Лекция: 45 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 60сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180


Лекция 5 Тақырыбы: ХХ ғ I.жарт. Қытай



бет7/16
Дата24.02.2016
өлшемі1.32 Mb.
#13310
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Лекция 5 Тақырыбы: ХХ ғ I.жарт. Қытай.

Жоспары:

1.Жапонияның Солтүстік- Шығыс Қытайға баса көктеп кіруі. Революциялық базалардың Солтүстік —Батысқа ауысуы.

2.Жапондарға қарсы күрестің өрлеуі.
Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Социально-экономические и политич еские проблемы Китая в новое и новейшее время.М.,1991

Қосымша әдебиеттер:

Страны мира: Краткий политико-экономическии спавочник. (Под.ред.И.С.Иванова).М.,1997.

Лекция мәтіні:

1931 жылы сентябрьде жапон әскерлері Солтүстік —Шығыс Қытайға / Маньчжурияға/ баса көктеп кірді. Коммунистерге қарсы күрес жүргізіп жатқан Нанкин укіметі жапон басқыншыларына тойтарыс бермегенімен тұрмай, олардың алдында тізе бүкті, 1932 жылы мартта Жапония өзінің оккупациялаған Солтүстік- Шығыс Қытай гсрриториясында Манчьжоу- го «қуыршақ» мемлскст құрды..

Жапонияның Солтүстік- Шығыс Қыгайға баса көктеп кіруі және Нанкин үкімстінің тізс бүгу саясаты қьгай халк,ының қатты ашу- ызасын келтірді. ҚКП Орталық Комитеті мсн азат стілгсн аудандардың жүмысшы- шаруа үкімсті жұртты жапон империализмінс карсы ұлт- азатгық соғысқа шақырды. Бұл шақыруға халық жабыла үн қосты.

Тек ұсак, буржуазия ғана смсс, тіпті ұлттык /орта/ буржуазия ,да халық бүқарасының 1927 жылы тарап ксткеи одағын,қалпына кслтіру жағьна бет бұрды.

1933 жылы октябрьде Чан Кайши Орталық және Оңтүстік Қытайдағы революциялық базаларға қарсы бесінші ең ірі жорығын бастады. Бұл жолы шабуылға 2 мліі- га жуық адамы бар гомимдандық армия жіберілді . Қызыл Армия шсгінуге мәжбүр болды. Коммуиистік иартияпың ішкі жагдайы да шиеленісіп кетті.

30 жылдардьщ басында партия басшыльнын Ван Миннің солшьіл- ссктанттық тобы алып қойды. Бүл топ сыналған партизандық және маневр соғыс тактикасынан бас тартып, ірі қалаларға шабуылдар жасаудың жәнс тсрриториялардың қалайда қорғап қалудың авантюристік такгикасын жүргізді, Ван Мин тобы ауқатты шаруалар мсн қаланың орта дәулеттілері жөніндс асыра сілтеушілік жасады. Ол жумысшылар мен шаруалардың ұсақ және орта буржуазиямсн бірлескен біртұтас антиимпериалистік майданын қалпына келтіруге қарсы шықты.

Чан Кайши жағында күштердің орасан басым болгандығы және Ван Миннің тобы жүргізген "солшыл" авантюризм жолы Чан Кай- шидің бесінші жорығында тойтарыс бсругс қытай коммунистеріне мүмкіндік бермеді. К,ызыл Армия өзінің Орталық және Оңтустік Қытайдағы базаларының бәрінен айрылды. Бірақ гоминданшылардың оны жоюға шамасы келмеді,

1934 жылы октябрьдс Қызыл Армияның нсгізгі күштері гоминдандық әскерлердің мықты қоршау құрсауынан сыпырылып шығып, Қытайдың Солтүстік- Батысына қарай ержүректілікпен өтудегі ұлы сапарына шықты. Бұл өту сапары бір жылдан аса уақытқа созылды. Қызыл Армияның бөлімдсрі қиян-кескі ұрыстар жүргізе жәнс ауыр шығындарға ұшырай отырып, 12 мыңнан аса килломстр жол жүріп, 11 провинциядан өтті, 1935 жылдың аяғында олар революциялық нсгізгі база болган Шэньси-Ганьсу шекаралық ауданның территориясына барды. ҚКП Орталық Комитеті мен орталық үкімет органдарының тұратын жсрі Яннань қаласы болды. Шэньси- Ганьсу шскаралық ауданда Қытайдың рсволюциялық күштерінің Совет Одағындай мықты тылы болды және одан тікелсй көмек алып тұруға мүмкіндігі болды.

Солтүстік- Багысқа өтудсгі ұлы сапар кезінде ҚКП- ньң жаңа, нағыз лениншіл, басшылығы құрылды. 1935 жылы январьда ҚКП Орталық Комитетінің Саяси бюросының ксң кеңесі болды. Онда "солшылдар" партия басшылығынан қуылды. Мао Цзэдун ҚКП Орталық Комитетінің прсдссдатслі болып сайланды. Бул кеңес ҚКП тарихында өте маңызды бетбұрыс пункті болды. Мүның өзі Мао Цзздун мсн оның серіктсрі қытай революциясында жүзеге асырған маркстік саясат жеңісінің белгісі болды.

Революциялық екінші азамат соғысы /1927-1937 жылдары/ қытай революциясының дамуындағы өте маңызды кездердің бірі болып табылды. Бұл ксздс ҚКП өз қатарындағы оңшыл оппортунизмді дс, солшыл оппортунизмді дс талқандап, маркстік-лсниндік ілімді Қытайдың нақты жағдайларына тамаша қолданғандық болып табылган дұрыс саяси жәнс соғыс жолын белгіледі. Бұл ксздс ҚКП слдің бір бөлск территориясында нағыз халық окіметін құрып, кытай революциясының қарулы мықты күштерін ұйымдастырды. Осының бәрі арқылы қытай азаттығы қозғалысының біржолата жеңісі үшін бсрік нсгіздср салынды. Революциялық скініші азамат сығысының қортынды кезеңінде ҚКП жапон агрессиясына қарсылық көрсстуге батыл шықты. ҚКП елде азамат соғысын тоқтатып, біртұтас антижапондық азаттық майдан құруды гоминданнан талап стгі. Бүл талалтарды Қытай халқының қалың топтары қолдады. Бірақ Чан Кай-ши бұл талаптарды ұзак уақыт орындамай жүрді.

1937 жылы июльде жапон әскерлері бүкіл слді басып алып, құл ету мақсатымен Солтүстік Қытайда шабуылға көшті. Тек сонда ғана халықтың қысымымен Чан Кай-ши біртұтас антижапондық майдан құруға көнді. Бірақ содан кейін де слді корғау ісін ұйымдастыру үшін нақтылы оңған шаралар қолданган емес.

Қытай халқының жапон импсриализмінс қарсы 1937 жылы басталған ұлт-азаттық соғысының нағыз басшысы Қытайдың Коммунистік партиясы болды.


ЛЕКЦИЯ 6 . Екі дүние жүзілік соғыс аралығындағы Жапония.

Жоспары:

Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Жапония.

1923-1929ж.ж. Жапонияның эканомикалық жағдайы.

Аграрлық Танака саясаты.

Жапонияның Шығыс Азияны экспансиялау әрекеті.
Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Новейшая история стран Азии и Африки. ХХ век. Учебник дщля студентов высших учебных заведений: В 3 Ч/Под.ред. А.М.Родригеса-М: Гуманит. Изд.Центр ВЛАДОС, 2001 –Ч. 1 -3:



Қосымша әдебиеттер:

Кузнецов Ю.Д.и.др.История Японии.М.,1988.


Лекцияның мәтіні:

Жапония мен Германияның екінші дүние жүзілік соғыста жасаған одағы көптеген себептермен туындаған. Соның ішінде бірінші дүние жүзілік соғыстың қортындысын шығарған және дүние жүзінің соғыстанкейінгі құрылымын анықтаған Вашингтон конферренциясының нәтижелеріде бар.

Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, болашақтағы қақтығыстар мен одақтардың негізі Версаль-Вашингтон жүйесінде қаланған деп есептелінеді. Олай болса, ХХғ агрессиялық саясат жүргізген Жапония мен Германия жақындасуы, одақтасуы сол кезде қалыптаса бастаған болып табылады.

Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарында Жапония Антанта елдерінің жағында соғысты. АҚШ бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде Жапонияның Қытайдағы ерекше мүддесін мойындап, үнемі Жапониямен компромиске барып отырды. 1917жылы Америка Жапониямен Лансин-Исити келісімін жасап соған сәйкес әрекет етті. Париж бейбіт конференциясы Жапонияның Қытайдағы Германияның меншігіне құқын таныды. Алайда, Қытай мәселесі бойынша париж келсімін қайта қарауға ұмтылған қозғалыс Қиыр Шығыста арнайы конференцияның шақыруына әкеліп соқты.

1921жылы қарашада Вашингтон конференциясы шақырылды.

Вашингтон конференциясында Жапония иемденген Шаньдун провинциясы Қытайларға қайтарылды деген шешім қабылдады.Алайда, Жапония осы провинцияда саяси ықпалын сақтап қалды, біраз жеңілдіктерге ие болды. Ақыш жасаған қысымның нәтижесінде Жапония Вашингтон конференциясында оқшауланып қалған болатын. Англия Жапонияға ешқандай қолдау көрсетпеді. Осының бәрі Қиыр Шығыста күш ара салмағын өзгертті. ХХ ғасырдың 20 жылдары Жапонияның Қытайда позициясының әлсіреуі Қытай елінде саяси жағдайға үлкен ықпалын тигізді.

ХХ ғасырдың 1920-1930 жылдары Жапонияда бітіспес саяси күрес жүрді. Ол жағдай жапон қоғамын да, армиясын да қамтыды. Бұл күрестің басты мазмұны Жапон қоғамының барып тұрған радикалды тобының алдыңғы қатарға ұмтылуы және осы туралы қоғамдық ой-пікір қалыптастыруға тырысу еді.

1927 жылы Жапонияда министірлер кабинеті ауысты. Елдің премьер-министірі болып, басқарушы топтыңагрессиялық бағыттағы лидері генерал Танака тағайындалды. Танака тобы өзіне дейін болған Кенсэйкай партиясын Вашингтон конференциясының шешімдерін үнсіз орындаған әлсіздік көрсеткен партия деп сынға алған болатын. Бірақ, конференция жүріп жатқан кезде Жпония өкіметінің басында Сэйюкай партиясы тұрған. Солай бола тұрса да, Кесэйкай партиясы жабылды. 1927 жылы генерал үкіметі жапон әскерін Шаньдун провинциясына жіберді. Армяға Гоминьдан армиясының солтүстікке, Пекинге қарай жылжуына кедергі келтіру міндеті жүктелді



ЛЕКЦИЯ 7. Үндістан халқының ұлт –азаттық күресі.

Жоспары:

1. XX ғ. Басындағы Британдық Үндістанның дамуы.

2. Революциялық өрлеу. Свадештер мен сварадж,

3. Үнді ұлттық Конгресінің ролі, «Ымырашылдардың» және Тилак жақтастары.

4. 20-30 жж. Мұсылман Лигасының қызметі.
Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Новая и новейшая история стран Азии и Африки под.ред.РозалиеваН М.,1988

Қосымша әдебиеттер:

Володин А.Г. Индия: становление иниститутов буржуазной демократии.М.,1988.


Лекцияның мәтіні:

ХХ ғасыр бас кезіндегі Британдық Үндістан мемлекеттік- саяси және партиялық- саяси жүйесі дамыған ел болатын. ХIХ асырдың 80-ші жылдарында мұнда орталықтанған отаршылдық- буржуазиалық басқару аппаратының негізі қалыптасты.

Британдық Үндістанның эканомикалық дамуы метрополияның мүддесіне тәуелді болды. Метрополия Үндістанды шикізат және өз товарларын өткізу рыногына айналдырды. Ағылшын өнеркәсібі мен үнді ауыл шаруашылығының арасындағы еңбектің бөліну процесіҮндістан мен Англия арасындағы сауданың дамуының көрінісі болды.

Үнді экспортыныңнегізгі тауарлары: мақта, жүн, кендір, пальмалық талшық, күріш, бидай, дәмділіктер, индиго, апиын, плантациалық дақылдар.

Тең емес келісімдер нәтижесінде елде үлкен материалдық құндылықтар шығарылды. Ағылшын инвестициясының салымдарының негізгі обьектілері темір жолдар, ирригациялық құылыстар, плантациялық шаруашылық, фабрика, завод құрылысы және тау кен өнеркәсібі. Ағылшындардың қолында елдің ірі өнеркәсіп орындары болды.

ХХ ғасырдың басынан басқару агенттіктерінің маңызы өсті- Үндістандағы ағылшын отарлық монополиялар ұйымы және ағлшын банктері. Көп укладты үнді эканомикасының шеңберінде капиталистік қатынастар біркелкі дамыды. Негізінен ағлшындардың іс- әрекеті Калькутта, Бомбей, Мадрас кейіннен Дели аумағына таралды. Ал Декан солтүстік және солтүстік- шығыс аймақтарда ауылшаруашылықтың капиталистік қатынастарға дейінгі формалары басым болды. Калькутта, Мадрас, Бомбей территориаларында тауар ақша қатыныстарының дамуы, ішкі рыноктің қалыптасуы және кәсіпкеліктің дамуы үнді сауда өсімқорлық кейіннен өнеркәсіп капиталының қалыптасуына әсер етті. Олардың өкілдері алғашқыда ағылшындардан бір саты төмен тұрды, кейіннен жетекшілікке күресе бастады.

ХIХ ғасыр мен ХХ ғасырдың тоғысында Британдық Үндістан дәстүрлі шаруашылықпен өнеркәсіп орындары түйіскен көп укладты метрополияның аграрлы шикізаттық қосымшасы болды.

Партиялық жүйенің қалыптасу процесі отарлық автократиялық жағдайда қалыптасты. Жергілікті капиталистердің мүддесін көздеген алғашқы қоғамдық саяси ұйымдар едәуір дамыған аймақтарда (Бенгаль, Мадрас, Бомбей) ХIХ ғасырдың30-80 жылдарында пайда болды. Бүл ұйымдардың негізгі талаптары эканомикалық протекционизм енгізу, нәсілдік және ұлттық кемсітулерді қысқарту.

Қоғамдық пікірдің және саяси мүделердің дамуына бірнеше факторлар кедергі болды. Әлеуметтік- эканомикалақ дамудың біркелкі болмауы, үнді эканомикасының көп қырлылығы, Британдық Үндістан территориасында әртүрлі әкімшілік- саяси жүйелердің болуы негзгі факторлар болып саналады. Саяси белсенділік негізінен президенттік территорияларға тән болды.(Бомбей, Мадрас,Калькутта). Ал Хиндустан, Радж Путан, Орисса сияқты ішкі аудандарда саяси жүйенің қалыптасу процесі баяу жүргізілді.

Үндістанның саяси тарихының басты оқиғасы 1885жылы құрылған бүкіл үнділік ұлттық ұйым- үн

ді ұлттық Конгресінің құрылуы болды.Оның құрамында негізінен ұлттық кәсіпкерліктің өкілдері, және үнді қоғамының интелектуалды жоғары таптары кіреді. Оның ішіне заңгерлер, дәрігерлер, қаламгерлер, оқытушылар, мемлекеттік мекеменің қызметкерлері кірді. Конгрестің әлеуметтік базасы кеңейді. Конгтесс әртүрлі әлеуметтік касталық айырмашылыққа қарамағандыықтан әртүрлі әлеуметтік топтардан құрылған ұйым болды.Бұл біріккен ұлт-азаттық қозалысқа буржуазиялық ұлтшылдармен отаршылдыққа қарсы көтерілісшілердің бірігуіне алып келді. Ұлттық конгресс маңында топтасудың негізге қарсы оппозиция құру болды.

ХХ ғасырдың бас кезінде конгрессте екі бағыт болды: Либералдық (С. Банерджи, Д. Наорроджи, М. Гокхале, К.Т Педанг) Радикалық (Б.Г Пилак, Б. Ч Пал, А.Гхош, Л.Л. Рай) Олардың арасындағы айырмашылық ұлт- азаттық қозғалыстың міндеттері әртүрлі түсініктен тұрды. Бірінші ағымның өкілдері бейбіт және бірте- бірте тәуелсіздікке жету жолыныңжақтаушылары болды. Үнді қоғамын конституциялық реформалар арқылы өзгерту жолын жақтады.

Үндістан ХХ ғасырға көптеген әлеуметтік эканомикалық қайшылықтармен кірді. Шаруалардың, қала кедейлерінің ереуілдері өнеркәсіп орындарындағы ереуілдермен бірігіп жүргізілді. Отаршылдыққа қарсы бас көтерулер негізінен 1905- 1908 жылда болды.

ЛЕКЦИЯ 8. Ауғаныстан, Иран, Туркия халықтарының саяси азаттық үшін күресі.

Жоспары:


  1. ХХ ғ.басындағы Ауғанстан.

  2. Хабибулла б илік басында.

  3. «Жас ауғандықтар қозғалысының» шығуы.

  4. Ауғанстан I дүниежүзілік соғыс жылдарында.

  5. Кеңес –Ауған келісімі

  6. Аманулла билігінің құлауы.

  7. 30 –жылдардағы Ауғанстан. Нәдір – хан.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Розалиев. Ю. И Новая и Новейная история стран Азии и Африки м. 1987.

Новейшая история стран зарубежной Азии и Африки. и 1959.

Қосымша әдебиеттер:

3. Страны мира М.,1997ж


Лекцияның мәтіні:

ХХ ғасырдың басында Ауғанстан сыртқы әлемнен бөлектенген, халқы түгелдей дерлік сауатсыз, халқының үштен бірін көпшенділер мен жартылай көшпенділер құрайтын нашар дамыған ел болды. Екінші ағылшын –ауған соғысы (1878-1880)жылдары билік басына келген Ауғанстанның әмірі Абдурахман (1 қазан 1901 жылы) қайтыс болғаннан кейін баласы Хабибулла (1901-1919) таққа отырады. Ол билік еткен кезеңде елдің болашақтағы даму тенденциясы анықтала бастады. Бірақ ағылшын отарлаушылары тарапынан қайта қыспаққа түсті. Сол аймақта британдық билік жүргізіп отырған Индияның вице-королі лорд Керзонға Хабибулла өзінің таққа отарғандығы жайлы хабардар етті. Керзонның әкімшілігі тез арада қатал қысыммен, жаңадан болған ауған әмірінен елдің егемендігін қысқартатын көптеген жеңілдіктерді алып қоюға тырысты. Осы мақсатпен ағылшын –ауған арасындағы келісім кезінде жеке әмір Абдурахманмен жасалған болатын, соны қалпына келтіруді түсіндірмекші болды. Екі ажқты дауы мәселелерді шешуді сылтау етіп КЕрзонның Индияға шақырғанына Хабибулла бармайттындығымен жауап берді.

Ел ішіндегі жағдайдың тұрақсыздығына байланысты ағылшындар әмірге аса қауіптірек болған ағасы Насурлла- ханды таққа отырғызамыз деп қорқытып, жауыздық істеп отырды. Ұйымдастырылған бірнеше сарай қастандықтары ашылды.

Сол кездегі халықаралық жағдай, әсіресе Ресейдің Жапаониямен соғысында жеңіліп қалу ағалшындардың Орталық Шығысында белсенді қимыл жүргізуіне мүмкіндік берді. Осы жағдайды Ауғанстандағы позитциясын нығайту мақсатында ағылшындар Кабулға жаңа келісім шарт жасау үшін Дэн тапсырмасы жіберіледі. Дэнеге Ауғанстанның сыртқы саясатына британ үкіметі тарапынан толық бақылау орнатуды сақтау тапсырылған.Сонымен қатар бұрынғы Ауғанстанның егемендігіне шек қоюына қосымша Керзон жасаған келісім жобасын апара жатты.

Бірақ Хабиюолла бұл жобаны қабылдаудан бас тартты. Ол өзінің билік еткен уақыт арлығында бұрынғы ағылшындар мен Абдурахман арасында болған келісім шарт жалғастыру жобасын ұсынды. Бұл жобаға 1905 жылы 21 наурызда Дэн қол қояды.

Абдурахманның мақсаттарын Хабиболланың қабылдауы ағылшын үкі метінің Индиянның вице-королі арқылы Ауғаныстанның сыртқы саясатына толық бақылаудың сақталғандығын нығайты. Сол үшін ол Иран, ауғаныстан және Тибеттегі ықпал ету аймағын межелеу туралы 31 тамызда 1907ж. ағылшын –орыс келісім шартына қол қоюы еді. Ауғанстан үкіметі бұл келісімге қосылғсы келмеді . Бірақ оған ауғандар келісе ме жоқ па «заңды күші» бар ретінде қарастырылады. Ауғаныстанның бірте- бірте сыртқы саяси жағдайы нашарлап, елдің егемендігін қалпына келтіру үшін күрес те қиындай түсті.

1 дүниежүзілік соғыс басталғанда Хабибулла Ауғанстанның бейтарптығын жариялады. Ол іштегі шиеленсті германдық – түріктік халықтың саны көп болғанымен бейтараптығын Англяға сеніп жариалады. Әмір 1 дүниежүзілік соғысты «үлкен тарап» ретінде сипаттап, «қазіргі кезде тек бейтараптық саясатты ұстанған Хабибулланың халық алдындағы беделі зор болды.

Соғыстың аяғында Ауғаныстнның толық мемлекеттік егемендігін қалпына келтіруге қолайлы жағдай ұалыптасты. Солай бола тұрса да, жас ауғандар мен ересек ауғандар арасындағы көзқарастың айырмашылығына қарамастан , олар Х абиболланы Англяға тауелді болудан құтылуға әрекет етпегені үшін сынады. Халық арасында жас ауғандықтар қозғалысын да белсенділігіменг көзге түскен ханзада А манулланың беделі өсе түсті. Әмір Хабиболла 1919 ж. 28 ақпанда сарайда ұйымдастырылған қастандық нәтижесінде өлтірілді.

Билікке Нарсулла мен күреске түскен Аманулла Кабул халқы мен әскердің қолдауымен жеңіп шықты. 1919 ж. 28 ақпанда Аманулланың таққа отырғанын салтанатты түрде жариалады және Ауғанстанның ағылшын –ауған қатынастарын қайта қарау туралы және Ауғанстанның толық тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы Үндістанның вице – колоі лорд Челмосфордқа хат жолдады. Бірақ , Лордтан бұған келіспейтіндігі жайлы жауап келді.

1919 ж. мамыр айында Англия ауған мемлекетіне қарсы III- басқыншылық соғысты бастады. Әскеінің басымдылығы мен техникалық жақсы жабдықталғанаына арқа сүйеген британ әскері ауған жеріне басып кірді .

Дегенмен , ауған әскерімен таипалардың бірігіп жасақ құрып, басқыншыларға қарсы күресі нәтижесінде, сондай – ақ ауған әскери күштерінің Үндістанның солтүстүк – батыс шекаралық провинциясына басып кіруімен жағдай шиеленісе түсті . Сонымен бірге, Үндістандағы азөаттық қозғалыстарымен қызыл Армияның Орта Азиядағы ағылшын әскери бөлімшелеріне қарсы әрекеттерінің нәтижесінде отарлау әкімшілігінің жағдайы қиындай түсті.

1919 ж. 3 маусымда Англяға келісімге кеиліп , ал 8 тамызда Равалпин қаласында алдын ала бейбіт келісім щартына қол қ оюға мәжбүр болды. Осы келісім шарт бойынша Ауғанстан тәуелсіз ме млекет болып танылып , сыртқы байланыстарды жеке жүргізу құқығына ие болды.

1921 жылы 28 ақпанда кеңес – ауған келісім шартына қол қоиды, ол келісімшартта екі мемлеке те өздеріне қарсы жауласушы елмен келісімге келмеу туралы өзара міндет қабылдады. Кеңес мемлекеті А уғаныстанға ақшалай және басқа даматериалдық жәрдем көрсетті.

Бұл келісімшартқа қол қойылғннан кейін Англия 1921 жылы Ауғаныстанмен татулық келісімшартын түзіп онымен бірге дипломатиялық байланыста болуға мәжбүр болды. Соның артынша Ауғанстан Еуропа мен Азияның басқа елдермен дипломатиялық қарым – қатынасты құрады.

Егемендік алғаннан соң Ауғаныстан саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуға мүмкіндік туғызады. Елде бірқатар реформаларды жүзеге асыру үшін 25 адамнан тұратын еркше комиссия құрылды. Бұл комиссия елдегі қаржы, салық мәселесін бірінші кезекте жолға қойды. Комиссия жүргізген реформалардың ішіндегі ең маңызды жерге жеке меншікті енгізу мен шаруашылықтың көптеген салаларында мемелекеттік сектордың меншігін кеңейту болды. Кейінірек қаржысының жетіспеуі соаншалық мемлекеттің жерін сата бастады.

Бір ортаға бағынған мемлекет құру ұшін 1921- 1925 жылдары арасында бірнеше заңдар шығарылды. Мемлекттік құрылыс реформаларының ішіндегі ең маңыздысы 1923 жылы 10 сәуірде Ауғаныстанда монархиалық құрылысты бекіткен конституциясы қабылданды. Жоғарғы билікті жүргізуші әмір блоды. 50 адамнан тұратын Мемлекеттік кеңес заң шығырушы бюджетті , басқа елдрмен келісім шарт жүргізуді талқылап, бекіткен орган болды атқарушы билік министилр кабинетіне берілді . Сонымен қабылданған негізгі заң елде конституциалық монархияны заң жүзінде бекітті. Сот реформасы жүргізіліп, сот ісі мұсылман дініне бөлініп, мемлекет бақылауына берілді.

Елде болашақ ауған пароаментінің бастапқы формасы- халық Кеңесі құрылды, сонымен бірге мемлекеттік жалау, елтаңба бекітіліп, жаңа азаматтық және қылмыстық кодекстің жобасы жасалды. Бірақ та жаңа реформаларға наразылық білдірушілер саны әсіресе, белді діни қызметшілер , дінбасылар арасында арта түсті. Олар барлық наразылық білдірушілердің басын қосып, 1928 ж. күзде Хазарраджат пен Хоста ауған таипалары бас көтерді. Көтерілісшілер арасында шыққан тегі тәжикБачайи Саконың беделі артып , ол аз уақыттың ішінде жас ауған дар режимін құлатып, әмір тағына қол жетті. Ол өзін «дінсіз»Аманулланың әрекетінен «шаруалар мен исламның тазалығын қорғаушымын» днп жариалады. Жоғарғы дін басылары, тайпа хандары, әкери жер иеленушілер оны ашықтан- ашық қолдады. 1928 жылы қарашада Багай Сакао әкерлері Чарикар қаласын басып алды. Ол қаланы басып алған соң өзінің әмірші Хабиболла – ханмын деп өлген әмірдің құрметіне аталды. 1929 жылы Кабулды астана ретінде қабылданғаны үшін өкініп қалды. Аманулла өмірінің ақырына дейін қуғында жүріп, 1960 жылы шетелде Цюрихта қаза тапты.

Ауғаныстан үшін өте ауыр уақыттар басталды. 1929 жылдың көктеміне дейін мемлекетте ішкі соғыстар болды; мемлекеттің егемендігіне қауып төнді. Бачай Сакао басқарған уақыттарда(1929 жыл қаңтар- қазан) Ауғанстан үшін орта ғасырлардағы ең ауыр да азапты уақыттар болды. Бачай Сакао сыртқы саясатында КСРО –ға қарсы жауласушы, дұшпандық саясат ұстанды. Ол Ауғаныстанда Орта Азиадағы Кеңестік елдерге қарсы басмашылардың базасын айналдырып жіберді.

Бачай Сакао басқару режиміне соққы берген ағылшын- ауған соғысының батыры жас ауған үкіметінде соғыс министірі блоған гинирал Надри – хан болды. Надри – хан мемлекеттегі отаншылдық күштерді біріктіре алды. Оның әскерлері Кабулға басып кіріп, Бачаи Сакаоны өлтірді. Сөйтіп 1929 жыл 15 қазанда Надри- хан Ауғаныстанның патшасы болып жариаланды және оның билігін бүкіл ел моиындады.

Надриханның билік басына келуімен елдегі жағдай түзеле бастады. Сот билігі қайтадан дінбасыларына өткенімен оны мемлекет өз бақылауына алды.

1931 жылы жаңа Конституция қабылданды. Бұл жаңа конституция дін басыларының құқық пен ағарту саласындағы басымдылығын бекітті, тайпаның беделді басшыларының орталық және жжергілікті билік органының қызметіне қатысуын қамтамасыз етті. Бұл кезеңдегі Ауғаныстанның халықаралық саясаттағы басты үрдісі өзінің бейтараптығын сақтау және барлық елдемен қатынасын дамыту блоды.

1933 ж. 8 қарашада Надришах өлгеннен кейін таққа оның баласы Мұхаммед Захир шах отырды. Европада екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Ауғансттан өзіне бейтарап саясат жүргізетіндігін мәлімдеді.



ЛЕКЦИЯ 9. Ауғаныстан, Иран, Туркия халықтарының саяси азаттық үшін күресі.

Жоспары:

1. XX ғ. бас кезіндегі Иран.

2. 1905-1911 жж. Иран революциясы, маңызы және сипаты.

3. I дүниежүзілік соғыс кезіндегі Иран.

4. 1921 жылғы “3 хута” мемлекеттік төңкеріс. Реза-хан реформасы.
Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Розалиев. Ю. И Новая и Новейная история стран Азии и Африки м. 1987.

Новейшая история стран зарубежной Азии и Африки. и 1959.

Қосымша әдебиеттер:

3. Страны мира м. 1997ж


Лекцияның мәтіні:

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Англия мен патшапық Ресейдің жартылай отарына айналған Иран жартылай феодалдық монархия болып саналады. Экономикасы ғана емес, Иранның кептеген басқару саласы шетеддіктердің бақылауында қалды. Иранның солтүстігіндегі маңызды мемлекеттік орындарға патша үкіметіне жаққан Иранның ауыл шаруашылығының дүниежүзілік капиталистік нарық жүйесіне енуі шаруаларды феодалдық қанауды күшейте түсті. Мемлекеттің алатын салығы өсті т. т. с. XX ғасырдың 50 - жылдарына дейін Иранды отарлық қанауға салған басты қару - ағылшын - парсы мұнай компаниясын ұйымдастырды.

XX ғ. бас кезінде Түркияда өзінің позициясын едәуір нығайтқан Германия империализмі де қызығушылық көрсете бастады. Германия отаршылдарьі Иран тұрғындарын Англия мен Ресейге қарсы үгіттеп, өзін Иранның қамқоршысы ретінде көрсетті. Батыс Европалық елдердің Иран үшін бақталастығы елдегі саяси және экономикалық дағдарысты шиеленістгрді. Осы кезде Иранда әсіресе дін адамдары мен ұсақ буржуазия арасында панисламизм идеяларын кеңінен насихаттау тарала бастады. Панисламизм халықты діни негізде біріктіруге шақырды діншілдердің ықпалын күшейту үшін күресті.

XX ғ. бас кезінде елде ішкі қайшылықтар күшейеді. Анти империалистік күш күрестері күшейіп ел тәуелсіздігі мақсатында жүргізіледі. 1905ж Ресейдің Жапониядан жеңілуі, ұлт-тәуелсіздік қозғалысы күшейсе 1905ж Ресейдегі революция Ирандағы революция қозғалысының өрістеуіне ықпал етеді. 1905-1906 жж Тегеранда халық толқуы өріс алады. Олар конституция қабылдап мәжілістің құрылуын талап етеді.

1906 ж. бірінші мәжіліс ашылды. Соңында мәжіліс жұмысшылары да негізгі заңды талқылады. 1906 ж 30 қазанда шах Мозаффар - ад – дин шах негізгі заң қабылдады.

1 – дүниежүзілік соғыс жылдарында Иран ресми түрде бейтараптық жариялады. Алайда елдің солтүстішін Ресей, ал оңтүстігін Англия басып алды. Ал Германия оның территориясын Ресеймен Англияға қарсы плацдармдарға айналдырып, елдегі антиимпералистік қозғалыссәтін пайдаланып тұрды. Ресейдің соғыстан шығуы мен Германияның, Осман мипериясының талқылануынан кейін Иранның территориясы Англияның толық отарына айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет