Лекция Қазақстандағы банк жүйесі. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты


Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі



бет3/11
Дата29.09.2024
өлшемі29.17 Kb.
#504103
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазақстандағы банк жүйесі. мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алған соң КСРО Мембанктің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып табылады, Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді және өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды , халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Қазақстан Ұлттық банкі басқа елдердің Орталық банктерімен және тағы басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-несие ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық банк пен оның бөлімшелері салықтың, алымның және баждың, соның ішінде кеден бажының барлық түрлерін төлеуден босатылады.
Қазақстан Ұлттық банкі заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өз қарамағындағы бөлімшелермен бірге біртұтас құрылым құрайды.
Ол республиканың кез-келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді.
Қазақстанның Ұлттық банкінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасызету болып табылады.
Қазақстан Ұлттық банкіне сонымен қатар:
· Қазақстанның экономикалық мен оның дүниежүзілік экономикаға кірігуіне қол жеткізу мақсатында ықпал ететін ақша айналысы, несие, банктік есеп айырысуды ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекет санатын әзірлеу мен жүргізу;
· Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақты болуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
· Кредиторлар мен банк салымшылардың, сондай-ақ банктер мен басқа ұйымдардың қызметін реттейтін актілерді қабылдау және олардың орындалуын бақылау жолымен шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар, клиенттердің мүддесін қорғау жүктеледі.
Қазақстан Ұлттық банкі айналыстағы ақша көлемінің мөлшерін реттеу жолымен мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, банкноттармен тиындардың бірден бір элементі болып табылады. Республика аумағында банктер, еншілес банктер ашуға рұқсат береді. Банктердің, сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін қадағалайды және оларға пруденциалдық нормативтерді белгілейді. Ресми ставкаларды өзгерту жолымен банктердің проценттік ставкалары деңгейін реттеуді жүзеге асырады.
Валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыруға және валюталық операциялардың барлық түрлерін жүргізуге құқылы.
Қазақстан Ұлттық банкінің басқару органдары басқарма мен директорлар кеңесі (Директорат) болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет