Гендер 2 - ге бөлінеді:
1. құрылымдық - олар клетка бөлетін белгілі бір белок туралы информацияны сақтайды
2. реттеушілер (регуляторлар) олар құрылымдық гендердің жұмысын реттейді.
Микроорганизмдердің өзгергіштігін зерттеуде өзгергіштіктің ерекше формасы анықталған. Ол - диссоциация. Кейбір өсімдерді (культураны) тығыз қоректік ортаға сепкенде колониялар 2-ге бөлінген:
1. тегіс, дөңгелек, жалтырауық колониялар - S форма
2. жалпақ, дұрыс емес формалы, мөлдір емес колониялар - R форма
Әртүрлі жағдайларда S формалар R формата айналып кете алады, ал R форманың S формаға айналуы қиындау.
Бактериялар клеткаларында болатын өзгергіштіктің тұқым қуалайтыны- генотиптік - өзгергіштік деп, ал тұқымқуаламайтыны - фенотиптік деп аталады.
Фенотиптік өзгергіштік немесе модификация-микроорганизмдердің өмір сүретін ортасының қолайсыз жағдайына жауабы.
Модификация 3 - түрлі болады:
1.морфологиялық модификация - бактерияның түрі мен көлемі өзгереді. Мысалы: қоректік ортаға пенициллин қосса, бактериялардың клеткасы ұзарады.
2.культуралды модификация - қоректік ортаның құрамының өзгеруі бактерияның культуральді қасиетін өзгертеді. Мысалы: оттегі жетіспегенде стафилококкта пигмент түзілу қасиеті жойылады.
3.биохимиялық модификация - әрбір бактерияда қоректік заттарды өндіретін ферменттер жиынтығы бар - осы ферментгер белгілі бір қоректік субстратта жасалады.
Генотиптік өзгергіштік ол мутация және генетикалық рекомбинация нәтижесінде пайда болады.
Мутация (өзгеру) - тұқымқуалайтын гендердің құрылымдық өзгеруі.
1. Ірі мутация - геномның ірі бөліктерінің өзгеруі немесе түсіп қалуы. Олар қайтымды емес.
2. ұсақ мутация - ол ДНК-ның бөлек негіздерінің қосылуы немесе түсіп қалуы.
Белгілері өзгерген бактерияларды мутанттар деп атайды. Мутанттардың пайда болуына әсер ететін факторларды мутагендер деп атайды.
Генетикалық рекомбинация - трасформация кезінде басқа клеткінің ДНК-сын алуға қабілетті клетканы компентентті клетка деп атайды.
Трансдукция - бактериофаг қатысуымен болатын донор бактериядан реципиент бактерияға генетикалық информацияның асуы Фаггар бактерия клеткасында көбейіп, өзінің ДНК-сына бактерия ДНК-сының бір бөлігін қосып алып, реципиентке береді.
Трансдукция 3 - ке бөлінеді:
1. жалпы трансдукция - бактерия хромосомасының әр аймағынды орналасқан әртүрлі гендердің берілуі
2. ерекше трансдукция - бактериялды хромосоманың арнайы аймағынды орналасқан арнайы гендердің фагпен берілуі. Бұнда белгілі қасиеттер мен белгі беріледі.
3. абортивті трансдукция - донор хромосомасының белгілі үзіндісінің фагпен берілуі. Әдетте бұл үзінді реципиент клеткасы хромосомасына қосылмай цитоплазмада бос жүреді.
Реципиент клеткасы бөлінгенде бұл үзінді бір клеткіге кетеді екінші клеткаға реципиенттің өзгермеген хромосомасы кетеді. Трансдукциялы фагтар арқылы бір клеткіден екінші клеткаға әртүрлі қасиеттерді беруге болады: токсин түзуі, споралар, талшық қосымша ферменттер түзуі, дәріге тұрақтылық, т.б.
Конъюгация - генетикалық материалдың бір бактериядан екінші бактерияға клеткілердің тікелей жанасуы арқылы берілуі.
Коньюгация тек қана бір түрлі бактериялардың арасында емес сонымен қатар әртүрлі бактериялар арасында болады. Олардың түраралық рекомбинация деп атайды.
Плазмидтер - бактериалды клетка ДНК-сының хромосом бөлек кішігірім молекуласы. Олар сақина тәрізді цитоплазм орналасқан. Плазмидтерде ДНК хромосомасының гендерінен бөтен бірнеше гендер бар.
Плазмидтерге жататындар:
1. профагтар - тұқымқуалаушылық қасиеттері беріледі.
2. Ғ - фактор - өз бетінше тұрады жэне коньюгация процессіне қатысады.
3. R- фактор клеткілерге дәрілерге қарсы тұрақтылық қасиет береді. Плазматидтерге тән R - фактор клеткадан бөлініп қалуы мүмкін.
4. СОL- фактор - бірінші рет ішек таяқшасынан алынтан, сондықтан колицин деп аталады. Кейінірек басқа бактериялардан да алынған; тырысқақ вибрионынан вибриоцин, стафилококктан - стафилоцин, т.б.
Өзгергіштіктің тәжірибедегі маңызы. Пастер жасанды түрде құтыруға, түйнемеге қарсы вакцина ойлап тапқан. Кейінірек микроорганизмдердің генетикалық және өзгергіштік қасиеттері бактериялармен вирустардың штаммаларынан әртүрлі вакциналар алуға мүмкіндік берді.
Микроорганизмдер генетикасын зерттеулер нәтижелері жоғары организмдердің тұқымқаулаушылық қасиеттерін зерттеуде маңызы зор.
Генетиканың жаңа саласы – генді инженерия – ғылыми және тәжірибелік маңызы зор сала. Генді инженерия әдістері гендердің құрылымын өзгертуге және бактерия хромосомасына басқа организмдердің гендерін енгізуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде микроорнагимдердің гендерін енгізуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде микроорганизмдер химиялық жолмен алуы мүмкін емес немесе өте қиын өнімдер болып шығады. Осындай жолмен қазіргі кезде медицина инсулин, интерферон, т.б. дәрілер алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |