қалдырмайды.
Керісінше, ол бізге шабыт беріп шығармашылыққа, табиғаттың кереметтігін
мойындауға, оған бас иуге итермелейді. “Әсемдік Дүниені сақтап қалады”,- деген
Ф.Достоевскидің нақыл сөзі жоғарыдағы ойлардан шықса керек. Біз болсақ, тек қана ар-
ұжданға, моральдық құндылықтарға сенер едік, өйткені, өкінішке орай, бүгінгі өмірде салқын
лебізді, ар-ұжданның талабына сәйкес келмейтін сұлулық жиі кездеседі.
Голландия ойшылы И.Хейзинга адамға “Homo Ludens” – ойнайтын адам – деген ат қойып, сол
жөнінде көлемді еңбек жазды. Адам өз өмірінің шеңберінде жүздеген
әлеуметтік рөлдерді ойнайды. Мысалы,
ол - әке, жұмыста есепші, біреудің жолдасы, я болмаса,
туысы, саяси партияның мүшесі, ауладағы футбол командасының капитаны т.с.с. Әрбір рөлдің
мазмұны мен әлеуметтік нормалары өзгеше. Тіпті өлер алдында адам сол рөлді ойнап, ол да
болса оны қоршаған жақындарына өнеге болып қалады. Сонымен,
рөлдер тек театр сахнасында
ғана ойналып жатқан жоқ, ол бүкіл жер бетінде адамдар бар жерде жүріп жатыр. Ал
жануарларға келер болсақ, олардың күшіктері бір-бірімен ойнап өз табиғи инстинктерін
оятады, уақыт өтіп есейген сәтте олар тоқталады.
“Homo Erectus” – тік жүретін адам – деген анықтаманың да терең мазмұны бар екенін
байқаймыз. Адамға ұқсас маймылдардың тарихи адамға айналу барысында, оның алдыңғы екі
қолы жерге түскеннен кейін босап, еңбек ету арқасында нағыз ғажапқа – ешқандай теңдесі жоқ
- адамның қолына айналады. Адам өз қолдарымен 2000-нан артық әр-түрлі нәрселерді жасайды
екен !!! (микроскоп арқылы көздің жарасын тігуден бастап, алып экскаваторды басқаруға
дейін). Бірде-бір жануардың осындай икемі бар дене мүшесі жоқ. Егер де жер бетіндегі
адамдардың бәрі де жойылып, тек бір ғана адамның қол сүйегі қалса, соған қарап,
Ғарыштан
ұшып келген саналы пенделер осы жер бетінде ақыл-ойдың, рухтың болғанын байқар еді !!!
Өйткені, адамның қолы – рухтың дүниеге келу барысындағы сонымен бірге қалыптасқан
туындысы.
Француз ойшылы Э.Кассирер адамға “Homo Sіmbolіcus”- нышан, белгі жасайтын адам – деген
анықтама берген болатын. Кең түрде алғанда символға қайсыбір халықтың тілі, бабалардан
қалған аңыз-дастандар, дін, өнер қағидаларын, неше-түрлі өмірдегі кездесетін белгілерді
(мысалы, машинамен келе жатып, алдымыздан ортасында қызыл кірпіш
көрсетілген дөңгелек
белгіні көргенде, біз тоқтап әрі қарай жүрмейміз) т.с.с. жатқызамыз. Қайсыбір нақыл сөздер,
көркем әдебиеттегі салыстырма, бейне, мысалдардың т.с.с. әр жағында неше-түрлі мән-
мазмұнның жатқанын байқауға болады. Мысалы, Прометей бейнесі бізге нағыз адамды сүйу
(гуманизм), ал Сизиф болса нәтижесіз зардапқа әкелетін еңбек, Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу –
мөлдір махаббатың символдары ретінде көрінеді.
Ф.Ницше адамға “уәде беретін жануар”, Ж.Ж.Руссо “бұзылған жануар” деген анықтама берген
болатын.
Адам сондай күрделі, сан-қилы пенде болғаннан кейін оған беруге болатын анықтамаларды
жалғастыруға болады. Мысалы, адам “күле алатын”, “жылай алатын”, “өлетінін білетін” т.с.с.
пенде. Бірақ, У.Оккамның ұстарасы “мән-мағнаны қажеттіктен тыс көбейту керек емес”,- дейді.
Олай болса, жоғарыда көрсетілген адамның қасиеттеріне негізделе отырып, оған біршама
көлемді анықтама беруге мүмкіндік келген сияқты. Адам – санасы арқылы Дүниені танып-
білетін, соның нәтижесінде еңбек құралдарын жасап, өзара бірігіп, қоршаған жағалай ортаны
өзгертіп, сан-алуан қажеттіктерін өтей алатын пенде,- дер едік. Ал,
жоғарыда көрсетілген және
басқа да адамдардың сан-алуан қасиеттерін осы анықтамадан бірте-бірте шығаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: