Лекция: 36 сдж: 28 Практикалық (семинар) сабақтар: 36 Жұмыс бағдарламасын құрастырған: оқытушы А. К. Молдадосова


X-XII ғ.ғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы



бет4/7
Дата24.02.2016
өлшемі0.75 Mb.
#12863
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

1.X-XII ғ.ғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы. Феодалдық қатынастар Жапонияда XI-XII ғасырларда түбегейлі қалыптасты. Осы кезеңде жапон феодалдық иелігі – сёэн құрылады. Ол мұралыққа берілді және кез келген салықтардан босатылды. Үлкен жер мөлшерін будда монастрлары иеленді. Феодалдардың, діни орындардың және ақсүйектердің жерлерін шаруалар өңдеді. Ауыл тұрғындарының маңызды бөлігі император мен оның сарайын бағынып, чиновниктерге салық төлеп тұрушы мемлекеттік шаруалар болды. Жапон феодалдары бірнеше разрядқа бөлінді. Ірі феодалдар - хонкэ, ұсақ иеліктегі феодалдарды – реканы вассалдық тәуелділікте ұстады. Хонке мен рекалардың самурайлардан тұратын жасақтары болды.

Ірі жер иеліктері бар феодалдар жерді сыртқы жаулардан қорғау үшін және ушығып кеткен шаруалар қозғалыстарын басып отыру үшін өздерінің әскери жасақтарын көбейтіп отырды. Нәтижеде дружиниктерден ұсақ иелікті дворяндар –самурайлар тобы құрылды. Олар әскери қызметі үшін өз иелерінен жер үлестерін алып отырды. Буддизм мен конфуцилік принцптерге негізделген самурайлардың этикалық-моральдық кодексі “бусидо” деп аталды. Және самурай өмірінің барлық жақтарын қатал қадағалап отырды. Олар кішінің үлкенге толық бағынуы тиіс деген рухта тәрбиеленді. Құрметті және негізгі қызмет болып, самурайлардың әскери қызметі есептелді. “Бусидоны” бұзғандар қатал жазаланды. Қандай да болмасын іспен шерменде еткен самурай өзін “харакири” (қарнын жару) жасап өлтіруге міндетті болды. Самурайлардың бір бөлігі уақыт өте келе ұсақ иелікті дворяндарға айналды. Ал бір бөлігі жерсіз, тек әскер пайдамен және иесінің қолында самурай күйінде қалды.

Жапонияда өте ертеден-ақ орталық императорлық билік – микадо орнықты. Микадо – бүкіл жердің жоғарғы меншік иесі болып жарияланды. Ру ақсүйектері жеке аудандармен қала бастығы ретінде басқарушы чиновниктерге айналды. Жерден, қолөнерден, саудадан салық жинау Қытай үлгісі бойынша жүргізілді.

2.Сегундық жүйенің қалыптасуы. Минамото сегунатының құрылуы. Имераторлық билік тез арада өз маңызын жоғалта бастады. Ірі феодалдардың өзара күресінің нәтижесінде императордың қолында тек діни билік қалды. Жоғарғы мемлекеттік билік біршама күшті феодал –сегунның, жоғарғы билеушінің қолына көшті. 1185 жылы Конто ауданынан шыққан Миномото Ёритомо самурайлардан тұратын әскерінің күшімен өзіне қарсы бақталас-феодалдарды жеңіп император астанасы Киотоны бағындырды. Соғыс барысында елдің шығысында кейіннен үлкен қалаға айналған Камакурада 3 ведмоствадан:


  1. Самурай ведмоствасы (докоро)

  2. Әкімшілік ведмоствасы (мандокоро)

  3. Сот ведмоствасынан (монтюдзё) тұратын әскери үкімет құрылды.

Астана ретінде Камакура қаласы таңдап алынды. Миномото Ёритомо ерекше титул сёгун (яғни “әскери басшы”) деген ат алды. Ол басқару мен бақылаудың өзіндік жеке аппаратын құрды. Дзито – жер иеліктерін басқарушы, Сюго – провинциялардың әскери губернаторларын тағайындады. Бұл әскери-әкімшілік жүйені император сарайы іс-жүзінде тек 1185 жылы мойындайды.

Дзитоның қызметтері:



  • сёэн иелігі үшін салық жинады;

  • қылмысты соттауға және жазалауға құқы болды;

  • иеліктің әкімшілігін басқарды және чиновниктерді тағайындауға құқы болды;

  • сёэндегі барлық жұмыстарға жауапты болды;

Сюгоның қызметтері:

  • Қаруылдық қызметі үшін әскер жинау және әскери қымылдар кезінде әскер жинау;

  • Провинциялардағы тәртіпті сақтау, қажет жағдайда қылмыскерді тұтқынау;

Алғашқы сегундар автократиялық саясат ұстанды. Алғашқы сегун Миномото Ёритомо өлімінен соң және оның мұрагерлері Ёринэ мен Санэтомодан соң билікті олардың туысқаны Ходзё әулеті тартып алды. Олар “сиккен” титулымен ел басқарды. Сиккен тұсында жергілікті феодаолдар арасында қарам-қайшылықтар болғанмен, билеушінің диктатурасы айқын көрініс бермеді, жоғарғы вассалдардың кеңесі пайда болды. Вассалдарды гокэнин деп атады. Камакур сегунаты 1333 жылға дейін өмір сүрді.

3.Асикага сегунатының құрылуы және саяси тарихы. Жапония тарихында 1336-1573 жылдары Асикага сегунаты өмір сүрді. Жапониядағы биліктің Асикага әулетіне өтісімен елде өзара соғыс басталды. Биліктен үміткер император Гадайго тауға қашып барып, Ёсино деген жерде оңтүстік сарайдың негізін салды. Ал Асикага әулеті Киотадағы император тағына Комёні отырғызып, Солтүстік сарайды басқарды. Екі патшалық екі әулет бір орталыққа Киотаға біріккенге 1392 жылға дейін сақталды.

Асикага сегунаты кезінде орталық мемлекеттік аппарат өмір сүгенімен, үкімет Сиба, Хосокава, Хатакэяма және тағы басқа ірі феодалдардың бақылауында болды.


Лекция 9

Тақырыбы: Монғолдар мен монғол шапқыншылықтары

1. Монғол тайпаларының тұрмысы мен әлеуметтік құрылысы

2. Шыңғысханның монғол-татар тайпаларын біріктіруі және жаулап алу жорықтары.

3. Ұлыстардың құрылуы. Шыңғысханның өлімінен кейінгі монғол жаулап алу жорықтары.



Әдебиеттер:

1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

М.,РАН-1998.

6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88

7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.

8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.

9. Э.Хара-Даван. Чингис-хан как полководец и его наследие. А.1992.

10.Э.Д’Оссон. От Чингисхана до Темерлана. А.1997.

11.История Монгольской Нородной республики. 2изд.М.,1967.

12.Х.Даван. Монғолдың құпия шежіресі. А.,2000.


1. Монғол тайпаларының тұрмысы мен әлеуметтік құрылысы. Монғолдардың табиғат жағдайлары ежелгі уақыттан-ақ монғолдардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысуна жағдай жасады. Ел территориясының көп бөлігі, атап айтсақ 4/5 бөлігі құрғақ далалардан, таулы жайылымдардан тұрды. Деректерде б.з.д. ІІ мың жылдықтың өзінде-ақ Монғолия территориясындағы көшпелі тайпалар туралы қысқаша мәліметтер беріледі. Монғолиядағы алғашқы мемлекеттік құрылым б.з.д. ІІІ ғасырда құрылған ғұндар державасы еді. Ғұн мемлекетінен кейін Монғолия территориясында бірінен соң бірі XII ғасырға дейін бірнеше мемлекеттер өмір сүрді. Олар: Сяньбилер мемлекеті (І-ІІІ ғ.ғ.), Жужань қағанаты (ІV-VІ ғ.ғ.), Түрік қағанаты (VІ-VІІІ ғ.ғ.), Ұйғыр қағанаты (745-840 ж.ж.), Қидандардың Ляо империясы (X-XІ ғ.ғ.). Бұл мемлекеттердің этникалық құрамы әртүрлі болды. Мұнда монғол тілдес тайпаларды, түркі тілдес тайпаларды, тунгус-манчжурлық тайпаларды ерекше бөліп айтуға болады.

XII ғасырда қазіргі Монғолияның, Манчжурияның және Шығыс Сібірдің оңтүстік бөлігінде көптеген монғол тайпалары өмір сүрді. Олардың көп бөлігі далалық жерлерде өмір сүріп, мал шаруашылығымен шұғылданды. Қой, мүйізді қара жылқы өсірді. Монғолдардың бір бөлігі ормандарда өмір сүріп, аңшылықпен, балық аулаумен шұғылданды. Далалық монғолдар анағұрлым көп және дамыған болатын. Олар ормандық монғолдарға өз биліктерін жүргізіп, олардан алым алып отырды. XII ғасырда монғолдардың әлеуметтік құрылысында әлі де тайпалық құрылыстың белгілері күшті болды. Көшпенді монғолдар ру-ру болып жасады. Оларда ата-бабалар дініне табынудың орны күшті болды. Әрбір рудың өзінің табынатын, құдайға теңелетін бабалары болды.

Дегенмен XII ғасырдың ІІ жартысында XIIІ ғасыр басында монғолдардың қоғамдық құрылысында рулық қатынастар ыдырай бастады. Рудың ыдырауының нәтижесінде бай ақсүектердің нояндар мен баһадүрлердің бөлініп шығуына жағдай жасады. Нояндарда белгілі мөлшерде құлдар болды. Нояндар мен баһадүрлер орданы (ру одағы) басқарды. Олар өз кезінде хандар басқаратын ірі тайпа одақтарына бірікті. Хандар мен оларды қолдаушы әскери-тайпалық ақсүйектер бағындырылған тайпалардан алым-салық алып отырды. Уақыт уақытымен тайпалық одақтың ақсүйектері құрылтай жиналысына жиналып отырды. Құрылтайларда хандар сайланды, өздеріне жау тайпалар мен халықтар арасындағы соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешетін кейде кінәлі нояндар менхандардың өзін де соттап отыратын.

2. Шыңғысханның монғол-татар тайпаларын біріктіруі және жаулап алу жорықтары.

ХІІІ ғасырдың басында Амур өзенінің жоғарғы ағысы мен Қытайдың солтүстік шегарасында өмір сүретін монғол тайпаларының ханы Темучин (1155-1227) монғолдың әртүрлі тайпалары мен татарларыды біріктіруге қол жеткізді. 1206 жылы Құрылтайда (Онон өзенінің жағасында өткен) Темучин ұлы хан болып жарияланып, Шыңғыс хан деп атала бастады. Монғолдардың үлкен әскери одағының құрылуы ірі жаулап алу жорықтарының басталуна әкелді. Бұл үшін алғышарттары бар еді. Темучин күшті әскери тайпалық ақсүйектерді басқарды. Оның әскери пайдаға құныққан тәжірибесі әскери күші болды. Монғол тайпаларында көп мөлшерде қатардағы әскердің резерві болды . Көшпелі мал шаруашылығы салтымен өмір сүретін монғолдарда жылқы баптау жоғарғы дәрежеде дамыды. Ал егіншілікпен өмір сүріп отырған халықтардың қарсы тұруы қиын болды. Бұнымен қатар көршілес Қытаймен көп соғыса отырып, әскери техниканы қытайлықтардан өздеріне енгізді. Шыңғысхан аз ғана жылда Оңтүстік Сібірде жасайтын көптеген халықтарды бағындырды. Олардың арасында: буряттар, якуттар, қырғыздар тағы басқалар болды. 1211 жылы Шыңғысхан Солтүстік Қытайды жаулап алуды бастады, бұл тек өмірінің соңғы жылдарында аяқталды. Қытайды түгелдей жаулап алудан алдын Шыңғысхан Орта Азияны жаулап алу саясатын бастады. 1218-1223 жылдары өте үлкен Хорезм мемлекетін бағындырды. Ол кезде Хорезмнің құрамына Хорезмнің өзінен бөлек Шығыс Иран, Бұхара, Ауғаныстан кірді. Шыңғысхан жаулап алған елдер мен қалаларын аяусыз қырып жойып отырды. Шыңғысханға қарсылық көрсетуге тырысқан Самарқан, Бұхара, Үргенш (Хорезм астанасы), Отырар қалаларының тұрғындарын аяусыз өлтіріп, тек кейін қолөнершілерді құлға айналдырды.



3. Ұлыстардың құрылуы. Шыңғысханның өлімінен кейінгі монғол жаулап алу жорықтары. 1227 жылға дейін, яғни Шыңғысханның өліміне дейін Монғолия мемлекеті өте үлкен территорияны алып жатты. Шығысында Охота теңізінен батысында Каспий теңізінің оңтүстік жағалауларына дейінгі жерлерді алып жатты. Монғолиядан бөлек оның құрамына Солтүстік Қытай, Орта Азияның көп бөлігі, Оңтүстік Сібір және Кавказдың бір бөлігі кірді. 1235 жылдан бастап Монғолияның ресми астанасы Орхон өзені бойындағы Қарақорым болды. Жаңа мемлекет ашық әскери сипатта болды.

Шыңғысхан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп берді:



Жошыға: Батыс Сібір, Ертістен Орал тауына дейін және одан ары қарай монғол атының тұяғы тиген жерге дейін берді;

Шағатайға: Орта Азияның Амудариядан Шығысқа қарайғы жерлері берілді;

Үгедейге: Батыс Монғолия, Солтүстік Қытай берілді;

Толыға: Монғолияның өзін қалдырды.

Шыңғысханның мұрагерлері оның жаулап алу соғыстарын жалғыстырды. Батый 1235-1242 ж.ж. Шығыс Европаға үлкен әскери жорық ұйымдастырды. Ол Русьты, болгарларды, половецтерді және Волга мен Донның төменгі ағысындағы халықтарды басып алды. Монғолдар Венгрияға, Чехияға, Польшаға дейін жетті. Олардың әскерлері негізінен Сібір және Болғария территорияларынан өтті. Орта Азияны жаулағыны сияқты татар-монғолдар Европада да өзінің ізін қалдырды.

XII ғасырдың 30-40 ж.ж. монғолдардар бүкіл Кавказды, Грузия, Азербайжан, Арменияны бағындырды. Орта Азияны жаулап алуды Шыңғысханның келесі бір немересң Төленің баласы Хулагу басқарды. Хулагу 50-60 ж.ж. Иранды, Месопатамияны, Сирияны бағындырды. 1258 жылы Хулагу Бағдатты алады. Бұл уақытта Бағдаттың саяси маңызы құлаған болатын, бірақ қала ірі сауда, өнеркәсіп және мәдениет орталығы болатын.
Лекция 10

Тақырыбы: X-XV ғ.ғ. Қытай.

1. Х- ХІІ ғасырлардағы Қытай.

2. Қытайды монғолдардың басып алуы және Юань империясының құрылуы, ішкі-сыртқы саясаты

3. Монғолдарды елден қуу және Мин империясының құрылуы


Әдебиеттер:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

М.,РАН-1998.

6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88

7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.

8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.

9. История Китая с древнейших времен до наших дней. М.,1974.

10.Бокшанин А.А. Китай и страны южных морей в XIV-XVI в.в. М.,1968.

11.Китай: между прошлым и будещем. М.1999.


1. Х- ХІІ ғасырлардағы Қытай. Қазіргі Қытайдың солтүстік – шығыс территориясын мекендеген чжурчен тайпалары ХІІ ғасырда күшейе бастады. Чжурчендердегі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауымен, 1115 жылы олардың көсемі Агуда император деп жарияланып, мемлекет Цзинь империясы деп атала бастады. 1115-1125 ж.ж. чжурчендер Ляо империясын талқандады. Қидандар батысқа жылжып, Ыстықкөл жағалауында Қарақытайлар мемлекетін құрды.

Бұл соғыста Қытайдағы Сун империясы әскерінің әлсіздігі байқалды және чжурчендер Солтүстік Қытай жерлеріне ене бастады. 1127 жылы Кайфынды бағындырды. Хэнань, Шаньдун, Шаньси провинцияларында чжурчендерге Қытай халқы үлкен қарсылық көрсетті. ХІІ ғасырдың 30-жылдарында үлкен қарсылық көрсеткен атақты әскердің бірі Хэнани Юэ Фэй (1103-1141 ж.ж.) болды.

1142 жылы ұзақ соғыстардан соң және күрделі дипломатиялық қатынастар негізінде бейбіт келісім жасалды. Келісім бойнша Қытай императоры өзін Цзинь билеушісінің вассалы деп мойындап, жылына 300 мың бөлек жібек және 300 мың күміс бөлігінің алым-салығын төлеуге мәжбүр болды. ХІІ ғ. Қытай территориясында төрт мемлекет өмір сүрді. Солтүстікте Чжурчендердің Цзинь империясы, солтүстік батыста тұңғыттардың Си-Ся мемлекеті, оңтүстікте Сун империясы және Юньнаниде Наньчжауо мемлекеті.

2. Қытайды монғолдардың басып алуы және Юань империясының құрылуы, ішкі-сыртқы саясаты

ХІІІ ғасырда көшпенділердің жаңа шабуылдары басталды. 1211 жыл Шығысханның әскері Шаньсиге енді. Бұған дейін манғол әскері тангуттардың Батыс Ся мемлекетіне соғыс жүргізіп, қатал қарсылыққа тап болған еді. ХІІ ғасырдың соңы мен ХІІІ ғасырдың басында Цзинь империясында үлкен өзгерістер болды. Чжурчендердің біразы отырықшылыққа көшіп, егіншілікпен айналыса бастады. Чжурчендердің феодалдану процесі жүріп жатты. Чжурчендер алдыңғы әскери күшімен бірлігінен айрылды және монғолдармен соғыста жеңіліс тапты. 1215 жыл Шыңғысханның әскері Пекинге еніп, содан соң Шандунға, бір бөлігі Солтүстік –Шығысқа , Кореяға жылжыды. Тангуттардың Батыс Ся мемлекетін монғолдар 1227 жылы түбегейлі бағындырды және тангуттарды аяусыз өлтірді. Батыс Сяның жойылуына Шыңғысханның өзі қатысты. Осы жорықтан қайтқаннан соң қайтыс болды. Солтүстік Қытайдағы соғыс 1234 жылға дейін созылды жене чжурчендердің жеңілісмен аяқталды. 1251 жылы Қытайға Хұбылай бастаған үлкен әскер жіберіді. Жорықтың бірінде Мөнкэ хан қатысып, Сычуанда қайтыс болды.



2. Қытайды монғолдардың басып алуы және Юань империясының құрылуы, ішкі-сыртқы саясаты. Монғолдар қытайлықтарды бағындырып көпшілік тұрғындарды еріксіз тұрғынға айналдырды. Оларды ауыл шаруашылығында, қолөнерде қолданды. Жеке меншік жер ұстайтын даньху мен кэхуңлердің жағдайы жақсы болатын. Олар егіннің көп бөлігін феодалдарға, чиновниктерге, монастрлерге беріп отырды. Жібек өнімдерін беріп, әртүрлі міндеткерліктерін атқарды.

Қалалықтардың жағдайы өте ауыр болатын. Қытайдан көптеген қолөнершілер әкетілді. Қолөнершілер өз мамандықтарын тастап монғол әскерлеріне ат әбзелдерін жасауға мәжбүр болды.

Монғол билеушісінің қаржы саясаты шаруалардың, қолөнершілердің, саудагерлердің жағдайларын қиындатты. Қағаз ақшаларды шектен тыс шығара беру ХІV ғасырда инфиляцияға әкеп соқты. Басқарудың қытайлық жүйесін қабылдаған Хубилай Қытайдың билеуші тобын биліктен алыстатты. Юань империясында қаржыны өзбек- Ахмед, әскерді Насыр-ад- дин және Масаргия басқарды. Қытай тілін меңгерудің қиындығынан монғолдар жаңа жазу енгізді, бірақ ол иероглифты өзгерте алмады. Хубилайдың басқаруына наразы болған қытайлықтар жиі-жиі көтеріліс жасап отырды. 1282 жылы Хубилай жоқта атақты Ахмедті өлтірді.

Юань әулетінің билеушілері Қытайдың билеуші тобымен келісімге келуге мәжбүр болды. 1317 жылы ертеден келе жатқан емтихадық жүйені қалпына келтірді. монғолдар шамандықты ұстанды, бірақ шыдамдылықпен қарады. 1281 жылы Хубилай Жапонияға жете алмай жолда буряда апатқа ұшрады.

ХІІІ ғасырдың 50 жылының өзінде-ақ Хубилай Дайвьетке енген болатын, бірақ күшті қарсыластыққа ұшырап еді. 80- жылдары тағы да шабуыл ұйымдастырылды, Дайвьетте партизан соғысы басталды да оларды жеңе алмады. 1289 жылы екі елдің дипломатиялық қатынастары қалпына келтірілді. ХІV ғасырдың ортасында Юань империясының экономикасы құлдырап, билеушілердің саясаты Солтүстік Қытайдың қалаларына, ауыл шаруашылық өнімдеріне кері әсерін тигізді. Егін шаруашылығы құлдырады. Қалалары құлдырап, босап қалды. Елде наразылық күшейді. Наразылықтан қорыққан Юань билеушілері халыққа қару ұстауға тыйым салды. Халықты көтеріліске шақырған құпия діни ұйымдарқұрыла бастады. 1351 жылы құпия Ақ Лотос қоғамы бастаған елде көтеріліс басталды. Көтеріліс Хуанхэ өзенінде дамб салып жатқан шаруалар арасында басталып, тез арада егіншілер, үсақ көпестер, қалаларды қамтыған үлкен көтеріліске айналды. Қозғалыс антимонғолдық, антифеодалдық сипатқа ие болды. “Ақ Лотос қоғамы” жаңа Қытай мемлекетін құруды және Сун билігін орнату идеясын ұсынды. Көтеріліс түгел Солтүстік Қытайды, Кайфынды, Датунды алып, қытай қорғанына дейін жетті. 1351 жылы көтеріліс Орталық Қытайды қамтыды Чжэцзян, Цзянси, Хубей провинцияларын бағындырды. Мұнда көтерілісті Чжу Юаньчжан басқарды. Көтерілісшілердің үлкен жеңістері монғол- қытай ақсүйектерінің бірігуіне жағдай жасады және көтерілісшілерге қарсы шықты. Чжу Юаньчжан Нанкинде орнықты. 1368 жылы Пекинді алады. Қытайды билеушілер әулеті солтүстікке қашып құтылады. Чжу Юаньчжан Нанкинде жаңа Мин әулетіңнің императоры болып жарияланады. Ол елді біріктіру үшін тағы 20 жыл соғыс жүргізді.

Монғол шапқыншылығы елдің шаруаларын әбден езді. Бай қалалар әбден тоналып, егін далалары тапталды. Жерсіз шаруалар тауларда, су үстінде қайықтарда өмір сүрді. Чжу Юаньчжан конфуции оқымыстыларының кеңесіне сүйеніп елде аграрлық іс-шаралар жүргізді. Елдегі әскери жағдайдан соң көптеген жерлерді мемлекет меншігі деп жариялап жіберді. Оңтүстіктегі Қытай помещиктері өз жерлерін жеке меншікке сақтап қалды. Солтүстікте жердің көпшілігі қазынаға, мемлекет меншігіне өтті, ал оңтүстікте жеке меншік сақталып қалды.


Лекция 11

Тақырыбы: Х-XV ғ.ғ. Иран.

1. ІХ- ХІІ ғасырлардағы Ирандағы феодалдық мемлекеттер.

2. Иранға монғолдардың басып кіруі, Хулагидтер мемлекетінің құрылуы мен гүлденуі. Газанхан реформалары.

3.Иранға Әмір Темір шапқыншылығы. XV ғ.Иран.


Әдебиеттер:

1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

М.,РАН-1998.

6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88

7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.

8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.

9. История Ирана с древнейших времен до XVII века. М.,1968

10. История Иранского государство и культуры. М.,1971.

11.Луконин В.Г. Древний и средневековый Иран. М.,1987

12. Курпаладис Г.М. Государство Великих Селджуков. М.,1992.



1. ІХ- ХІІ ғасырлардағы Ирандағы феодалдық мемлекеттер. Ирандағы алғашқы жартылай дербес саяси мемлекет Хорасанда (Мауренахр және қазіргі Ауғанстанның бір бөлігі) пайда болған Тахиридтер мемлекеті болды. Бұл әулеттің негізін салушы Хорасанның атақты ақсүйектерінің бірі Тахир ибн Хусейн болды. Оның мұрагерлері Талха, Абдаллах ресми түрде Аббасидтер билігін мойындағанымен, іс-жүзінде Хорасандаы өз беттерінші биледі. Тахиридтер иран дехкандарына қолайлы саясат жүргізді. Сонымен бірге шаруалар мен қала тұрғындарының жағдайын жақсартуға тырысты.

Тахиритерден кейін билікке Иранда Сафаридтер келді. Бұл әулеттің негізін салушы қала халқынан шыққан Йакуб ибн Лейс болды. Ол Сейстан билеушісінің қызметінде жұмыс істеп, осы облыстағы билікті бағындырады және осындағы шаруалар көтерілісін басуға қатысады. 861 жылы жалдамалы әскер оны Систанның әмірі деп жариялайды. Иакуб пен оның інісі шейттер болды, сондықтан халифпен ашық күреске шықты.Алғашқыда олардың жолы болып, 873 жылы Тахиридтер әскерін талқандап, Хорасынды бағындырды. Бірақ 876 жылы Бағдатқа жорық жасаған Иакуб халиф әскерінен жеңіліп қалады. Иакубтың мүрагері Амир халифпен келісімге келуге мәжбүр болды, бірақ Бағдатқа салық төлемеді.

Сафаридтер билігін Саманидтер әулетінен шыққан Исмайл тартып алды. Саманидтер әулетінің негізін салушы Балхтан шыққан алғашқы Аббасидтер кезінде-ақ мұсылман дінін қабылдаған Саман-Худа болды. Бұрын Сафаридтер тек әскери күшке сенсе, Саманидтер сунидтер болып, соңғы күніне дейін халифтың жоғарғы билігін мойындады. Саманидтер державасының орталығы Мауреннахр болып, астанасы –Бұхара қаласы болды. Х ғасырдағы Саманидтер мемлекетінің территориясына – Мауренахр, Хорезм, Хорасан, Сейстан мен Гурган кірді.

2. Иранға монғолдардың басып кіруі, Хулагидтер мемлекетінің құрылуы мен гүлденуі. Газанхан реформалары. Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғысхан әскері Хорасанды, Ауғаныстанды және Мазендеранды жаулап алды. Монғолдардың Иранды түгелдей жаулап алуы ХІІІ ғасырдың 50-жылдарында аяқталды. 1258 жылы Шыңғысханның немересі Хулагу Аббаситтер халифатын бағындырды. Шыңғысханның мұрасы бойынша Иран мен Кавказ жерлері Жошы ұлысына қаруға тиіс болса да, шын мәнінде бұл елдерді ұлы ханның наместниктері басқарды. Хулагу өз еркінше бұл жерде бесінші монғол ұлысын құрды. Бұл Хулагидтер мемлекеті деп аталды (1256-1353 ж.ж.).

Жошы мұрагерлері мұнымен келіспеді және барлық уақытта Кавказ елдерін жаулап алуға ұмтылып отырды. Жошы мұрагерлері мен Хулагидтер арасында бітіспес соғыстар жүріп отырды. Хулагидтер ильхан титулын ұстанды, яғни “тайпа ханы” дегенді білдірді. Хулагидтердің билігіне Иран, Ауғанстан, Кавказ мемлекеті, Ирак, Кіші Азияныі шығысы кірді. Ильхан ордасы оңтүстік Ахзербайжан болып, ильхандар көшпелі өмір салты мен өмір сүрді. Иран мен Азербайжан шаруаларының ауыр жағдайы Газан хан (1295-1304 ж.ж.) үкіметінің ішкі саясатын өзгертуге түрткі болды. Ол мұсылман діні өкілдерін жергілікті отырықшы чиновниктермен жақындасып, исламды мемлекеттік дін мәртебесіне көтеруді мақсат етті. 1298 жылы Газан ханның уәзірі болған Рашид-ад-дин ұсынысы бойынша бірқатар реформалар жүргізілді. Басқарушы саяси билік монғол-түрік әскери-көшпелі тобынан жергілікті отырықшы чиновниктер қолына өтті. Аграрлық реформа жүргізіліп, салық жүйесінде өзгерістер жасалды.



3.Иранға Әмір Темір шапқыншылығы. XV ғ.Иран. Орта Азияда Темір мемлекетінің құрылуы (1370 ж.) Иран тарихында үлкен маңызға ие болды. Темір әскері Иранды басып алуды 1381 жылы бастап, 1393 жылы аяқтады. 1381 жылы Темір әскері Серзеварды басып алып, Сербедар мемлекетін жойды. 1383 жылы Сербедардың Себзевардағы жаңа көтерілісін Әмір Темір әскері жауыздықпен басып тастады. 1387 жылы Темір әскері Исфахандағы халық көтерілісін басты. Көтеріліске шыққан шаруалар мен қолөнершілерді баса отырып, Темір Ирандағы ірі феодалдардың қолдауына ие болды. Әсіресе өз күштеріне халық көтерілісін баса алмаған монғол-түрік көшпелі ақсүйектерден қолдау тапты. Темірдің мұрагері Шахрух сұлтан (1405-1447 ж.ж.) Хорасанды өзі басқарды. Орта Азияны өз баласы Ұлықбек билігіне берді. Басқа балалары мен немерелеріне батыс Иранды үлеске берді. Шахрух парсы және тәжік феодалдарына, мұсылман дініне арқа сүйеді. Темір мұрагерлеріне мемлекеттің әскери- әкімшілік бірлестігін сақтаудың өзі қиын болған.Шах үкіметі халық қозғалысынан қорғанды. Газан хан жүргізген саясатты жүргізуге тиіс болды. XV ғасырдың І жартысында Иранда тағы да халық қозғалысы басталды. 1405 жылы Сербедар қозғалысының жаңа кезеңі басталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет