Лекция: 52 сағ Семинар: 50 сағ СӨЖ: 17 сағ обсөЖ: 16 сағ Барлығы: 135 сағ



бет4/10
Дата17.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#142378
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

XV-лекция.



XVI ғ. ІІ-ші жартысы - XVIІ ғғ. басындағы

Қазақ мемлекеті.

(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Хақназар хан. XVI ғ. ІІ-ші жартысындағы мемлекеттің нығаюы.

  2. XVI - XVIІ ғғ. Ортиа азия шайбанилерімен және аштарханиттерімен қарым-қатынастары.

  3. Тәуекел хан тұсындағы қазақ мемлекеті.

  4. Ресеймен жақындасудың жолдарын қарастыру

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. - А., 1997.

  2. Ж.Дауренбеков, Е.Тұрсынов. Қазақ бақсы-балгерлері. - А., 1993.

  3. Қазакстан тарихы. Төрттомдық. 2-т. - А., 1997.

  4. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. (ХV-ХVІІІ ғғ.).

Үшінші кітап. - А., 1992.

  1. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. - А., 1985.

  2. Мұхаммед Хайдар Мырза. Тарихи Рашиди. - Ташкент, 1996.

  3. Тоқтабаева Ш. Қазақтың зергерлік әшекейлері. - А., 1985.

  4. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 2-том.

- А., 1998.
Мақсаты: Хақназар хан ел басқарған кезіндегі қазақ хандығының өрлеу тенденциясын көрсету.
Хақназар хан

 

Қасым ханныњ қазасынан кейін Қазақ хандыѓы бірнеше иеліктерге ыдырады. Сырдарияныњ орта аѓысындаѓы аумаққа Қасымныњ немересі Тоѓым хан иелік етті. Шамамен 1537 жылы Жаѓат уалаятыныњ мањында біріккен моѓол-µзбек қолдарымен болѓан ±рыста Тоѓым хан тоѓыз ±лымен қаза болды. Ал оныњ орнына Қасым ханныњ ±лы Хақназар (1538-1580) сайланды.



Хақназар билікке келісімен қазақ руларын біріктіруге к‰ш салды. XVI ѓасырдыњ 50-ші жылдары мањѓыт мырзаларыныњ арасында µзара талас-тартыс басталды да бір бµлігі орыс бодандыѓына кµшеді, келесі бір бµлігі қазақтарѓа баѓыт алды. Едғуір к‰шейген Хақназар 1568 жылы мањѓыт ж±ртына қарсы жорық жасап, µзіне Батыс Арал мањын қаратты.

1577 жылы кµктемде Хақназар мањѓыттармен жања соѓысты бастап, Жайықтыњ шыѓысындаѓы барлық жерлерді иеленді. Сонымен қатар Сібір ханы Кµшіммен қажырлы к‰рес ж‰ргізді. Бірқатар жорықтардан соњ Хақназарѓа Тобыл мен Жайықтыњ жоѓарѓы жерлерін қосудыњ сғті т‰сті. Б±дан басқа оныњ қоластына б±рын Сібір мен Қазан хандыѓына қараѓан башқ±рт руыныњ ‰лкен бµлігі µтті.

Моѓол хандарымен к‰рес жалѓасып, 1560 жылы Абд ар-рашид хан Жетісуда Хақназар ханѓа соққы берді. Бірақта кµп ±замай біріккен қазақ-қырѓыз қолы моѓолдарды жењіліске ±шыратып, шайқаста Абдар-Рашидтіњ ±лы қаза табады. Келесі Емілде µткен шайқаста қазақтар жењіліп, Жетісудан шегінді. Қазақтардыњ жаѓдайы ойраттардыњ шапқыншылыѓынан одан ғрі қиындай т‰сті. Тғуекел с±лтан бастаѓан қазақ жасаѓы ойраттармен болѓан ±рыста жењіліп, Ташкентке шегінуге мғжб‰р болды. 70-ші жылдардыњ соњына таман Хақназар ханныњ билігінде тек Жетісудіњ батыс бµлігі ѓана қалды.

Қазақ хандыѓыныњ оњт‰стік шекараларында да тыныштық болмады. Батыста, солт‰стікте жғне Жетісуда қатар шайқас ж‰ргізуге мғжб‰р болѓан Хақназар 70-ші жылдары Б±хара ханы Абдаллах ІІ-шімен одақ қ±рды. Абдаллах хан болса µзініњ жауларымен, ғсіресе Ташкенттегі билікті басып алѓан Баба с±лтанмен к‰ресте қазақ хандарыныњ қолдауына с‰йенуге тырысты. 1579 жылы Хақназарѓа Қазақ хандыѓына Т‰ркістан мен Сауран µњірін қосудыњ сғті т‰сті. Бір жаѓынан қазақ, екінші жаѓынан Абдаллахтыњ ғскерінен қысымѓа ±шыраѓан Ташкент билеушісі Баба с±лтан қазақ билеушілерініњ кµзін жоюѓа ±мтылды. 1579 жылдыњ соњында ол келіссµз ж‰ргізуге келген Хақназар ханныњ екі ±лын µлтіруге б±йрық берді, ал кейіннен, 1580 жылы Хақназардыњ µзі жалдамалыныњ қолынан қаза тапты.

Хақназар хан Қасым ханныњ µлімінен кейін ыдыраѓан Қазақ хандыѓын біріктіре алды, оныњ билігініњ соњына таман хандық шекарасы батыста Жайық бойымен, солт‰стікте Есіл, Н±рамен, шыѓыста Шыњѓыстаумен, Балқашпен жғне Шу µзенімен µтті, оњт‰стікте қазақ иелігі Ташкентке таянды. Хақназар хан т±сында ноѓай, башқ±рттардыњ біраз бµлігі қазақ хандыѓына қарады.

Хақназар хан мен оныњ ±лдарыныњ қазасынан кейін мәслихатта мањѓыттармен шайқаста ерлігімен кµзге т‰скен Шыѓай с±лтан Жәдік±лы хан сайланды. Шыѓай с±лтанныњ жасы сексенге таяу болса да, беделі µте зор болды. Шыѓай хан Абдаллахпен Баба с±лтанѓа қарсы баѓытталѓан жања одақ қ±рды. Қазақ хандыѓында ел басқарудыњ тізгіні негізінен Шыѓайдыњ ±лы Тәуекелдіњ қолында болды жғне ол Ташкент билеушісімен қазақтарды жењіске жеткізген шешуші шайқасты ж‰ргізді.

1582 жылы маусымда Яссы (Т‰ркістан) қаласы мањында Тәуекел Баба с±лтанныњ ғскерін талқандап, µзін µлтіреді. “Сонан соњ ол Сатурнѓа ±қсас сарайѓа Баба мен Жан М±хаммед бидіњ бастарын ғкелді, ... хан оѓан сый ретінде Соѓда мен Самарқанныњ тамаша жері – африкен уалаятын тарту етті”. 1583 жылы Тәуекел Б±хара билеушілерімен қарым-қатынасты ‰зіп, Дешті Қыпшаққа оралады.

1582 жылы Ходжентке таяу К‰мішкент атты елдімекенде Шыѓай хан қаза тауып, сонда жерленді. Оныњ Тәуекелден басқа бірнеше ±лы болды. XVI ѓасырдыњ соњы мен XVIІ ѓасырдыњ басы кезењіндегі қазақ тарихында Ондан с±лтан (¦зын оқты Ондан – Есім хан т±сындаѓы ғскери басшы) есімі мен қалмақтардыњ билеушісі Шах-М±хаммед есімі белгілі.

Туекелге (1586-1598) еліне оралѓан соњ хан таѓына қ±қыѓын қарумен бекітуіне тура келді. Тек ‰ш жылѓы к‰рестен соњ 1586 жылы хан титулы қабылданды. Б±л уақытта Қазақ хандыѓыныњ халықаралық жаѓдайы нашарлап кеткен еді. Туекел хан µзініњ сыртқы саясатында оњт‰стік қалаларды хандыққа қосуды басты мақсат етіп қойды.

Ташкентке ие болуѓа ерекше шиеленіскен к‰рес ж‰рді. 1588 жылы қазақтарға Ташкентті басып алудың оңтайы келді. Бірақта, Самарқаннан өзіне қарай Абдолланың інісі бастаған әскер бет алған соң, Тәуекел кейін дала қойнауына шегінуге мәжбүр болды. Ташкент Бұхара билігінде қалды.

XVI ғасыр соңында Тәуекел ханның алдында екі сыртқы саяси маңызды міндет – Ташкентті бағындыру мен Сібір ханы Көшіммен күрес тұрды. Сырттан қолдау табу мақсатында Тәуекел одақтас іздей бастады. 1594 жылы Тәуекел хан орыс патшалығына Құл-Мұхаммед бастаған елшісін аттандырды. Қазақ елшілігінің алдына екі міндет қойылды. Олар: Ханның немере інісі Оразмұхаммед сұлтанды отбасымен тұтқыннан қайтару (Оразмұхаммед сұлтан тұтқынға 1580 жылы орыс қолдарының Көшім ханмен жүргізген соғысы кезінде түскен еді) және орыс патшасынан Абдаллах ханға қарсы күресте көмек сұрау. Сонымен қатар қазақ елшілігі Борис Годуновтан сол мезетте Мәскеуде болған парсы шахының өкілдерін өздерімен бірге Қазақстанға жебіруді өтінді. Қазақтар Бұхараға қарсы күресуге парсы шахымен әскери одақ құруға тырысты.

Мәскеумен келіссөз жүргізу Тәуекел ханның өзі күткендей нәтиже бере қойған жоқ-тын. Орыс патшасы Тәуекелдің “отшашар қаруға” айырбас ретінде Бұхарамен және Сібір хандығымен жеке соғысуын қалады. Қазақтарға оңтүстікте қолайлы жағдай тек 1597 жылы Бұхара хандығында талас-тартыс басталған кезде туды. Абдоллаға ықпалды адамдардың қолдауымен өз баласы қарсы тұрды. 1598 жылы Тәуекел әскері Ташкентті иеленіп, Самарқан қабырғасында Абдолланы талқандады. Орта Азияның барлық қалалары, оның ішінде Түркістан жазирасы, Ташкент, Самарқан қазақ сұлтандарына бағынды. Самарқан билеушісі болып ханның інісі Есім сұлтан тағайындалды.

Абдолланың өлімімен кейін Тәуекел Бұхараны басып алуды көздеді. 80 мыңдық әскермен ол бұл байырғы қаланы қамады. Шабуылдардың бірінде Тәуекел хан жараланып, кейін осы жарақаттан қайтыс болды. Оның мұрагері Есім хан Бұхарамен бітім жасап, Самарқан Бұхара билеушілеріне қайтарылды, ал Ташкент, Сайрам, Әндижан Қазақ хандығының құрамына кірді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет