Компьютерде екі ішкі жад болады: тұрақты есте сақтау құрылгысы (ТЕСҚ) және жедел сақтау құрылгысы (ЖСҚ). Компьютерді алғаш қосқанда, ТЕСҚ-дан ақпарат алынады да, одан соң компьютерге орналастырылған операциялық жүйе іске косылады. Компьютерді сөндіргенде ТЕСҚ-дағы ақпараттар өшпейді.
Жедел сақтау құрылгысы — ЖСҚ - бұл ақпараттарды уақытша сақтап тұруға арналған жады. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады және өз жүмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді.
ЖЕДЕЛ ЖАД
Жедел жад — бүл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын қүрылғы (ОЖҚ) — ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе, онда жедел жадтағы барлық ақпарат жойылады (өшеді).
Компьютердіц аппараттық қүралдары компьютердің ішіне, қүрастырушы фирмада орнатылады. Компьютерді іске қосқанда, алдымен ақпарат ТЖҚ-дан алы-нады, ал содан соң компьютерге орнатылған операциялық жүйе іске қосылады.
Жедел (оперативті) жадтағы құрылғы ЖЖҚ — ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жад. Компьютердің жедел жадының көлемі шекті, сондықтан ЖЖҚ-дан ақпарат-тарды сыртқы жадқа (дискіге) көшіріп алу керек.
ТЖҚ (ПЗУ): тұрақты жадтайтын құрылғы.
|
ЖЖҚ (ОЗУ): жедел жадтайтын құрылғы.
|
Ақпаратты тұрақты сақтауға арналған жад.
|
Ақпаратты уақытша сақтауға арналған жад.
|
Компьютерді өшіргенде, ТЖҚ-дағы ақпарат бүзылмайды.
|
Компьютерді өшіргенде, ЖЖҚ-дағы ақпарат бұзылады.
|
Мүнда сақталған коман-даларды тек оқиды, бірақ жаңа ақпарат жазуға болмайды.
|
Мүнда жазылған командаларды оқуға да әрі жаңа командалар, ақпарат жазуға болады.
|
Жедел жадтың негізгі сипаттамасы — оның сыйымдылығы мен жылдам әрекеттілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |