қаражат бірнеше аса дарынды физиктердің "білімқұмарлығы үшін" жұмсалды деп ойлау тым
тұрпайы болар еді. Ресей, басқа да ірі мемлекеттер де ядролық физика саласын зерттеуге
біршама қомақты қаражат жұмсауда. Ал оның негізгі себебі адамзат практикасынан шығатын
энергияның жаңа көздерін ашу қажеттігінде жатқаны сөзсіз. Өйткені, органикалық шектелген
энергия ресурстары (мұнай, газ, тас көмір) жылдан-жылға азайып қазірдің өзінде
алаңдатушылықты тудырып отырғаны ешкімге де құпия емес. Сонымен,
жаңа энергия көздерін
ашу, оны игерудің арзан да қауіпсіз технологияларын жасау – бүгінгі таңдағы ғылымның негізгі
мақсат-мұраттарының біреуіне айналып отыр. ХХ ғ. соңғы ширегінде дүниеге келген
эволюциалық химияның да алдындағы зор мақсат – күн сәулесін электр тоғына айналдырудың
арзан технологиясын жасау, судың фотолизін жасап, су тегін практикалық түрде шексіз
де таза
энергия көзіне айналдыру т.с.с.
Бүгінгі таңдағы ең алдыңғы қатарлы ғылым саласы – биологияға келер болсақ, мұндағы
ғалымдардың алдына қойған мақсат-мұраттары да бүгінгі адамзат практикасымен тығыз
байланысты екенін байқаймыз. Генетикамен байланысты микробиологиялық зерттеулер
тіршілікті клональды, яғни, бейжыныстық жолмен тудыру, өмірдің ең терең сырларын ашу –
қазіргі адамзатқа ауадай қажет нәрселер. Өйткені, тек осы зерттеулердің негізінде болашақта
тұқым қуу механизміндегі жиі кездесетін ауытқуларды емдеуге, сонымен қатар, мол өнім
беретін жаңа өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тудыруға, олай болса, жер бетіндегі аштыққа
ұшыраған халықтарға тиімді көмек беруге жол ашылады.
Енді ғарышты зерттеу мәселелеріне келер болсақ, олардың да адамзат практикасымен
байланысты екенін байқауға болады. Мысалы, ғарыштағы орналасқан байланыс жүйелері
арқылы теңізде апат болған кемені тез арада тауып алып көмек көрсетуге болады. Бүгінгі жер
бетін толығынан шырмаған ақпарат жүйелері – интернетті - өмірге еңгізу, әр-түрлі
құрлықтармен телефондық байланыс жүйесін орнату т.с.с. ғарыштағы жасанды серіктерсіз
мүмкін болмас еді.
Жоғарыда келтірілген деректерді тағы да жалғастыра беруге болар еді.
Бұлардың бәрі де таным
үрдісінің әрқашанда адамзат практикасымен байланысты екенін көрсетеді. Дүниетаным
адамзаттың ерекше рухани іс-әрекеті болғанымен, оның терең табиғаты практикада, оның
әлеуметтік-тарихи мән-мағнасында жатқаны сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: