Лекция: 60 сағат Практика: 30 сағат СӨЖ: 90 сағат обсөЖ: 90 сағат Барлық сағат саны: 270 сағат



бет4/17
Дата17.06.2016
өлшемі1.36 Mb.
#141230
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Лекция №5-6


Ғылыми таным әдістерінің математиканы оқытудағы рөлі.

(2 саѓат)

Жоспары:

  1. Математиканы оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері

  2. Математиканы не үшін оқыту керек

  3. Математиканы қалай оқыту керек

Пайдаланатын єдебиеттер:

а) негізгі:

1. Д.Е Әбілқасымова т.б Математиканы оќытудыњ теориясы мен әдістемесі А.: 1998 ж

2 Ә. Бидосов. Математиканы оќытудыњ методикасы А.: 1989 ж

3. О.А Жәутіков. Ақиқаттыњ шынын білудегі математиканың рөлі А.: 1995 ж.

4. В.А. Огенесян, Ю.М. Колягин и др. Методика преподование математики в средный школе. М 1980

б) ќосымша:

5. .Бейсеков Ж., т.б. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы. Ш. 2003.

6. Пышкало А.М. т.б. Математиканы бастауыш курсының теориялық негіздері. А. 1984.

7. Антонов Н.С. , Гусев В.А. Современные проблемы методики преподавания математики. М. 1984.

8. Моро М. И., Пышкало А.М. Методика обучения математике в І-ІІІ классах. М. 1975.

Математика мен математиканы оқыту тарихи тұрғыда қарбалас жүреді, өйткені адамзат қоғамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі ұрпақтан- ұрпаққа ғылым, білім ауысуы, яғни оқу, оқыту дәстүрінің қалыптасуы болып табылады. Бұл түптен келгенде педагогика, әдістеме мәселелеріне саяды. Мысалы, біздің қолымыздағы ең ескі математикалық жазба ескерткіштер бұдан 4-5 мың жыл бұрын Египетте жазылған папирустар екені мәлім. Осы құжаттармен мұқият таныса келе оларды арифментикалық, геометриялық есептермен қоса оларды шешудің әдістемелік қолайлы ережелерін де кездестіреміз, оқышулылардың ынтасын арттыруды көздеген қызық есептер де бар.

Математиккны оқыту әдістемесі өзара тығыз байланысты үш сауалға жауап беруге тиіс:


  1. Математиканы не оқыту керек ?

  2. Нені оқыту керек және қандай тәртіппен, ретпен оқыту керек?

  3. Математиканы қалай оқыту керек?

Математика әдістемесінде оқытудың жаңа да тиімді әдістерін іздестіру проблемасының маңызы үлкен, өйткені математика курсының жаңа мазмұны мен түзіліс жүйесі мұғалім мен шәкірттің жаңа әдістерді пайдалануын талап етеді. Оның үстіне оқытудың ежелгі дәстірлі әдістері әрқашанда ойдағыдай нәтижеге жеткізе бермейді.

Оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру жолында әдіскер ғалымдар толассыз ізденіс жұмыстарынатқаруда, олармен бірге мыңдаған математика мұғалімдері де күнделікті әр бір сабақ үстінде тәжірибелер жинақтап бұл іске өз лесестерін қосуда.

Қандай ғылым болса да қарастырылып отырған объектілердің мәнәі ашып, оларды қандай заңдылықтырға бағынатындығын зерттейді. Объектілерді танып білу, оларды бақылау және оны сипаттау жұмыстарынан басталады.

Бақылау зерттелетін объектілерді мақсатты және жүйелі түрде тікелей қабылдау арқылы зерттейтін әдіс. Бақылау – ақпарат алудың ең маңызды әдістерінің бірі, ал бақылау жүргізе білу зерттеушінің бағалы қасиеті.

Математикалық объектілер мен заңдылықтарды оқып, үйрену үрдісінде ғылми танудың әдісі болып табылатын анализ және синтез әдістерін пацйдаланбау мүмкін емес. Анализ деп бүтінді ойша немесе практикалық түрде бөліктерге бөліп, ол бөліктерді және олардың қасиеттері мен арақатыстарын жеке – жеке қарастыру арқылы зерттейтін әдіс түсініледі.

Оқып үйренілетін объект туралы айқын түсінік пайда болу үшін құрамды бөліктердің арасындағы өзара байланысты анықтау керек, сол себепті анализ жеткіліксіз. Сондықтан синтез қажет. Синтезді анализ арқылы бөлінген бөліктерді ойша немесе практикалық түрде біріктіру деп түсінуге болады.

Математикада элементар анализ бүтінді құрамды бөліктерге ажырату, ал элементар синтез сол құрамды бөліктерді қайтадан бүтінге жинақтау ретінде қолданылады.

Салу есептерін шығаруда зерттеу жүргізу элементар анализ болса, салуды орындау элементар синтез болып табылады.

Элементар синтез және анализ әдістерін игерген мұғалім, оқушыларда осы әдістер туралы дұрыс тұсінік қалыптастырады.

Лекция №7-8


Орта мектептерде білім берудің және оны оқытудың әдістемесінің дамуы.

(2 саѓат)



Жоспары:

  1. Математика педагогикасының пайда болуы

  2. Мектеп бағдарламасының пайда болуы

  3. Жаңа бағдарламалардың пайда болуы

  4. Математикалық білім беру реформасының идеясы бағыттары


Пайдаланатын єдебиеттер:

а) негізгі:

1. Д.Е Әбілқасымова т.б Математиканы оќытудыњ теориясы мен әдістемесі А.: 1998 ж

2 Ә. Бидосов. Математиканы оќытудыњ методикасы А.: 1989 ж

3. О.А Жәутіков. Ақиқаттыњ шынын білудегі математиканың рөлі А.: 1995 ж.

4. В.А. Огенесян, Ю.М. Колягин и др. Методика преподование математики в средный школе. М 1980

б) ќосымша:

5. .Бейсеков Ж., т.б. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы. Ш. 2003.

6. Пышкало А.М. т.б. Математиканы бастауыш курсының теориялық негіздері. А. 1984.

7. Антонов Н.С. , Гусев В.А. Современные проблемы методики преподавания математики. М. 1984.

8. Моро М. И., Пышкало А.М. Методика обучения математике в І-ІІІ классах. М. 1975.

Математикалық оқыту әдістерінң қарапайым бастамалары өте ерте заманда алғашқы мектептердің пайда болу кезінене басталғанымен, математика педагогикасы дербес ғылым ретінде тек ХХ ғасыр қарсаңында қалыптасты.

1968 жылы бұрынғы КСРО – да математикадан жаңа мектеп бағдарламасы қабылданды. Бұл реформаның басты ерекшеліктері: а) мектепте өтілетін математикалық барлық курсты түбегейлі түрде өзгерту; ә) Төменгі сыныптарға алгебра әлементтерін енгізу; б) төменгі сыныптарда оқу мерзімін төрт жылдан үш жылға қысқарту; в) ІҮ-Ү сыныптарда арифметикамен алгебра бастамаларымен қатар қысқа геометриялық алдын ала дайындау курсын өткізу; г) геометрияның жүйелі курсын аксиомалық негізін күшейту; д) геометриялық түрлендірулерді көбірек пайдалану; е) геометрия курсына векторларды енгізу және ақпаратты геометрияның жүйелі курстарында кеңінен қолдану; ж) жазықтықтағы және кеңістіктегі аналитикалық геометрия элементтерін енгізу; з) жиын ұғымы және жиындағы аманларды қолдану элементтерні енгізу; и) дифференциалдық есептеу элементтерні енгізу.

Математика бойнша жаңа бағдарламаға көшу 1974-75 оқу жылында толық аяқталды. Қазір егеменде Республикамызда бағдарламалар мен оқулықтар қайта қаралып кемелдендірілу үстінде. Бұл өзгерістер үздіксіз жүре беретін табиғи үрдіс болып табылады.

Математикалық білім беру реформасының идеясын іске асыру әрекеттері қазір негізгі екі бағытта жүргізілуде.


  1. Оқу пәні ретінде математика мазмұнын өзгерту, бұл өзгеріс ескі дәстүрлі “классикалық математика” негізінде емес, “қазіргі” математика негізінде жүргізілуі тиіс. Осыған сәйкес метепте математикан оқытудың жүйесі мен әдістерін қайта қарастыру қолға алынды.

  2. “Классикалық” математиканың мәні ескірген кейбір мәселелерін алып тастап, оның орнына қазіргі математиканың кейбір тарауларынан негізгі мағлұматтар енгізу жолымен мектептегі математика курсын біртіндеп жаңарту. Мектептегі математиалық пәндер арасындагы және математика оқу пәні мен практика расындағы байланысты күшейте түсу идеясы басшылыққа алынады. Бұл да оқыту әдістерін қайта қарауды талап етеді.

Жаңа бағдарламаны іске асыру математиканы оқыту әдістерін де өзгертуді қажет етеді, әсіресе оқушылардың оқу, үйрену барсында өзіндік белсенділігін барынша арттыру, оларды ғылыми зерттеу дағдыларын тәрбиелеу мәселелеріне көп көңіл бөлуге тура келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет