Лекция атауы: Туылу кезіндегі асфиксия хаж-10 коды бойынша



бет5/12
Дата11.12.2023
өлшемі41.84 Kb.
#486152
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Асфиксия казакша

Жоқ

30сек


 
ЖЖЖ <100, тыныс аул типі гаспинг немесе апноэ ма?

 
Жоқ

 
Қиын тыныс алу немесе қатаң цианоз ба?



 
Иә


 
Иә

60сек

В

Өкпенің жасанды желдеткіші SpO2 мониторинг


ТЖ өткізгіштігін қамтамасыз ету, SpO2 мониторингі, СРАР








ЖЖЖ <100?

Жоқ




Иә



Бүтін SpO2 нормалары

 


 


Желдетудің сәйкес екендігіне көз жеткізу
Интубацияның қажеттілігін қарастыру





 
Жоқ

Жансақтаудан кейінгі көмек

1 мин 60-65%
2 мин 65-70%
3 мин 70-75%
4 мин 75-80%
5 мин 80-85%
6 мин 85-95%




ЖЖЖ <60?





Иә




С

ӨЖЖ-мен бірге ҒМК бастау





Иә





ЖЖЖ <60?




D

Иә





ВВ адреналин

Төмендегі үш сұрақ нәрестенің туылған кездегі күй-жағдайын бағалап, жансақтау шаралары қажеттігін білуге бағытталған.


• Нәресте ай-күніне жетіп туды ма?
• Тыныс ала ма немесе айқайлай ма?
• Бұлшықет тонусы жақсы ма?
Егер маман барлық сұрақтарға «ия» деп жауап берсе, онда жансақтау шараларындың қажеттілігі жоқ. Нәрестені ана кеудесіне жатқызып, құрғатып, температураны 36,5-37,5.С аралығында бірқалыпты ұстау үшін жылы құрғақ жөргекпен орау қажет. Босану залында өткізген барлық кезеңде динамика жағдайын бағалау үшін медициналық персоналдың қатаң бақылауында болуы керек.
Егер сұрақтардың кем дегенде біреуіне «жоқ» деген жауап берілсе, нәрестені жылытылған реанимациялық үстелге немесе жылу көзі бар жерге ауыстырып, тез арада жансақтау шараларына көшу керек. (Жансақтау алгоритмін қараңыз. А блогы).
 
А блогы. Ұрық жанындағы таза судың төгілгенінен кейін алғашқы жансақтау шаралары:

1. Баланы анасынан айырып, сəулелі жарығы, жылу көзі бар жерге көлденеңінен жатқызып, жылы жөргекпен жауып қою. Өйткені суық стресі оттегін тұтынуды артып, басқа асқыну қауіпін арттырып, жансақтау тиімділігін түсіреді, бұл жаңа туылған нәресте үшін маңызды [7,8].
2. Оған дұрыс қолайлы жағдай жасау, (арқасы мен басын жайлап шалқайту, өйткені тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету, ол иық астына буылтық қойған тіпті жақсы). Осындай жағдай артқы жұтқыншақ бөлігі, көмей және кеңірдектің бір бойында орналасқан орнына және шектелмеген ауаның жетуіне және тыныс алу жолдарының барынша ашылуын қамтамасыз етеді. Шектен тыс артқа шалқайтылған немесе бүгілмелі болса, тыныс алу жолдарының ашылуына бөгет береді (кеуде қуысы иекке келтірілген).
3. Тыныс алу жолдарын босату қажеттілігінде санация жүргізу. Қазіргі заманғы кеңестерге сәйкес, жоғарғы тыныс жолдарының санациясы ескіше үрдіс болмауы керек. Тыныс жолдарындағы секретті немесе шырышты саусақпен алып тастауға болады, немесе медициналық груша арқылы аспирацияны алдымен ауызға, сонан соң мұрынға жасау. Секреттің көп мөлшерде жиналғанында, баланың басын қырынан бұрып уақтылы тарып алып отыру керек (10). Бұл жағдайда шырыш беттің ішкі бөлігіне ағады, ал ол жерден сүрту оңайырақ. Тыныс алу жолдарының санациясы кезінде нәрестеде брадикардия пайда болса, манипуляцияны тоқтатып, жүректің жиырылу жиілігін бақылау керек (ЖЖЖ).
4. Баланың шашы мен терісін сорғыш затпен құрғату жəне басын жылы жөргекпен орау, ылғал қабықты жою жəне қайтадан ыңғайлы етіп көлденінен құрғақ жерге жатқызады, бұл əрекеттер (тыныс жолдарынан бөгде нəрселерді сору жəне құрғату) алғашқы өздігінен тыныс алуын сергітеді.
Нәрестені құрғатып сүрту нәрестенің өздігінен тыныс алуына септігін тигізеді. Егер өздігінен тыныс ала бастамаса, қосымша қысқа уақтылы тәсілді қолдану керек: табанынан, өкшесінен жай ғана шапалақтау, жайлап арқасын, кеудесін, аяқ-қолын 1-2 рет сипалау. Ай-күніне жетпей туған нәрестелерде қол батырып (қатты сипалау) сипалаудан аулақ болу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет