Лекция №7 Тақырып: Портфолио оқушылардың жеке жетістіктерін бекіту жəне жинақтау



бет2/2
Дата19.05.2022
өлшемі20.4 Kb.
#457915
түріЛекция
1   2
лек 7

Портфолионың түрлері Портфолионың әр түрі бар, олардың әрқайсысы оқытуда және бағалауда бағдарламаның бiр бөлiгi сияқты нақтылы мақсаттарға қызмет көрсете алады. Портфолио мынандай түрлері ғылыми әдебиетте жиi берiледi: Құжаттық немесе «жұмыс» портфолиосы: Ол нақтылы мерзiм iшiндегі iрiктеп алынған жұмыстарды жинақтайды және жоспарланған нәтижелеріне қарап оқушының табыстарының өзгерiсiн көрсетедi. Құжаттық портфолио барлық мидағы жазылған идеялардан, жобалардан және оқушының толық бiтiрiлген жұмыстарын қамтиды (презентация, шығарма, эссе тағы сол сияқтылар). Портфолио материалдары нақты бір бiлiм беретiн мақсаттарға бағытталғанда ғана мағыналы болып қалыптасады. Портфолиоға күштi және әлсiз жұмыстар да кiре алады.
Процестің портфолиосы: Мұндай портфолио барлық тұрғыларды немесе оқытудағы процесстiң фазасын құжаттайды. Портфолионың бұл түрі барлық оқу процесін құжаттауға өте пайдалы. Ол оқушының бойына сiңiрген нақтылы бiлiмін немесе дағдыларын және негiзгi деңгейден жоғары деңгейге алға басуын көрсете алады. «Процестің портфолиосы» оқушының оқу процесі туралы рефлексиясын күшейтедi. Мұндай портфолио ойлау
күнделiгін жүргізуді , жазылған идеялардың және тағы басқа оқушы рефлексиясының қолданылуын ескередi. Демонстрациялық (көрсетпелі) портфолио. Бұл портфолио түрі суммативті бағалауда өте көп қолданылады. Ол мұғалім мен оқушылардың таңдап алған жақсы жұмыстарынан тұрады. Тек қана толық аяқталған жұмыстар осы портфолиоға кiредi. Бұл портфолионы көбінесе көрнекiлiк құралдарымен толықтырады: фотосурет, бейнежазбалармен, компьютерарқылы есептелген нәтижелермен, т.с. Демонстрациялық портфолио оқушының қандай жұмыстарды осы портфолиоға енгізетіні туралы шешім
қабылдауда жазған ойларынан тұрады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


1.Портфолионы қолданудың маңыздылығы
2.Портфолионы бағалау қалай жүзеге асырылады?
3.Портфолионы толтыру кезеңдерi
4 Портфолионың қандай түрлері бар?

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 7 декабря 2010 года № 1118.

  2. Назарбаев Интеллектуальные школы «Новые подходы к оцениванию учебных достижений» //Электронный ресурс. – Режим доступа:obuchenie.sadu-kz.com?news=153.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет