Лекция №8 2020-2021 оқу жылы (5 семестр)


М — проекция митрального клапана



бет3/7
Дата06.12.2023
өлшемі4.23 Mb.
#485607
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Лекция ЖҚТЖ ҚАЗАҚША

М — проекция митрального клапана;
А — проекция клапана аорты;
Л — проекция клапана легочного ствола;
Т — проекция трехстворчатого клапана;
А — проекция клапана аорты;

Қан тамырларының құрылымдық ерекшеліктері:


Негізгі магистральды тамырлардың өсу қарқыны жүректің өсуіне қарағанда баяу (15 жасқа қарай жүрек 7 есе, аорта(қолқа) шеңбері тек 3 есе артады).
Жасы ұлғайған сайын өкпе артериясы мен аорта(қолқа) диаметрінің қатынасы өзгереді (жаңа туылған нәрестелерде сәйкесінше 21 және 16 мм, 12 жасқа қарай теңеседі).
Жаңа туылған нәрестелерде қан тамырының бұлшықеттік қабаты және эластикалық талшықтары жеткіліксіз дамыған.
Жаңа туылған нәрестелердегі веналар мен артериялардың саңылауының арақатынасы 1 : 1 және 2 : 1-ден 16 жасқа дейін.
6) Миокардтың қанмен қамтамасыз етілуінің ерекшеліктері:
Қанмен қамтамасыз етілу типі
10-12 жасқа дейінгі балалардағы борпылдақ түрі 
Ересектердегі негізгі(магистаральды) тип (миокард инфарктісінің қаупі)

Жүрек-қан тамыр жүйесінің функционалды көрсеткіштерінің жас ерекшеліктері

1) Пульс өзінің негізгі сипаттамаларына сәйкес бағаланады: синхрондылығы, ырғағы, жиілігі, кернеуі, толуы, шамасы.

2) Соққы көлемі - жүректің әр жиырылуымен қан тамырларына шығарылатын қан мөлшері. Жаңа туылған нәрестеде соққы көлемі 2,5-3,5 мл құрайды, емшек жасы кезеңінің соңына дейін ол 10 мл-ге дейін көтеріледі, ал 16 жаста ол 60 мл құрайды.

3) Минуттық көлем - сол қарыншамен аортаға(қолқаға) 1 минут ішінде шығарылатын қан мөлшері. жаңа туған нәрестеде көрсеткіш 340 мл құрайды, емшек жасының соңына дейін 1250 мл-ге дейін, ал 16 жаста 4300 мл-ге дейін артады.

4) Қан айналу жылдамдығы:


5) Циркуляциялық қан көлемі - салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде толық тізбекті аяқтайтын қан мөлшері. ЦКК жаңа туған нәрестелерде - 1 кг дене салмағына 147 мл, 1-3 жас аралығында – 67,5–78,5 мл, 7-9 жас аралығында – 70,5-88,5 мл, 10-14 жас аралығында – 66,5-83,5 мл ең жоғары шамаға ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет