Бактериялардың өсуі, көбеюі
Микроорганизмдердің маңызды көріністерінің бірі - өсуі мен көбеюі. Өсуі жеке дарақтардың (особи) көлемінің үлғаюы және клетка құрылымдарының қайтадан реттелуі. Көбею - өзіндік қайта өндіру қабілеті нәтижесінде дарақтардың (особи) санының көбеюі.
Бактериялардың негізгі көбею жолы - көлденең бөліну. Белгі бір жасқа жеткен бактерия клеткасында бөлінудің алдыңда ДНК молекуласының 2 еселенуі болады. Бөліну процессі аяқталғанда, жас клеткілердің цитоплазмасы пердемен бөлінеді. Әрбір жас клетка анасының ДНК-сы бар. Перде тузілуде цитоплазмалық мембра және клетка қабырғасы қатысады. Егер перде бөлінетін клетканы ортасында қалыптасса, мөлшері бірдей жас клеткілер пайда болады (изоморфты бөліну). Кейде перде шет жағында орналасады, сонда мөлшері бірдей емес клеткілер пайда болады (гетеротрофты бөліну). Бактериялардың бөлінуі әртүрлі кеңістікте көптүрлі клеткілердің пайда болуымен болады: тізбектелген стрептококктар, жұпталған диплококктар, төрт-төрттен орналасқан-тетракокктар, шоғырланған - стафилококктар.
Таяқша тәрізді және иірілген формалар көлденең бір ғана жазықтықта бөлінеді.
Кейбір бактериялардың көбею мөлшері бойынша алдыңғы клеткіден кіші бүршік түзу арқьшы көбееді. Бактериялардың көбею жылдамдығы олардың зат алмасу шапшандығымен байланысты. Көптеген бактерияларда әрбір клетка 15-30 минут ішінде бөлінеді. Баяу бөлінетін бактериялардың да түрлері болады-тәулігіне 1 рет, мысалы: туберкулез микобактериясы. Әртүрлі бактериялардың көбею жылдамдығы әртүрлі және ол қоректік ортаға, температураға, рН мәніне, басқа да факторлерге байланысты.
Сұйық ортада бактериялардың көбеюінің ерекшеліктері болады, ол келесі фазалар арқылы көрінеді:
1 фаза: алғашқы стационарлық (латентная) микроб клеткалары қоректік ортаға бейімделеді, олардың зат алмасуы жоғарылайды, клеткінің мөлшері ұлғаяды. Бактериялар 1- фазаның аяғында көбейе бастайды.
2 фаза: лагорифмді өсу: бактериялар жылдам көбейеді. Бұл фазада бактериялардың биохимиялық және биологиялық белсенділігі жоғары.
3 фаза: стационарлық- бактерия клеткісінің ортадағы құрамы тұрақты болады . Бұл жаңа пайда болған клеткінің саны өлген кілеткілердің санымен бірдей болғаны.
4 фаза: өлу фазасы - тіршілікке қабілетті бактериялардың сандары азаяды және олар жәймендеп өле бастайды. Клеткалардің өлу себебі қоректік ортаның азаюы; ондағы зат алмасу зиянды өнімдерінің жинақталуы. Бұл фазада бактериялардың морфологиялық, биохимиялық және т.б. қасиеттері өзгеруі мүмкін.
Сұйық коректік ортада көбейген бактериялардың санының көбеюін 18 - 24 сағаттан кейін ортаның лайлануымен немесе қабыршақ я тұнба пайда болуымен білінеді.
Қатты қоректік ортада бактериялардың көбеюі ортаның бетінде немесe ішінде колониялар пайда болуымен білінеді.
Бактериялар колониялары мөлшерімен, түрімен, ққрамымен және түрімен ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |