Лекция Қазақстан Республикасы Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйесі (МӨЖ) Лекцияның мазмұны 1 Ө



бет6/27
Дата05.09.2023
өлшемі292.5 Kb.
#476620
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Метрология дәріс

Өлшеу құралдарының жіктелуі.
Өлшеу құралдары стандартталған және стандартталмаған болып бөлінеді.
Стандартталған өлшен құралдары – стандарттардың талаптарына сәйкес жасап шығарылған және қолданылатын өлшеу құралдары.
Стандартталмаған өлшеу құралдары – бұл өлшеу құралдары талаптарды стандарттау қажет емес деп есептеледі (нецелесообразно).
Жұмыс істеу принципы бойынша өлшеу құралдары бөлінеді:

  • механикалық өлшеу құралдары;

  • физика-химиялық өлшеу құралдары;

  • электрлік өлшеу құралдары;

  • оптикалық өлшеу құралдары.

Түрлері бойынша өлшеу құралдары бөлінеді:

  • өлшемдер;

  • өлшегіш аспаптар (приборы);

  • өлшегіш қондырғылар;

  • өлшегіш машиналар;

  • өлшегіш жүйелер;

  • өлшегіш-өзгерткіштер;

  • стандарттық үлгілер.

Өлшем – физикалық шаманың бір немесе бірнеше берілген мөлшерін ұдайы қайталау және (немесе) сақтауға арналған өлшеу құралы. Физикалық шаманың мөлшері (мөлшерлері) тағайындалған бірліктерде берілген және қажетті дәлдікпен белгілі болуы керек.
Өлшемдер бір мөлшерлі (физикалық шаманың бір ғана мөлшерін ұдайы қайталайтын) және көп мөлшерлі (физикалық шаманың әртүрлі молшерлерін ұдайы қайталайтын) болуы мүмкүн.
Өлшемдер жиынтығы – бір физикалық шаманың әртүрлі мөлшерлі өлшемдерінің комплексі. Ноборға кіретін өлшемдер жеке де әртүрлі сочетаниемен де қолданыла алады.
Өлшемдер магазины – конструкциясы бойынша бір құрылғыға біріктірілген, оларды әртүрлі комбинацияда қосуға арналған приспособлениелері бар өлшемдер жиынтығы.
Өлшегіш аспап - өлшенетін физикалық шаманың мәндерін белгілі диапазонда өлшеуге арналған өлшеу құралы болып табылады.
Өлшегіш сапаптар индикация деңгейі бойынша көрсетуші және тіркеуші деп бөлінеді, ал амалы бойынша интегрирующий және суммирующий болады.
Бұнымен бірге өлшегіш аспаптар тура өлшегіш (прямого действия), салыстыру аспаптары, аналогты, цифралы, өзі жазушы және басушы деп бөлінеді.
Өлшегіш қондырғы – бір жерде финкционалды біріктірілген өлшемдер, өлшегіш аспаптар, өлшегіш-өзгерткіштер және басқа, бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге арналған қондырғылардың жиыньығын айтады.
Өлшегіш машина - өлшеулерді үлкен бұйым сипатталатын физикалық шамаларды дәл өлшеуге арналған өлшегіш қондырғыны айтады (күшті өлшегіш машина, бөлгіш (делительная) машина, үлкен ұзындықтарды өлшегіш машина және т.б.).
Өлшегіш жүйе – осы объкттің әртүрлі нүктелерінде бақыланатын объектіге тән бір немесе бірнеше физикалық шаманы өлшеу және әртүрлі мақсаттарда өлшеу сигналдарын шығару мақсатында орналастырылған функционалды біріктірілген өлшемдер, өлшегіш аспаптар, өлшегіш-өзгерткіштер, электронды есептегіш машиналар және басқа да техникалық құралдар б.т.
Өлшегіш жүйелер арналуы бойынша информациялық, өлшегіш- бақылаушы, өлшегіш-басқарушы және т.б. жүйелерге бөлінеді.
Өлшеу міндетіне байланысты қайта құрылуға жарамды өлшегіш жүйелерді гибкий өлшегіш жүйелер деп атайды.
Өлшегіш-өзгерткіштер нормаланған метрологиялық сипаттарды иеленеді және өлшенетін шаманы басқа шамаға немесе өлшеу сигналына аударуға арналады. Аударылған шама немесе сигнал, әдетте, өңдеу, сақтау, ары да өзгертуге немесе беруге ыңғайлы болып табылады.
Өлшегі-өзгерткіштер өлшегіш техниканың құрамына кіреді немесе өлшеу құралдарымен бірге қолданылады.
Өзгерту сипаты бойынша (қалай өзгертетініне байланысты) өлшегіш-өзгерткіштер аналогты, цифор-аналогты, аналог-цифралы өдшегіш-өзгерткіштер деп бөлінеді, ал өлшеу тізбегінде алатын орны бойынша – бастапқы және промежуточный өлшегіш-өзгерткіш деп бөлінеді. Бұдан басқа өлшегіш-өзгерткіштер масштабный және передающий болады.
Бір өлшеу құралында бірнеше бастапқы өзгерткіш болуы мүмкүн.
Бастапқы өлшегіш-өзгерткіш деп өлшенетін физикалық шама біріншіден оған әсер ететін өзгерткішті айтады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.
2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет