Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары



бет21/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
дәрістер (1)

Педоцентристік тұжырымдамада басты роль баланың іс-әрекетіне, оқуға беріледі. Оның негізіне Д.Дьюидің жүйесі, Т.Кершенштейнердің «еңбек мектебі», В.Лайдың «әрекеттегі педагогика» тұжырымдамалары жатады.
Оқытудың мақсаты тәрбиенің мақсатына ұқсас. Егер мақсат болмаса, оқыту процесінің нәтижесі де болмас еді. Сонда оқыту процесі - оқытудың мақсатын жүзеге асыратын процесс. Оқыту процесінің негізгі мақсаты: мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында оқушыларға білім беру міндеттерін шешу. Бұл міндеттер төмендегідей:

Оқытудың 3 функциясы бар:

  • білімдік - оқушыларды білім негіздерімен қаруландыру.

  • тәрбиелік - адамгершілік, ұқыптылық, жауапкершілік, отансүйгіштік, т.б. қасиеттерді тәрбиелеу.

  • дамытушылық - баланың таным қабілеттерін арттыру.

Оқыту процесінде оқушыларға білім берумен қатар, ең алдымен тәрбие берілуі керек. Оқушыларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, ақыл-ой, дене, т.б. тәрбие беру міндеті жүзеге асырылады. Соның ішінде оқыту, ең алдымен, ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысты.
Оқытудың мақсат-міндеттері, мазмұны қоғам қажеттіліктеріне қарай өзгеріп отырады. Қарапайым қоғамда оқытудың мазмұны да қарапайым: бала тек оқу, жазу, санау білсе жеткілікті. Қоғамның дамуына байланысты өндірістің, техниканың дамуына қарай оқытудың мазмұны да күрделенді, бұрынғы қарапайым білім өндірісте жұмыс істеуге жеткіліксіз болды. Оқу орындарында техникалық білім беріле басталды. ЭЕМ дамыған қазіргі қоғамда компьютерлік білімнің қажеттілігі туды.
Оқытуда бала үнемі білмеуден білуге қарай жылжып отырады. Баланың танымдық қабілеттері - ойлау, есте сақтау, зейінділік, т.б. дамиды. Баланың оқуына күшті әсер ететін себептердің бірі - мотивтер. Мотив деп белгілі әрекетке итермелейтін, бағыттайтын себепті айтады.
Оқыту процесіне мұғалім мен оқушы қатысады. Оқытуда жетекші рольді мұғалім атқарады. Алайда оқушы тек обьект ғана болмай, субьект болуы керек. Оқытуда жақсы оқитын балалар белсенділік көрсетсе, үлгермеушілер енжарлық жасап, оқуға ешқандай күш жұмсамайды. Мұғалім балалардың бәрін де оқуға қызықтырып, ынталандыруы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет