Вегетациялық кезеңдегi жылдық ресурсына баға беру:
Ауылшаруашылық дақылдарын жылылықпен қамтамасыз ету жөнiнде бүткiл ТМД территориясы төрт аймаққа бөлiнедi.
1 аймақ – бұл аймақта вегетация кезеңiнде активтiк температураның жиынтығы 1000-14000С аспайды. Ашық топырақта бұл жерлерде ерте картоптың және астықтың кейбiр ерте пiсетiн сорттарын егуге болады.
2 аймақ – солтүстiк астық дақылы деп аталады. Бұл жерде активтiк температураның жыйынтығы 1400-22000С дейiн болады.
Бұл аймаққа жақсы агротехникалық шаралармен астық еккенде ең жоғары өнiм алуға болады.
3 аймақ – жүгерi, май шығаратын дақылдар және қант қызылшасы егiледi. Ал бұл аймақтың оңтүстiк жағында бақша дақылдары, күрiш, жүзiм және бұршақ егiледi. Бұл жерде температураның жыйынтығы 2200-35000С жетедi.
4 аймақ – бұл аймақ мақта, темекi, кеннаф және сондай вегетациялық кезеңi ұзаққа созылатын дақылдар егiлетiн аймақ деп аталады. Бұл жерде активтiк температура 35000С-тан көп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |