Лекция 7. Стандарттау әдістері.
Лекцияның мазмұны
1 Стандарттау жұмыстарын өткізу кезінде жиі қолданылатын әдістер
2 Жеке стандарттау әдістеріне қысқаша шолу
Лекцияның қысқаша конспекті
Стандарттау жұмыстарын өткізу кезінде жиі қолданылатын әдістер
Стандарттау қызмет түрі ретінде жалпы ғылыми және арнаулы әдістердің жиынтығына сүйенеді. Бұл әдістер жиынтығы қайталанып кездесетін міндеттерді оптималды шешу үшін қажет болып табылады.
Стандарттау жұмыстарында жиі қолданылатын әдістер:
стандарттау объектілерін ретке келтіру;
параметрлерді стандарттау;
унификаицялау;
агрегаттау;
кешенді стандарттау;
озық стандарттау.
Стандарттау объектілерін ретке келтіру стандарттау объектілерініңалуан түрлігін басқару болып табылады. Мысалы, жіктеуштер, типтік конструкциялар, комплекттеуші бұйымдар, процестер, ережелер, құжаттардың формалары (нұсқалары) ретке келтіру жұмыстарының нәтижесі болып табылады.
Ретке келтіру стандарттау объектілерін жүйелеу (жүйеге келтіру), типтендіру, селекция, симплификация және оңтайлау арқылы (жолымен) жүзеге асырылады.
Параметрлерді стандарттау – параментрлердің целесообразный номенклатурачын және сандық мәндерін таңдау және негіздеумен байланысты стандарттау әдісі.
Параметр – (parametron – грек - өлшеу жүргізуші) – процестің, құбылыстың немесе жүйе, машина, аспаптың кез келген қасиетін сипаттаушы шама.
Өнімнің ең маңызды параметрлері болып оның арналуын және қолдану шарттарын айқындаушы сипаттары табылады:
өлшемдік параметрлер (киімнің, аяқ киімнің раазмері, ыдыс яқтың сиымдылығы.;
салмақтық параметрлер (спорт инвентарінің жеке түрлерінің масасы);
машиналар мен аспаптардың өнімділігін сипаттаушы параметарлер (желдеткіштің өнімділігі, көліктің жүру жылдамдығы);
энергетикалық параметрлер (тоңазытқыш пайдаланатын қуаттын мөлшері) және т.б.
Белгілі типке жататын, яғни белгілі қызметке арналған, жұмыс істеу принцибы мен конструкциясы айқындалған өнім бірнеше парамертлермен сипатталады. Параметрлердің тағайындалған мәндерінің жиынтығы параметрлік қатар беп аталады. Мысалы электр лампалардың параметрлік қатары (пайдаланатын қуаты бойынша): 25, 40, 60, 75, 100, 150, 200, 250, 500 Вт.
Параметрлер қатарларын стандарттау процесі параметрлік стандарттау деп аталады. Мысалы, киім және аяқ- киімнің өлшемдік қатарларын құру үшін көптеген еркек және әйел адамдарді (әртүрлі жастағы, әртүрлі региондарда тұратын) антропометриялық өлшеулерден өткізу керек. Алынған нәтижелер математикалық статистика әдістерімен өңделеді.
Машина, аспап, ыдыстардың параметрлік қатарлары үйлесімді сандар жүйесіне сәйкес құралады. Үйлесімді сандар деп геометриялық прогрессия бойынша өзгеретін сандар тізбегінің жиынтығын айтады. Бұл жүйенің мағнасы – параметрлер мәндері үшін кез келген санды ала бермей, тек қана белгілі математикалық заңға бағынатын мәндерді ғана алу болып табылады.
Параметрлік стандарттауда негізгі стандарттар ГОСТ 8032 «Предпочтительные числа и ряды предпочтительных чисел» және ГОСТ 6636 «Нормальные линейные размерц» болып табылады.
Радиотехникада Халықаралық электротехниалық комиссиямен қабылданған Е қатарлары бойынша құрылған үйлесімді сандар қолданылады.
Бұл қатарлар ГОСТ 2825 «Ряды номинальных сопротивлений постоянных резисторов» және ГОСТ 2519 «Ряды номинальных емкостей постоянных конденсаторов» стандарттарымен бекітілген.
Достарыңызбен бөлісу: |