Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары


Лекция 7 ТПП – педагогикалық қызмет пен мұғалім іс-әрекетінің обьектісі. ТПП қозғаушы күштері, құрылымы, элементарлық жасаушасы



бет10/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47
дәрістер (1)

Лекция 7 ТПП – педагогикалық қызмет пен мұғалім іс-әрекетінің обьектісі. ТПП қозғаушы күштері, құрылымы, элементарлық жасаушасы.
Мақсаты: тұтас педагогикалық процесc және оның құрылымы жайлы түсінік беру, ТПП-тегі мұғалімнің іс-әрекеті. 
Жоспар:
1. ТПП туралы түсінік
2. ТПП құрылымы
3. ТПП заңдылықтары мен принциптері
Негізгі ұғымдар: тұтас педагогикалық процесс, «педагогтар-оқушылар» жүйесі, субьект-обьектілі қатынастар, педагогикалық жағдайат, қозғаушы күштер.
Тұтас педагогикалық процесс (ТПП) дегеніміз ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын оқушылардың бірлескен іс-әрекеті. "Педагогикалық процесс" деген терминді ХІХ ғ екінші жартысында ғылыми айналымға енгізген П.Ф.Каптерев. Қазіргі кезде ТПП мәні туралы әр түрлі зерттеулер баршылық. Орыс педагогтарынан С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, М.А.Данилов, Т.Лихачев, Ю.К.Бабанский, т.б. педагогикалық процесті зерттесе, қазақстандық педагогтардың ішінен ТПП зерттеген Н.Д.Хмель.
Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субьектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттамасы - оның білімі, іскерлігі, тұлғалық қасиеттері. Ал мұғалімнің іс-әрекетінің обьектісі педагогикалық процесс болып табылады. Мұғалім мен оқушы іс-әрекеттің субьектісі болады. Қандай да бір обьектіні тұтас қарастыру үшін оның әрбір элементін қарастыру қажет. ТПП-тің ең кіші элементі "кереге көз" (клеточка) деп аталады. Элементарлық бірлік ретінде "кереге көз" негіз болатын абстракция болып есептеледі.
Элементарлық бірлікті (кереге көзді) Н.Чакыров, В.И.Загвязинский, т.б. зерттеген.
ТПП түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, "қалыптасудың қас-қағым сәті" педагогикалық жағдаят болуы керек. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы негізгі қарама-қайшылықтарды жеңу арқылы жүзеге асады. Қарама-қайшылық ТПП-тің қозғаушы күші.
ТПП құрылымы деп оны құрайтын жеке дара бөліктердің жүйесін, яғни оны құрайтын компоненттерді атайды: мақсат, міндеттер, форма, құрал, әдістер мен тәсілдер, мазмұн. ал ұстаздар мен оқушылар ТПП әлеуметтік бөліктеріне жатады.
Әр ғылымда қалыптасқан обьективті шындық заң деп аталады. Заңдар сол ғылымның теориясын құруға көмектеседі. теорияға категориялар, заңдар, заңдылықтар жатады. Педагогикалық заңдар педагогикалық процеспен байланысты. Пед. заңдар ХХғ. 20-шы жылдарынан бастап зерттелді. Заңдылықтар ТПП бөліктерінің ішкі және сыртқы байланыстарын құрайды. ПП-тің заңдары мен заңдылықтары принциптерде жүзеге асады. Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Заңдар, заңдылықтар және принциптер өзара байланыста болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет