бокалдар ,ашық әр түсті гүл шоғы жеміс-жидекке толы вазалар міне осының бәрі голланд натюрмортына тән нәрселер болды.Теңізшіліктің дамуымен теңіз саудагершілігі бұл елде қатты дамыды соның арқасында бай қазынаға ие болды.Осының барын сұңғатта жаңа бағыт «марина»өмірге келді.Бұл теңіз көрінісін дәріптеп көрсету еді.Малшылар туралы жазылған картиналар дами келе жануарлар өмірін бейнелейтін анамалистика жанрының шығуына себеп болды.Голландияда сонымен қатар портреттік сұңғат жоғары дәрежеде дамыды.Сол кездегі атақты портрет жазудың шебері Франс Халс болды.Суретші көбінесе әскери адамдарды олардың топтама портреттерін цыган бейнелерін өз туындыларында арқау етті.Әсіресе көңілді күліп тұрған адамдарды бейнелеуді ұнатты.Сондай суреттердің бірі «Цыган бейнесі.»

7-тақырып.

17 ғасыр Испания өнері.

Қарастырылатын мәселелер.

1.Ұлттық көркем мәдениеттің ерекшелігі.

2.ЭлъГрико шығармашылығы.
Барокко заманы әсіресе өнер тарихында Испанияның әлемдік аяға шығарды.17 ғасырда елді королъ Филиип басқарды. Оның тұсында Испания гүлденіп, нығайған күшті мемлекет болды.Королъ жаңашыл реформаторға қарсы қозғалыс өрістетті ,монархиялық католиктің мемлекет құрылысын нығайтуға барынша күш салады,өзінің көзқарасына қарсы келгенді аяусыз жазалады. Елдің астанасын Валъядолидан Мадридке көшірді.Кейіннен королъ Мадридтен 40-50 шақырым жерде өзіне ғажайып үлкен салтанатты сарай-монастыръ Эскориалды салдырды. Оны сәулетші Хуан де Толедо мен Хуан де Эрера жобалаған.Құрылыс Италия қайта өркендеу дәуірі принципінің жобасымен жасалған.Осы Эскориал сарайын көркемдеу үшін королъ Филип –2 көптеген суретшілерді жұмысқа тартты.Бірақ та олардың көбі кейіннен өзіне ұнамағандықтан қуып жіберіп отырды.Сондай королъге ұнамаған суретшінің бірі Д Теотокопули болды.Өзінің шыққан тегі грек болғандықтан испандықтар оны Элъ Греко деп атады.Осы атпен әоем өнерінің жарық жұлдыздары біріне айналып тарихта қалды.Испанияның ұлы суретшісі Элъ Греко Крит аралында дүниеге келді.Жастайынан Византия өнерінен нәр алып соны шығармасының сарқылмас қоры ретінде алды.Суретші алғаш Италияда Венецияда содан Римде болды.Римдегі Рафаэлъ мен Микеланджело еңбектері оны қызықтырмады.Элъ Греко жұмыстарына тән нәрсе сан алуан бояуға бай болуында өзіндік ешкімге ұқсамас әдісінде Суретші ешкімге де еліктемеді, бейнелеу қасиеттерін өзгеше іздеді.Бейнелеу әдісін суретшілер Тициан мен Тинтореттодан үйренді.Әдетте жұмыстарынан құрылымы ерекшеленіп тұрады, сонымен бірге адам бейнесі бұрын-соңды болмаған кері әдіспен салынады. Бұл сомдаған адам денесі соншалықты тұрпайы –ұзын, бұлшық еттері шектен тыс әсерленіп ,сәйкестеме заңдылықтары сақталмайды. Бірақ та лның кейіпкерлері адамгаршілігі мол ғ өміршең ,шыншыл бейнеленетін.ЭлъГреко жұмыстары Барокко стилъіне тән бояулар тізбегінен тұрады.Ұлы шебердің сондай жұмыстарының бірі –«Малшылардың табынуы »атты картинасы. Элъ Греконың екінші бір жұмысы –«Апостолдар,Павел мен Петр »атты еңбегі. Суретші қол тумасында екі түрлі адам мінездері мен екі түрлі тағдыр тауқыметін тоқайластырған.Ғайсаның Аполстарының жеке-жеке мінез құлқын шеберлікпен бере білген. Қол тумада екі кейіпкерде бірден адамды өзіне еліктіреді. Бірақ та соның ішінде Павел бейнесі ерекшелініп , көзге бірден түсетіндей , оқшау бейнеленген.
8 -тақырып.

17 ғасыр Франция өнері.

Қарастырылатын мәселелер.

1.Франция өнері.

2.Классикалық пейзаж.

Францияда жаңа ағым өмірге келді. Бұл ағым классизм деп аталды. Классизмнің негізі көне антикалық өнер болды. Сол антикалық өнердің ықпалымен мүсін өнері мен сұңғат жаңаша бет-бейнеге ие болып өркендеді. Осы кезеңде Францияның саяси-әлеуметтік құрылымында жаңа өзгерістер ұлы бетбұрыстар етек алды. Классизм өнері революция жаршысы өнер ағымы болып қалыптасты.Францияның классизм тұсында сұңғат жанры дамыды. Давидтің шәкірті Жан Огнест Доминик Энгер өзінің ұстаған классизмге тән Ол қайта өрлеу дәуірі суретшілерінің қолтумаларымен танысып сұңғаттың талай тылсым құпияларын игерді.Орта ғасырдың бас кезінде аласапыран берекесіздіктен кейінгі мәдениеттің жаңадан өрлеуіне арналған Пушкиннің жазғандарын келтірсек.-Батыс империя онымен қоса ғылым сөз бен көркемдік өнері күйреуге айналды.Поэзия Францияның аспан үстінде оянды. Көрнекті композициялық ырғақтылық сәйкестілік енгшізетін фигураның орналасуы құрылуы .Архитектура аспанға жол сызатын өнер. Француз романдық архитектура аса тартымды ескерткіші Нотр дам шіркеуінің фасадына зер салсақ аспанға сызылған жолдар мен аумақтардың өзі емеспе қандай сызықтар қандай аумақтар десеңізші.Олар циркулъ мен сызғыш құдіретімен тасқа түсірген парасаттылық.

Француз романдық архитектура Вазелъдегі қасиетті Магдалинаның шіркеуі күмбездерінің астында тұрсаң ерекше толқисың.Мұнда сызықтар мен аумақтар қамтиды.Өзінің тарихфы басталғаннан кейін Франция біртұтас әрі көптарапты болды.Көршілес Герман дүниесінен оқшауланған Ұлы Карл империясы бөлшектелген.Ұлы Француз мүсіншісі Роден романдық архитектура ауыр үнсіздік деп атады.Француз жерінің оңтүстігінде Прованство біршама өзгеше геометриялық жағынан соншалық үйлесімді тасты зәулімдер енді сұр емес көк аспанға ұқсап тұр. Онда римдік колонналар салтанатты аркалар мен осы уақытқа дейін сақталып келген аспан астындағы тұрғызылған көне мәдениеттің ескерткіштеріне мұндай жақындастық орта ғасырлық өнеріне әсерін тигізеді. Біркелкі жартылай шеңберлі аркалар бар порталдар үш бұрышты фронтондар капителъдерді өнерін еске түсіретін әсем колнналар романдық фасадтардың сұсты қалпын жұмсартады
9-тақырып.Франция қайта өрлеу дәуірінде.

Жоспар.


1.Қайта өрлеу дәуірі.

2.Никола Пуссен-суретші.

Бұл кезеңде Француз сәулеті ерекше дамыды.Олар Италиядағы бас айналдыру әлем жәлем безендіру бойынша аулақ салды. Олар керісінше классикалық бағытты өркендетіп ежелгі антикалық және ренесанстық өнерді үлгі етіп, соны жаңаша дамытты.Әдетте ғимараттар симметриялы түсінікті жобада салынды.Олардың төбесі биік мансарлы шатырлармен жабылды.Сол кезде ондай биік шатырлар алғаш пайда болған.Оны ойлап тапқан сәулетші Мансар болды, сондықтан соның атына қойылған. Франция бароккосының әйгілі сәулет ғимараты Версалъ сарайы оның ғаламат аумағы мен көлемі француздардың күн королъі Людовик 14-тің ұлылығын құдіреттілігін пашт ететін сарайдың бір фасады сябаққа қарағанда онда кілем ұқсас гүлзарлар фонтанды бассейндер жасыл желек аясында ақ мәрмәрдан сомдалған аоуан түрлі мүсіндер көз жауын алады.Осындай ерекше әсемдігі арқасында сарай түткіл Европада үлгі ретінде қабылданды.Сәулет өнерінде Францияда сұңғат таза барокколы түрде дамымады, онда классицизм бағыты басым болды.Қайта өрлеу дәуірі сұңғатынан нәр алған суретшілер классикалық өнерді дамытты.Сол бағытта жұмыс істеген суретшінің бірі Никола Пуссен бар өмірін Италияда өткізді,тек арасында Францияда болған соған қарамай француз суретшісі болды.Ол әсіресе ежелгі өнермен көп айналысты ,ескі Рим қорымдарын көп аралайтын содан өзінің творчествосынан күш беретін әсер қалдырады.Өзінің ұзақ өмірінде қаншама ирелең жолдардан өтті.Суретші жас кезінде Тициан мен Рафаэлъдің үлгі алып соларға еліктеді.
10-тақырып.Франция-классизм ағымы.

Жоспар.


1.Классизм ағымы.

2.Романтизм бағыты.


18 ғасырдың соңғы кезінде ширегінде Францияда жаңа ағым өмірге келді. Бұл ағым-классизм деп аталады. Классизімнің негізгі көне антикалық өнер болды. Бұл антикалық өнердің ықпалымен мүсінмен сұңғат жағңша бет бейнеге ие болап өркендеді.,

осы кезде Фрнанцияның саяси әлеуметтік құрылымында жаңа өзгерістер, ұлы бетбұрыстара етек алды. Тарихи өзгеріс ұлы француз революциясы елде етек жайды. Революция ықпалымн корал Людвик төртінші тақтн түсіріліп бұрынғы ақсүйектік өнерге қарама – қарсы классихм өнері өмірге жол тартты. Классизім өнері революция жыршысы өнер ағымы болып қалыптасты. Бріқта кейіннен генерел Неаполен Бонапарт 1804 жылы өзін император сайлағаннан кейін классизім өнері соның ықпалына көніккен, әскери жеиістіктерді дәріптеген өнерге айналды.

Жоғары атап өттік, классиаклық өнер көне антикалық өнердің ықпалымен шыққан. Сұңғат да солай дамыды. Антикалық өнерде сұңғаттың негізі болатындай шығармалар өтае аз еді. Сондықтан сұңғат салдасы үлгі ретінде антикалық мүсіндерді алды, соған еліктеді.

Франциялық классизм тұсында негізгі сұңғат жанры портрет болды.. содан портрет шеберінің бірі-Жак Луй Давид болды. Оның жұмыстарының ішіндегі ең ірі елеулісі-Гроцилердің анты жұмысы. Картина желісі ежелгі Рим тарихынан алынған. Картинада ағайынды Горацилер егде тапқан әкесіне жаумен қас қана қалғанша соғысуға ант беріп тұр. Қайғыдан әінтек күйзелген шеммен қарындасы осмы уақиға көнінісіне куә болып тұр. Дәл осы картина Француз революциясы қарсаңында халықты көтеріліске шақырғандай елге әсер етті. Суретші Давид революцияға белсене араласып,ірі шайқастың басқасында жүрді. Сол революция тақырыбына қалам тартты. Сондай картинаның бірі «Мараттың өлімі» жұмысы. Суреитші реыволюция көсімінің сатқындар қолынан айуандықпен қапада өлтірілуіне көрсеткен мұнда да сурет антикалық мүсін сияқты орындалу әдіспен өрілген. Бояу өте жұқа жағыдған , қалам ізі білінбейді.

Өкімен басына Напален кеогеннен кейін суретші срның қоластында сарай суретшісі болды. Міне бір императорды дәріптейтін үлкен, үлкен жұмыстар жазды.

Екінші бір қылқылам шебері, Давидттің шәкірті Жан Огнест Доминик Энгер. өзінің ұзақ ғұмырында ұстазы ұстаған классизімге жан тәнімен берілген суретші болды. Суретші әсіресе антикалық мүсін өнерімен жақын танысып оларлы салудан жалықпады. Осымен қатар ерте қайта өрлеу дәуірі суретшілердің қолтумалырымен танысып, сұңғаттың талай тылысм құпияларын игерді.осынлдай өнердің маржангджарына мнәр алып, арқаланыпөскен Энгер қолы жатық шеберп портретші бола білді.суретші артына өкптеген попртреттер қалдырлы.суреттерінің бірі-«Хан» портерті жұмысы. Жай қарапайым карандашпен салынған суреттер жоғары шеберлік шыңына жеткен суретші екенін көрсетеді. Сондай жұмыстардың бірі-«Паганини» портреті т.б.

әр екзде өнер бағытында ағымда белгілі бір уақыттан кейін оған қарсы тұратын содан жаңа ағым бағыт пайда болатын тарихтан жақсы білеміз. XIX ғасырдың екінші жартысында классизімге қарама –қарсы ағым романтизм бағыты өмірге келдәі. Енді суретшілер алыс экзотикалық елдерге әсіресе шығысқа көңіл аударып, арманға толы ойлауды ғажап жұмыстарды өмірге әкелді. Ұмтылып бара жатұқар табиғатты жазу тариза тақыпыптар қайта жаңадан басталды. Романтикаға толы әдебиет өркендеп, соның мазмұнымен ондаған қолтумалар жазылды. Осы кезеңде Француз өнерінің романтикалық саладағы ірі суретшісі Теодор Жрико боды. Оның атақты қолтумасының бірі-«Плот Медузасы» жұмысы. Жерико ның бұл жұмысы монументалды, терең кеңістікке құрылған адам мен табиғат жетпе жегін керемет шынайылдықпен жеткізе білген шығарма болды.

Романтикалық өнердің кеінші бір шебері-Эйжен Делокура суретші көбінесе халыұқтың шет жерлік басқыншыларымен соғысын революция қозғалысын жырлады. Жұмыстары «Хиоседегі қырғын» «Халықты бастаушы еркіндік» Деле\акураның жұмыстары батырлықэпосқа тән қызу қанды, шытьырман қөозғалысқа бай болып келді. Мүсін өнерінде романтизм жанрынды санаушы шеберлдер жұмывс істеді. Ең елеулерінің бірі. Француз шебері Француа Юда оның жұлдыз алаңынадғы Триумфальды арқадағы бедерлеме жұмысы осы романтизмдік ықпалды ендеді. Бұл жұмыс революциялық ән-«Марселза» деп аталады. Жұмыстар революциялық қимыл қозғалыс кезде үлкен асқастық пен берілген

XIX ғасырдың ортасында шыншылдық өнері бағыты өміррге келді. Бұдан бұрынғы романтизмде классизмді шыншыл өмірді, күнделікиті өмірді көрсетудени аулақ жатқан еді. Олар көбінесе ескі заман оқиғасыннемесе өткен өмірді әсерлеп көрсететін.

Ал жаңа бағыттағы реализм суретшілері күнделікті өмірдің болмыс бітімін ешбір қоопасыз көосетуге, бар тіршілікті табиғи көрсетуге атсалысты. Сонымен бірге өмірдің ауыртипалығын көлеңкелі жақтарын бүктелсіз көрсетуге да ден қоя білді. Алғаш реализм дамыған саласы пейзаж болды. Осы салада сро кезде көзге түскен суретшінің бірі Француз Гюстов Курбе еді. Ол реализмнің негізгі күрескері болды. Суретшінің ішәіндегі ең көзге түсер айтулысы ұзындығы 6 метрлік»Орнрнедегі жерлік» атты шығармасы. Қолтумада 40тан астам кейіпкерлер бейнеленген. Оның бәрі өмірде бар, сол Орнанидегі тұрғывлықты адамдар.

Екінші бір суретші-Жан Француа Милле ол көбінесе шарувалар өмірін, олардың зейнеткерлігін бар шыншыл өміршіндікпен бейнеледі. Оның қолтумалырында шаруалар өмірінің көлеңкелі жақтары кедейшіліктің етектен тартқан өмірі айналадағыдай айқын көрінетін еді. Суретшінің «Тұқым себуші»,»сабақ жинақшылар» атты жұмыстары бар.

Француз реалистік суретшінің бірі ұлы сқақшы Оноре Доме өзінің артынан мыңнан артық өлдмес итуындылар қалдырды. Ол көбіне саяси мәндегі туындылар жасады.

11-тақырып.Француз өнері.

Жоспар.


1.Сәулет өнері.

2.Пейзажист- Клод Лорен.

Бұл кезде француз сәулетшілігі ерекше дамыды. Олар Италиядағыдай басайналдырар әлем жайлы безендіруден бойын аулақ салды. Олар керісінше классикалық бағытты өрекндетті яғни ежелгі антикалық және ренесандық өнерді үлгі етіп соны жаңаша дамытты.

Әдетте ғимараттар симетриялы, түсінікті добада салындыв олардың төбесі биік. “монсарлы шатырлар мен салынды, сол кезде мұндай шатырлар алғаш пайда болған оны ойлап тапқан сәулетші Монсар болды. Сондывқтан оны атына қойылған.

Франция бароккосынан әйгілі сәулет ғамаратыВернсал сарайы. Оның ғаламат аумағы мен көлемі фраенцуздардың күн королі Людовик 1 ұлығына құдіреттілігін паш ететін сарайдың бірі фасады саябаққа қараған онда кілемге ұқсас гүлзарлар фонтанды бассейіндер жасыл желек аясында ақ мәрмерлдени сомдалған алуан түрлі мүсіндер көз жауып алады. Осынд ерекше семдіг арқасынлда сарай бүткіл евроапда үлгі ретәнде қабырлданды.

Сәулет өнетіндей Францияда сұңғат таза борроколы түрда дамыдымады, онда классизм бағыты басысм болды. Антикалық және қайта өрлеу дәуірі ұсіғатынан нәр аллған суретшілепр классиаклық өнерді дамытты. Сол бағытта жұмыс істеген әйгілі суретшінің бірі Николла Пуссен болды. Николла Пуссен бар өмірін Италияда өткізді тек ішінара Францияда болған, біріқта соған қарамай бар болмасымен жүрек жерды творчествасымен Франция суретшісі болды. Ол әсіңреме ежелгі өнерге көп айналысты. Ескі Рим қорымдарын көп аралайтын одан өзінің творчествасына кү.ш беретіндей әсер алатын өзінің ұзақ өмірінде қаншама ирелең жолдардан өтті. Суретші жас кезінде Тициан мен Рафелден үлгі алып соларға еліктеді. Поссенннің көптеген жұмыстпары ежелгі рим грек аңыздарына құрылған. Еген саалап қарайтын болсақ, Пуссен өз жұмыстарында бірнеше тақырыпқа қалам тартқан суретші. Сондай тақырыптың бірі -өлім туралы. Суретші өзінің қолтумаларында ежелгі римдік авторлардың адам ерлікткрі туралы жазған әңгімелерін дірәіптеп бейнелеп жазды. Көзсіз ерліктің иесі адамның өмірге қаймықпай баруын жыр етті. Бұрын соңды өнер тарихында ешкім Пуссендей адамның соңғы өірін осыншама әсерлп бейнелей алмаған еді. Сондай жұмысының бірі- “ Танкер пен Эрнине” жұмысы.

ППуссен өзінің итуындыларында өлімнің ешқандай құпиялылығы жоқ екенін сол адамға ешқандай қорқыныш тудырмайтынын білмейді ал орта ғасырлық өнер туындыларында тіпті 14 ,ғасырлаарда өлімнің азапты қорқыныш екенін суретшілер қайғыра жазған болатын әсіресе ержүрек бпатырларды бейнелеуде өнердің соңғы сәттерінде адам өзін өзі меңгеріп, өзін нағыз табиғи беи бейнесін айқын көрсете білді.

Оның творчествасыныңғ екінші бір бағыты табиғат көрінісі Пуссенніңпейзаждары да өзінің ұлылығын паш еткен батырлардай ғажайып күйінде сипатталынды. Сондай жұсмыстың бірі қыс суреті. Сонымен қоса суретші талбиғат көрінісін ежелгі ғибадтхана әсем жяымдастыра бейнелеудің шебері болды.

Екінші бір француз суретшісі пейзаждік Клод Леон Пуссен мен қатар өмінр сүұрді. Пейзаж жазудың керемет шеберңі болды. Жастайынан елінен кетіп, өнер ордасы Римге өміріне дейін тұрды. Ол Рим тьабиғатына ғашық болды. Күні бойы табиғат көінісін жазудан жалықпады. Суретші адам бейнесін салуға шебер емес еді. Сондықтан да қолтумаларфын аадам бейнесі негізгі рол атқарады. Оның пейзаждароы тереңғ кеңістік заңдарына құралатын сондай жұмыстың бірі “ Таңертеңгі жағалаулар” деп аталады.

Француз өнерінің 17 ғасырда классизім табиғат көріңнісі бағытыменг қоса шыншыл бағыт өмірге келді. Осы бағыттың нағыз шебері Луи Ленин болды. Ол жұмыстарында ешқандай әсерлеусіз қоспасыз күнделікті қарапайым тілмен бейнелей білді. Сондай жұмыстың бірі “Әжейге қонаққа келу” картинасы.

Француз борроксын дамуға өздерінше үлес қосқан тағы бірнеші әйгілі суретшілер болды, олар: Жак Калло Жорж Де Латур, Пьер Пюже.

12-тақырып.17 ғасыр Франция өнері ,мәдениеті.

Жоспар.

1.Классицизм бағыты.



2. Мәдениеті.

Франция королдары Италияға барғван сапарларында олардың жаңа өнеріне өз еліне сіңірудәі көздеді. Сондықтан де ең үздік шебер суретшілерді рның ішінде Леонардо да Винчиді корол сарайын джұмыс істеуді шақырды. Ұлы суретші өмірінің соңғы сәтіне дейңн Франция королі Францизко 1 дің сарайныа қызмет етті.

Бұл Италия өнерін Франция тақырыбына сіңіру іске аспады. Француздан өз ренесансын тудырды. Ол әсіресе сәулет өнерінде өзіндік бейнеге ие болды. Өте әдемі де әсерлі ертедегідей сарай замоктары, әсіресе францизко 1 тұсында көптеп тұрғызды. Соның бірі королдің аңшылық замогы Шамбор.,

Замоктың шатыр жағы бір таңғажайып орамдар іспектес жасалған.шатыр терезесі сол кездегі француз сәулет өнеріне тән нәрсе. Сол елдің ренесанстық белгісі сондықтанда оны басқа елдердің сәулетті ғимараттарынан тез ажыратуға болды.

Францияда қайта өрлеу лдәуірі кезінде мүсіндеу өнері да дамыды. Сол кезде өзінің шеберлігімен кқөзге түсен мүсіншінің бірі-Жан Гужон болды. Ол Вувер сарайын көкемдеді. Оның джұмысынды француздың нәзік те жоғарфы шебюерлікпен берілген табиғаи болмысы айқын сезіліп тұрады. Оның сомдаған бейнелерінің бір ерекшелігі өте сымбатты сұңғақ болып келуінде.Жан Гужоннан кейін де өнер көбіне келген мүсіншілер оның осы әдістерін талай қайталады. Жан Гуанжонның сондай жұмыстарының бірі құмыра ұстаған әйелдер бейнесі.

Франция мүсін өнерінің ең озық үлгілерінен нәр алған тағы бір атақты мүсіншісі Жермена Пилона болды. Оның зЗират басына тұрғызылған мүсін тұғырлары керемек шеберлікпен тапқырлықпен айшықты сомдалған. Жартылай жалаңаш, жастыққа жатқызылған мүсіндер сол кезде Францияда өзінше біржаңалық еді., сондай жұмыстың бірі –Генрих-2 мен Екатер ина Медичидің басына тұрғызылған тұғыр-тастар.

Француз сұңғат өнеріндеь ренесанс бағытта көзг түскен смуертшілер әкелі балалы жана Клуэ мен француа Клуэ болды. Бүұл екеуіде сарай суретшілері болды. Жанр Клуэ корол Француа 1 тұсында соған қызмет етіп оның тамаша портртеттерін өмірге әәкелді. Алтын трүсі жібек киімді ашық сары қызғылт боячулар мен дейнелеп бояулар байланысын сәйкестігін тамаша бере алған.

Қайта өрлеу өзінің белгілі үй жихаздарына енгізді. Жихаздар көбінесе қозғалмалы болды, сонымен қоса құтты бір кішкене сәутеттік құрылысқа ұқсайтын еді. Олырдың бұрыштары ікшкене бағаленалармен жақтауларымен карзина, пелястерлерм мен көмкерген.


13-тақырып. 17-19ғасырдағы орыс қол өнерінің дамуы.

Қаралатын мәселелер.

1.Зергерлік өнер.

2. Құмыра жасау.


Монғол-татар шапқыншылығы жылдарында қиратылған қалалар қалпына келтіріліп , өндіріс пен сауда орталығына айнала бастады.Қаланың өсуі қол өнердің қайта дамуына қолайлы жағдай жасады. Ежелгі шағын темір балқытатын пештер жұмысы жетілдіріліп қалада темір құю ісі дамыды.Қолөнердің дамуының арқасында қалада ауыл адамдарына қажетті бұйымдар көптеп өндіріле бастады.Зергерлік құмыра жасау кәсібі кең дамыды.Феодалдық қалалар біртіндер ірі сауда орталығына айнала бастады.Орыс жерінің ірі қалалары Мәскеу, Тверъ,Костромо Новогорд Смоленск қайтадан көтеріліп ірі қалаларға айналды.Орыс саудагерларі өзінің товарларын алтын орда астанасы Сарай-Бату қаласына апарып сатып ,олардан шетел үнді қытай товарларын сатып алып отырды. Әрбір орыс қаласында сауда-саттық орындары көбейе бастады. Бұл феодалдық қарым-қатынастың орнығып шаруашылықтың өркендеуіне орыс жеріндегі ішкі байланыстың дамуына ,натуралъды дұмаға түйік шаруашылықтың ыдырап ,ақша товар қатынасы қалыптаса басиауына мүмкіндік жасады. Бұл процес орыс жерінің бірігуіне алғы шарттар тудырды.
14-тақырып. Cурет өнеріндегі гуманизм.

Жоспар.


1.А.Дюрер шығармашылығы.

2. Сурет өнеріндегі гуманизм.

Германияның, Нидерландының және Испанияның ұлы өнер шеберлері. Италиядағы қайта өркендеу дәуірінің өнері Еуропаның басқа елдерінде өнердің дамуына ықпалын тигізді. Соның ішінде итальиян шеберлерінің жетістіктерін бойына сіңірген Германияның, Нидерланды мен Испанияның ұлы суретшілері дүниежүзілік өнер әлеміне көп жаңалық енгізді.

Дюрер Альберхт (1471-1528). Ол Германияның алдыңғы қатарлы суретшілерін көш басшысы болды., Альберхт Германияға, Нидерландыға,Италияға көп саяхат жасап, бұл елдердегі шеберлердің жетістіктері мен танысты. Ол неміс сурешілерінің ішінде дарыны мен терең білімділігімен ізденімпаздығы мен, мұрат айқындығы мен көзге түсті. Дюрер суретші инженер әрі сәулетші болды, көне тілдерге жетік әрі ақын еді. Басу станогы болғаннан кейін суреттерді көбейтуге және оларды көп адамның пайдалануына мүмкіндік туды. Суретшілер суретті ағашқа ойып жасады немесе оларды мыс пластикаға қышқыл мен түсірлді, одан кейін оған бояу жағып, қағазға басты. Сөйтіп гравюра осылай жасалды. Дюрер бала кезінен басылымдарды безендіру мен әуестеніп, гравюра мен айналыса бастады. Ол жасаған бейнелер Германияда халықтың реформация қарсаңында етек алған мазасыз көңіл-күйінмен үндес болды.. Сондықтан да Дюрердің гравюрасы мен картиналары көпшілікке қатты ұнады. Дюрер аса үлекн портрет шеберлерінің бірі болды. Дюрердің таңдаулы гравюраларының бірі. «Төрт салт атты»деп аталады.Онда тәңірдің жер бетіндегі адамзаттың үштен бірін жазалауға жіберген –Індет,Соғыс,Ашаршылық және Ажал кейпіндегі салт аттылар бейнеленген.

Салт аттылар жолындағының бәрін таптап, қырып-жойып келеді. Қаланың бір бай әйелі мен священник ат тұяғының астында қалған. Бір жақта тозақ тажалы епископты жұтып жатыр. Аттылының біреуі садақ тартып, ал екіншісі жалаң семсермен жайпап барады. Көтерем аттың үстінде ақ шашы желбіреген қусүйек шал-Ажал. Ажалдың қолында үш тармақты сүңгі.Аты ауызбығымен алысқан бір салт атты-нақ орта түсті. Оның жүзәінен аяныгшты азап, өршілген өшпенділік бұлтаппас құлшыныс ңағапрылады. Қанатты періште салт аттылармен жол көрсетуден. Тәіңір найзасы көкті тілкілеп, күн көзін түйдек-түйлек бұлт жапқан жепр бетін түнек басқан.Жарық еткен сәуле нұрландырғандай осынау бейнелер қара түнектен айқын елес береді.

Голлондияда өнердің көркеюі буржуазиялық революцияның жеңісіне байланысты болды. Енді картинаға тапсырысты бұрынғыдай шіркеу емес (протестант хромдарында бұрын икон болған жоқ), өз үйлерін әшекейлеуге тырысқан қала байлары берді. Оларды туған табиғаттың бейнесі ,үй жиһаздары ,тұрмыстық шағын көріністер қызықтырды. Голландияда сурет өнерінде портрет ,пейзаж, натюрморт сияқты түрлері өркендеді.

Рембранд Харменс сурет өнерінің ұлы шебері, голланд кескіндемесшісі әрі график. Диірменшінің баласы аз уақыт болса да Лейден университетінде оқып, соңынан біржола өнар жолын қуды.Ссуретшінің дін мазмұндағы алғашқы туындыларына қиял еркіндігімен өмір шындығын бейнелеуге деген талпыныс байқалды. Рембрандтың негізгі көңіл қрйғаны –адам оның мінез құлқы ,ақыл мен толғанысытары.Суретші тұрмыстық және діни тақырыпқа картиналар ,байлардың әйелі мен баласының портреттерін салды. Бұл жүз шақты авто портрет қалдырды. Рембранд дене және өзіне жақын адамдарды бейнелей оттырып адам бет әлпеті сырының шексіз екендігін көрсетті.Өнерде өмір шындығына ұмтылу суретшіні ауқатты тапсырыс берушілерден ,айырды.

15-тақырып.12 ғасырда Батыс Европада сәулет өнерінің дамуы.

Жоспар.

1.Сәлет өнері.



2.Роман қабырғасы.

19 ғасырда батыс еворпада үокен құрылыс болды. Байыған шіркеулер сансыз діндарларды сиғызу үшін храмдарды ұлғайтты. Қарапайым ағашпен жабылған жайдақ төбелерін тас күмбездермен алмастырды. Рны қалық қабырғалар ғана көтере алатын еді. Сол уақыттағ,ы құрылысшылыпр ежелгі Римнің сәулетөнеріне көп үлгі болды. Сондықтан да 11-12 ғасырладағы ғимараттарды роман ғимараты деп атайды. Роман қабыпрғасы тегіс биік мұнарлы алып ғимараттар еді. Күмбездерінде терезелерінде храмның кіре берісінде доға тәрізді араклар пайдаланып отырады. Ромен хпрамдары өзінің сустылығымен діні және к.үрделілігімен қатал тәрізделіп, католик шіркеуінің құдіретіне сенім туғызуға тиіс болды. Олар. Үйсз күйсіз қашқан пысқан халыққа баспана қызметін атқарды.

12-ғасырдың аяғынан бастап мырзалардың өктемдігінген құтылдған қала тұрғындары сауда үйлерін, ратушалар, соборлар, ауруханалар, қонақ үйлерін сала бастады.

12-15 ғасырлардағы құрылыстар готикалық деген а лды. Құрылысгшы шеберлігінің одан әрі өсе түсуі ауыр доға тәріздес күмбездерді неғұрлым жеңіл шошақ күмбезденалмаздыруға мүмкіндік берді. Енді қалың қабырғаның керегі болмацй қалды. Қара көлеңке роман храмына өзгешіілгі-готикалық соборлар үлкен терезелермен жерқырап көрінеді. Қайталанып келетін арқалары сәәнді құрама күмбездерді тіреулер мен безеендірілген биік мұналары осылардыфң бәрі аспапмен тілдескендей әсер етеді. Ең үлкен готикалық собор мұнардарының биіктігі 150 метрге жетіп , Етипет пирамидаларынан да асып түсті. Сондай аса үлкен соборыныд ішінде діндерлар құдіретті құдай алдында өздерін джәрменсіз және мүсіпір сезінуге өздерінің бүкіл ойын сезімін соған арнаға тиіс болды. Сонымен бірге келушілер соборының сәулеттілігімен тамашалады. Собор ұзақ уақыт бойы қалалардағы бірден бір үлкен ғиматрат болды. Одантек шіркеу жоралығына ғана емес сонымен қатар қала халқының жиналыстары өткізілді . діни тақырыптағы театр ойынданы өткізілді. Мұнда профессортал дрс оқыды. Мемлекеттер арасындаға келіссөздер жүргізілді. Ортағасырлық ғиматраттар оны жасаушы шеберлер ой қиялдарының шгексіздігімен сүйсіндіреді.готикалық соборларды саолуға көптеген адам тіпті сәудлетшіоірлің тас қалаушылардың ағаш шеберлердің әйнекшілердің бүтіндей ұрпағы қатынасты.

Мүсін өнері. Орта ғасырдағы мүсін өнері сәулет өнерімен тығыз байланыста болды.соборлар құдайларды епизкоптарды, коралдерді бйнелейтін жүзден тіпті мыңдаған бедерлер мен жіне мүсіндермен безендірілді..дін бастылардың пікіоі бойынша өнер сауатсыздар үшін інжіл міндетін, христиан кітептанвнан айтылатын оқиғаларды белгілеу суреттеу. Сенімін арттыру, тозақ азабымен үрейлендіру қызметін атқаруға ьиіс болды. өнер шығармалары іркеудің тапсырмасы боынша жасалды. Біріқ лны халықтан шыққан шеберлер туынды тудырды. Діни тақырыпқа арналған мүсіндер арқыла олар өмір жөніндегі өз туындысын көрсетті. Адамның адамгершілік және сезім байсылдығынидәріптеді. Шеберлердің әсіресе ананың балағы деген сүйіспеншілігін суреттеуге құштарлық басым болды. Бұл құдай ананың көптеген бейнелерінен көрінді.

Адам денесінің тынысының сұлулығын дәріптеген антикалық өнерге қарағанда орта ғасыр суретшілері адамның ой байлығы мен сезімі мен көңіл күйін ашуға көбірек ұмтылды. Роман шеберлері адам денесін көбіне жүдеу, бет бейнесін кескінсіз титықтаған етіп бейенледі. Адамның қиналысын немесе шынтығын барынша жетуізу үшін олар көбінесе жабайсыз пішін берді.

Романи мүсіндеріне қараанда готикалық мүсіндерде адам деннесін дәлірек берген ., киім қыртыстары адам денесінің кескін пішіні айқын байқалады. Дарында шеберлер өмірде көргендерін дәл бере білген. Адамның сыпрта келлбеті мен қатар ішкі сұлулығына зиін қоюшылық байқалады.

Бейнелеу өнері. Роимен храмдарының қабырғалары суретке толы болатын. Ол суреттерге құлшылық етушілердн әулелермен құдайлардың сұсты бейнелеоге қарап тұратын. Ал готиаклық сборлардың қабырғаларында бейнелеу өнеріне орын аз берілді. Аас үлкен терезелері қорғасн қорғаулары мен беукітілген мөлдір шыны сынықтарынан құрастырылғансуретті әшекейлеуге толы болатын. Витраж арқылы храм ішіне түскен күн сәулесі коллонада, төбе мен еден жалт-жұлт ойнап , храмғам ерекше салтанатты көрінів берді.бейнелеу өнерінің аса зор жетістігі кітап миатюрасы болды. Ашықсалынған суреттерде орта ғасырлар адамы өмірінің барлық жағы бейнеленді суретшілер көпке декйін болжай алмай алыстағы жақындығы жағы.нана бірдей етіп бейнеденді. Сондықтан да нәзік нәрсенің өзі де тұрпайы сияқты болып көрінеді. Витражда, минатюраларда шаруалар мен жақын қолөнершілердің еңбек үстіндегі жағдайы көрсетіледі.

Халықтың өз еңтегінің маңыздылығын және бағалығын түсінуі осыдан көрінеді.
Пайдаланған әдебиеттер.


  1. Немилова И. С. французская живопись 18 века- Л. Искусства 1985- 492с

  2. Якимович А. К. шарден и французское просвещение- М: Искусства 1981- 143с

  3. Искусства в 3-х частях-ч. 2: Искусства Западной Европы 17-20 веков/ сост.М. В. Алпатов, Н. Н.Ростовцев- М: Просвещение 1988-286с

  4. История зарубежного искусства: Учебник/ под.ред.

М. Т. Кузмикой, Н. Л. Мальцевой.- М. Изобразительное искусство 1983-488с

  1. Эберт Ганс. Жан Доменик Энгр/ Пер. С немецткого В. Шлезингер – Бермен: Хеншель, 1982

  2. Яворская Н. В. Заподноевропейское искусство 19 века – М: изд. Академии художеств СССР, 1962- 80с

  3. Вегварий Лайош. Делакруа/Пер. С венгерского К. Стебнева- Будапешт: изд.Корвина, 1963- 440. 33 ил.

  4. Жерико о себе и современника о нем/ сост, предисл. и коммент. В. Н. Прокофьева. Пер.с.франц. Т. А. Савицкой- М: изд. акад. Художеств.

  5. Мак Герстл. Гюстав Курбе,- М: Искусства 1986-271с

  6. Муранш- Ковач Эндре. Курбе/ пер. С венгерского Е. Габор-Будапешт изд. Корвина 1962- 46с, 48 ил.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет