Hˆ e e Ee e ,(1а)
Hˆ E ,(1б)
Hˆ r r Er r .(1в)
Бұларды шешкенде е1, е2, е3,...; 1, 2,...; r1, r2,... меншікті толқындық функциялар және Ее1, Ее2,...; Е1, Е2,...; Еr1, Еr2,..меншікті энергия мәндері алынады.
Қарастырылып отырған (1) жуықтауда (адиабаттық) молекуланың Е толық энергиясы бір-бірінен тәуелсіз – Ее электрондық ,Е тербеліс және Еr айналыс үш құраушыдан тұрады:
E Ee E Er .(2)
Толық толқындық функцияны (1) түрінде бөлу мына шарт
Ee E Er(3)
орындалғанда ғана мүмкін болады.
(2) формуладағы әрбір мүше нақты мәндер қабылдайды. Ее, Е, Еr берілгенде молекуланың толық энергиясы белгілі электрондық-тербеліс-айналыс күйге сәйкес келетіндей мәнге ие болады. Сонда бір-бірінен алшақ орналасқан электрондық деңгейлер, тығызырақ орналасқан тербеліс деңгейлері, бұдан да жақын орналасқан айналыс деңгейлер жиынтығы алынады (1- сурет).
Молекула бір күйден басқа күйге ауысқанда бір мезгілде толық энергияның барлық үш бөлігі (электрондық-тербеліс- айналыс) бірдей өзгеруі мүмкін. Бұл молекулалардың шығару және жұтылу спектрлерінде білінеді, спектр құрамында үш құрылым – электрондық, тербеліс және айналыс құрылымдары болады. Жиіліктер шартына сәйкес, сәуле шығару және жұтылу ауысулары үшін мына теңдік орындалады:
мұндағы Е және Е – төменгі және жоғары электрондық-тербеліс- айналыс деңгейлерінің сәйкес энергиялары, және ve Ee / h, v E / h,vr Er / h . v – спектрдің тербеліс (жолақтық) құрылымын, vr – жолақтың айналыс (нәзік) құрылымын
v E E (Ee E Er ) (Ee E Er ) v v
1-сурет
сипаттайды. Электрондық энергия өзгергенде бір мезгілде молекуланың тербеліс және айналыс энергиялары бірге өзгереді. Сонда электрондықтербеліс-айналыс спектрлері алынады, бұлар қысқаша электрондық спектрлер деп аталады. Осы спектрлердегі жеке жолақтар
Ee const берілген жағдайдағы әр түрлі E мәндеріне, ал жолақтардағы нәзік түзілістің жеке сызықтары – берілген Ee және Eжағдайдағы әр түрлі Er мәндеріне сәйкес келеді.
Электрондық деңгейлер арасындағы айырма 1-10 эВ. Бұлардың арасындағы ауысулар нәтижесінде жиіліктері 10 14-10 15 Гц электромагниттік сәуле шығарылады (не жұтылады), яғни мұндай спектрлер спектрдің көрінетін және ультракүлгін аймақтарында жатады. Егер Ee =0, яғни электрондық күй тұрақты (өзгермеген жағдайда) болып, тербеліс энергия өзгергенде тербеліс спектрлері пайда болады. Осы жағдайдағы тербеліс энергиясының өзгерісінен айналыс энергиясы да өзгереді. Тербеліс энергиясы үшін E 10 -1-1 эВ, бұған v10 12-10 14 Гц жиілік сәйкес келеді. Демек, спектр жақын және алыс инфрақызыл аймақта жатады.
Егер Ee =0, E =0 болып, молекуланың тек Еr айналыс энергиясы өзгеретін болса, онда таза айналыс спектрлері пайда болады. Еr 10 -10 эВ, бұған vr10 -10 Гц жиілік сәйкес келеді. Таза айналыс спектрлері спектрдің алыс инфрақызыл және субмиллиметрлік аймағында орналасады.
Оқшауланған атомдар мен молекулалардың қозғалысындағы ерекшеліктері олардың спектр құрылымынан көрінеді. Атомдарға сызық-сызық болып көрінетін спектрлер тән. Олардын әрбір сызығы жеке-жеке, анық және әрқайсысы белгілі бір жиіліктегі жағдайды білдіреді. Демек, атомдардағы шығару спектрлері. электрондардын қоздырылған энергетикалық деңгсйден ңегізгіге ауысқан кезінде пайда болады. Ондағы тербелістің жиілігі квантталу шартымен анықталады: ү= (Е, — Е0) : һ; (\v — тербеліс жиілігі; Е{ — қоздырылған деңгейдегі электрон энергиясы; Е0 —негізгі деңгейдегі электрон энергиясы; һ — Планк тұрактысы).
Атомдық спектрмен салыстырғанда, толық молекулалық спектрлер әлдеқайда күрделі. Олар бір-біріне өте жақын, жиі тшті кейде бірігіп, бүтін бір жолақ болып көрінетін көптеген сызықтан тұрады. Мұндай спектрлер молекуладағы өте күрделі және көптеген құбылыстар мен өзгерістерді көрсетеді, мысалы, ядроның тербелуі және оның тепе-теңдік жағдайдан ауытқуы, электрондардың ауысуы, кванттық өзгерістер, т. б.
Сұрақтар
Молекулалық спектрдің атомдық спектрден айырмашылығы неде?
Молекулалардың энергетикалық деңгейлерінің құрылымы қандай?
Молекулалық спектрлер спектрдің қандай аймақтарында байқалады?
Молекуланың электрондық термдері қалай белгіленеді?
Шредингер теңдеуін адиабаттық жуықтауда сутегі молекуласы үшін жазың
Достарыңызбен бөлісу: |