Лекция: 60 сағат Практика: 30 сағат СӨЖ: 90 сағат обсөЖ: 90 сағат Барлық сағат саны: 270 сағат



бет5/17
Дата17.06.2016
өлшемі1.36 Mb.
#141230
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Лекция № 9-10


Бақылау және эксперимент әдісін математиканы оқытуда қолдану.

(2 саѓат)
Жоспары:

  1. Бақылау әдісі

  2. Бақылауды жүргізу

  3. Экспримент әдісінің ғылыми танудағы орны.

Пайдаланатын єдебиеттер:

а) негізгі:

1. Д.Е Әбілқасымова т.б Математиканы оќытудыњ теориясы мен әдістемесі А.: 1998 Ә. Бидосов. Математиканы оќытудыњ методикасы А.: 1989 ж

3. О.А Жәутіков. Ақиқаттыњ шынын білудегі математиканың рөлі А.: 1995 ж.

4. В.А. Огенесян, Ю.М. Колягин и др. Методика преподование математики в средный школе. М 1980



б) ќосымша:

5. .Бейсеков Ж., т.б. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы. Ш. 2003.

6. Пышкало А.М. т.б. Математиканы бастауыш курсының теориялық негіздері. А. 1984.

7. Антонов Н.С. , Гусев В.А. Современные проблемы методики преподавания математики. М. 1984.

8. Моро М. И., Пышкало А.М. Методика обучения математике в І-ІІІ классах. М. 1975.

Бақылау зерттелетін объектілерді мақсатты және жүйелі түрде тікелей қабылдау арқылы зерттейтін діс. Психологтар объектілерді қабылдаудың мазмұны және бағыттылығы бізді қоршаған ақиқат дүние туралы адамның қандай білімдері, тәжірибесі бар екендігіне байланысты болатындығын анықтайды.

Қабылдауды мынадай жоспар бойынша жүргізуге болады:


  1. Бақылаудың мақсатын анықтау.

  2. Бақыланатын объектілердің маңызды (елеулі) қасиеттері мен ерекшеліктерін ашу.

  3. Бақылау кезіндегі алынатын ақпараттарды есепке алып отару тәсілдерін анықтау.

  4. Зертелетін объектілердің ерекшеліктері мен белгілері арасындағы өзара байланысты тағайындау.

  5. Бақылау нәтижелеріне талдау жасау, қорытындылар тұжырымдау.

Мысал. У=2х көрсеткіштік функцияның қасиеттерін оқып үйренуде мынадай кесте құрастырылады.


Х

-2

-1,75

-1,5

......

2

3

.....




У=2х

0,25

0,30

0,95

.....

4

8

......



Кестеге қарап отырып оқушылар 2х өрнегінің мәндері айнымалы (аргумент) х-тің кез келген мәнінде оң болатындығын, жәнех-тің мәні артқан сайын функцияның мәні артатындығын көреді. Оқушылар у=2х функция рационал сандар жиынында оң және өспелі болатындығы туралы болжам жасайды да, ол қасиеттерді аналитакалық түрде дәлеледейді.

Эксперимент (тәжірибе) – танып білудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Экспкримент – зерттеушінің тікелей белсенді араласуы арқылы зерттелетін объектінің тікелей белсенді араласуы арқылы зерттелетін объектінің қаситеттерін анықтау мақсатында әдейі арнап қажетті жағдайлар туғыза отырып танып білу әдісі.

Тану қызметінде орындалатын жұмыстың мазмұнына қарай эксперимент тексеруші және демонстрациялау болып бөлінеді. Эксперимент тікелей өзін немесе оның моделін қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми тануда ойлау ойлау арқылы жүргізілетін эксперимент ерекше орына лады. Бұл формальді – лошгикалық іс - әрекетерді жүзеге асырып қана қоймай, объектінің бейнелері мен моделдерін зерттеу нәтижесіндегі жаңа білімдерге жету қызметі болып табылады.

Нақты (реальды) эксперименттің элементтері:


  1. мәселені қою және болжам жасау;

  2. объектілерді зерттеудің эксперименттік алғышарттарын жасау;

  3. салдарды белгілеу және оның себептерін тағайындау;

  4. жаңа құбыоыстарды және олардың ұқсастығын сипаттау.


Лекция № 11-12


Салыстырудың тану үрдісіндегі маңызы.

(2 саѓат)


Жоспары:

  1. Салыстыру әдісі

  2. Салыстырудың негізгі шарттары

  3. Салыстыруға мысалдар

Пайдаланатын єдебиеттер:

а) негізгі:

1. Д.Е Әбілқасымова т.б Математиканы оќытудыњ теориясы мен әдістемесі А.: 1998

2. Ә. Бидосов. Математиканы оќытудыњ методикасы А.: 1989 ж

3. О.А Жәутіков. Ақиқаттыњ шынын білудегі математиканың рөлі А.: 1995 ж.

4. В.А. Огенесян, Ю.М. Колягин и др. Методика преподование математики в средный школе. М 1980

б) ќосымша:

5. .Бейсеков Ж., т.б. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы. Ш. 2003.

6. Пышкало А.М. т.б. Математиканы бастауыш курсының теориялық негіздері. А. 1984.

7. Антонов Н.С. , Гусев В.А. Современные проблемы методики преподавания математики. М. 1984.

8. Моро М. И., Пышкало А.М. Методика обучения математике в І-ІІІ классах. М. 1975.

Таным әдістерінің ішінде ең кең тараған және әмбебап әдістердің бірі- салыстыру.

Зерттелінетін объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша тағайындау салыстырудеп аталады. Ғылымда салыстыра отырып байқау және өзгерісті айыра алу, адамның ойлау қызметінің негізін қалайтындығы тағайындалды. Салыстыруға жүгінбей бір де бір ұғымның өзін құруға болмайды.

Салыстыру нәтижесінде дұрыс қорытынды алу үшін мынадай шарттар орындалу қажет:



  1. Тек біртекті объектілерді салыстыруға болады.

  2. Объектілерді бірдей белгісі бойынша салыстыру, ол толық болып аяғына дейін жеткізілуі тиіс.

Салыстыру деген, бұл:

а) оқытылатын объектілердің елеулібелгілерін бөліп көрсету;

б) объектіні басқадан бөліктеп тұратын белгілерді табу;

в) осы белгіілер арқылы объектілерді салыстыру.

Ұқсаса математикалық фактілерді салыстыру білімдерді меңгеруді жеңілдетеді, кейбір математикалық ұғымдардың тұжырымдамаларын формальді трафареттік жаттап алуын болдырмауға көмектеседі, математикалық ұғымдар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды тағайындауға жәрдемін тигізеді, өздігінене ғылыми ізденіс жасай білуімен дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.

Салыстыруды тану үрдісінің басқа әдістерімен бірегей қолданғанда, бізді қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстарын зерттеудің тиімді құралы бола лады.

Математиканы оқыту үрдісінде салыстыруды пайдалануға мысал келтірейік.

Мысал: Жазықтықты және кеңістікті түрлендіруді оқып үйренудегі сабақтастық – геометрия курсының басты басты идеяларының бірі болып табылады. Орын ауыстыру туралы алғашқы түсініктер 5-6 сыныптарда қалыптаса бастайды, 7-9 сыныптарда жазықтықты түрлендірудің, ал 10-11 сыныптарда кеңістікті түрлендірудің анықтамалары беріледі.

Бұл мәселелерді салыстырудың маңзы ерекше. Жазықтықты және кеңістікті түрлендірудің ортақ қасиеттерін қарастырайық.

Жазықтықта және кеңістікте мынададай ортақ қасиеттері бар:

а) Теңбе-тең түрлендіру – орын ауыстыру.

б) екі орын ауыстырудың комбинациясы да орын ауыстыру;

в) үш орын ауыстырудың комбинациясында ассаоциативтік қасиеті орындалады.

г) орын ауыстыруға кері түрлендіру – орын ауыстыру.

Бұдан жазықтықта орын ауыстару да топ құрайтынын білеміз. Орын ауыстыруларда орындалатын және басқа қасиетердің тізбесін келтіруге болады:

а) Бір түзуде жатқан А111 нүктелерге бейнеленеді және олардың реті сақталады;

б) Сәуле сәулеге бейнеленеді;

в) түзу түзуге, жазықтық жазықтыққа бейнеленеді;

г) фигура тең фигураға бейнеленеді;

д) екі параллел жасықтық екі параллел жазықтыққа бейнеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет