Тiк және шашыраған радиациялардың байланыстылығы:
1. Көкжиектен күннiң биiктiгiн – көкжиектен күннiң биiктiк бұрышы азайған сайын шашыраған радиация көбейедi детiк радиация азаяды, өйткенi күн сәулесiнiң атмосфераның төменгi қабатынан (әртүрлi элементтер көпқабат) өтетiн қашықтығы (жолы) көбейедi, сондықтан көп шашырайды.
2. Атмосфераның тұнықтылығы – атмосферада әртүрлi элементтер (бұлттар) азболған сайын тiк радиация көп те, шашыраған радиация аз болады.
3. Атмосфераның бұлттылығына – бұлт көбейген сайын шашыраған радиация көбейедi де, тiк радиация азаяды.
4. Жербетiнiң түрiне (цвет) – неғұрлым ақшыл болса жербетiнен шағылысқан радиация көбейедi, солғұрлым шашыраған радиация көбейедi.
Тiк және шашыраған радиациялар бiр-бiрiнен сапалық айырмашылықтары бар. Тiкрадиация құрамында қызыл, сары, қызғылт (оранжевый) жылулық әсер ететiн ұзынтолқынды сәулелер көп, алшашыраған радиация құрамында көк, күлгiн, ультрокүлгiн қысқа толқынды сәулелер көп. Бұл өте химиялық белсендi сәулелер.
Жиынтық радиация (Q) деп, көлбеу жазықтыққа түскен тура және шашыраған күнрадиациясының қосындысын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |